Жүйе мақсаты: алда болатын аттестацияға дайындығының жеке маршрутын (бағдаржол) құрауды және жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Жүйе қағидалары: адамгершілік, рефлексия, дараландыру, көпнұсқалық, еріктілік, жүйелілік және бірізділік.
Педагогикалық тәсілдер (амалдар): әрекеттілік, жағдаяттылық, тұлғаға бағдарланған және жүйелілік.
Педагогтардың аттестацияға дайындық үрдісінің міндеттері:
Педагогтардың қызмет нәтижесін білу, алдағы уақытта талдау және білім беру қажеттіліктерін анықтау.
Аттестация тәртібінің жүру барысын құрайтын және нормативті-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша ақпараттық ағынды қалыптастыру.
Болатын аттестацияға педагогты дайындауда жеке бағдаржолын жүзеге асыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
Аттестацияға педагогты дайындауда психологиялық қолайлылығын сақтау.
Әртүрлі формада іске асырылатын үздіксіз кәсібилік білім беруді қамтамасыз ету.
Аттестацияға дайындалу сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерге кеңеспен көмектесу.
Мазмұны
Аттестацияға қатысушы педагогтың қажеттіліктерін диагностикалау; алынған мәліметтерді талдау, оларды жинақтау және дамудағы жиі кездесетін қиындықтарды белгілей (фиксация) жүйелеу; болатын аттестацияға педагогты дайындауда жеке бағдаржолын жобалау.
Аттестацияға дайындау сұрақтарына қатысты педагогикалық ақпараттар банкін құру (нормативті-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, әдістемелік т.с.с), аттестацияға арналған сайтта тұрақты айдарды жүргізу;
3. Курстық дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру, инновациялық тәжірибенің диссеминациясын жоспарлау және ұйымдастыру, сонымен бірге әртүрлі әдістемелік шараларда озық педагогикалық тәжірибені ұсынуы; педагогтың бағдарламалық- әдістемелік өнімдерін сараптама; аттестациялық портфолионы рәсімдеуде көмек көрсету.
4. Болатын аттестацияға дайындау мақсатында әртүрлі аспектілерді қамту арқылы біліктілікті арттыру курстарын, мәселелік оқыту семинарларын, семинар-практикумдар, шебер-сынып, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу.
5. Аттестациядан өтіп отырған педагогқа кәсіби және жеке мәселелерін жеңіп шығуға көмек көрсету; өздігінен мәселені шешуді қамтамасыз ететін жасырын психологиялық қорын жұмылдыру; жеке үйлесімділіктің бұзылуын түзету.
6. Жеке және топтық кеңестер түрінде барлық аттестацияға қатысты бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізу.
Түрлері мен әдістерін қарастырайық:
Бұл: мониторингтік зерттеулер, оған
бақылау;
пікіртерім, сұрау;
әңгімелесу;
тестілеу;
сауалнама жүргізу;
-өзіндік талдау
Аттестацияға қатысты ақпараттық- әдістемелік материалдарды іріктеу, редакциялау, рецензиялау және жариялау.
Диагностикалық, болжамдық, ынталанушылық (әрекеттік-практикалық) әдістер.
Жағдаяттық мәселелерді шешу: ұқсату, мәселелік-іздестіру, топтық жұмыстар т.с.с
Топтық пікірсайыс; педагогикалық жағдаяттарды талқылау; өнімді сурет салу; психогимнастика; музыкотерапия.
Әңгіме, сенім, белсенді тыңдалым, өмірлік жағдаяттарды талдау, модельдеу т.с.с.
Педагогты аттестацияға дайындау кезінде кәсіби портфолионы құрастыруға аса мән беру қажет.
«Портфолио» француз тілінен аударғанда «мазмұндау», «нақты ойын білдіру», «парақ», «бет» немесе «құжаттар жинағы», «жетістіктер жиынтығы».
Итальян тілінен аударғанда – « құжаттар папкасы», «маман папкасы».
Portfolio деген ағылшын сөзінен– ең маңызды іс пен құжаттар портфелі, папкасы. Бұл ұсынылатын мүмкіндіктер, фирманың немесе маманның қызмет көрсетулері туралы түсінік беретін құжаттар жинағы, жұмыс үлгілері, фотографиялар.
Қазіргі кездегі әртүрлі сөздіктердегі ақпараттарды жинақтай келе, педагог портфолиосы - бұл:
-білім беру қызметіндегі педагогтың жеке кәсіби жетістіктері, тәрбиеленушілердің оқуы, тәрбиесі және даму нәтижелері, білім беру жүйесінің дамуына белгілі бір уақыт аралығында педагогтың қосқан үлесі тіркелген жеке папка;
педагогтың қызметінен толық көрініс беру үшін кейбір аспектілерін байланыстыратын жұмыстар жинағы;
өзінің кәсіби қызметіндегі міндеттерді шеше алатын білігін, кәсіби мінез-құлығында стратегия мен тактика таңдауын көрсететін және педагогтың машықтану деңгейін бағалауға арналған материалдар жинағы деп айтуға болады.
Портфолио педагогтың әртүрлі қызмет түрлерінде жеткен ( тәрбиелік, оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерін есепке алуға мүмкіндік береді және кәсіптенуін (профессионализм), педагогтың жұмыс нәтижесін бағалауының балама түрі болып табылады.
Портфолионың бірнеше қызметі айқындалып отыр:
1.жинақтаушы (педагогтың кәсіби жетістіктерін көрсететін жұмыстардың жиынтығы, сұрыпталуы;
2.модельдеу (үлгілеу) (портфолио педагогтың даму өзгерістері, оның өзіндік жетілдіру нәтижелерін; педагогқа тән педагогикалық тәсілін (стиль), жалпы мәдениетінің ерекшеліктерін, зияткерліктің кейбір жақтарын көрсетеді; педагогтың өзінің кәсіби қызметіне рефлексия жасауына көмек береді; педагогтың жұмыс нәтижелерін өзіндік бағалау мен талқылау түрінде қызмет етеді.
3. педагогикалық (портфолио педагогтардың қызметтік уәжін ынталандырады және қолдайды; педагогтардың белсенділігін және дербестігін мадақтайды; оқыту мен өзбетімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді; педагогтардың бағалау (өзін бағалау) қызметтерін және рефлексиялау дағдыларын дамытады; мақсат қоя білуді, жоспарлауды және өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыра алуын қалыптастырады; дербестікке және табысқа ұмтылуға ықпал етеді т.с.)
Жасалынған жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта болатын аттестацияға жан-жақты дайындалған педагог болады.
Қорытындылар: дайындалған жүйені жүзеге асыру әдістемелік қызметтің барлық деңгейінде педагогикалық қызметкерлерді аттестациялауды сүйемелдеуде (қолдауда) тұтас кеңістікті қамтамасыз етуге ықпал болуы берілген үдерісті ашық, икемді, басқаруға болатындай етеді, ал бұл тиімді екенін дәлелдейді. Ең бастысы сол, педагогтың аттестацияны табысты өтуіне деген үмітін едәуір жоғарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |