«Қуан сәби» акциясы Мақсаты;Ауыл ішіндегі аз қамсыздандырылған отбасындағы балаларға көмек ретінде көмектесу



бет1/4
Дата02.07.2018
өлшемі0,55 Mb.
#45886
  1   2   3   4
«Қуан сәби» акциясы

Мақсаты;Ауыл ішіндегі аз қамсыздандырылған отбасындағы балаларға көмек ретінде көмектесу.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев: отбасы, балалар, отбасылық құндылық және дәстүр – біздің қоғам мен мәдениеттің негізі болғандығын және болып қала беретіндігін  атап айтты.

       Бірақ, статистика көрсеткендей Қазақстанда ата – ананың мейірімі мен жылылығынан шетте қалған жетім балалар көп, олардың көбі жалғыз болып қала беруде.

         Жетімдік мәселесі бүгінгі таңда – өзекті мәселе. Сондықтан бірлесе отырып бала құқығын қорғауға бағытталған акциялар жүргізіледі.

             «Қуан, сәби!» акциясының маңыздылығы – бұл қоғамда отбасы тәрбиесінің басымдығын  қалыптастыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын – алу, балалар мен жетім, ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға үндеу.        Акция барысында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған “Ұлы халықтың  - ұлы  Абайы” атты әдеби-сазды кешке келген ауыл тұрғындарымен, қонақтар акцияға қатысып өз үлестерін қосты.


 

Акциядан түскен қаржыны мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары мен қамтылды.

Өткізген мектеп психологы;М.Б.Талаптанова

Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай дайындалған

“Ұлы халықтың  - ұлы  Абайы” атты әдеби-сазды кеш.



 

Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер.


1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған


Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 

 Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы


 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп  келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет