Терең кәсіби біліктілік
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап
етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз
керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына
мұғалім
оқу қоғамдастығының бір бөлігі
болып табылатын, кәсібилікке бағытталған
«ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында
көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің
тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім
жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін
мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық
қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011).
Оқу сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып
табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы
ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде
өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері
мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық
дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |