І. Паскаль тілінің негі



бет8/10
Дата25.06.2020
өлшемі37,78 Kb.
#74526
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Паскаль, енгізу шығару опер
Паскаль, енгізу шығару опер, Акт СОР №1. 4сынып
2.2. Шығару операторы

Паскал тiлiнде енгiзу-шығару операторлары процедура болып анықталады.

Шығару операторлары есептiң нәтижесiн қағазға басып алу үшiн қолданылады.

Жазылу үлгiсi:

1) WRITE (S);

2) WRITE (P,S,H);



  1. WRITE (Y,Z);

  2. WRITELN(Y,Z)

Оператордан кейiн жақша iшiне айнымалылар аттары жазылады.

WRITE – оператордың аты, ағылшынша “жазу” деген ұғымды бiлдiредi. 4-мысалдағыдай ln сөзiн қосатын болсақ, онда меңзер келесi жолға көшедi. Егер жақшаның iшiнде бiрнеше айнымалы кездессе, онда олардың арасына “,” үтiр таңбасы қойылады. Шығарылатын мәндердiң түрi айнымалылардың типi арқылы анықталады, олар: integer, real, boolean (true, false), char, string.

Шығару операторы арқылы жақша iшiнде экранға шығарылатын мәннiң ондағы алатын орнын, яғни оның енiн толық көрсетуге болады. Оның бүтiн санды енiн көрсете отырып экранға шығарады, мысалы, x айнымалысының бүтiн түрдегi мәнiн көрсету. WRITE (x:n) немесе WRITE (x:4) операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы, x – айнымалының атауы; n – мәнi бүтiн сан болып келетiн тұрақты түрiнде берiлген орындар саны, оны бiрден бүтiн санмен жазуға да болады. Егер x екi-үш разрядты сан болса, онда төртке дейiнгi толтырылмаған орындар сол жақ шетте бос қалдырылады. X=53 мәнi үшiн WRITE (x:4) операторы экранға “53” тiркесiн шығарады.

Нақты сандар үшiн оның жалпы енiн, сонан соң бөлшек сандардың алатын орынын көрсету қажет, сол себептi аралас сандарды бейнелеуге оның енi қос нүктемен бөлiнген екi бүтiн сан арқылы жазылады. Мысалы, С=-132.6578 болғанда WRITE (С:8:3) операторы экранға –132.657 мәнiн шығарады, мұндағы жалпы орындар саны –8, ал бөлшек үш санмен бейнеленгендiктен соңғы бiр цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берiлген мәнiн толық бейнелеу үшiн WRITE (С:9:4) операторын жазу керек едi. Жалпы нақты сандарды экранда бейнелеу операторының түрi:

WRITE (С:n:m);

Мұндағы, n - C мәнiнiң бүтiн бөлiгiне белгiленген орын саны; m – C мәнiнiң бөлшек бөлiгiне белгiленген орын саны. n-нiң мәнi таңбаны, бүтiн мен бөлшектi бөлетiн нүктенi және бүтiн сандар орнын бөлшекке қосып көрсететiндiктен, ол n>m+3 болуы тиiс.

Шығару операторының орындалуына келетiн болсақ жақша iшiндегi штрихпен алынған текст және тiзiмде көрсетiлген айнымалылардың сандық мәндерi жауап ретiнде шығарылады. Ал өрнек жазылса, оның мәнi есептелiп, бiрақ шығарылады.

1-мысал: Экранға “Мен 9-сыныптың оқушысымын” және “Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн“ деген сөздердi шығару программасын жаз.

PROGRAM Паскаль;

BEGIN

WRITELN (‘Мен 9-сыныптың оқушысымын’);

WRITELN (‘Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн’);

END.


Программаны жазып болған соң:

- оның дұрыстығын F9 пернесі арқылы тексеру керек;



  • программада қате кездессе, қатесiн программа дұрыс болғанша түзету керек;

  • программа дұрыс болғанда оны CTRL+ F9 пернелері арқылы орындауға жiберу керек;

  • ALT+F5 пернелері арқылы нәтижесiн шығару керек.

Алдымен “Мен 9 – сыныптың оқушысымын” деген сөз, ал келесi жолға “Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн“ сөздерi экранға шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет