ІҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дене бітімі және костюм силуэті



бет14/21
Дата01.06.2020
өлшемі285,93 Kb.
#71950
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Дизайн және модельдеу
Аяпбергенова Жаухар, 5 апта адам Office Word, 5 апта адам Office Word
12 Дене бітімі және костюм силуэті

Сән тарихы кескінделуі күрделі де қарапайым тік бұрышқа және трапецияға жақын силуэт дамуының тарихын қамтиды. Бұл – «Жоғары дәрежелі сәннің» даму тарихы.

Силуэт пішіні – бұл оның пластикалық композициясы. Осы композициядан белгілі бір кезеңдегі костюмнің пішін үйлесімінің сәнді типін ғана емес, костюмнің дене бітімімен өзара үйлесімін де байқаймыз. Басқаша айтқанда, ол костюм адам денесін қынамалап, оның дене бітімінің пішімін айқындап тұр ма, әлде жасырып тұр ма, денені пластикалық үлгіде түзеп тұр ма – осының бәрін білуге болады. Мысалы, ХІХ ғасырда әйелдер костюмінде кеудені сәндейтін түрлі қаңқа-тіректер қолданылады. ХХ ғасырда сәнді киімнің денеге жабысып, қынамалауынан бас тартып, костюм пішінінің кең болуын қалап, қаңқа-тіректен босатты. Осының нәтижесінде костюм пішіні едәуір өзгереді.

Сәнді силуэттің пластикаға немесе тік сызықты геометрияға икемделуі аяқ аятынан пайда болған жоқ: бұл ағымдар, белгілі бір бейне жүйесін дәстүрлі түрде қабылдайды. Шынында да, сән үлгісі қайталанып отырады. Бір силуэттің пішіні басқа пішінге ауысады, сондай-ақ бір кездері сәнді болған үлгі кейінгі кезеңдерде қайталануы мүмкін.

К.Диор 1947 жылы «Әйел костюміне жаңа көзқарас» (нью лук) деген атпен пластикалық ашық түрдегі моделін ұсынды. Бұл костюм жеңіл матадан тігілді, ұзын әрі етегі толқынды белдемше мен қынамаланған түрдегі нымшасы дөңгелек жеңді болды. Мұндай костюм силуэті дене бітімді айқын көрсетіп, нәзік әрі жеңіл иілгіш етті.

Әйел киімінің сәнді пішіннің даму нәтижесі мынаны көрсетеді: адамның физикалық физикалық құрылымынан тұратын пішін орнына дене бітімін жасырып тұратын пішін келді. Костюм силуэтті қарапайым геометриялық фигураға жақындатты.

Екінші бір геометриялық ағымның түрі – трапеция. Тікбұрыш та, трапеция да мықын сызығын кеңейтеді. Оның орналасу мен визуалды ені түрлі деңгейде – кеуде сызығынан мықын сызығына дейін жетеді. Сонымен бірге, мықын сызығы композициялық акцент маңызын жоғалтып, қарапайым горизантальды мүшелену рангіне өтеді.

Силуэтте геометризм «құм сағат» немесе «икс» түрінде көрсетіледі. Бұл силуэт екі үшбұрыш не аударылған екі трапециядан (өзара төбе сызықтары арқылы байланысқан) құрылады. Ол ХХ ғасырдың басында, 30-жылдардың аяғында, 40-жылдардың ортасы мен соңында, 50-жылдардың соңында байқалады; 60-70 жылдар аралығында анық айқындалған осы пішін үлгілерін кездестіреміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет