I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары



бет10/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
2 Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары
2.1 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар

Терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тәіркестері бейнелей айтқанда тарихи кезеңдер мөріндей боп табылған тілдік фактілер" екені дау туғызбайтын шындық. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасуы мен даму тарихын айқындау мақсатымен жүргізілген жұмыс үстінде біздің де осы қағиданың дұрыстығына көзіміз жетті.

Осы кезде қолданылмай жүрген, бұрын қолданылған әртүрлі праволық ұғымдар атауынан тарихтың ізін, әрекездегі әлеуметтік жағдайды байқаймыз,и праволық ұғымдарды таңдаудағы адам ойының эволюциясын көреміз. Бірер ғана мысал: бір кезде жәбір-жапа шеккен, шағым айтушы адамды "даугер" десе, бұл күнде "жәбірленуші" дейді. Сондай-ақ, праволық істі жүргізушілерді "би", "қазы","сот"деп әр кезде әрқалай атағаны да белілі тарихи-әлеуметтік кезеңінің ізі іспеттес.Әр кездің, әр әлеуметтік формацияның праволық қатынастарының, материалдық базисінің, қорғаушысы екені белгілі. ақиқат.Мәселен, Қазан революциясы жеңісінің бірі бұрын егізде болған

байланысты әйел бостандығын қорғаудың бір проволық көрінісі ретінде қылмыстың ең бір әлеуметтік мәні бар түрі " қалыңмал" алушылықпен күрес басталды.Ал бұрын қазақтың әдет-ғұрып заңында "қалыңмал" ісі қолдауын тауып,оған қарсы шығушыларды жазалайтын еді.Бұдан "қалыңмал" сөзінің екі кезеңіндегі қарама-қарсы екі түрлі мәні айқындалады.Тұрмыстық қылмыстардағы "айыпкер" сөзінің де осы күнгі мағынасы мен бұрынғы мағынасы сәйкес келе бермейді.1917 жылғы Қазан революциясына дейін бесік кертпе бойынша атастырылған адамға бармай, өзі қалаған, сұйген жігітіне қосылу жолында ашық күреске шыққан әйелді "айыпер" ретінде жазаласа,кейін Кеңестік қылмыс заңдары бойынша керісінше жас әйел баланы өз еркінен тыс некеге итермелеген ата-ананы да,туған-туысқаны да, некеге тұратын ерді де "айыпкер" ретінде жазаға тартады. Бұдан біз "айыпкер" сөзінің де , онымен байланысты "жаза" ұғымының да әр бір тарихи кезеңде білдіретін мағыналарының әр-түрлі болғанын байқаймыз.

Осы кезге дейін бізге мәлім болып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түрлі-түрлі болып келгенін білеміз.Бірқатар терминдер жалпы түркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптауынан пайда болды.Әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан" ,"тархан" ,"бек" сөздері көне түркі дәуірінен белглі. "Жала" ,"құн" ,"айғақ" сиақты қылмыстық провоға қатысты сөздер – байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "куә", "шара", "айып" сөздері – басқа тілден ауысқан кірме атаулар.

Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы,өз тарихы бар.Ол жоғарыда айтқандай дүниенің әлеуметтік тынысымен ,халық шежіресімен астасып жатады. Терминдік лексиканы зерттеушінің негізгі міндеттерінің бірі ең алдымен осы мәселені ескеру болып табылады. Сондықтан да біз сөз етіп отырған тақырыпты екі жағынан қарастырмақпын.



  • Заң терминдерінің қалыптасу кезеңдері;

  • Заң терминдерінің шығу төркіні (генезисі).

Қазақ тіліндегі заң терминдерінің лексикалық жүйе ретінде қалыптасуы елімізде заң ғылымының өрістей дамуымен тікелей байланысты. "Заң саласында республикамыздағы алғашқы зерттеулер заң оқу орындарының қалыптасуымен байланысты. 1926 жылы Қызылорда қаласында (сол кездегі республика астанасы) заң курстары ашылып, кешікпей екі жылдық заң мектептебіне айналуынан басталды. 1934 жылы Алматыда Кеңес құрылысы институты ашылды. Бұл заң жөніндегі бірінші жоғары оқу орны еді 1955 жылы заң факультеті болып, С.М.Киров атындағы Қазатың мемлекеттік университетінің құрамына енді. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік Ұлттық университетінің жанынан 1997 жылдан бастап экономика және құқық институты болып қайта құрылды. Сондай-ақ қазақ мемлекеттік Заң университеті өз алдына шаңырақ көтерді." Бұл күндері заңға, құқыққа байланысты зерттеулер осы университетің жанында, Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағанды Жоғары милиция мектебінде жүргізіледі. Ал Қазақ ССР Ғылым академиясының жанында осындай зерттеулер жұмысымен айналасатын арнайы ғылыми орталық (институт) жұмыс істейді. Осы мекемелердің ғалымдары заңдық, құқықтық институттар жөніндегі өз зерттеулерінде ғылыми ұғымдарды білдіретін атауларды барынша пайданалып келеді. Қазір заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар – қазақ тілі лексикасы саласынан терминдік дәрежеде қалыптасқан жүйелі орынға ие. Осы айтқандардан қазақ тіліндегі заң терминдерді арнайы лексикалар тобынан өзінің қалыптаскан жүйе ретіндегі орнын Қазан ревалюциясынан кейін ғана тапқанын байқаймыз.Бірақ бұл айтқандардан құқылық ұғымдарға байланысты атаулар қазақ топырағында революциядан бұрын болған жоқ деген ой тумаса керек. Еліміздің өткен тарихын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Қазақстан жерінде көне дәірдің өзінде ірі-ірі патриархалдық-феодалдық мемлекеттің бірлестіктердің болғандығын айтады. Мысалы, Батыс түрік қағанаты, Қараханиттер династиясы, қарлұқтар династиясы, Түргештер мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Ақ орда кейінгі қазақ жүздерінің хандықтары – осының айғағы. Мемлекет бар жерде құқықтық институттарының болатын белгілі. Олай болса зерттеліп, ғылыми жүйеге түспесе де, заңдық, құқықтық ұғымды білдіретін атаулардың көпшілігі ана тілімізде одан әрі жалпы түркілік дәуірдегі түркі рулары мен тайпаларының тілінде бұрынан бар, қолданылып келген сөздер болып табылады. "Дала уәлаяты", "Түркістан уәлаяты" газеттерінде "төре", "ұлық", "қуғыншы", "жоқшы", "кесу","жауапкер", "іс", "қорғаушы", "кепілге алу", "куәгер","ықтияр",(право) "жаза", "билік" (решение), "ағару" (оправдание), "мойнына алу"(признание) т.б сөздердің құқықтық ұғымдардың атауы ретінде кең қолданғанын алғашқы қазақ баспасөзінің тілін зерттеуші Б.Әбілқасымов өз еңбектерінде дәйім айтып келеді. Осының өзі де қазақ тілі заң терминологиясы өз бастауын әріден алптындығына дәлел бола алады.

Сонымен қазақ тіліндегі заң терминдер жүйесінің ғылыми термин ретінде қалыптасуын, зерттелуін Кеңес дәуірімен байланыстыра отырып, оның бастауының, шығар көзінің ерте дәуірде жатқандығын айту ләзім. Осының ескеріп, заң терминдерінің пайда болып, арнайы ұғымдарды білдіретін атау ретінде қалыптасуы мен даму тарихын ең алдымен шартты түрде екіге бөліп отырамыз.



  1. Қазан революциясына дейінгі тіліміздегі құқықтық атаулардың

жай-күйі;

  1. Кеңес дәуірінде тіліміздегі заң терминдерің жай-күйі;

Қазақстанның бұрынғы тарихында әлеуметтік өміріндегі келелі-келелі оқиғалар болып жатты; Алтын орданың кейінгі Ақ орданың ыдырауы; Қазақ жерінде жеке-жеке хандықтардың; жоңғар шапқыншылығы; қазақ елінің Россия империясына қосылуы, соның нәтижесінде хандық әкімшіліктің рөлі төмендеп, ағасұлтандыққа жол беруі; XIX ғасырдың 60 –жылдарындағы жүргізілген сот реформасы т.б осы сияқты саяси әлеуметтік оқиғалар қазақ елінің бұрынан келе жатқан әдет – ғұрып заңына қосымша өз тәртібін өз ережелерін әкімшілік құқықтық атаулар қалыптасты. Демек, Кеңес дәуіріне денйінгі кездің өзінде тілімізде заң жүйесін білдіретін сөздерің сол уақыттағы әлеуметтік оқиғаларға байланысты жеке-жеке пайда болу тарихы, кезеңдері бар. Мысалы, 1731 жылғы оқиғаға дейінгі, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының басталуына дейінгі, уақыт еліміздің экономикалық саяси- әлеуметтік қарым-қатынасында әкімгершілік, құқықтық жүйесінде өзіне тән, кейінгі дәуірге ұқсамайтын ерекшеліктерімен даралатын кез болып табылады. Сондай-ақ Россия империясы құрамындағы кездің өзі де 1867-68 жылдарда жүргізілген Сібір қазақтарының билеу туралы, сот реформасы туралы т.б патша реформаларына дейінгі мерзімде Қазақстанның әлеуметтік өміріндегі өзгерістердің бірі болды. Демек, қазақтың заң терминологиясының тарихына шолу жасағанда, осындай қоғамдық факторларды ескермеуге болмайды. Осы тарихи белестер қазақ тілі лексикалогиясындағы құқықтық атаулардың пайда болуын айқындайтын кезеңдер болып табылады.Қазақтың әдет-ғұрып құқығы өте ертеден келе жатыр. Бірақ ол дәл қәзіргідей кітапқа жазылып, жүйеге түспесе де ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, оның қағидалары "билер сөздері" деп аталатын шешендік нақыл сөздер мен мақалдар-мәтелдер түрінде сақталған. Осы күнгі бірнеше тарихи белестерден өтіп, халқымыздың құқықтық заң терминологиясының алғашқы элементтері бастауы осы қағидаларында жатыр.

Қазақ жеріндегі қоғамдық құрылыстың жіктеле бастаған кезінен ұзақ замандар бойы заң патриархалдық-феодалдық қоғамның қондырмасы ретінде қызмет етеді. Әдет-ғұрып заңы қазақ феодалдарының, қанаушылардың еркін білдіреді. Дәуірге сай антогонистік топттарға-бір жағынан хандар мен сұлтандар, феодалдар мен ру басы ақсүйектер билер мен байлар, батырлар, екінші жағынан солардың тепкісінде езілген көшпелі шаруалар жартылай көшпелі малшылар, егіншілер қауымына-бөлінген заманда бұл - заңды да еді. Феодалдық аристократияның жоғарғы тобы сұлтандар, хандар болды. Олар Шыңғысхан ұрпақтары еді. Сұлтандар хан билігі жыл сайын өткізілетін жиындарына өкілеттілікпен қатысып отырды. Олардың ұлысқа, жұртқа теориялық үлеске жайылымды жерге иелік етуге құқысы болатын.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында билердің рөлі күшті болды."Би" деген термин – көне түркілік "бек" сөзінің кейінірек өзгерген түрі. Өйткені "Сөз соңындағы көне түркілік "г","й"-ге айналған.Көне түркілік "бек", "ег" қазақ тілінде "й", "ібій" түрінде дыбысталады яғни, "бег" >"би", (ег>ій). Бұл сөз әуел баста "басқарушы " "көсем" деген мағыналарының негізінде жаңа мағынасы "праволық іс жүргізуші кісі" деген ұғымды білдіретін мағынасы да өрбісе керек. Қазақ тарихында билер – үлкен ру басылар, қоғамда сұлтандар сославиесінен кейінгі екінші орындағы адамдар егер ақсүйектердің артықшылығы байлығы мен шыққан тегі болса, билер қарадан шығып өзінің ақылдылығымен, парасаттылығымен, сөзге шешенділігімен, әдет-ғұрып, заңын жақсы білетіндігімен, қоғам өмірін толық түсініп ұғумен көрнекті болған. Сонымен "би” сөзінің мағынасы "шешен","ақылгой" "кеңесші деген ұғымдарды да білдірген. Осы соңғы мағынасы бұл сөздің праволық функцияны атқаратын "адам" адам деген қызметінде жұмсалуына негіз болған. Сонымен билер бір кезде ел басқару жұмысында билік айту, әр түрлі дау-шар сияқты құқықтық мәселелелерді шешуді де қоса атқарса керек. Билердің ықпалы олар басқарған рулардың көптігі-аздығына күшіне байлығына бұрынғы шыққан тегіне, жас мөлшеріне қарай айқындалған. Өзіне қарасты рулар шеңберінде олар әкімшілдік пен сот билігін жүргізе алды.

Хандықта құқықтық істі басқаратын арнаулы органдарды болмағандықтан, адамның қоғамдағы мінез-құлық нормаларын көптеген патриархтық ережелер негізінде әдет-ғұрып нормаларын көптеген патриархтық ережелер негізінде әдет-ғұрып және шариғатпен байланысты болса, ережелер негізінде сот үкімін сұлтан, би,ақсақалдар шығарып отырған. Сонымен, академик С.Зимановтың айтуынша, қазақ билері мынандай әлеуметтік міндет атқарған:



  1. Үлкен феодалдық билік;

  2. Көшпенді ел басшысы;

  3. Сот.

Билердің көпшілігі ірі феодалдар еді. Қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша үкім шығарушы би жауапкерден алынатын мал-мүліктің оннан бір бөлігін билік шығарғаны үшін өзі алуға құқылы болды. Бұл тәртіп оларды байыған үстіне байытты. Билер соттың қазақ халқы тұрмысындағы мәні айырықша. Ол ел басқарудағы жетекші формалардың бірі болды, сондықтан да үлкен құқық пен нормаларды пайдаланды. Билер сотының бір ерекшелігі – билерді сайлаумен не үкімет тарапынан бекітумен қойған жоқ, бұл орында өзінің әдет-ғұрып заңдарын жетік білуімен, шешендігімен халыққа танылған адамдар отырды. Өзінің әділдігімен, халықты аузына қаратқан шешендігімен қара халықтан шыққан кейбір билердің аты ел аузында қалып қойды. Бірақ билердің барлығы олай болған жоқ. Олар үстем тап өкілі болғандықтан, негізінен өз табының жоғын жоқтады.

Қазақтың әдет-ғұрып нормаларын күннен-күнге нығая түсіп келе жатқан феодалдық құрылыс қажеттігін өтеу нормаларымен сәйкестендіру қажеттігі туды, үстем тап өкілдерінің мұқтаждығын қорғайтын заң жүйелері керек болды. XYII ғасырдың аяқ кезінде жарық көрген Тәуке хан заң жүйесі осы қажеттіктен туындаған болатын. Бұл заңдар "Жеті жарғы" деген атпен мәлім. "Жеті ереже" деген мағынаны береді. Онда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархалдық-феодалдық ережелерінің негізгі принциптері мен нормалары баяндалады."Қазақ мемлекеті мен құқығының қалыптасу тарихында Тәукенің «Жеті жарғысы» жазылуы прогрессивтік маңызды рөл атқарды. «Жеті жарғы» қылмыстық істер мен азаматтық құқықтық нормаларды және әдет заңдарын мейлінше біріктірді," – деп жазды Т.Күлтелеев бұл туралы. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығаруда Шыңғыс ханның Яссасының кейбір жақтарын пайдаланды, қазақ қоғамында әлі де өз маңызын жоғалтпаған дәстүрлі әдет-ғұрып нормаларын да қабылдады. Бұлардың бәрі, әрине, хан ісінің талаптарына сәйкес келетіндей етіп өңделді. Заңда негізінен қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік өмірінің мұқтаждарына жауап беретін ережелер енді. Сондықтан бұл заң Тәуке бастаған патриархалдық-феодалдық хан үкіметінің қондырмасы болды, соны құқықтық жағынан қорғады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет