Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай



Pdf көрінісі
бет45/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   358
Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай 
дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті 
екендігін 
растады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондай-
ақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогикалық тәсілдерді қолданып қомақты 
үлес қоса алатындығын көрсетті.
Метатану дегеніміз не?
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін 
бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға танымдық үдерістерді 
білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді 
қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады.
Флейвелл (1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастағы 
балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға 
зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін балалардан осы 
реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, 
ол үшін күш салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін 
еске сақтады. Ал неғұрлым кішірек балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан, еске сақтай 
алмады. Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс 
орындап шықты. Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын өнімсіз (тиімсіз) 
пайдаланды. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік 
тапшылығы» деп сипаттайды (Whitebread, 2000).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет