Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері: Ұтымдылық : ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орнына сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да
болуы ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы : барлық қорытындыларды бағалау; болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық
болуға ұмтылу.
Пайым : дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп : тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық