Сабақтың тақырыбы: Лагерь жағдайында жеке тәрбие жұмыстарын жоспарлау әдістемесі Жоспар


Адам – адамгершілік тәрбиесі. Отбасы



бет2/3
Дата11.02.2023
өлшемі23,49 Kb.
#168361
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1. 04.01.23 ж. БЖСЛЖӘ дәріс

Адам – адамгершілік тәрбиесі.
Отбасы – баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қылыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
Еңбек – шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу.
Білім – шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігін тәрбиелеу.
Мәдениет – мәдениетке қатыстыру, руханилықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан – өз халқының тарихын құрметтеуді ,отансүйгіштікке тәрбиелеу,
Жер – планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпыадамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру.
Әлем – тіл табыса білу мен адамзаттық бейбіт қарым қатынас бейнесін қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
Тәрбиеші – тек қана адамзаттық құндылықтарға үйретіп қана қоймай, жан-жақты білімді; жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке тұлға қалыптастыруға міндетті. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы септігін тигізуі сөзсіз
Тәлімгер тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?
Біріншіден, балалардың жасын, топ ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын ескере отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
Екіншіден, балалар мен топ ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмір тарихтары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Ø Жоспардың мақсаттылығы.
Оқу орнының басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларды өмірге даярлау болып саналады.
Ø Топтағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістерінің әртүрлілігі (пікірсайыстар, сөзсайыстар, викториналар, кездесулер, т.б.).
Кейде кейбір топтарда бірден-бір және әмбебап тәрбиелеу формасы сынып сағаттары, ал жеке тәрбиелеу әдісі – артта қалушылармен көзбе-көз әңгімелесу ғана болып келеді
Ø Балаларды тәрбиелеудің жүйелігі мен реттілігінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Жоспарда белгіленген тәрбие шаралары – бірыңғай тәрбие процесінің жекелеген буындары сияқты болып келеді. Әрбір келесі шара өткен шараның жалғасы сияқтанып, оның нәтижелеріне сүйенеді. Бұл балалардың мүдделілігі мен белсенділігін қолдау үшін қажет.
Ø Жоспардың шынайылығы.
Жоспар жасау кезіндегі орындалмайтын міндеттерді қоймау керек. Жоспарланатын жұмыс көлемі топ ұжымының мүмкіндігінен аспауы тиіс.
Ø Жұмысты жоспарлаудағы келісімділік.
Топтағы тәрбиелік жұмыс жоспарын жасар алдында жалпы лагерьлік жоспармен танысып алу керек.
Жоспар жасаған кезде балалардың ұсыныстары мен тілектерін ескеру керек. Сондай-ақ топтағы пән оқытушыларының ұсыныстарын ескерген дұрыс.
Әрбір тәлімгер тәрбиеші өз жұмысын жоспарлауға шығармашылықпен, топ ұжымының жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ өз мүмкіндіктерін ескере отырып кіріскені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет