ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МҰҒАЛІМДЕР ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН үЙРЕТЕДІ Алдыңғы бөлімде оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың
оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп
айттық. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың
қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
• жүйелі ойлануға үйрету;
• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын
зерттеу және анықтау;
• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. Келесі бөлімде біз
«оқуды үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін
қалай бере алатынын қарастырамыз.