Тақырып атауы: Өздігінен реттелетін оқуды мұғалімдер қалай ынталандыра алады. «Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды (Whitebread, 2008). Олар балғын жас болуына қарамастан, өздерінің оқуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігінрастады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондай-ақ мұғалімдердің осы кезеңде жоғары сапалы педагогикалық тәсілдерді қолданып қомақтыүлес қоса алатындығын көрсетті.
Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al,2002):
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді; Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясы балабақшасындағы (3 жастағы) балаларға бақылау жүргізудің нәтижесінде бұл іске үлкен үлес қосты. Олар өз бақылауларын мұғалімдерден сұрау алу арқылы толықтыра отырып, балалардың жоспарлау, бақылау,проблемаларды шешу және өзінің оқуын бағалауға белсенді араласу үлгісін жасады. Балаларға таңдау берілді, бұл олардың өз таңдауларын тапсырманың күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының өн бойында қолдануға болатын және метатану үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын
тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдерді анықтауға көмектесті.
Жуық арада Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу туралы пікірлеріне ерекше назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).
«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында
Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол жобаның мақсаттары:
• оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;
• оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық әзірлеу;
• мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін анықтау болатын. Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер,соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар олардан ата-аналарға арналған іс-шараларды өткізу сияқты жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Зерттеулер оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.