1-сынып. Ана тілі пәніне арналған сабақ жоспары.
Тақырыбы: Әке мен бала.Ы. Алтынсарин.
Түрі: Дамытпалы сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың негізгі үш мақсаты:
1. Білімдік: Оқушыларға сахналық көрініс арқылы мәтінді таныстыра отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйрету. Тапқырлыққа баулу, көргенін түйіп айту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кеспе сөздер, ребус, схемалар, тест, жұп қолғаптар, мақалдар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта (тақырып бойынша суреттер).
Әдіс-тәсілдері: АКТ, сөйлеу репродуктивтік әдіс (оқушылардың үлгі арқылы жұмыс жасауы), ойын, іс- тәжірибелік жаттығу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу:
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, қасиетті Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
2. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Ақсақалдың ақ батасынан» өлеңі жатқа сұралады.
2) Ойын: «Жалғасын тап!» Мақалдарды жалғастырып айту.
І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
Ата – бәйтерек Батаменен ер көгерер Атадан бала туса игі,
...... - ........ ....... - ........ ...... -- ....... .
3) Ойын: «Жұбын тап!»
Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу.
Қолғаптардың бір сыңарлары тақтада ілулі тұрады, екінші сыңарын дұрыс тапқызып орналастыру көзделеді.
тағы сол сияқты
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Ребус арқылы жаңа тақырыптың атауын тапқызу.
Әке мен бала.
2) Мәтіннің авторы: Ы.Алтынсарин туралы не білетіндері сұралады.
Ы. Алтынсарин кім?
Мектеп ашты Мұғалім
Өлең жазды Әңгіме жазды
Ағартушы Білімді адам
2. Ыбырай атаның қандай әңгімесімен танысып едіңдер? («Бір уыс мақта»)
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1-көрініс: «Әке мен баланың егіс басынан қайтып, ескі тағаны көруі»
2-көрініс: Әкесінің әрекеті
3-көрініс: Баланың шиені жерден алып жеуі.
4-көрініс: Әке ақылы.
Достарыңызбен бөлісу: |