Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы тұрғысынан пайдалануға



Pdf көрінісі
бет95/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   358
Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы тұрғысынан пайдалануға
бола ма?
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «
мәліметтер
» 
деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне 
және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше назар 
аударуына ықпал етеді. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық 
бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар 
міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті 
білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. 
Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтау әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға 
қайтадан талдау жүргізу қажет.
Сонымен қатар мектептер алдағы нәтижелерге қалай қол жеткізілгенін біліп, одан кейінгі 
іс-әрекеттерін жоспарлау үшін де «мәлімет» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде 
жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде 
берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде 
оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді 
анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге 
тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері 
байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі 
деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге 
көмектеспейді; бұл үшін баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғандығын және 
бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін 
не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда (сандық түрдегі) жиынтық 
бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған мәліметтерге (қадағалау 
және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу 
деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай 
жасау керек екендігі туралы 
қалыптастырушы
қорытынды (ауызша түрде) ұсынады.
Бағалау сипатын өзгерту арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет