| 29 |
назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме:
оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.
Басқаша айтсақ,
оқушыға бағдарланған оқыту ортасында
мұғалім оқушылардың сыныпқа
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз
пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және
не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: