I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет19/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   230
Байланысты:
1 қыркүйек слайд, Аманғали Абылай
Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру
Тілдің дыбыстық элементтерін сезіну ерте жастан дамиды. Көптеген 
зерттеулерде (А.Н. Гвоздев, Н.Ж. Швачкин, т.б.) қалыпты дамыған бала 
мектеп алды кезде ана тіліндегі дыбыстарды ажырата алады, басқалар 
айтқанда естиді, өздері де айтады, яғни дыбыстарды ажаратады, бірақ, сөздің 
дыбыстық құрамын меңгермейді. Бала дыбыстың сөздегі орнын, кезектілігін 
айта алмайды деп көрсетеді. 
Тілдің дыбыстық жағымен әрекет жасау, оның элементтерін саналы 
түрде менгеру мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барсында 
қалыптасады. 
Дыбыстық талдауды - басынан бастап белсенділік пен ерікті талап 
ететін операцияның құрылымы бойынша жайылған күрделі процесс деп 
қарастыру керек (А. Р. Лурия, Д. Б. Эльконин). 
Д. Б. Элькониннің анықтамасы бойынша дыбыстық талдау дегеніміз- 
сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау 
іс-әрекеті. 
Арнайы әдебиеттерде сөздің дыбыстық құрамы туралы түсініктің 
толық қалыптаспауы, көп жағдайда жазу мен оқу дағдысын менгеруде 
тұрақты қиындыққа әкеліп соғатыны айтылады. 
Алдымен баланың дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін 
анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі тапсырмаларды ретімен жас ерекшелігін 
ескеріп пайдаланады.
Фонематикалық талдау
– жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан 
бастап тексереді. 
 


41 
4 жасқа

Тапсырма:
Мына сөздерде «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер (алаша, 
қалаш, мысық, шана, т.б.). 
5 жасқа. 
Тапсырма: 
сөздің басындағы дауысты дыбысты атау. 
алма ешкі 
орақ орман 
өрік ыдыс 
үйрек әліппе 
ілгіш ұшақ 
6 жасқа. 
Тапсырма:
Сөз басындағы дауыссыз дыбысты атау. 
қалам гүл 
халат кітап 
маса бөрік 
сағат тауық 
лақ шыбын 
Тапсырма: 
Сөз соңындағы дауысты дыбысты атау. 
бала оқушы 
әже ертегі 
тау қала 
Тапсырма:
Сөздегі дыбыстың орнын, ретін, санын анықтау. 
Мысалы, «қас» сөзінде 1-2-3- дыбысты ата, барлығы неше дыбыс, дауысты 
дыбысты ата. 
Фонематикалық жинақтауын тексеру 
5-6 жасқа. 
Тапсырма:
дыбыстардан сөз құрау 
а, п, а 
т, а, л 
с, а, ғ, а ,т
т, а, қ, о, ш 
Тапсырма: 
буындардан сөз құрау 
қ
а ла 
ба ла 
ба ла пан 
кө бе лек 
Тапсырма: 
ретсіз берілген
 
буындардан сөз құрау

ма ал 
лық ба 
қа даш рын 
Тапсырма: 
берілген дыбыстар сөздің басында кездесетіндей сөз ойлау 
ш, с, р, л 


42 
Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру, 
көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын 
меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін 
үйретуге әрекет жасап көру қажет. 
Ең аддымен балаға сөз құрамындағы дыбыстарды бір-бірімен айырып және 
бөліп алу тәсілін үйрету керек. Ол үшін а, о, дыбыстарын дауыстап және 
созып айта отырып балаға оларды қайталатып, сосын ол дыбыстарды сөздің 
ішінен тауып алуды ұсынады. Алғашкы кезде сөздің басында тұрған дауысты 
дыбысқа екпін түсетін 
от, өрт, Ася
деген сияқты сөздерді іріктеп алады. 
Айыратын дыбысты созып және ырғағын келтіріп, айтылуына баланың 
назарын аударады. Алдымен баланы салыстыруға мүмкіндігі болатындай екі-
үш дауысты дыбыстармен таныстырады. Сосын дыбыстарды айту үшін 
құрамындағы дауысты дыбыс анық, ашық және екпін түсіп тұратын бір 
буынды сөзді пайдаланады. Мысалы, сұрақ: "


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет