I тарау. Өз бетінше жұмыстың педагогикалық-психологиялық



бет2/7
Дата01.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#22464
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырманы орындау барысында нашар үлгеретін оқушыларға мұғалімнің көмегі өте қажет.

Тапсырма өзбетінше жұмысты аяқтау барысында, сабақ үстінде тексерілгені дұрыс. Себебі ол оқушыларға өздерінің жіберген каиесін жөндеуге мүмкіндік береді.



в)Тексеретін өзбетінше жұмыс

Тексеру жұмысының 2 түрі бар. Бақылау жұмыстары және тексеретін өзбетінше жұмыстар. Бақылау жұмыстары бұл багдарламадағы өтілген тараулардың қаншалықты игерілгені туралы қорытынды жасайды. Осының қорытындысы бойынша оқушылардың оқыту кезеңіндегі білімнің сапасы, ептілігі, шеберлігі, дағдысы байқалады. Бақылау жұмыстары мектеп жұмысының жоспарымен іске асырылады. Бақылау жұмысында өткен материалдарға байланысты орындалатын тапсырмаларды тақтаға вариантпен немесе кеспелерге жазып, әр оқушыға жеке үлестіріп беру керек. Бұл жұмыс 20-25 минут уақытқа шақталып беріледі. Олардың орындалу сапасы жөніндегі бағасы класс журналына қойылады.

Тексеретін өзбетінше жұмыстары тақырып бойынша оқыту, бағдарламалық қорытындылауды аяқтау мақсатымен немесе бағдарлама сұрақтарынан алған білімін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл оқыту мақсаты тақырыппен байланыстырылған бір немесе бірнеше сабақтың нәтижесін байқауға мүмкіндік береді.

Тексеру өзбетінше жұмысына уақыт жетпеген кезде, оны келесі саоақта өткізуге болады. Тексеру жұмыстарының мазмұны тек сабақта каиталанған, өтілген және қорытындыланған материалды қамтуы керек. мұның қорытындысы жаңа білімнің игерілгенін және педагогикалық еңбектің нәтижесін көрсетеді. Енді «Белгісіз көбейткішті табу» тақырыбына тексеретін өзбетінше жұмыстың текстін құрайық. Бұл кезеңде біз оқушылардың дағдысын,белгісіз көбейткішті табудың ережесін қалай меңгергенін тексереміз.

1 Бос орынды толтырыңдар

Көбейткіш

6




4

7




6




Көбейткіш




3

2




4




9

Көбейтінді

18

15




21

20

12

18


2. Теңдеулерді шешіңдер х-5=10

8- х=10


3. Мысалдарды орындаңдар.

5'4 2-7


4-9 45:5

Бұл мысалдарды шешуде оқушылар көбейтінді мен бөліндіні таба білу және белгісіз көбейткішті табу ережесін қолданады.

Тексеру жұмысы үлгермеушілікпен екінші жылға қалдыруды болдырмау үшін, қай оқушыға өз уақтында, дер кезінде жеке көмек керектігін анықтау үшін де қолданылады. Тексеру өзбетінше жұмысы 5-15 минуттан артық өткізілмеуі керек. Осы тақтаға жазылған мэтін немесе кеспе бойынша бірнеше вариантты орындаған ыңғайлы. Бұл жұмыстар бүкіл класпен немесе кейбір арнайы іріктелген оқушылармен жүргізілуі мүмкін және оның нәтижесі міндетті түрде бағалануы керек.

Сабақтың мазмұнына байланысты, үлгермеушілер мен озат оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, әр оқушының қабілетін ескеріп, кейде жеке оқушы, кейде бір топ оқушы, кейде бүкіл класс оқушыларын қамтитын өздігінен орындайтын жұмыстарды жүргізу керек. Сонымен бірге оқып-үйрену, машықтандыратын және тексеруге бағытталған оқушылардың өзбетінше орындайтын жұмыстарын бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарастыру орынды. Қорыта келгенде, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі оның білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.

Оқушының өзбетінше жұмысы психологияда да, дидактикада да, оасқа әдістемелік әдебиеттерде ең жетекші қасиеттің бірі ретінде сипатталады. өзбетінше жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру барысында оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, біз мынадай нәтижеге жетуді көздедік.


  1. Әр оқушы алда түрған жұмысты жоспарлауды мұғалімнің көмегімен іске асырады.

  2. Мақсат қою мұғалімнің көмегімен іске асырылады, ал ол жұмысты
    жоспарлауды оқушының өзі орындайды.

  3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушы өз бетімен алда тұрған
    жұмысты мақсат қойып жоспарлайды.

  4. Жұмыс оқушының өз инициативасы бойынша іске асады. Демек ол мұғалім көмегінсіз алда түрған жұмыстың мазмұнын, мақсатын, жоспарын анықтап, өзбетінше орындайды.

Сонымен оқып-үйренетін, машықтанатын, тексеретін өзбетінше жұмыстарды бір-бірімен сабақтастықта, байланыста қарау орынды.

Қорыта келгенде, оқушылардың өзбетінше жұмыс істеуі оның білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады. Яғни математика сабағында оқушылармен жүргізілетін өзбетінше жұмыстың негізгі үш түрін шебер ұйымдастыру оқу-тану міндеттерін нақты шешуге бағытталған окыту процесінің мақсатты әлементі болып табылады.



II тарау. Шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмысты

ұйымдастыру.

§2.1. Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан үрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі - оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара эпекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекерке көшу үшін жағжайлар жасау міндеті тұрады.

Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт - дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.

Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар сабақта орындайтын, өздігінен ойлауды талап ететін алуан түрлі әрекеттерді қамтымайды. Екінші жағынан, кез-келген өзіндік жұмыс оқушылардан танымдық пекет пен дербестіктің жоғары деңгейін талап етпейтіні анықталуда. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушалар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптасьыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс. Осындай жұмыстар формасы бойынша дербес болып табылып, мәнділігі бойынша дербес емес болып табылмайды. Себебі олар оқушылардың дербес әрекетін ұйымдастырмайды.

Көрсетілген фактілерге байланысты өзіндік жұмыс деген ұғыммен қатар оқушылардың дербестік әрекеті деген ұғымды пайдалану, өзіндік жұмыстың және дербес әрекеттің ерекшелігі оларды, арасындағы байланыстылықты айқындау /белгілеу/ қажеттілігі туады. Сонымен қатар өзіндік жұмыстары екіжақты мәнділік және ұйымдастыру жағынан қарауға қажеттілік байқалады.

Өзіндік жұмысты және дербестік әрекетті дидактикалық категория ретінде талдау П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде орын алған /2/ Автор құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарды. а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет шартты түрде деп аталатын әрекет мазмұнын қарастыратын әрекеттер мен б) оқушының дербестік әрекет әлементтері болып табылатын әрекеттер.

Бірінші топтағы әрекеттерге тән сипат - олар әрекеттің жалпы құрылысына кіріп, оқушының тікелей мақсаты ретінде әрекетті жүзеге асыру пәні болмайтыны. Оқушының әрекеті оған мұғалімнен өзіне не керек екені және кез-келген шешімді жүзеге асыру үшін бүған іс-әрекеттің қандай тәсілдері қажет екені туралы қанша қажетті ақпарат түсіп тұрса, сонша әрекет жүзеге асырылады. Бұл топтың іс-әрекетінің әрқайсысы оқушы әрекетінің бұдан былайғы әрекеті мен себеп мақсатына қатыссыз орындалады. Бұл әрекет атқарушы іс-әрекеттер бақылау әрекеттерінен басым, бағдарлы әрекеттер мүлдаем жоқ. Әрекеттің құрастыру тәсілін оқушы жасамайды. Себебі ол қолынан келетін операцияларды жүзеге асыруда. Сырттай бұл әрекеттер тыңдау, үғыну, жазып алу, жаңғырту, салыстыру, материалды жүйелеп беру, жинақтау, талдап корыту, құбылыстың жеке жақтарын айқындап білу, үқсастық бойынша үлгілер, кестелер және т.б. арқылы байқалады. Бұл әрекеттер мыналардан түрады:



  • меңгергенді жаңғыртудан және түсіндіруден;

  • ондағы тұрақты байланысты есептеуден;

  • -алгоритмді орналастырудан;

  • меңгерген тақырыптың мазмұнын ұғынып, бере алудан;

  • оны тәжірибеде қолданудан.

Бірінші топтың іс-әрекеттері дербестік әрекеттің әлементтері болып табылады. Олар оқытуда пәндерді және олармен жасалған әрекеттерді бейнелеуде, осы әрекеттерді орындау тәсілдерін оларды жүзеге асырудың шарттарымен қабыстыруда алға шығады. Мұндай іс-әрекетті оқушылар әрқашанда саналы бақылайды, себебі оларды орындауды оқушылар саналы түрде меңгереді. Әрекеттер себептерден туындайды, себептер оқушы үшін аса маңызды болып табылады. Осы оптын әрекеттерін орындаған кезде оқушы жоспарланған нәтиженің жоспарланған әрекеттермен арақатынасын белгілейді. Ойша күтілген нәтиже эоекеттерге қатысты жетекші қызметтер атқарады. Нақты алынған нәтиже (таным әрекеттерінің өнімі) жаңа білім әрекеттің жаңа тәсілі ретінде

орыналады.



Оқушылардың әрекеттері мыналардан тұрады:

  • жаңа фактіні, қүбылысты табудан және олардың сипаттамасынан;

  • фактілерді жүйелеуден;

  • жақсы таныс пәнде басқалар көрмегенді көруден;

  • фактілер арасында байланыс орнатудан және олардың міндеттік
    сипаттамасынан;

  • олардың тәжірибелік әрекет саласына шығу жолдарын табудан;

  • құбылыстың, оқиғаның дамуында мәнді байланыс пен заңдылығын
    орнатудан, фактілерді қарама-қарсы қою негізінде олардың мәнін
    белгілеуден;

  • жаңа оқиғаларды табуда жалпының нақты көрінуінен;

  • өзгертілген жағдаяттарда тапсырмаларды шешуден;

  • мәселені қалыптастырудан;

- қүбылыстардың құнды мағынасынбелгілеуден және басқалар;

П.И.Пидкасистый бірінші топтың әрекеттері оқушыларды екінші топтың әрекеттерін жүзеге асыруына дайындау үшін қажетті сатысы мен шарты болып табылатынын айтады. Бірақ та олардың барлық ерекшеліктеріне қарамастан, әрекеттің осы екі тобы бірлікте ғана оқу құрылысын қүрады және оқыту үрдісін ең жоғары деңгейде ойдағыдай ұйымдастыру үшін тең дәреже де қажет.

Бұдан түсінетініміз: оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекеттер де, дербес әрекет әлементтерін құрастыратын әрекеттер де әртүрлі сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындау кезінде орын алады: репродуктивтік, құрастырулық-варианттық, эвристикалық және шығармашылық. Бірақ өзіндік жұмыстар түрлерінің әрқайсысында бұл әрекеттердің әлементтері әртүрлі арақатынаста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Егерде репродуктивтік өзіндік жұмыстарды орындау оарысында бірінші топтың әрекеттері басым болса, онда эвристикалык өзіндік жұмыстарды орындау кезінде алғы шепке дербестік әрекет әлементтері шығады. Дербестік таным әрекетін талдауы П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударды. Олшынында да дербестік оның құрылымының барлық қажетті әлементтерін мақсатты бөліп алу, пәнді анықтау, әрекет құралдарын таңдау енгізетін әрекетті оқушы жеке өзі немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Р.И.Щамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: Мысалы, мұғалімнің әңгімесін тыңдау кезінде мұғалім оқушыларға салыстыру, теңестіру мақсатында іске асырылатын әрекетті қайда жатқызуы керек? Мұнда өзіндік жұмыс бар ма? Біздіңше, жоқ, бірақ дербестік әрекет бар. Біз дербестік әрекет пен өзіндік жү-мыс ұғымдарын айырып алуды маңызды жағдай депесептейміз. Айтылған түсініктерді сараптау қажеттілігі туралы сұрақ қоя отырып, Т.И. Шамова дербестік таным әрекетінің мәнін ашпайды. Ал өзіндік жұмыс орындауда Б.П. Есиповтың өзіндік жұмыс оқу орындарының формалар міндетін өзіне жүктейтін туралы көзқарасты жақтайды. Ол өзіндік жұмыс жалпысыныптық жан-жақты жұмыс жағдайларында және жеке тапсырмалар орындау ретінде жүзеге асырылытынын көрсетеді. Т.И.Шамова ұйымдастыру формасы ретінде өзіндік жұмысты сипаттайтын нышандарға мынаны жатқызады:

  • өзіндік жұмыс мақсатының болуы;

  • нақты тапсырманың болуы;

  • өзіндік жұмыстың нәтижесін тексеру формаларын айқындау;

  • тапсырма алған әр оқушы жұмысты міндетті түрде орындау міндеттілігі;

Бұл нышан мақсаты оқушының міндетті түрде қабылдау керектігіне меңзейді және өз күшімен сол мақсатқа қол жеткізу біліктілігінің болуын көрсетеді.

Мәнділік пен ұйымдастыру аспектісінің өзара байланысы өзіндік жұмысты дербестік әрекеттің ұйымдастыру формасының бірі ретінде қарауға мүмкіндігін береді., оның өзгешілігі - мұғалімнің көмегінсіз дербес орындалатындығында.. Сонымен дербестік әрекет деген ұғым өзіндік жұмыс ұғымына қарағанда кеңірек ұғым болып табылады және онымен шектелмейді. Дербестік әрекет, сондай-ақ ұжымдық және жан-жақты жұмыс барысында орын алуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оны оқушылардың өзіндік жұмысы деп атауға болмайды.

Өзіндік жұмысты дербестік әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қарауға байланысты белгілеу қажеттілігі туындайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет арасындағы байланыстылық мынадан байқалады:

- оқушылар өзіндік жұмысты орындауға ұжымдықпен орындалатын


дербестік әрекет барысында дайындалады. Оқушылар ұйымдастырудың
¥жымдық тәсіл барысында қол жеткізетін дербестік әрекет деңгейі сол
деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындау мүмкіншілігін белгілейді.

- өзіндік жұмыстарды орындау оқушылар мұғалімнің басшылығымен, оқушыларының іске асыратын дербестік әрекет барысында қол жететін дербестілік пен белсенділіктің деңгейін бекіту мен дамытуға қажетті шарты болып табылады. Оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін - білім жүйесін оқыту және оқушылардың таным белсенділігі мен дербестігін дамыту -оқулықпен ғана емес, өзіндік жұмыстарды орындау үрдісіне жүзеге сыратын дербестік әрекетті ұйымдастыру қажет.

Осы ережені негіздеу дэлелдеу үшін біз кеңестік психолог Л.С.Выготскийдің оқушылардың ақыл-ой әрекетіне екі даму аймағытән пеген сілтемесіне сүйенеміз: өзекті даму деңгейі және таяу даму аймағы. Белілі болғандай өзекті даму деңнейі баланың дамуына қалыптасып болған психикалық үрдістерді көрсетіп білдіреді және ол жат көмегінсіз орындауға қабілетті жұмыста байқалады.

Егер педагог дамудың қалыптасқан психикалық үрдістерге ғана сүйенбей, қалыптасу кезеңінде тұрган даму циклдеріне де бағдар алса, білім мен дамудың өзара байланыс мәселесін шешу ойдағыдай болуы мүмкін. Демек , оқыту үрдісінде ересектердің басшылығымен міндеттерді шешу деңгейі мен өзіндік жұмыста қол жеткізген міндетті шешу деңгейі арасында ыдырауды құрастыратын таяу даму аймағын да есепке алған өте маңызды. Л.С.Выготскиийдің ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетке бала әжептәуір көбірек және саналы ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетте бала әжептәуір көбірек және саналы, түсінікпен істеуге қабілетті деген сілтемесі /нұсқауы/ маңызды болып табылады.

Таяу даму аймағын өзекті даму аймағына айналдыру үрдісі үзіліссіз болып табылады, себебі әр кез сайын жақындықта дамудың жаңа аймағы пайда болады.

Қорыта айтар болсақ, дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы — оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің үдемелі алға басқан дамуының маңызды шарты. Оқушыларды ұжымдықпен жүзеге асырылып жатқан өз деңгейі бойынша дербестік әрекетке сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қосу таяу аймақтан өзекті даму аймағына оқушылардың өте маңызды біліктілігінің тез арада көшуіне ықпал жасайды. Бұл дегеніңіз әр оқушының таным қабілетінің дамуын басқаруға, осы дамуды бақылауға мүмкіндік береді.



§.2.2.Математика оқулығы, өзбетінше жұмысты ұйымдастыру құралы.

Мұғалімдердің жұмыс практикасында қолданылып жүрген бастауышг кластардың математтика оқулығы өзбетінше жұмысты ұйымдастырудың бірден-бір құралы болып табылады. Оқушылардың өзбеттерінше орындауына, жаттығу жұмыстарын әртүрлі қосымша дидактикалық териалдардан таңдаумен бірге, бастауыш кластардың математика *ү ықтарының барлық мүмкіндіктерін ескергені жөн, сонымен бірге ықтауға арналған жаттығулар» бөлімінен өзбеттерінше орындай –тын тапсырмаларды беруге болады. Мұғалімнің білімді ауызша баяндауы әрдайым оқушылардың

оқулықпен өздігінше жұмыс істеуімен үйлестіріле жүргізіледі. Қазіргі оқушыларды класта да, сондай-ақ үйде де оқулықтардың алуан түрлерінің көмегімен өздігінше білім беру іскерлігімен және дағдысымен қаруландыру міндеті қойылып отыр.

Кітаппен тиімді жұмыс істеу үшін оқушының тиісті іскерлігі мен дағдылыры болуы тиіс.Оқушы кітаппен жұмыс істегенде өздігінше жаңа білім алуға немесе мұғалім баяндаған білімді бекітуге және оны өзбетінше практикада қолдануға болады.



Оқу процесінде мектеп оқушысы ең алдымен оқулықтармен жұмыс істейді. Оқулықпен жұмыс істегенде түрліше әдістер қолданылады. Мұғалім жылдың басында оқулықтың бүдан бүрынғы кластың оқулығымен ұқсастығын атап көрсетеді, айырмашылықтарына көңіл аударады. Оқушылар оқулықты мұғалім сабақта түсіндіретін матераиалды үйде неғүрлым жақсырақ анықтап алу үшін де, сондай-ақ жаңа матераиалдың белгілі бір бөлігін өздігінше талдау үшін де қолдануға тура келетінін түсінуі тиіс. Оқушыны оқулықпен өздігінше жұмыс істеуге мейлінше ертерек дағдыландыру керек. Бұған үйретуді мұғалім ұсынатын жоспар мен сұрақтардан бастауғаболады.

Оқулықпен бастауыш класта өзбетінше жұмысты ұйымдастырудың мынадай түрлерін қолдануға болады.

1. Үлгі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмыс.

Қосындыны қосындыға қосу

1) (3+2)+(4+5) =5+9 = 14

Қосындыларды есептеп шығарып, шыққан нәтижелерді қосуға болады.

2) (3+2) + (4+5) = (3+4)+ (2+5) = 7+7=14

Осы қосындылардың бірінші қосылғыштарын қосып, содан кейін екінші қосылғыштарын қосып, шыққан нәтижелерді қосуға болады.

Үлгі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмысқа мына мысалдарды ұсынуға болады.

Әртүрлі тәсілмен үлгі бойынша шығар: (7+2)+(3+8) 2. Эвристикалық әңгіме түріндегі өзбетінше жұмыстың (гректің «эврика» - таптым деген сөзінен шыққан.). Өзбетінше жұмыстың бұл түрі, мұғалш оқушылардың алдына белгілі бір міндет қойып, оны шеберлікпен тыңдалған сұрақтар арқылы оның шешу мақсаты қойылғандақолданылады. Мысал үшін нөлді санға көбейтуді қарастырайық. 0 = 0

Нөлді кез-келген санға көбейткенде , нөл шығады тұжырымын Қорьггып шығару үшін, 0+0+0 =0, 3 = 0 , 3 рет нөлден үш рет қосса немесе нөлді үшке көбейтсе, нөл шығады жаттығуды эвристикалық әңгіме арқылы ұйымдастырамыз. Осы **+** түрінен 1 -а = а түріндегі тұжырымды қорытуды оқушыға нөл. Тапсырманы орындап олар «Кез-келген санды бірге көбейткенде, көбейткен санымыздың өзі шығады», деген ережені қорытады және айтады. Эвристикалық әңгіме түріндегі өзбетінше жұмысқа мына мысалдарды ұсынуға болады: 0-3-9; 0-(39+61)

2 Зерттеу әлементі бойынша жүргізілетін өзбетінше жұмыс . 867: 3

Бір таңбалы санға бөлу

Егер бөлуді ауызша орындау қиын болса, онда оны жазбаша орындау керек.

867


26

24


27 27

298


Түсіндірме. Бірінші толымсыз бөлінгіш - 8 жүздік, демек, бөліндіде үш цифр болады. Бөліндіде қанша жүздік болатынын анықтаймы: 8-ді 3-ке бөлеміз, 2 шығады. Қанша жүздікті бөлгенімізді анықтаймыз: 3-ті 2-ге көбейтеміз, 6 шығады.

Қанша жүздікті бөлгенімізді табамыз:



8-ден 6-ны шегереміз, 2 шығады. Екі жүзді 3-ке жүздік алатындай етіп бөлуге болмайды, демек 2 цифры дұрыс таңдар алынған. Екінші толымсыз бөлінгішті құрамыз: 2 жүздік - 20 ондық, 20 ондыққа 6 ондықты қосамыз, 26 ондық шығады. Бөліндіде қанша ондық бар екенін анықтаймыз. Түсіндірмені жалғастыр. Осы тапсырманы орындағанда оқушы жазбаша бөлудің алгоритмін меңгерумен бірге өзбетінше орындаған жұмысын да зерттеу әлементтерін де пайдаланады.

Зерттеу әлементі бойынша жүргізілген өзбетінше жұмысына мына мысалдарды беруге болады. (мат. 70-бет)

Қалай бөлгеніңді түсіндір:

794:2 678:3 378:6

984:4 872:2 308:7

Зерттеу әлементтері негізінде орындалатын өзіндік жұмысты біртіндеп күрделендіруге болады.

Қорыта айтқанда, әрбір оқушының кітаппен жұмыс істеуі іскерлігін

лыптастыру мұғалімнің міндеті. Оның нәтижесінде оқушы өздігінен

*«» білім ала алатынын және өзіне бүрыннан бар білімдерін

Қтырып, кеңейтіп, өзбетінше жаңа практикалық жағдайларды қолдана ^^ нына сенімділік пайда болады. Бұл оқушының білімге деген **штарлығын арттырып, оқу еңбегінің нәтижелі болуына жол ашады.



§2.3. Диференциалды оқыту элементтерін өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда қолдану.
Жаңа бағдарламаның, жаңа оқулықтардың, әртүрлі дидактикалық материалдардың және басқа да оқу құралдарының енуімен мұғалімдер сабақта өзбетінше жұмыстар ұйымдастыруда ерекше көңіл аударуда.

Әр оқушының ойлау, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып,, өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыруда жеке тапсырмалар беру, яғни дифференциалды әдісті пайдаланған жөн. Ол үшін сабақта тәрбиелей және дамыта оқу негізінде өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш класс оқушыларында төмендегі қасиеттерді қалыптастыруды көздедік.

І.Қоғамның өмір қүбылысын айыра, түсіне білу қабілетін қалыптастыру.

2.Бағалай білуін қалыптастыру; өз білімін бағалай білу; сабақта, талқылауларда өз жолдастарының жауап-пікірлерін таразылай алуы, көрген кинофильмдеріне баға бере алуы;

3. Сөйлеуін дамыту, баяндауды түрлендіре қолдана алуын; текст негізінде жоспар құру, әңгімелей алу т.б. Сондықтан да математиканы оқытудың мақсатын анықтау - бұл жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын математика арқылы және оқушылардың жан-жақты дамыған, әрі әлеуметтік толық жетілген адам болуына керекті арнаулы қасиеттерді көруге болады.

Біз өзіміз қатынасып өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдіс-тәсілдерімен танысқан сабақтарымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету мүмкіндігін бақыладық.

Мұнда жеке тапсырмалар әр оқушының білім дәрежесін немесе сол тақырыпты қалай игергенін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар білім шамаларына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырмалар даярланады.Дифференциалды әдісті пайдалану жеке оқушылармен жұмыс жүргізуге жол ашады. Өзіндік жұмыстарда белгілі тақырыпты өткеннен кейін карточка арқылы немесе варианттарға бөліп, есептер тапсырылады. Оған арнайы сағат берілмейді. Ол сабақтың қажет кезеңдерінде 10-15 минуттық жұмысболып орындалады.

Балалардың өзбетімен жұмысқа назар аудару және ойлау қызметін ояіу үшін, тапсырмалар мақсатты болуы керек.

Өзбетінше жұмысты ұйымдастыруда дифференциалдық әдісті коддануға байланысты қойылатын талаптарды мысалдармен дәйектеп көрсетейік.

Сабақтың мақсатын толық ұғына алмай баяу айналатын оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыс мына үлгі бойынша ұйьмдастырылады. Мысалы: 56-32=56(30-2)= 26-2=24



баған түрде жазуға болады.

56

32 24



Түсіндіру:

  1. Ондықтарды ондықтардың астына, ал


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет