Күн: 04.01.2022 ж.
Топ: 20 ББТ-1
Пән: БЖСЛЖҰӘ
Сабақтың тақырыбы: Лагерь жағдайында жеке тәрбие жұмыстарын жоспарлау әдістемесі
Жоспар
Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мәні, ерекшеліктері;
Тәрбие жорспарына қойылатын талаптар
Тәрбиедегі құндылықтар
Лагерь жағдайында жеке тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Тәрбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, тәлімгер тәрбиеші ұйымының және жекелеген балалардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндеттерін белгілеп қана қоймай, балалардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен түрлерін де көрсетеді.
Жоспарлау – тәрбиеші педагогтың негізгі іс-әрекетінің бір бөлігі. Тәрбие жұмысының моделі, бағыты, білім мекемелерінің негізгі жоспарына сай құрылады.
Е.В.Бондаревскаяның тұжырымдамасы бойынша оқушыларды тәрбиелеуде мектептердің алдында төмендегідей маңызды міндеттер қойылады:
- Жастардың философиялық ғылыми дүниетанымын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін түсінуге көмектесу, өмірге қарым-қатынасын қалыптастыру;
- Жалпы адамзаттық мәдени байлық мұраны пайдалана білуге баулу;
- Әрбір баланың табиғи (қабілет) нышанын дамытып, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру;
- Жалпы адамзаттық адамгершілік нормаларын қалыптастыру(мейрімділік, өзара түсінуші, қайырымдылық, шыдамдылық);
- Өз-өзіне баға беруге, басқаруға, сыйлауға, ішкі дүниені еркіндігіне тәрбиелеу;
- Заңды құрметтеуге, ұжымдық өмір нормаларына, азаматтық жәнеәлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу;
- Өмірдің жоғары бағалылығы ретінде еңбекке, қарым-қатынасқатәрбиелеу, шығармашылық еңбекке қажеттілікті дамыту, іскерлік қарым-қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бақытты өмір сүріп, жақсы отбасы
басшысы болуға баулу. О.С.Газман кез келген педагог тәрбиешінің 3 типтік мәндетін көрсетеді: Денсаулық, адамгершілік, қабілет. Бұл міндеттерді шешу балалар іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік береді. Іс-әрекет кезінде қарым-қатынас, салауатты өмір арқылы тәрбиеші дене және рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастырп, әрбір тұлғаның дамуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты педагог тәрбие жұмысын жоспарлауда толық бағыттағы «Денсаулық», «Қарым-қатынас», «Салауатты өмір», «Оқу», «Бос уақыт» бағдарламаларын меңгеруі қажет.
Н.Е.Щуркованың тәрбие жұмысын жоспарлау тұжырымдамасы мәдениеттану, ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді. Тәрбиелеу мақсаты – салауатты өмір құра алатын жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтың оқушылармен біріккен қарым-қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Н.Е.Щуркова оқушылар іс-әрекетінің әртүрлі түрлері мен формасын ұсынады: танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалық құндылықтар, көркемөнер, спорттық сауықтыру, қарым-қатынас, т.б. бұл теориялық алғышарттар мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың негізіне алынған. Тәрбие жұмысын жоспарлау тек қана жоспар құрумен шектелмеуі қажет. Жоспарлау балалармен жүргізілетін барлық жұмыстың өн бойында жүретін шығармашылық процесс.
Жоспарсыз топтағы тәрбиелік жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістері кездейсоқ факторлармен анықталып, стихиялық сипатта болады. Тәрбиешінің тәрбиелік жұмыс жоспары-міндетті педагогтік құжат. Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы адам тәрбиелеу миссиясының орындалуы үшін саналы түрде өзіне жауапкершілік жүктеуден және соған сәйкес ішкі уәждемесінен басталады. Тәрбиеші өте манызды және жауапты міндеттерді орындайды. Топтағы жұмыстың ұйымдастырушы ретінде, балалар ұжымын тәрбиелейді. Ол жоғары адамгершілігі, мәдениеті және балаларға деген құрметі, олардың болашағына қызығушылықпен қарауы, шығармашылық ізденісі, мейрімділігі мен шыдамдылығы –тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы оның тәрбиеленушілерінің бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды: