Ылым министрлігі



бет33/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
сурет план

Қызығушылығын ояту.

-Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

 

-Портрет.



-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ

-Қазір бірінші қатарда отырған оқушылар компьютерлерінде сақталған  портрет жайлы мәліметпен танысады.Ал екінші қатардағы оқушылар осы кезде шешуінде  өткен сабақта өткен песпектива  тақырыбына байланысты  сөзжұмбақтарды құрастырып құрбыластарына шештіру керек.



Мағынаны тану .

«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.

Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен.Олар Айша Ғалымбаева,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б.

Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді.

1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3 Толық фигуралы  портрет.

Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

                               5 Салтанатты портрет

                                6 Мінез-құлыққа арналған портрет.

                                7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.

                                8 Топтасқан портрет»

Осы кезде қарсы топ құрастырған сөзжұмбақтарын оқып шешуде.7 минуттан кейін бірінші топ оқыған мәтіндерін сыныпқа түсіндіреді.

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.
 

Оқушылар сурет салған кезде үнсіздікті толтыру мақсатында оқушыларға жеңіл дидактикалық тапсырма орындатып, портретке байланысты бір ойынды ойнатамын.

«Бейнені тап»-тапсырмасы және «Қожанасырдың мұрнын қондыр» ойыны.

Үйге тапсырма беру.

Портеттің тағы бір түрі болады,ол-автопортрет,яғни суретшінің өзін

-өзі бейнелеуі.Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма, өздерінің бейнелеріңді салып келесіңдер.

Сабақты қорыту бөлімі.
Ой- толғаныс.

ІV. Қорытынды:

1.     Портреттің салу ережесін айт?

2.      Сурет салған кезде басты нешеге бөлеміз?

3.     Көзді қалай  салу керек?

4.     Құлақты қалай өлшеп  саламыз?

5.     Сіздер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет