Аттестацияға дайындық бойынша әдіскер жұмысын ұйымдастыру. Педагогтың портфолиосы
Педагогикалық қызметкерлерді және соған тең келетін адамдарға біліктілік санатын беру (растайтын) –мамандығы бойынша кәсіби қызметін орындау үшін жұмыскердің кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауын белгілеуде қажетті тізбектелген іс-әрекеттің реттілігі.
МД ұйымдарында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны білім беру жүйесінде болып жатқан инновациялық жаңару негізінде әлеуметтік тапсырыспен анықталады.
Әдістемелік қызметті жаңғыртуға әкелген сондай жаңалықтың бірі, № 83 2016 жылғы 27.01 ҚР Білім және ғылым министрлігінің «білім беру мен ғылым салаларында азаматтық қызметкерлерді аттестациядан өткізу ережелері мен шарттарын бекіту туралы», сонымен қатар МДҰ, бастауыш, негізгі орта мен жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, техникалық және кәсіби, орта мектептен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогикалық қызметкерлерді және соған тең келетін лауазымды қызметтегі тұлғаларды аттестациядан өткізу ережелері мен шарттары туралы бұйрығы болып табылады, ол келесі бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім. Жалпы ережелер.
2-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары.
1-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары.
1-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды кезекті аттестаттаудан өткізу тәртібі.
2-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды мерзімнен бұрын аттестаттаудан өткізу тәртібі.
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылатыны маңызды жаңалық болып табылады:
1) бірінші кезең - ұлттық біліктілік тестілеу;
2) екінші кезең - қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Жаңа тәртіп педагогтың негізгі қызметтерінің бағыттарын жан-жақты бағалауды қарастырады:
заманауи білім беру технологияларды, әдістерді білу және практикалық кәсіби қызметінде тиімді қолдануы;
әдістемелік қызметтің өнімділігі мен тиімділігі;
білім беру қызметінің өнімділігі мен тиімділігі.
Педагогтың берілген бағыттарды табысты жүзеге асыруы, сол немесе басқа біліктіліктік санатын айқындайтын оның кәсібилік құзыреттілігінің қалыптасуының жоғарғы дәреже көрсеткіші болып табылады.
Соған байланысты, аттестацияның мақсаты педагогтың біліктілік деңгейін бағалау емес, керісінше оның тұлғалық және кәсібилік өсуі екенін атап өту керек.
Бұл қазіргі уақытта болатын аттестацияға педагогтың тиімді дайындығын жан-жағынан қарап бағаланатын болғандықтан, әдістемелік қызмет жұмысына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Осындай амалды, біздің ойымызша, инновациялық деп есептеуге әбден болады.
Педагогикалық қауымдастықтың әдістемелік қызметке әлеуметтік тапсырысын педагогқа алда болатын аттестацияға дайындығының жеке маршрутын (бағдаржол) құрауға және жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсету деп қарауға болады.
Жеке бағдаржол (маршрут)- бұл тұлғалық және кәсіби әлуетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және оның қажеттілігі мен мүкіндіктерін есепке ала отырып құрылған кешенді шаралардан тұратын педагогтың жеке жоспарын орындауда дербес жолы.
Жеке бағдаржолды (маршрут) ұйымдастыру - әр жаңа кәсіби жетістігі алдыңғыдан «өрге шығу» болғанда және диалектика заңы бойынша, жаңа сапалы деңгейге өткенде педагогтың кәсіби дамуын алға басуын қамтитын ұйымдастыру-әдістемелік құралы ретінде де сипаттауға болады.
Біздің ұсынып отырған педагогтарды аттестациялау рәсіміне (процедура) дайындау жүйесі өзара байланысқан құрамдас бөліктен тұрады: мақсаттарды жоспарлау (күтілетін нәтиже), міндеттерді қою; әдістемелік қызметтің мазмұны мен ұйымдастыру қағидалары (принциптері): әдістері мен ұйымдастыру формалары.
Берілген жүйенің негізгі мақсаты функционалдық компоненттер:диагностика-талдау, ақпараттық, ұйымдастыру-әдістемелік, оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және кеңестер.
Достарыңызбен бөлісу: |