Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
|
1.Кіріспе сөз
Коучингке қатысушыларды коучинг жұмысының тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.
2. Топтарға бөлу
«Конфеттегі ұлттық аспаптармен» қатысушыларды шағын үш топқа бөлу. «Домбыра», «Жетіген», «Сазген»
3. Топтық жұмыстар
Білу ойлау деңгейі: «Санаға шабуыл »
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы ақын- жазушылардың арасында қандай байланыстар бар?
«Ойлау дағдыларының » моделін жасау.
Домбыра тобы: сын тұрғысынан ойлай білу, әлеуметтік қажеттілік, психологиялық қажеттілік, физиологиялық ерекшеліктері, техниканың дамуы, қоршаған орта, интернет қарым – қатынас
Жетіген тобы: үлкен ағаштың тамырын ойлау деп алып, бұтақтарына ұлы адамдарға еліктеу арқылы, қосымша мәліметтер арқылы (кітап, интернет, теледидар т.б.), естігені, көргені бойынша, есіне түсіру бойынша т.б.
Сазген тобы: адамның басы арқылы: мидан барлық органдарымызға миллиондаған нейрондар арқылы тез бұйрықтар беріліп, басқа органдардың орындайтынын, ми арқылы көреді, қызығады, естиді, ойлайды, сұрақ туындайды, есте сақтау дамиды, салыстырады, әрекеттенеді, қорытынды жасады.
Түсіну ойлау деңгейі: Теория мен зерттеулермен таныстыру
1.Білім беру саласында Бенджамин Блум оқыту таксономиясының алатын орны
2.Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспары
3.Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері берілді.
Сергіту сәті. «Суретші» жаттығуын орындау барысында мұғалімдер бірлесіп әрекет жасауда өзара түсіністіктің қажет екеніне көз жеткізеді.
Қолдану ойлау деңгейі:
Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы”
«Біздің білім беру жүйесіне деген көзқарас» деген сауалға жауап іздеп, алты түрлі көзқарасты ашып берді.
Талдау ойлау деңгейі: Пәндеріне қарай бөліп, сабақ жоспарын жасау
1. «Компьютерлік оқыту тахнологиясы » - Торғаева Сәнжан қорғады
2. «Қазақ елі» - Тоқмурзинова Динара
3. «Имя существительное» - Акимбаева Нафися
Жинақтау ойлау деңгейі: Оқыту үдерісіндегі кедергілермен оны шешу жолдарын анықтау.(Бірінші кезеңде үш топ постерге кедергілерді теріп жазады.Екінші кезеңде топтар постерлерін ауыстырып қарсы топтың жазған кедергілерін шешу жолдарын іздейді.Содан соң әр топ өз постерлерін қайтып алып, ортаға шығып келесі топтың ұсынған пікірлерін талқылайды)
Бағалау ойлау деңгейі: 1.Блум таксономиясының ойлау деңгейіне өткізілген сабақ пен дәстүрлі сабақты салыстырды.
2.Әріптестерге «кері байланыс» БҮҮ ұсыну арқылы коучингке және коуч жұмысына баға береді.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
1.Сабақты теориялық тұрғыдан жалпы білемін
|
1.Осыны тәжірибеде қолданып үйренгім келеді
|
1.Жоспар жасауды үйрендім
|
2.Блум таксономиясы жүйесінің теориялық негіздемесін білемін
|
2.Осы жүйені қолданып, сабақ жоспарын жасауды үйрендім
|
2.Тәжірибеде қолданып үйренгім келеді.Өзімнің және оқушылардың білім, шығармашылық деңгейін көтергім келеді.
|
3.Естуім бар
|
Сабақта қалай қолдану керек екенін білмеймін
|
Сабақтарымды Блум таксономиясымен өткізуді үйренгім келеді.Жалпы жобасын түсіндім.
|
4.Блум таксономиясы туралы газет журнал, кітаптардан оқыдым.
|
Толық түрде
|
Жалпы жобасын
|
5.ІІІ деңгей курсынан Блум таксономиясын естіп, шамалы білетінмін
|
Сабақ жоспарын жазуды
|
Білімімді тереңдетуім керек
|
6.Алты қалпақ туралы
|
«Алты қалпақты».
Блум таксономиясының тиімділігі туралы
|
Анық білгім келеді алты қалпақ туралы.
Жоспарлаған сабақты жолға қоюға қиналамын
|
|