I тарау. Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы


Қос сөздердің құрылымы жағынан түрлері және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері



бет12/17
Дата11.05.2022
өлшемі319,5 Kb.
#142130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дип.-Қос-сөздердің-қазақ-тіл-біліміндегі-зерттелу-тарихы«Абай-жолы»-романы

2.3. Қос сөздердің құрылымы жағынан түрлері және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері
М.Әуезов өзінің туындысында қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің барлық түрлерін өте шеберлікпен қолданған. Енді осы жайында айта кетейік.
Қайталама қос сөздер бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір я бірнеше дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Қайталама қос сөздер компоненттерінің ерекшеліктеріне сәйкес, қалыптасқан дыбыстық және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай, төрт түрлі болады.

  1. Қосымшасыз түбірдің қайталауынан құралатын қос сөздер.

  2. Қосымшалы түбірдің қайталауынан құралатын қос сөздер.

  3. Түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер.

  4. Түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер.

  1. Ешқандай да қосымшалар жалғанбай-ақ, бір түбір екі рет қайталау

арқылы жасалатын қос сөздерге жалтақ-жалтақ, қарқ-қарқ, тартып-тартып, мылжа-мылжа, қора-қора сияқты қос сөздер романда көптеп кездеседі. Мысалы: Үлкендер ақырын мырс-мырс күліп қойды [1-кітап, 12-б]. Әрқашан жанкүйер жақын қабіріне ыстық-ыстық жастар төгеді [сонда, 25-б]. Үндемей иіндері тиісіп, көздерін алмай ұзақ-ұзақ отырысады [сонда, 25-б]. Бас сүйегі мылжа-мылжа болыпты [сонда, 30-б]. Әншейінде көш деген қаз тырнадай тізбек-тізбек болушы еді [сонда, 47-б]. Осы келтірілген сөйлемдердегі мырс-мырс, ыстық-ыстық, ұзақ-ұзақ, мылжа-мылжа, тізбек-тізбек қос сөздері әуелгі түбір қай тұлғада тұрса, сол тұлғада тұрып жай қайталану арқылы жасалады. Осы себептен бұл топты жай (қайталама) қос сөз деп атауға болады. Бұндай қос сөздердің бірде-біреуі бастапқы түбірден мағына жағынан өзгеше болып түсінерліктей жаңа лексикалық мағына білдірмейді, тек олардың семантикасына саралау, топтау мағынасы жамалып, стилистикалық қызметіне өзгеріс енеді.
2) Қосымшалы түбірдің қайталануы арқылы жасалатын қос сөздерге түбірге жұрнақтар да, жалғаулар да жалғанып қосарланатын сөздер жатады. Мысалы, Аттың екпінімен кеп сойылды соққанда, ат үстіндегілер жаяуларды қағып жығып, домалатып-домалатып кетті [сонда, 67-б]. Сүйіндік пен Асылбек Абайды қайта-қайта:
- Же шырағым.
- Жесеңші Абай! Алмадың ғой! – деп әлденеше қозғап көріп еді, Абай жей алған жоқ [сонда, 117-б]. Шапқа түрте-түрте барып, ақыры бір күн «өлермен бол да, отқа түс, соныңды көрмей тоқтаймын!» дегені ғой мұнысы [сонда, 126-б]. Осындағы қос сөздерде қайталанған түбірдің екеуіне бір түрлі жұрнақ (-ып, -а, -е) жалғанып тұр. Қосымшалар жалғанып қосарланған бұл сөздердің де лексикалық мағыналары өзгермей, тек семантикалық мағынасы мен стилистикалық қызметтеріне ғана қосымша реңктер ғана жамалады. Бұл қос сөздер қайталанатын түбірдің я біреуіне, я екеуіне де бірдей қосымша жалғанып жасала беретіндіктен, оларды қосымшалы қос сөз деп атауға болады. Қайталанып жасалатын түбірге қосылатын қосымшалардың формаларына қарай, бұл топ мына төмендегідей салаларға жіктеледі:
а) Екі компонентіне де қосымша қосылатын қос сөздер іштей екеуіне де бір түрлі жұрнақ жалғанатын және екеуіне де бір түрлі жалғау жалғанатын болып екі топқа бөлінеді: Мысалы: - А, құрыған құдай, нең бар еді? – деп беріп, қасына бұрын барған екі жігітті қойып-қойып жібергенде, біреуі мұрнын басып ұшып түсті [сонда, 26-б]. Абай енді Смағұлдың ақымақтығына ыза боп, Оспанды қол беріп, ананы тартайын деп еді, Оспан дәл осы кезде Абайдан босай сала қымыз бетіне үңіліп тұрған Смағұлды желкесінен түйіп-түйіп қалып, қымыздың ішіне бет-аузы мен құлағына шейін батырып жіберді [сонда, 73-б].
- Бұны кім үйретті доңыз? – деп кеп, Смағұлды жақтан тартып-тартып жіберді [сонда, 73-б]. Сол тақиясының екі самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен ақ құйқа көрінеді [сонда, 81-б]. Бірақ күндізгі уақыттар Құнанбай асығып, сауыт жүргенмен, жолдағы белгілі-белгілі ауылдарға кеп түскенде үнемі тез аттана алмай қалады [сонда, 102-б]. Енді сен маған осыны айтқызып-айтқызып, ертең әкеңмен екеумізді тағы араз қыласың-ау сығыр! – деп Сүйіндік күліп қойды [сонда, 131-б]. Бөжейдей азаматтарының ыстық көзіндей болған екі серік аты келгенде барлық үлкендердің өздері де еңіреп-еңіреп жіберісті [сонда, 141-б].
ә) Қосымша екі компонентіне де қосылатын қос сөздер іштей екі сыңары екі түрлі жұрнақты, бір сыңары жұрнақты, бір сыңары жалғаулы немесе әр сыңары әр түрлі жалғаулы бола береді. Осы сөздерге сай туындыдағы мына сөйлемдегі қос сөздерге назар аударайық: Абай бұған жетер-жетпестен:
- Ой, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? О не қылған? Айтшы, - деді [сонда, 30-б]. Кішілеу көздері ашылар-ашылмастай сәл ғана сығырайып, төмендеген [4-кітап, 111-б]. Абай науқастың тамырын ұстады, сәл өте сирек, болар-болмас қана соққан қыбыр бар [сонда, 116-б]. Таңертеңнен, таң білінер-білінбестен барып, ел орнына отыра, зорға қайтқанда, күні бойы істейтіні тек ішек аршу [сонда, 127-б]. Барды төгіп, ойран-топанын шығарып, лезде құдықтан басы ғана көрінер-көрінбес боп тұрған Сейітті анық тірідей көмдіріп салды [сонда, 218-б]. Осындағы қос сөздердің сыңары екі түрлі жұрнақтан жасалған. Бір сыңары жұрнақты, бір сыңары жалғаулы қос сөздерге: Көп ауылдар түн бойы қотандарын күзетіп, ауыл-ауылдың шеттеріне үзбестен лапылдатып оттар жағып отырып айғай-шумен таңды-таңға ұратын [1-кітап, 39-б]. Бірнеше көштерді сайма-саймен өз жолдарымен жіберсе де Сүйіндік, Жексендер бастаған еркектер тобы жұбын жазған жоқ [сонда, 50-б]. Осы балалардың бәрі үйді-үйлеріне Сармолланың қоанды қазасын айтып жылап-еңіреп келіскен [4-кітап, 55-б].
Мына сөйлемдердегі қос сөздер: Сөйтіп Базаралыға көмек етер деген болыс көрден-көрге тығылғандай [3-кітап, 90-б]. Топ алдында сол сөзді түгел айтқызса, өзінен-өзі соққы тигізгендей болатынын сезіп, Дәркембай мен баланы ықсыра, қалың топтан шет бөлініп шықты [2-кітап, 15-б]. Тыйым салған тағдыр салмағының астында қатар келе жатқан екеуі біріне-бірі ашыла алмай, іштерін толық тани алмай үздігеді [сонда, 66-б]. Осындағы көрден-көрге дегенде бірінші сыңарына (-ден) да екінші сыңарына да (-ге) екі түрлі жалғау жалғанып тұр, өзінен-өзі (-нен, -і), біріне-бірі (-не, -і). б) Қосымшалы қайталама қос сөздердің бір сыңары жұрнақты, бір сыңары жалғаулы да болып келеді. Мысалы; Содан әрі қазіретпен не деп жауаптасудың бабын таба алмаған және тіпті, шүлдіреген, кітапшылаған тілін ұға алмаған Жұмабай тағы бір ойдағы әңгімесін тұпа-тура, қолма-қол бастап еді [1-кітап, 20-б]. Жалғыз-ақ Бөжей ғана Сүйіндік, Қаратаймен бірге үшеуден-үшеу боп оқшау кетіп бара жатып күрсініп:
- Ер өлтіргенге құн сұраушы ең. Өлтірген өзіңсің — деді [сонда, 31-б]. Бірталайдан бері ел-елдің үлкендері шаруа иелері «Жайлаудың тоңы жібіді ме екен? Көгі жетілді ме екен?» деп өткен-кеткеннен ылғи сұрау салумен болған [сонда, 38-б].
- Бара көрейік. Жүзбе-жүз көрісейік жауабын өз аузынан естиік? – деді [сонда, 50-б]. Жалғыз-ақ бұрынғы майырларды бір-ақ белгімен «сұлу майыр», «семіз майыр» деп немесе бетінің секпіліне қарап, «тарғақ майыр» десе, мынаның сыртқы түсі, түгі талай ат атауға өз өзінен сұранып тұрушы еді [сонда, 83-б]. Абай қонақ үйлердің есік-есігінен бір-бір қарағаны болмаса ешқайсысына кірген жоқ [сонда, 96-б]. Жұмысы жоқ болса да қаланың шетіне бір шығып кетіп, базарын бір кезіп, тобықтылар жатқан пәтер-пәтерді аралап жүрді [сонда, 99-б]. Ол емес, тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызы аспанға, аса бір рақат қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды [сонда, 117-б]. «Пәле осылардан шықты» деп өшіге түседі де, өз қыстауына өз малын бастырмай ұдайы кедей ауылдардың қыстау-қыстауының үстіне бар малын қаптатып, талап жеп отырды [3-кітап, 78-б]. Аз уақытта қамыс тегенеге құйылған қымыз келіп сапырылып таралғанда, ауыл иесі мен қонақтар әр жайдан тұс-тұстан жан сұрасып, сөйлесіп кетті [сонда, 141-б]. Осы келтірілген мысалдардағы қолма-қол, үшеуден-үшеу, ел-елдің, жүзбе-жүз, өз-өзінен, есік-есігінен, пәтер-пәтерді, өз-өзімен деген қос сөздердің бір ғана сыңары жұрнақты және біразының бір ғана сыңары жалғаулы болып келген.

  1. Бір сыңарының дыбысы өзгеріп (трансформацияланып) құралатын

қос сөздер де туындыда кездееді. Бұл топ та түбірдің бастапқы кездегі жай қайталауынан шыққан, олардың екінші компоненттері бірінші сыңарларының ритмикалық жаңғырығы ретінде жұмсалатын болып қалыптасқан. Бұндай қос сөздерден де жаңа лексикалық мағына тумайды; олардың екінші сыңарлары бірінші компоненттерге қосымша реңк қана жамайды. Бірақ жамалатын мағыналық рең бұл топтағы қос сөздердің бәрінде біркелкі болмайды. Олардың сыртқы дыбыстық өзгерістерінің ерекшеліктеріне қарай, семантикалық айырмашылықтары да болады.
Бұндай қос сөздердің жасалу заңдылықтары мынадай: а) Егер сөздің бірінші дыбысы дауыссыз болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе м, с, п, дыбыстарына ауысады. Мысалы, романдағы мынандай сөйлемдерге назар аударайық: Егер жеке бақса, отыз шақты ауылдың аз-маз, бөлек-бөлек шоғыр жылқылары тырым-тырақай жайылар еді де, солардың қайсысына кеп соқтықса да, жаудың алдынан шығар, басы бір жерге құрылған көп бақташы сойыл соғар болмас еді [7-кітап, 172-б]. Жақсының ең алдымен адамға, әсіресе, біздей олпы-солпысы көп адамға, тілеуі жақсы болады! – деп Дәркембай қолағашты аудара қарап, әлі де қағаздай мін қалдырмай мүсіндеп отыр [3-кітап, 175-б].
ә) Егер сөздің бірінші дыбысы дауысты болса, қайталанатын сыңарға сол дауысты дыбыстан бұрын дауыссыз дыбыс қосылады. Мысалы: Абылғазының үрдіс ұрған қара шоқпар зілінен бұл кезде үш жылқышы ұмар-жұмар түскен-ді [3-кітап, 73-б]. Оспанның жылын берер алдында Қнанбай ауылдарын осындай бір үлкен қақтығыс ұйды-тұйды еткен еді [сонда, 207-б].
- Турасын айтса біреу ат-шапан ала ма? Мысалы, несі? Тағы әрі-сәрі, тағы әуре-сарсаң [223-б]. Және Тәкежан мен Ысқақ сені сонда кіргізуді ұйғарған соң, сен орнықпай, тағы маған еріп кетсең ыбыр-жыбыр қоздана береді [сонда, 257-б].
б) Егер қайталанатын бірінші түбірде ашық дауысты дыбыс болса, қайталанатын екінші жаңғырық сөзде ол дыбыс еріндік қысаң дауысты дыбысқа ауысады. Мысалы, мына сөйлемдерге назар аударайық: Ырғызбай Құнанбайды бөктіріп, бұрқ-сарқ еткізіп, тулатып жатқан тартысқа Ақшоқыдағы ауыл қатысқен жоқ [3-кітап, 90-б]. Осымен келесі күннің екінді шағында ауыл үстінде бір шаң-шұң шығып қалды [сонда, 204-б]. Дәл осы кезде бұлардың қасына үсті-басы шылдырлап, аяғын сарт-сұрт басқан біреу келіп қалды [сонда, 259-б]. Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп, амандасып қалды [2-кітап, 271-б]. Қайталама қос сөздердің осы үшінші топқа жататын түрі туындыда өте сирек қолданылған. Жазушы ондай қос сөздерді өте шебер пайдаланған.
4) Бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздер туындыда көптеп кездеседі. Қос сөздердің бұл түрі үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп те аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күшейтпе) буындары тиісті сын есімнің әуелгі толық компонентінің әрі ықшамдалып, әрі соңына «п» дыбысын жамап алып бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бұндай күшейтпе сын есімнің негізіне мынадай екі түрлі жолмен үстелетін болып қалыптасқан: а) Егер қайталанатын негіздің бірінші буыны ашық болса, алғашқы буынына қатаң еріндік «п» дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айналады. Мысалы: Дәркембайдың көзі Абайға түскенде, оның жүзі боп-боз боп, екі көзі қанталап, Майбасар мен Тәкежанды жарып өткендей, алдына тып-тыныш тұрған апан суға кесек атып толқытқан әрекет елестейді [сонда, 17-б]. Абайдың екі көзі қып-қызыл екен, ісініңкіреп тұр [сонда, 30-б]. Оң жақ бетіндегі әдемі қап-қара меңі айқындап сілкіп тастап, кегі қайтқандай рақаттанып, сақ-сақ күлді [сонда, 71-б]. Романда мұндай қос сөздерге тап-таза, сап-сары, қып-қызыл, қап-қара, оп-оңай, тып-тыныш, боп-боз жатады.
ә) Егер қайталанатын негіздің бірінші буыны жабық я бітеу болса, сол алғашқы бітеу буынның соңғы дауыссыз түсіп қалады да, оның орнына «п» дыбысы жалғанып, үстеме буын жоғарыдағыша – я тұйық, я бітеу буынға айналады. Мысалы;
— Жаным, жарығым! – деп, жігіттің бетіне ып-ыстық бетін басты [сонда, 77-б]. Кәмшат бөркінің үкісі мен қозасының, маржаны мен шоғынан бастап, кішкентай аяғындағы тұмсығы үп-үшкір, жылтырауық әміркен кебісіне шейін бөлек сәнді Үмітей келеді [сонда, 173-б]. Өңі сұп-сұр, дырау қамшысын қымтып ұстап алған салалы саусақтарында сабырсыз діріл бар [2-кітап, 65-б]. Дәл осы Балқыбек жиынының үстінде ақ адал малын түп-түгел алдарына салыңдар! [сонда, 278-б].
Қос сөздердің екінші түрі қосарлама қос сөздерге тоқтала кетейік.
Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады Бұл аталған еркшеліктер қосарлама сөздердің күрделі сөз болып жасалуына негізгі таяныш болумен қатар, олардың өзге күрделі сөздерден ажырауына да негізгі белгі есебінде қызмет етеді.
Компоненттері морфологиялық жағынан бір тектес, синтаксистік жағынан өзара тең болғандықтан, қосарлама қос сөздің мағынасын құрамындағы екі компоненттің де мағынасын бірдей қамтиды да, жалпылау, жинақтау, топшылау, болжаудау, мөлшерлеу тәрізді ұғымдарды білдіреді. Қосарлама қос сөздердің құрамындағы компоненттер дыбыс, буын және реті жақтарынан да үлес, үндес болып құралады.
Біріншіден, қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттер рифма жағынан өзара үйлесіп отырады. Синтаксистік жағынан бір-бірімен тең екі компоненттің екеуіне де бір түрлі қосымша қосылуы арқылы да, осымен байланысты, буын саны мен екпіннің орны ауысуы арқылы да өзара орайласып отырады. Оған мысал ретінде романда мынадай қос сөздер кездеседі: әке-шеше, бала-шаға, көрмей-білмей, көшіп-қону, азан-қазан, сақал-шашы, зар-нала т.б.
Екіншіден, қосарлама сөздердің құрамдарындағы компоненттердің дауысты және дауыссыз дыбыстары үйлесіп, үндесіп отырады. Мысалы; қауіп-қатер, сай-сала, тамыр-таныс, қатын-қалаш, балдыр-бұлдыр, тиын-тебен, салдыр-сұлдыр, кедей-кепшік т.б. сияқты қос сөздер сөз басындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы үндескен аллитерациялық үйлесімдер.
Ал, азын-аулақ, аш-арық, анда-санда, абысын-ажын, ығы-жығы, айла-амал, ым-жым, ұмар-жұмар, ауыл-аймақ т.б. сияқты қосарлама қос сөздер дауысты дыбыстардың қайталануы ассоннанс жолымен үйлесіп романда қолданылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет