Илияс Есенберлин. Алтын кус



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата08.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72671
1   2
Байланысты:
(pdf) Алтын құс (Ілияс Есенберлин)

Жазылып шығуыңа тілектес Ақбаян мен Əлжан!»
Бұл  хатты  оқыған  күні  түнімен  тағы  ұйықтамай  шықтым.  Кейде  тіпті
жылап  та  алдым.  Майданда  өліммен  сан  рет  кездескен  батыр  жігіттің  екі
кезіне  не  бола  алмауы  ерсі-ақ,  екен.  Бірақ  амал  не,  жыламау  қолымнан
келмеді.  Ақбаянға  бақыт  неде  екенін  түсіндім.  Бар  арманым  онымен
дидарласып,  бір  сырласу  еді.  Қолдан  тоқыған  маржан  мен  меруерттей,
көкірегімде  оған  арналған  сан  сырлы  əдемі  сөздер  бар  болатын.  Енді  ол
арманымнан
көктегі
жұлдыз
жақын
екенін
ұқтым.
Бұл
менің
махаббатымның  еш  үміт  қалдырмай  күйреуі  еді.  Амал  қанша,  алтын  құс
дегені  қызыл  көрсе  қызығар  қара  қарға  болып  шықты.  Енді  бұрынғымнан
бетер  күйіндім.  Бүкіл  хатында  маған  арналған  бір  ауыз  жылы  сөзі
болсайшы!  Əсіресе,  «жазылып  шығуыңа  тілектеспіз»  деп  Əлжан  екеуінің
атын  жазғаны  батып  кетті.  Əлжанның  маған  қандай  тілектес  екенін
білмеймін  бе?  Сары  болып  туғаным  əкемнен  дегендей,  менің  Ақбаяннан
айырылуыма  себеп  болған  осы  Əлжан  емес  пе?  Енді  жазылып  шығуыңа
тілектеспін дейді! Бақаны кілемге отырғызсаң да, батпаққа қашады. Жаман
адамды қандай дəрежеге көтерсең де, жамандығын көрсетеді. «Жазылуыңа
тілектеспіз» деп атын жазғанша, жазбай-ақ қойса қайтетін еді! Ең болмаса
менің  жаралы  жеріме  тимейді  ғой.  Ертеңіне  ауруларды  аралап  жүрген
Татьяна менің бір түнде жүдеп қалғанымды бірден аңғарды.
— Саған не болды, Сабыр?— деді менің неге кезімнің кіртиіп қалғанын
іштей сезіп тұрса да.
Мен бұл кішкентай бөлмеде жалғыз жататынмын. Татьянаның сұрағына
жауап берудің орнына:
— Əлжан қандай адам?— деп өзіне қарадым.
— Оны мен қайдан білейін?
— Сіз біледі ғой деп едім...
Татьянаның есіне баяғы бақшалы кеш түсті ме, ақырын жымиып күлді.


—  Бірі  кеште  екі  адамның  бірге  жүргенін  көруден  ол  екеуі  бірін-бірі
біліп қалған екен деп сұрау орынсыздау секілді...
— Кешіріңіз, менің сұрағым расында орынсыз екен...
— Кешірдім,— деді Татьяна күліп,— бірақ есіңде ұста: сол кеш Əлжан
екеуміздің ең алғашқы жəне ең соңғы кездесуіміз болды.
— Тым шолақ болған екен кездесуіңіз.
—  Түйені  кілем  жапсақ  да,  жасыра  алмайсың  демейді  ме  қазақ,  жаман
адамды бір кеште де тануға болады.
Енді мен күлдім.
— Жаңа «оны мен қайдан білейін» деген жоқ па едің?
—  Сен  менен  «Əлжан  қандай  адам?»  деп  сұрадың  ғой.  Оның  қандай
адам  екенін  мен  расында,  да  білмеймін.  Біреуге  ұнаған  біреуге  ұнамайды.
Өзім де түсінбеймін. Маған салсаң, Əлжан жаман адам, ал, Ақбаянға...
—  Жаңа  өзіңіз  айттыңыз  ғой  «Түйеге  кілем  жапсаң  да  жасыра
алмайсың» деп. Сіз көргенді Ақбаян қалай көрмейді?
— Кім біледі, көргісі келмейтін шығар.
— Ол мүмкін емес!
—  Кейде  мүмкін  емес  нəрсе  де  мүмкін  болады.  Бұл  адамның  өмірге
деген  көзқарасымен  байланысты.  Өмірлік  махаббатты  аз  күннің  қызығына
айырбастайтындар  да  аз  емес.  Махаббат  дегенді  тек  əйел  мен  еркек
арасындағы  физиологиялық  байланыс  деп  түсінетіндер  де  бар...  Əйел
атаулысының бəрі бірдей емес. Біреуі алмадай қызыл, тіске жұмсақ болса,
басқа біреуі жаңғақтай қатты келеді. Оның алмадан тəтті іштегі дəнін тату
оңайға түспейді.
Татьяна  екеуміздің  арамыздағы  сондағы  болған  сөздерді  ойға  салып
жатып, кенет тағы Садық есіме түсіп кетті. Жоқ, Садық емес-ау, Садықпен
байланысты графиня Хауассидің бейнесі кез алдыма тұра қалды.
Соғыс  біткелі  он  жылдай  болып  қалған.  Мысқазғанның  əйгілі
бұрғышысы аталып алған кезім. Оның үстіне сырттан Алматыдағы Тау-кен
институтында оқимын. Бір күні біздің парторг Ақшалов (ол пенсияға «əне
шығам,  міне  шығам»  деп  жүрген-ді)  алдыңғы  қатарлы  бірталай
жұмысшыларды  жинап  алды.  «Бүгін  Германиядан  келген  кəсіпшілер
одағының  уəкілдерімен  кездесеміз.  Бəрің  де  дұрысталып  киініп  Мəдениет
сарайына  келіңдер»,—  деді.  Айтқан  уақытына  біз  тегіс  жиналдық.  Жарты
сағаттай  күткеннен  кейін,  «қонақтар  келе  жатыр»  деген  хабар  алдық.
Сөйткенше  болған  жоқ,  есік  ашылып,  үйге  шет  елдік  жиырма  шақты  кісі


кіріп  келді.  Қасқа  бас,  көкқұтан  секілді  серейген-серейген  біреулер.
Іштерінде  бірен-саран  бұйра  шаш  тапал  бойлы  семіздері  де  бар.
Кəсіподақтарының  уəкілдері  болса  болғандай-ақ,  бəрі  де  жұпыны  киімді,
мойындарында
фотоаппараттары
бар,
кеше
ғана
айырылысқан
бауырларымыздан  біздермен  құшақтасып  амандасып  жатыр.  Біздің
Мысқазғанға
шетелден
адамдар
жиі
келеді.
Əрине
кеншілерді
капиталиспен де, империалиспен де таң қалдыра алмайсың. Бірақ бұ жолы
мені таң қалдырған басқа жағдай болды. Уəкілдердің ішінде үш-төрт əйел
бар.  Əсіресе,  біреуі  өзгелеріне  қарағанда  көріктілеу  жəне  өзін-өзі  ұстау
келбеті де өзгешелеу. Əр қимылында паңдық, өзгені менсінбейтіндік мінез
сезіледі.  Бірден  тани  кеттім:  баяғы  өзім  шахтасында  істеген,  Садықты  өз
қолымен  атып  өлтірген  графиня  Хауасси  Винтер.  Мəскеуден  ертіп  келген
біздің  адам  оны  ФРГ  көміршілер  кəсіподағының  уəкілі  деп  таныстырған.
Алыстау  тұрып  атын  аңғара  алмай  қалғам.  Баяғы  сылаңдаған  қалпы,  тек
сəл  қартаяйын  деген.  Бұрын  көрген  тəжірибелі  көз  болмаса,  бетіндегі
баттасқан  бояудан  оны  айыру  қиын.  Қасында  ұзын  бойлы  ат  жақты  жас
жігіт бар. Бұнысы осы əйелдің жұбайы, журналист деген. Алдымен əйелді
Винтерге  ұқсас  біреу  ме  деп  ойладым.  Жетпіс  миллион  халқы  бар
Германияда  екі  əйелдің  бір-біріне  ұқсас  болуы  ғажап  па?  Əрине  ғажап
емес.  Бірақ  бұл  ойымнан  тез  қайттым.  Хауассиді  бірнеше  рет  көргем,
сондағы  бір  байқап  қалғаным:  ол  оң  қолымен  əлсін-əлсін  самайын  сипай
беретін. Бұның да сондай əдеті бар екен. Неміс əйелдерінің бəріне самайын
сипау  жазылып  қойып  па,  сөзсіз  бұл  Хауасси  дедім.  Тағы  мені  таң
қалдырған  бір  жағдай—Винтердің  шахталары  ГДР  жерінде  болуы  керек
еді, ал мына əйел ФРГ-дан келіпті. Бұл қалай? Əлде шахталарын Германия
Демократиялық  Республикасы  ұлт  қазынасына  тартып  алғаннан  кейін,.
ФРГ-ға  шығып  кетті  ме  екен?  Бірақ  мен  білетін  Винтер  жұмысшы
кəсіпшілер одағында мүшелікте тұрмаса керек еді... Сонда қалай болғаны?
Қайткен күнде де бұл арада мен түсінбей тұрған бір гəп бар тəрізді. Ол не
гəп?  Қан  ішер  «СС»  офицерінің  əйелі  бізге  жұмысшы  одағының  атынан
тыңшы болып келіп жүрмесін кім білсін? Өйткен жағдайда бұны əшкерелеу
керек. Бірақ қалай əшкерелейсің? Сенің сөзіңе кім сенеді? Өзің сенесің бе?
Қандай дəлелің бар? Кенет Хауассидің орысша жақсы білетіні есіме түсті.
Сұрақ кезегі дəл осы тұста маған келіп қалар ма, мен ойланбастан:
—  Госпожа  Винтер,—  дедім  орысшалап,—  сіздің  шахтаңызда  қазір
қанша жұмысшы бар?
Хауасси менің сөзіме елен де еткен жоқ. Мəскеу өкілі маған қарап:
—  Бұл  кісі  орысша  білмейді,—  деді,—  жəне  фамилиясы  Винтер  емес
Гунтер...
— Мен бұл кісіні жақсы танимын.
— Қалайша?
—  Бұл  кісі  «СС»  полковнигі  Винтердің  əйелі.  Куперменде  бірнеше


шахтасы болған. Соғыс кезінде мен онда тұтқында жүріп жұмыс істегем.
Москва уəкілі менің сөзімді аудару керек пе, жоқ па сол ойланып қалды.
Əйткенмен:
—  Бұ  кісі  соғыс  кезінде  Шығыс  Германияда  болыпты,  сізді  графиня
Винтерге  ұқсатып  отыр,—  деп  жеңіл  түрде  аударып  берді.  Жігіттің  ойын
мен  өзімше  түсіндім.  Сірə,  ананы  күні  бұрын  шошытып  алмайын  деген
болар дедім мен ішімнен.
Винтер-Гунтер жанындағы «күйеуіне» қарап жайбарақат күлді.
— Вик, мені танитын тағы біреу шықты, көрдің бе?— Сөйтті де Москва
уəкіліне  бұрылды,—  бұл  менің  үйренген  ісім,  мені  көп  адам  ақ  Шығыс
Германиядағы бір Винтер деген графиняға ұқсатады...
Бұдан  əрі  Мəскеу  уəкілі  маған  сөз  берген  жоқ,  əңгіме  жұмысшылар
жайына, кəсіподағының кезекті міндеттеріне көшіп кетті.
Тек кешке таман, мемлекет қауіпсіздігін қорғайтын мекеменің бір жігіті
біздің  үйге  келді.  Ол  графиня  Винтердің  соғыс  кезінде  қандай  қиянат
істегені  жайында  ұзақ  сөйлесті.  Мен  білгенімді  айтып  бердім.  Садықты
қалай атқанын да жасырғам жоқ.
Əңгімеміз осымен біткендей еді. Бірақ бір айдай уақыт еткен шақта, əлгі
жігіт  маған  тағы  келді.  Ол  бізге  келген  əйел  Гунтер  емес  шын  графиня
Винтер  болып  шыққанын,  совет  тұтқындарына  соғыс  кезінде  көп  жəбір,
айуандық  істен,  қазір  жасырын  атпен  тыңшылық  мақсатпен  келгені
анықталғанын  айтты.  Мен  оған  таң  қалғам  жоқ.  Жəне  одан  Винтерге  не
істедіңдер деп сұрамадым да. Өйткені мұндай жауыз жандарға қандай жаза
қолданатыны  бəрімізге  де  мəлім  ғой.  Садықтың  алдында  өзімнің  бір
міндетімді атқардым деп ойладым.
Бұл əңгімені қозғағанда, мен графиня Хауассиді қалай ұстап бергенімді
айтайын  дегем  жоқ.  Жамандық  ашылмай  қалмайды,  мен  болмасам  оны
басқа біреу ұстап берер еді. Əңгіме Хауасси бейнесі жайында. Өз қолымен
атса  да,  Хауассидің  Садыққа  құмар  болғаны  хақ.  Садық  секілді  жігітке
құмар  болмау  менің  түсінігімде  мүмкін  емес.  Түр  қандай,  сымбат  қандай,
мінез  қандай!  Көзсіз  ер,  жас  баладай  сенгіш  жан!  Бірақ  Хауассидің,
құмарлығы  қандай  құмарлық?  Меніңше,  Хауассидің  құмарлығы  əйелдік
сезімнен  туған  еркекке  деген  тек  тəн  құмарлығы!  Мұнда  мінез  үйлесуі,
мақсат бірлігі, не болмаса асқан енер, адамгершілік қасиеттерден жарасып
келетін  бір  де  бір  табиғи  сезім  жоқ.  Мұндай  құмарлық  адамдардан  гөрі,
қасқырлар  арасында  кездеседі!  Ал  қандай  қасқыр  болса  да,  бір-бірінің
мауқын басқаннан кейін бөлініп кетеді. Олардың екінші рет қосылуы да екі
талай.  Хауасси  да  қаншық  қасқыр,  ол  Садықтан  мауқын  басып  еді,  өз
қолымен  атып  тастауға  шіміріккен  жоқ.  Егер  Садықты  нағыз  адамдық
сезіммен сүйген болса, айырылуға тура келген күнде де, арасындағы қайта


оралмас  махаббат»  үшін  оны  ажалдан  алып  қалар  еді.  Бұны  істеу  Хауасси
секілді əйелдің қолынан келер де еді.
Демек, Хауасси өзімен кетсін. Сонда Ақбаянның Əлжанға дегені қандай
махаббат?  Хатына  қарағанда,  екеуінің  арасындағы  сезім  Əлжанның
бастықтығымен  байланысты  тəрізді.  Бірақ  мұндай  да  махаббат  бола  ма?
Егер  Əлжан  трест  бастығы  қызметінен  түсіп,  жай  жұмысшы  болып  қалса,
Ақбаян оны бұрынғыдай сүймеуі керек пе?
Хат сөзінен мен Ақбаянның Əлжанға деген аса бір артық сезімін байқай
алмадым. Мүмкін байқағым келмеген болар? Өзі ғашық адамнан мұндайда
əділетті  шешім  шықпауы  да  мүмкін.  Осындай  ойда  жатқанымда  Татьяна
маған қарап тағы күлімсіреді.
—  Сабыр,  сіздің  сау  қалғаныңызға  өте  қуанышты  екенімді  өзіңіз  де
сезетін  шығарсыз,—  деді,—  екі  рет  консилиум  болды,  екеуінде  де  сізді
аман алып қалудың жолы екі аяғыңызды кесу деп тапты. Бұл қорытындыны
істеген  белгілі  хирург-дəрігер  болсадағы  маған  оларға  қарсы  тұруға  тура
келді...
—  Бекер  қарсы  болғансыз!—  дедім  Ақбаяннан  мүлдем  айрылған
күйігімді баса алмай.— Екі аяғымды біржолата кесіп тастағандарың жақсы
еді. Екі аяқтың күйігі, қазіргі менің жан күйігімнен анағұрлым жеңіл тиер
еді.
Шіркін  жастық!  Шіркін  махаббат!  Бар  ақылыңды  үнемі  сезімге
жеңдіресің!  Ақбаянды  жақсы  көргендігім  соншалық  тіпті  маған  істеген
опасыздығын
өзімнен
көргім
келді.
Сөйтсем
оны
таза
алып
қалатындаймын.  Егер  меңін  екі  аяғым  жоқ  болса,  Ақбаяннан  өзім  де
үміттенбес  едім.  Екі  аяғы  жоқ  адамды  сүймегені  үшін  Ақбаян  да  айыпты
болмас еді. Оған мен айыптысың дей де алмас едім. Бірақ Ақбаянға деген
таза  махаббатым  менің  жүрегімде  мəңгі  сақталар  еді.  Сол  бір  асыл  сезім
маған  сан  мəртебе  қанат  берер  еді.  Дəл  қазіргідей  күйретпес  еді,
Ақбаянның  өзіме  орынсыз  қазіргі  істеген  опасыздығыңдай  ақ  жүрегіме
қара  күйе  жақпас  еді!  Дəл  осы  сəтте,  шыным,  мен  құдайдан  ажал  тіледім.
Көрініп келген күйіктен, көрінбей келер өлімді артық көрдім.
Бірақ менің бұным не? Əлде мен боз екпе осал жанмын ба? Ақбаян мені
қиғанда,  мен  оны  неге  қимаймын?  Оның  опасыздығын  ақтар  себеп  іздеп,
басымды неге жарға да, тасқа да ұрамын?
—  Мен  сізден  мұндай  «алғыс»  күтпеген  едім,—  дейді  Татьяна  өкпесін
жасыра алмай.
Алдымен  түсінбесем  де,  аздан  кейін  барып  оның  сөзін  ұқтым.  Екі
аяғыңды кестірмей, сені мəңгі мүгедектіктен сау алып қалған адамға, «сен
бұл жақсылықты бекер істедің» деу қандай иттік!


Артынан барып езге дəрігерлерден анығын білдім. Менің сау қалуым тек
Татьянаның  арқасында  екен.  Госпитальдағы  бас  дəрігерлік  қақын
пайдаланып,  «Аяғын  кесу  керек»  деген  консилиумның  қорытындысына
көнбей қойыпты. «Бұл жігітті күтіп тұрған екі аяғынан айырылудан да ауыр
қайғы бар. Оның үстіне екі аяғынан айырылса не болғаны.
Жоқ, мен мұны ондай мүсəпірлікке қиюға қақым жоқ»,— деп, операция
істетпепті.  Бірақ  өзі  он  күндей  (менің  ең  қиын  кезімде)  жанымнан
шықпапты. Пеницилин уколына дейін өзі істепті.
Əрине,  Татьянаның  жақсылығын  артынан  түсіндім.  Ақбаянды  былай
қойғанда,  мен  ең  алдымен  шахтермін  ғой.  Екі  аяқсыз  шахтер  —  шахтер
емес. Ондай адамға өмірдің керегі не?
Менің  сөзіме  өкпеледі  ме,  əлде  бөтен  шаруасы  болды  ма,  Татьяна  он
шақты  күндей  бөлмеме  кірмей  қойды.  Қанша  қайғың  болғанмен,
адамгершілік  деген  бар  ғой,  жан  күйігі  үстінде  өзіңді  мəңгілік
мүсəпірліктен  сақтап  қалған  адамға  айтқан  ауыр  сөзімнен  енді  өзім
қысылдым.  Кешірім  сұрап,  оған  алғысымды  айтуға  Татьянаның  келуін
күттім.  Мені  қарауға  басқа  дəрігерлер  келеді.  «Бас  дəрігер»  қайда  деп
сұраймын,  олар  үнемі  «бір  ауыр  операция  істеп  жатыр»  əйтпесе  «мəжіліс
өткізуде»  деп  жауап  береді.  Өмірі  бітпейтін  не  қылған  қаптап  кеткен  ауыр
операция мен мəжіліс деп таң қалам. Бірақ таң қалуға да болмайды, соғыс
болса  жүріп  жатыр,  совет  адамының  ерлігі  күннен-күнге  өршуде.  Ерлік
өршіген  жерде  —  жан  түршігерлік  талай  қауіпті  жағдайлар  болады.  Адам
сан  ауыр  жағдайларға  кездеседі.  Демек,  кей  нянялар  Татьянаның  кейде
көрші бөлмелерге келіп кеткенін маған айтып қояды. Оның өкпелегені енді
маған  əбден  анық  болды.  Татьянаны  бір  көрсем  деймін.  Бұным  кəдімгідей
кеселге  айналды.  Өз  айыбыма  кешірім  сұрау  бір  үлкен  тілекке  айналды.
Татьянаны іздеп бара алмаймын. Əлі жүруге рұқсат етілген жоқ. Менің бар
қолымнан келері — төсекте жатып алып ойға шому. Осындай кезімде «Бұл
неткен  əйел»  деп  Татьяна  туралы  ойлайтын  болдым.  Кейде  оның  түрін,
жүрісін,  күлкісін  көз  алдыма  елестеткім  келеді.  Елестетем  де.  Елестетсем,
оның маған кей көз қарасы, кей бұрылысы, сəндене басқан аяқ алысы ұнай
бастаған  тəрізденеді.  Расында  солай  ма  деп  тағы  ойлаймын.  «Иə,  солай»
деймін өзіме-өзім. «Мені аман алып қалуға соншама неге жан салды екен?»
деймін тағы да. «Кісіні аман алып қалу дəрігердің міндеті емес пе» деймін
өзіме-өзім  жауап  беріп.  «О,  ондай  міндетті  қатты  ұстаған  дəрігер  —  шын
дəрігер, жақсы адам» деймін. Бұл ойым жалпы дəрігерлерді бағалаудан гөрі
басқа жағдайға көшеді. Енді мен «Татьяна — жақсы қыз, алтын қыз» деген
қорытындыға  келемін.  Қайғылы  бола  тұрып  өзімді-өзім  кекете  күлемін.
«Ақбаянға  «алтын  құс»  деп  ат  қойып  едің,  енді  Татьянаға  «алтын  қыз»
деген  ат  қойдың  осы  сенің  өзіңде  де  бір  пəле  бар  ма  деймін.  Əйтсе  де
Татьянаға  қойған  атым  езіме  ұнайды.  Оның  шашы  да  қызғылт  алтындай,
мінезі  де  тот  баспайтын  сары  алтын  тəрізді  көрінеді  маған.  Расында  да  ол
маған енді шын «алтын қызға» айналды.


Біреуді  ұнатып,  сол  ұнатқан  адамың  туралы  көп  ойлай  берсең,  бірте-
бірте  көңілің  де,  ойың  да  оған  мүлде  ауады.  Махаббат  та  осындайдан
туады.  Ой  арқылы  біреуді  ұнату  адам  сезімінің  өзгеруінде  үлкен  орын
алады.  Ол  сенің  қиялыңның  қанатына  айналып,  жақсы  көре  бастаған
адамыңа тез жетуге себепкер болады. Татьяна жайында менің де ойым осы
міндетті  атқаруға  дайын  тəрізді.  Қазақ  көңіл  жүйрік  пе,  кек  дөнен  жүйрік
пе дейді. Менікі сол көк дөненнен де жүйрік көңіл əуресі секілді. Əйтпесе
мен  кім,  Татьяна  кім?  Мен  тек  осыдан  бес  жыл  бұрын  ғана  онжылдықты
бітірген,  жаңа  ғана  нағыз  шахтер  болуды  тілек  ете  бастаған  көп  жастың
бірімін.  Ал  Татьяна  болса  жүздеген  ауруды  емдеп  шығарған  əскери
госпитальдың  бас  дəрігері.  Ақбаянның  махаббатқа  деген  таразысымен
салмаққа  салсаң:  ол  —  алтын  да,  мен  —  бақырмын...  Бақыр  мен  алтынды
бірге  қорытуға  бола  ма?  Болған  күнде  не  шығады?  Алтын  да  шықпайды,
бақыр  да  шықпайды.  Қысқасы,  мұндай  өмір  сатысынын  төменгі  жоғарғы
баспалдағында  тұрған  екі  адамның  арасындағы  махаббат  та  осы
қорытылған  алтын  мен  бақыр  тəрізді  болса  керек.  Мен  алдымен  осылай
ойласам да, артынан барып басқа қорытындыға келдім. Жоқ, махаббаттың
заңы  басқа  болуға  керек  деймін.  Махаббаттың  өзі  алтын  емес  пе,
сондықтан алтын мен бақыр бірге қорытылса, алтын жеңуі керек, бақыр да
алтынға айналуға тиісті. Махаббаттың күшінің өзі осында. Екі адам бірін-
бірі  шын  сүйсе  (əрине,  қызмет  дəрежелеріне  қарамай),  екеуі  де  алтын.
Алтын  да  —  алтын,  бақыр  да  —  алтын.  Махаббатта  бақыр  жоқ,  ол  тек
алтынды бақырға санаған білместің көңілі.
Осындай  бəтуесіз  ойда  жүргенімде,  бір  күні  біздің  бөлмеге  Татьяна
келді.  Ол  кіріп  келе  жатып  менің  қуанып  қалғанымды  бірден  аңғарды,
жымия күліп:
— Амансың ба, Сабыр, халің қалай?—деді.
— Хəлім жақсарып келеді. Бірақ сіз келмей кеткен соң... көңілім жүдеп
қалды.
— Неге?..
—  Менің  адам  қатарына  қосылуыма  сіздің  істеген  еңбегіңізді  жақсы
білемін. Алғыс айтудың орнына...
—  Оқасы  жоқ,—  деді  Татьяна  күлімсірей,—  мен  əдейі  келмей  қойдым.
Мұндайда  адам  өзімен-өзі  болғаны  жақсы.  Сенікі  сырттан  келген  кесел
емес. Өзің тапқан жүрек кеселі. Сырт кеселіңе біздің еміміз керек еді, оны
қолымыздан  келгенше  аяған  жоқпыз.  Ал  жүрек  кеселіңнен  өзін  айығуға
тиістісің.
— Мені сол кеселден айығады деп ойлайсыз ба?
—  Айығуыңның  оңайға  түспейтінін  білем.  Бірақ  сен  жассың  ғой.  Жас
адам қандай кеселден болса да айыға алады.


Татьяна біліп айтқан екен. Қайғы — ішіңде үйіріліп жатқан сұр жылан.
Ол  сені  жаныңды  ауыртып  күндіз-түні  сорумен  болады.  Жыланның  бойы
өлгенінде  ғана  жазылса,  мұндай  шын  қайғы  да  тек  өлгеніңде  қана
ұмытылады.  Бірақ  адам  қандай  кеселге  болса  да  үйренеді  ғой,  мен  де  бұл
кеселге  үйрендім.  Бұдан  кейін  ол  бірте-бірте  жанымды  бұрынғыдай  тым
қатты  ауыртпайтын  болды.  Оған  да  көндіге  бастадым.  Байқаймын,
Ақбаянға  деген  кеселім  бұрын  ашық  жарадай  жаныма  маза  бермей
ауыратын болса, енді əлдеқайда жүрек түбіне барып тығылған секілді. Қай
күні  қайта  шығады,  білмеймін,  ал  əзірге  оқта-текте  ғана  ен  бойымды
сырқыратады да қояды. Бұған да көндіктім. Енді бойымның бұл сырқырауы
да азая түскендей.
Қысқасын  айтқанда,  Ақбаянды  есімнен  шығаруға  тырыстым.  Оның
орнына  енді  бөтен  ат  аузыма  жиі  түсетін  болды.  Бұл  ат  Татьяна  аты  еді.
«Сенің  бұның  не?  Махаббат  мəңгілік  дейтінің  қайда?  Ақбаянды  расымен
ұмыта  бастағаның  ба?—  деймін  мен  ішімнен.  —  Сенің  де  махаббатың
өзгелердікінен бөтен болмағаны ма?» «Өлген артынан елу жоқ. Ақбаян енді
маған  өлген  адам.  Құр  тұлыпқа  мөңірегенмен  не  пайда?  Өмірді  қайта
бастау керек» деймін мен енді өзіме-өзім жауап беріп.
Өмірді  қайта  бастау  деген  сөз  маған  махаббатты  қайта  бастау  деген
сезбен бір. Өлімнің сан мəртебе құшағында болған жас жігітке махаббаттан
артық қандай арман бар?.. Əйгілі шахтер аталып, жұрт аузына іліксем деген
де  тілек  жоқ  емес.  Бірақ  бұл  əз  қолымдағы  бақыт  емес  пе?  Ал  махаббат
торыма оңай ілікпес баяғы бір алтын құсқа ұсайды маған.
Мен  енді  үй  ішінде  жүре  бастадым.  Ойым  майданға  қайта  кету.  Бірақ
жақында  рентген  айнасына  түсіп  едім,  өкпеңде  бір  қара  дақ  бар,  сірə
гангренаның  əсері  тиген  болар,  ол  қара  дақ  тарқағанша,  үш  айдай
тынығуың керек, майданға содан кейін барасың деді.
Госпитальдан кетуге де асығам, əбден жалықтырып болды. Ал қиғым да
келмейді,  өйткені  мұнда  Татьяна  бар.  Неге  екенін  білмеймін,  оны  көргім
келе  береді.  Бұл  не,  махаббат  па?  Махаббат  болса  Ақбаянға  ғашық
болғанымдай  күйіп-жануым  керек  қой.  Татьянаға  деген  жүрегімді  өртеп
бара  жатқан  ондай  жалын  жоқ.  Сонда  бұл  не  болғаны?  Мүмкін  бұ  да
махаббат  шығар.  Бірақ  жиырма  жастағы  жас  бала  жігіттің  албырт
махаббаты  емес,  опасыздықты  көрген,  тұтқында,  майданда  боп,  басынан
қиындықты өткізген солдаттың ақылға жеңдірген махаббаты болар?
Мен осындай күйде жүргенімде Татьяна бір күні тары келді. Жүзінде бу
жолы  аздаған  қайғының  туманы  сезіледі.  «Жұмысы  көп  қой,  шаршаған
болар» дедім мен ішімнен.
—  Сабыр,  бүгін  сені  госпитальдан  шығару  керек  еді,—  деді  ақырын
күрсініп,— тағы бір жетіге қалдырдым.
Жүруге  жараған  адамды  «бір  жетіге  қалдырудың»  бүгінгі  жағдайда


əжептəуір  күнə  екенін  мен  де  білемін.  Бөлмелерде  орын  жетпеген  аурулар
коридорларда  жатыр.  Санитарлық  поезд  күнде  келеді.  Госпиталда  жата
беруді енді өзім де дұрыс көрмеймін, əйтсе де «тағы бір жетіге қалдырдым»
деген сөз көңіліме жылы тиді. Сөйтсе де, бөтен сөз таба алмай:
— Неге?—дедім.
Бұдан  асқан  ақымақтық  сұрақ  болар  ма!  Мен  шалқамнан  төсек  үстінде
жатыр ем, өз сұрағымнан өзім қысылдым да, керуетіме түрегеліп отырдым.
Татьяна маған сəл қырын қарап тұрды да, қасыма таяу келді.
—  Үйреніп  қалғандығымнан  ба,  қимаймын,—  деді,  сөйдеді  де  тағы
күрсінді,— тіпті айырылғым келмейді.
Ол  бір  қолымен  менің  бөріктей  боп  тұтасып  есіп  қалған  шашымның
арасына ұзын саусақтарын кіргізе ақырын уқалады.
— Шашың қандай қалың еді!
Мен  оның  қолын  басымнан  алдым  да  білегінен  ұстап  жүрек  тұсыма
апарып бастым.
— Естисің бе?
— Тым алабұртып соғып тұр ғой.
— Сен келместен бұрын бүйтіп тулаған жоқ еді.
— Онда... жүрегіңнің бүйтіп тулауына не себеп?
—  Себеп  біреу-ақ...—  Мен  сөзімді  аяқтауға  мұршам  жетпеді.  Сол
қолыммен  оның  аш  белінен  ұстап  өзіме  тарттым.  Ол  қарсыласқан  жоқ.
Қызғылт  алтын  шашын  төгілдіре,  басын  алдыма  қарай  жыға  беріп,  толық
қызыл ернінен құшырлана сүйдім. Ол ақырын ғана жауап берді. Бірақ көзін
жұмып,  екі  қолымен  менің  мойнымнан  құшақтаған  қалпында  алдымда
қозғалмай  ұзақ  жатты.  Мен  оның  ернінен,  тамағынан,  жұмулы  көзінен
кезек-кезек сүйдім. Əлден уақытта барып ол басын көтерді.
— Есікті жабуды да ұмытып кетіппіз ғой,— деді шын қысыла,— біреу-
міреу кіріп келсе ұят болар еді. Бас дəрігердің жаралы солдатпен...
Мен оның сезін тыңдаған жоқпын. Бауырыма қыса тағы сүйдім де:
—  Мейлі!—  дедім.—  Менің  жүрегімнің  неге  алабұртып  соққанын  енді
түсіндің бе?
— Түсіндім...
Бұдан  артық  біз  тіл  қатысқан  жоқпыз.  Соңынан  барып  сонау  Əлжан


Ақбаянға  қызыққан  кеште  Татьянаның  жүрегі  де  алғашқы  рет  мен  деп
толқығанын білдім. Əлжанмен екеуінің серуені сол кеште тез бітіп, одан əрі
жолықпай кетулеріне жалғыз Ақбаян ғана емес, мен де себепкер болғаныма
сендім.
Бір  жетіден  кейін  поезбен  Мысқазғанға  келдім.  Жалғыз  баласы
майданнан  тірі  қайтқан  кəрі  əке-шешенің  қуанышын  көрсеңдер!  Барларын
дастарқанға төгіп, не істерлерін білмей бəйек болды да қалды. Кəрі кемпір-
шалдың қуанышын бұл арада сөз етпей-ақ қоялық. Олардың шат-шадыман
көңілдері  онысыз  да  мəлім  ғой.  Бұл  арада  басқа  бір  жайды  айтып  кеткім
келеді:
Біз жоқта Садықтың шешесі Биғайша қайтыс болған екен. Мысқазғанға
таяғаннан-ақ  жанымды  ең  қинаған  ой  Садықтың  қайтыс  болғанын  сорлы
анасына  қалай  естірту  еді.  Бұл  азаптан  «женіл»  құтылдым.  Ақбаян  ағасы
жайында  сұраған  да  жоқ  (сірə,  мені  білмейді  деп  ойлаған  болуы  керек),
біздің  үйге  келген  де  жоқ.  Жай  бір  шахтердің  үйіне  қайдан  келсін,  күйеуі
трест бастығы болып тұрғанда!
Мысқазғанда  қалған  бірен-саран  құрбы-құрдастар  мені  қуана  қарсы
алды.  Бірінен  соң  бірі  үйіне  шақырып,  шамалары  келгенше  құрмет
көрсетті.  Əрине  оларға  Садықтың  жайын  айтуға  тура  келді  (графиня
Винтер  екеуінің  арасындағы  жағдайдан  бөтенін).  Жаман  хабар  жата  ма,
Садықтың ерлік өлімі Ақбаянға да жетіпті. Бір күні мен бір жолдасымның
үйіне  барғалы  жатқанымда  Əлжан  екеуі  біздің  үйге  келді.  (Əке-шешем
жұмыстарына  кеткен  еді:  əкем  бұл  күндерде  қойма  күзетшісі,  шешем
мектепте үй сыпырушы болып жұмыс істейтін.) Соғыс өзге жұрттың реңін
алғанымен  бұл  екеуіне  майдай  жаққан  сынды.  Əлжанның  қара  сұр  бетіне
сұс пайда болып, Ақбаянның онысыз да уыздай ақ жүзі бұрынғысынан да
сəулеттене түскен. Белі қыналып, бөксесі толықтана, үлкен мөлдір қарақат
көздерінде  бір  ойнақшыған  сəуле  пайда  болған.  Садықтың  қайтыс
болғанын  естігеніне  бір  жетіден  асып  кеткендіктен  болса  керек,  маған
бəлендей  ауыр  қасіретті  тұр  көрсетпеді.  Əлде  бір  кезде  көңілдес  жігітіне
өзінің толып болғанын білдіргісі келгендігінен бе, əйтеуір, сəндене киініпті.
Басында ақ түбіт шəлі, үстінде жағасы бар қара түлкі, белі қыналған түбіт
жүнді  шерсть  пальто.  Аяғында  ақ  шөшеңке.  Неге  екенін  білмеймін,  бұ
жолы Ақбаян менің жүрегімді өртемеді, жай салқын қанды пішін көрсетіп
сыпайы ғана сөйлестім.
Ақбаянды  көргенде  өліп-өшіп  қалатын  шығармын  деп  ойлаушы  едім,
жоқ  олай  болмады,  Мүмкін  бұл  жағдай  біздің  əңгімеміз  бірден  екеумізге
бірдей  ауыр  тиер  Садық  жайынан  басталғандықтан  шығар,  əйтеуір  сөзіміз
салқын  шықты.  Бір  кезде  мəңгілікпіз  деп  анттасқан  екі  жастың  қосыла
алмай қалған өкініші, не содан бері жүрегімізде сақталып келген жүректің
жылы лебізі білінбеді.
Садық  ажалының  жайын  толық  естіп  болғаннан  кейін  ғана  Ақбаян
азырақ көзіне жас алды. Қайтсін, бишара, туған қарындасы емес пе! Əрине,


мен оны өкіріп жылайды ғой деп едім, сірə, бір жетіден бері жылай-жылай
көзінің жасын құрғатса керек, бұ жолы тек көзінен жас шықтының ырымын
ғана істеді. Оным, ажалына қайғырудың орнына «Бəсе, біздің Садық сөйтсе
керек  еді?»  деп,  ағасының  ерлігіне  сүйінгенін  көбірек  аңғартты.  Мен
Садықтың  қалай  өлгенін  дəл  сол  сағаттағысындай  толқи  айтып
отырғанымда, ол «Көрдің бе, менің ағамның кім екенін» дегендей күйеуіне
көзінің  астымен  бір-екі  рет  тəкаппарлана  қарап  та  қойды.  Садықтай  ерлік
өліммен қайтыс болған ағасын қандай адам болса да мақтан етуі табиғи іс.
Бірақ  дəл  сол  сəттегі  Ақбаянның  қылығы  маған  ұнаған  жоқ.  Мүмкін
бұрынғы «ғашығыма» салқын ғана сөйлесуіме бұ да себеп болған шығар.
Менің  əңгімем  бітіп,  Ақбаян  өксігін  басып  болғаннан  кейін,  Əлжан
маған:
— Мүгедектікті қанша айға берді?— деді.
—  Үш  айға,  бірақ,  жөнделіп  кетсем,  бір  айдан  кейін  майданға  қайта
аттанам ғой деймін.
—  Онша  асығып  не  қыласың?—деді  Əлжан,—  қазір  немістер  кейін
шегінуде  ғой.  Сен  майданға  барғанша  соғыс  та  бір  жайлы  болып  қалар.
Мүмкін денсаулығың көтерсе əзірге шахтада жұмыс істей тұрарсың. Қазір
тыл да майдан ғой. Кен беретін үш бізде жеткіліксіз. Өзін білесін, неміске
атылып  жатқан  оқтың  оннан  тоғызы  Қазақстан  қорғасыны  мен  мысынан
құйылады. Ал мыстың дені Мысқазғандікі ғой...
—  Мысты  менсіз  де  шығарарсыңдар,—  дедім  мен,—  менің  орным  —
майданда. Фашистерден əлі алынбаған кегім бар.
— Бұл айтып отырғанын балалық,— деді Əлжан кеудесін сəл көтеріп,—
фашистерде  қайсымыздың  кегіміз  жоқ.  Жіберсе,  күні  бүгін  майданға
аттанар едім, амал не, партия: «сен Мысқазғанға керексің» дейді. Саған да
сол сөзді айтам. Сен де Мысқазғанға керексін. Ен. болмағанда, мүгедектік
мерзімің өткенше шахтада жұмыс істе (менің сүйегім сынған мүгедек емес
екенімді  алдымен  өзім  айтқам),  егер  оған  дейін  соғыс  бір  жайлы  болмаса
бара  жатарсың.  Ал  алда-жалда  майданға  барғың  келмесе,  қазір  бізге
жұмысшыларды  броньмен  алып  қалуға  үкімет  рұқсат  берді,  сені  де  алып
қалармыз.
Əлжанның  сөзінен  жиіркене  қабағымды  түйдім.  Маған  «шахтаға  қал»
деп  жатқаны  баяғы  өзінің  Ақбаян  үшін  мені  майданға  жіберген  айыбын
шайып-жуу  екенін  де  түсініп  отырмын.  Бірақ  бұ  жерде,  Ақбаянға  Садық
жайында  суық  хабарды  естіртіп  отырып,  күйеуіне  қатты  сөз  айтқым
келмеді.
— Жарайды, ойлап көрейін,— дей салдым.
Демек,  бір  жетіден  кейін  маған  шахтаға  жұмысқа  түсуге  тура  келді.


Бұған себеп Əлжанның сөзі емес, əкемнің хал-ахуалы болды. Мен бір айға
да  шыдай  алмай,  бір-екі  күнде  соғыс  комиссариатына  барып  майданға
аттандыруын  сұраймын  деп  жүргенде,  кəрі-құртаң  бишара  қатты
науқастанып  қалды.  Дəрігерлер  «өкпесіне  суық  тиген,  титығы  біткен,
денсауылығы  қорған  бола,  алмас»  деген  соң,  жалғыз  шешемді  жылатып,
ауру  əкемді  тастап  кетуге  қия  алмадым.  Мүгедектік  күнім  бітіп,  қайтадан
комиссияға көрінгенше шахтада жұмыс істеуге бел будым. Əлжан басқарып
жүрген  шахтаға  түскім  келмеп  еді,  Ақшалов  (ол  əлі  парторг  екен)  өзіңнің
бұрынғы  жұмыс  істеген  жеріңнен  айырылма  деп  болмады.  Амал  жоқ,
өзіміздің  шахтаға  түстім.  Екі  айдан  кейін  Мемлекеттік  қорғаныс
комитетінің  Мысқазғаннан  майданға  бір  де  бір  адам  алынбасын  деген
қаулысы  шықты.  Енді  майданға  барам  десем  де,  бара  алмайтын  болдым.
Бұл  біздің  əскердің  жеңіске  жете  бастаған  кезі  еді.  Енді  неміс
басқыншыларынан  майданда  алатын  кегімді,  оларды  құртатын  металды
көбірек  шығарып  алмақшы  болдым.  Өстіп  Отанымызға  көмек  бермекші
боп, білегімді сыбанып шахтаға біржола түстім. Екі айдан соң Мысқазғанда
жаңа госпиталь ашылып, Татьяна соған бас дəрігер болып келді.
Арада  үш  жеті  өткеннен  кейін,  біздің  қосылу  тойымыз  болды.  Содан
бері жиырма бес жыл отастық. Бір-бірімізге қатты сөз айтысып көргеніміз
жоқ!  Жеті  жылдан  кейін  Татьянадан  бір  қыз  бала  кердім.  Қазір  ол
Алматыда институтта оқиды.
Осы басымнан өткен өмірім, оқушым, саған ұзақ көрінгенмен, маған бір
сəттей  болған  жоқ,  зу  етіп  ұшқан  құстай  көз  алдымнан  ете  шықты.  Нəсілі
мен  еткен  күндерге  тым  беріліп  кеткен  болуым  керек,  жанымда  отырған
Бəтиманың  дауысын  əзер  таныдым.  Ұйқыдан  оянғандай,  оның  бетіне
таңырқана қарадым.
— Бəтима, сен бірдеңе сұрамақсың ба?
Бəтима мұңая күлімсіреді.
— Сұрамақ ем, егер сізге ауыр тимесе...
—  Сұра.  Жаныма  ауыр  тиер  жағдайдың  бəрін  мен  басымнан  өткіздім.
Сұрағың соның бірін есіме түсіретін сұрақ болса, тақа қинала қоймаспын.
Бəтима ақырын ғана езу тартты.
—  Онда  сұрайын...  Татьяна  жеңгеймен  қалай  қосылғаныңыз  маған  аян.
Менің  сұрайын  дегенім  содан  кейін  Ақбаян  жеңгеймен  араларың  қандай
болды?..  Жоқ,  жоқ,  сіз  мені  теріс  түсінбеңіз.  Татьяна  жеңгейге  деген  пəк
сезіміңізге  ешбір  кір  келтіретін  əзəзілдікке  сіздей  жандардың  жол
бермейтінін  мен  білемін...  Тек  үйлі-баранды  болғаннан  кейін,  Ақбаян
жеңгейді  тез  ұмыта  алдыңыз  ба?..  Соны  ғана  білгім  келгені.  Егер  буған
жауап  беру  қиын  тисе,  жауап  бермей-ақ  қойыңыз.  Мұндай  сіздің  нəзік
сезіміңіздің  жүрек  қылын  қозғайтын  құпияңызды  сұрауға  қақымның  жоқ


екенін өзім де ұғам,— ол тағы күлімсіреді,— бірақ амал не, əйел деген бір
қызық  жаратылған  жан  ғой,  өзгенің  құпиясы  оған  айна  секілденеді  де
тұрады. Бір жерден өзінің суретін көріп қалатындай қарай бергісі келеді...
Расында бұл менің ең қатты ауырар жерім еді, бұған бірдеңе жауап беру
маған  да  қиын...  Бірақ  неге  екенін  білмеймін,  Бəтимаға  шынымды  айтқым
келіп кетті. Сондықтан:
—  Жарайды,  сұрағыңа  жауап  берейін,—  дедім,—  Бірақ  бұл  сұраққа
жауап  берместен  бұрын  маған  Əлжанға  тоқтап  кетуге  рұқсат  ет.  Өйткені
Əлжанды  танудан  барып,  м.енің  үйленгеннен  кейінгі  Ақбаянға  деген
көзқарасымда аяушылық, жек көрушілік сезімдер туған еді.
— Жақсы.

Ақшалов шегір көз, жирен мұртты, төртпақ келген балуан кісі болатын.
Жасы  елуге  таяп  қалса  да,  жиырма  бестегі  жігіттен  кем  қимылдамайды.
Жиырма  бес  килограммдық  перфораторды  оң  жақ  кеудесіне  тіреп  қойып,
бір  жарым  метр  болат  сүмбімен  қаттылығы  граниттей  көк  тасты
бұрғылағанда  жан  шыдатпайды.  Перфоратордың  селкілдей  гүрілдегенінен
дүниедегі  өзіне  ең  бір  жағымды  музыка  күйін  тыңдағандай  көзін  сəл
жұмып қатады да қалады. Бір сағат бұрғылап, он бес минут қана дем алады.
Онда  дағы  бұрғылағанда  шыққан  көгілдір  тастың  бетіндегі  шаңын  сүртіп,
сөмкесіндегі  екі  шиша  сүттен  бір-екі  жұту  үшін  ғана.  Оның  бұрғысы
тастың  жарығына  кіріп  кетіп,  тығындалып  қалуды,  не  қатты  тасқа  күші
жетпей  мұқалуды  білмейді.  Кеудесіне  машинасын  тіреп,  резинка  өңештен
келіп  тұрған  жеті  атмосфералық  тығыздалған  ауаны  іске  қосатын
перфоратордың тетігін басса-ақ болғаны, бұрғысы бір тыным алмай, бүкіл
забойды басына көтере гүрілдейді де тұрады.
—  Темеке,  осы  сіздің  бұрғыңыз  бен  перфораторыңыз  бір  мүлтігуді
білмейді ғой, қандай қулығыңыз бар?— десең, ол ыржия күліп:
—  Жылқы  жеммен  жүреді,  машина  баппен  жүреді.  Үш  күнде
перфораторымды шаңнан тазалап, майламағанымды бір көргенің бар ма?—
деп  жауап  береді.—  Солдаттың  досы  мылтығы  болса,  жұмысшының  досы
машинасы, оны сылап-сипай білсең, о да сені жұртқа күлкі етпейді...
Темекеңнің  мінезі  де  қызық  адам.  Ақ  көңіл,  салдырлаған.  Ал  біреудің
мінез-құлқындағы  кемшілікті  керсе,  бетін  бар,  жүзің  бар  демейді,  тікелей
айтып  салады  да  қарап  отырады.  Көп  адам  оның  бұл  мінезін  біледі  де,
қаймығып  жүреді.  Оның  үстіне,  Темекең  құр  ғана  алдыңғы  қатардағы
бұрғышы  емес,  шахта  парторгі.  Ақ  көңіл,  салдырлақ  мінезді  болғанмен,
Темекең  жұмыс  тəртібіне  қатал  адам.  Тəкаппар,  не  болмаса  жұмысқа  сəл
салқын
қарайтын
горизонт,
сменаның
анау-мынау
бастықтарын
партбюроны  шақырып  жіберіп,  сілікпесін  шығарады.  Кейде  шахта


бастықтарының  да  сыбағасын  беріп  жатады.  «Өндіріске  командир  қожа,
партия  ұйымы  оның  көмекшісі»  деген  сөздерді  ол  өзінше  түсінеді.
Мысқазған болғалы жұмыс істеп келе жатқандықтан, ол өзін үстем таптың
уəкілі  санайды.  «Совет  үкіметі  —  жұмысшылар  табының  үкіметі.  Қандай
командир бол, сен жұмысшы табына бағыныштысын. Ал партия ұйымы —
сол  таптың  алдыңғы  шебі.  Мейлі  тоқсан  жерде  академия  бітірсең  де,—
біздің айтқанымызды істейсің. Сонда ғана біз саған көмекшіміз, сонда ғана
сен  өндіріс  қожасысың.  Ал  бұны  түсінбесең,  жақсылық  күтпе»,—  дейді.
Бір ғажабы, қанша өр мінезді, ісінде аздаған партизандық болғанменен, ол
бас жарыл, көз шығармайды, қашан да болса, істі адал шешуге тырысады.
Осы Ақшалов мені өзіне көмекші бұрғышы етіп алды.
—  Бір  айдан  кейін  сенен  табаны  күректей  нағыз  бұрғышы  шығарамын,
— деді.
Он  шақты  күн  бұрын  осы  бригадаға  транспорт  конторынан  Қайсар
көшкен  екен.  Бұ  да  бұрғышы  көмекшісі.  Ақшалов  бұрынғы  көмекшілерін
үлкен  разрядты  бұрғышы  етіп  үйретіп,  екеуін  екі  бригадаға  бригадир  етін
жіберіпті. Шамасы, бізді де сөйтпек. Байқаймын, Қайсар жасы менен үлкен
болмаса  да  бригадаға  он  шақты  күн  бұрын  келгенін  бауыр  басты  етіп,
маған  үстемдігін  жүргізердей  ойы  бар  сынды.  Алғашқы  күндері  мен
айтқанын істеп жүрдім. Ал дегеніне көнген сайын, ол үдетіп келеді. «Тұра
тұр,—деймін  мен  ішімнен—өзеннің  тереңдігін  білмеген  қайықшы
қайықтың астына түседі, сен əлі менің мінезіммен танысқан жоқсын ғой!»
Қайсар  ат  қорада  жеңіл  жұмысқа  үйреніп  қалғандығынан  ба,  тақа  ауыр
жұмыстан қашыңқырап жүреді.
— Бала,— деді ол бір күні бөтен забойға көшкелі жатқанымызда, құрдас
екенімізге  қарамай,  езін  үлкен  санайтын  дағдысына  салып,—  забойдан
забойға  көшкенде  бұдан  былай  қарай  мына  екі  перфораторды  сен  алып
жүр, ал резинка мен бұрғылар менікі болсын.
Бір  перфоратордың  салмағы  ананың  бар  жүгінен  ауыр.  Мен  таласудың
орнына:
— Қайсар, осы сенен бұрғышы шықпайды ғой деймін,— дедім.
Аңқау бишара шошып кетті.
— Неге? — деді көзін жыпылықтатып.
— Тышқаннан: «Неге кішкентайсың?» десе, «мысықтан қорыққанымнан
есе алмадым» депті. Сен де сөйтіп жұмыстан қорқып, бұрғышы бола алмай
қаласың ба деймін...
Біздің бұл сөзімізді естіп қалған Ақшалов шек-сілесі қатып күліп жатыр.


— Ұрды енеңді, Қайсар, ұрды енеңді!..
Қайсар шын қысылып:
— Мен жұмысшы адаммын,— деді сасқалақтай,— мені ауыр жұмыспен
қорқыту қиын болар!
Ақшалов күлкісін тыймаған қалпымен:
— Бəсе,— деді ол,— қасқырды қой терісін жамылып қорқыта алмайсың,
біздің Қайсарды ауыр жұмыспен қайдан қорқытайын деп едің!
Осыдан  кейін  Қайсардың  жеңілдік  астымен  жүрсем  деген  аздаған
қулығы  мүлдем  қалды.  Бар  қайсарлығын  жұмысқа  салды.  Тепсе  темір
үзетін  қарулы  жігіт,  көп  ұзамай  жиырма  бес  килограммдық  перфораторды
балғаша  ойнататын  болды.  Мен  де  одан  қалысқан  жоқпын.  Бұрғышы
мамандығын тез-ақ үйрендім. Ұстазың асыл болса, өнеге етіп ұстарың да аз
болмайды,  Ақшалов  тəрізді  бұрғышы  үйренбеске  қойған  жоқ.  Бір  жарты
жылда Қайсар да, мен де жеке бұрғышы болып кеттік! Міне, осы кезде біз
Əлжанмен кездестік. Оның кім екенін таныдық.
Мысқазған  кені  —  жаңбырдан  кейін  айдалада  дөңгелене  біткен  қатқақ
судай əр жерде ойдым-ойдым болып жатады. Сол ойдымның көлемі кейде
кішігірім қоғалы көлдей боп кеп, қалыңдығы елу-алпыс метрге жетеді. Кен
алынған  жерлер  орны  зəулім  кең  сарайға  айналады.  Кен  желісіне  жетті
дегенше  болғаны,  шетінен  кеміріп,  мысқа  бай  сұрғылт  тасты  ала  береді.
Көбіне сол тау жынысы жатқан жерге жету қияпат қиындыққа түседі. Осы
байлыққа  апаратын  забой,  штректерді  қазу,  оларды  қазып  болып  оған
электровоздар  жүретін  жол  салу,—  бəрі  оп-оңай  істеле  қоймайды.
Неғұрлым  осы  жұмыстар  тез  жүргізілсе,  соғұрлым  кеншілер  алтын  кен
орнына  тез  жетеді.  Өндіріс  жоспары  тез  орындалады.  Осы  забой,
штректерді  ашу  —  жұмыстың  шахта  салудан  кейінгі  қиын  түрінің  бірі.
Мысқазғанда  қазылған  үңгірлер  ағаш  тіреулермен  бекітілмейді.  Өйткені,
кенді  қоршайтын  тас  жыныстардың  өзі  де  берік,  ондаған  жылдап
мызғымастан  тұра  береді.  Кейде  төбе  тастардың  құлап  бүкіл  забойды
басып  қалатын  кездері  де  болады.  Оған  себеп  су.  Мысқазған  жері  сулы.
Қазақ білмей айтпайды «тамшы тас теседі» деп, осындай жер астының суы
əлдеқалай  кен,  не  кенді  қоршап  тұрған  тас  жыныстарының  жарылған
жеріне кездесер болса, айлап, жылдап оны кеңітіп, бір күні қопарып түседі.
Бұндайда кейде кеншілер апатқа да ұшырайды. Бірақ ондай жағдайлар көп
жылдарда  бір  кездеседі.  Сондықтан  қауіп-қатерге  үйреніп  алған  кеншілер
көбіне бұған көңіл қоймайды. Мысқазғанның адамға деген ең ерекше қаупі:
ол  төбедегі  тастардың  күтпеген  жағдайда  опырылып  жерге  құлауы.
Өздерін.  ойлаңдаршы,  заңғар  биік  кең  сарайдай,  кені  алынған  бос  жердің
төбесіндегі  өз  салмағын  əзер  көтеріп  көкке  жабысып  тұрған  үйдей
бөлігінің бір шеті əлдеқалай сөгіліп, отыз-қырық метрлік биіктіктен жерге
опырылып  түссе,  астында  жүрген  кеншілердің  несі  қалады?  Міне  осыдан
Мысқазғанда  тебе  тау  жыныстарының  қауіпсіз  болуына  ерекше  көңіл


бөлінеді. Егер бұл апат болмаса, бəлендей қауіп жоқ. Алаңсыз жұмыс істей
беру — оңай іс.
Жаңа  айттым  ғой,  ойдым-ойдым  болып  жатқан  кен  қоймасына  жету
үшін  забой,  ширек,  ылдилар  жүргізу  керек  деп.  Осыларды  неғұрлым
жылдам  жүргізсең,  соғұрлым  Отанға  мыс  беру  міндетін  жылдамырақ
орындайсың.  Соғыс  аяқталып  келе  жатқанмен,  мыс  өндіру  қажеті  күннен-
күнге  асуда  еді.  Ал  біз  істеп  жатқан  он  алтыншы  шахтаның  ең  бай  кен
ойдымдары  оңтүстік  жақта  болатын.  Бірақ  бұл  жақтың  төбе  тау
жыныстары  қауіпті  деп  білетін  инженер,  маркшейдерлер  мұнда  көп  жуи
қоймайтын.  Əсіресе  кен  ойдымдарына  жеткенше  ағаш  тіреулерсіз  забой,
штрек жүргізу мамандарының ойынша көзсіз ерлікке саналатын.
Міне,  осы  оңтүстік  кенін  алу  керек  деп  бір  күні  Əлжан  бұйрық  берді.
Бұйрық  берер  алдында  қасына  бірнеше  инженер,  техниктерді  ертіп  алып,
осы  арадағы  бұрынғы  жүргізілген  забойларды  аралап  шықты.  Жалпы  бұ
жақтың  төбе  тау  жыныстары  осал  дегенмен,  не  ғажабы  бар  екенін  кім
білсін  (бұл  артынан  барып  белгілі  болды),  бір  де  бір  забойды  тас  басып
қалмапты,  тек  суы  көп  демесең,  бəрі  де  сол  кезде  өткен  қалпында  тұр.
Мүмкін  бұ  да  себеп  болған  шығар,  əйтеуір,  оңтүстіктегі  жетінші  белгіден
ен бай кен ойдымына апаратын төтенше забой жүргізуді бұйырды.
—  Бұл  араның  жоғарғы  жағында  су  көп,  тау  жыныстары  опырылып
кетуі мүмкін, забой жүргізу қауіпті,— деген кей инженерлерге ол:
—  Майданда  жау  дзотын  алу  қауіпсіз  деп  ойлайсың  ба?  Тəуекелсіз  іс
бітпейді,—  деп  жауап  берді.—  Отан  тек  майдандағы  əскерлерінен  ғана
емес,  бізден  де  ерлік  тілейді.  Сол  ерлікті  көрсетуіміз  керек.  Жəне  бұл
забойды  біз  əдеттегідей  қалай  болса  солай  жүргізбейміз.  Жедел  əдіспен
өтеміз.  Керек  десеңіздер,  мұндай  забойды  жедел  етудің  бүкіл  одақтық
рекордын  қоямыз.  Жұмысты  өзім  басқарам.  Сендердің  жандарың  менің
жанымнан  артық  па,  күмəндануды  қойыңдар!  —деді  арыс  кеудесін  сонау
қорқынышқа күні бұрын қарсы қойғандай күмпите.
Əлжанның  мұншалық  құдіреттене  қалуының  себебі  де  бар  екен.  Бұдан
бұрын  осындай  «қауіпті»  деген  жердей  забой  өткізіп,  өзінін  дегені
болыпты.  Содан  дəндеген  көрінеді.  Бишара,  шиша  күнде  сынбай,  бір-ақ
сынатынын қайдан білсін!
Жауың  болса  да  ақылды  болсын.  Əрине  Ақбаянымды  тартып  алған
адамды мен досым дей алмаймын. Бірақ, расын айтайын, Отанға мыс керек
кезінде  Əлжанның  өзге  инженерлердей  «анау  болар,  мынау  болар»  деп
көлеңкесінен  қорықпай,  қауіпті  деген  Оңтүстік  кен  ордасына  шабуыл
салуға  белсене  шыққаны  маған  өте  ұнады.  Талапты  жігіттің  алдынан  нұр
жауар. Ісінің игілікті болуын шын тілейміз. Бұл тілегім əрине Əлжан үшін
емес, Отаным үшін. Əйтсе де қауіпті іске, қауіпті екенін біле тура бару —
бұл  —  шын  ерлік.  Мен  Əлжанның  ерлігіне  сүйсіндім.  «Бəсе,  Ақбаян  да
керек  адамын  таңдай  білген  екен!»  Тек,  бұл  бастамасы  ғылымға  қайшы


болмаса екен. Ғылым деген де бір сыры терең келіншек қой, қайдан білсін
оп-оңай қолыңа түсе қоярын!
—  Рекорд!..  Ұнамайды  маған  осы  жігіттің  рекорд  құмары,—  дейді
жайшылықтағы  əдетінен  айнып,  міңгірлеп  Темекең—«қырық  —  бір  жақ,
қыңыр  —  бір  жақ...»  Атақ  керек  пе,  бақ  керек  пе  бұған,  əлі  де  болса
оңтүстік жақты зерттей түсу жөн...
Бірақ  «Отанға  мыс  керек»,  «Майданда  дзотты  алу  қауіпсіз  бе?»  деген
дəлелдерге  Темекең.  де  қарсы  келе  алмады.  Мұндайда  жұрттың  алдында
жүретін  парторг  қалай  артта  қалсын.  Бұ  жолы  ол  кісіні  өз  басының
күмəндануынан,  жұрт  алдындағы  борышы  жеңді.  Енді  забойды  жедел
жүргізіп,  тау-кен  жұмысының  мұндай  түрінен  одақтық  рекорд  қоюға
парторг те апыл-құпыл кірісіп кетті.
«Рекорд  қойылады  екен!»  «Оңтүстіктегі  қауіпті  кен  ордасына  забой
апарылады  екен!»  деген  сөздерден  бүкіл  рудник  тік  тұрды.  Бұл  істің  дем
берушісі  —  рудник  бастығы  Əлжан  Бекеновтың  өзі  екен.  Өзге
инженерлердің  қатесін  өзі  тауыпты,  оңтүстік  кеннің  алынуын  қауіпсіз
екенін  дəлелдепті,—деп  жұрт  оны  бұрынғы  жай  рудник  бастығынан  енді
батыл  қимылдайтын  тəуекелшіл  бастыққа  айналдырды.  Əтештің  қанатын
қаққанынан  шақыратыны  мəлім.  Əлжанның  істі  басы-қасында  өзі  жүріп,
дедек қағуына қарағанда босқа дəйек емес, үлкен абыройға ілігетіні сөзсіз
тəрізді.
«Қауіпті  кен  ойдымы  бұзылатын»,  «жедел  забой  жүргізуде  рекорд
қойылатын»  біздің  шахтаға  керек  техниканың  бəрі  де  жеткізілді.  Забой
жүргізуші  алдыңғы  үш  бұрғышы  бон  Темекең  Қайсар,  мен  үшеуміз
тағайындалдық.  Өзімді  осы  алдыңғы  үш  бұрғышының  ішіне  қосқанына
Əлжанға іштей риза болып қалдым. «Менен де жақсы бұрғышылар бар ғой,
кім біледі» деп бұрын əжептеуір қауіптеніп те жүргем.
Не керек, жұмыс басталып кетті. Екі жүз метр көк тасты забойды біз бір
жетіде  өтуіміз  керек.  Алғашқы  тəулікте  үш  кезектегі  тоғыз  бұрышы
жиырма метр жер жүріппіз. Бұл — Мысқазғанда болмаған табыс. Ертеңіне
бүкіл  рудник  радиосымен,  бес  жүз  дана  боп  шығатынын  ,  аз  даналы
«Қызыл кенші» жарнама газеті біздің аттарымызды дəріптеп у-шу болды да
қалды. Мысқазғанның осы ерлік ісіне арналып рудник бастығы Əлжанның
орталық  газетте  мақаласы  да  шықты  деп  естідім,  бірақ  өзім  оқыған
жоқпын.  Газет  оқу  қайда,  сегіз  сағат  тыйым  алмай  көк  тасты  бұрғылап
шахтадан шыққаныңда басың айналып үйіңе əзер жетесің!
Біздің  забойға  Əлжан  əлсін-əлсін  келеді.  Керек  затымыздың  бəрін
мүлтіксіз  жеткіздіріп  турады.  Вагонетка  айдайтын  жол  да  тез  салынды.
Бұрғыланған шпурлар атылғаннан кейін газды да күшті ауа сорғыштармен
тез-ақ  сорғызып  тастады.  Атылған  тау  жыныстары  жатпайды.  Тек
бұрғылауды  ғана  біл.  Белгіленген  циклдің  бір  де  бірі  бұзылмайды.  Егер
жұмыс осы қарқынмен жүре берсе, забой жүргізудегі Бүкілодақтық рекорд


дайын!
—  Егер  Бүкілодақтық  рекорд  қойсаңдар,  бəріңе  де  Социалистік  Еңбек
Ері атағын беруді сұраймын,— дейді Əлжан шабыттана.
Темекең мырс етіп күледі. О кісінің мінез-құлқы маған мəлім. Мұнысы:
—  Сол  атқа  қалай  жетем  деп  шыдай  алмай  жүрсің-ау,  батырым,—  деп
Əлжанды кекете күлгені.
Темекеңнің  бұл  мінезіне  мен  ренжіп  қалам.  «Алсын,  Əлжан  да  алсын»
деймін  кенет  кең  пейілденіп.  Жұмыс  барысы  жақсы.  Біз  көңілдіміз.  Тек
анда-санда артымызда қалған забойдың өн бойын аралап келіп Темекең:
—  Су  тым  көп  ағуда.  Жоғары  жақтың  бір  жерінде  жарық  пайда  болған
тəрізді,—  дейді  басын  шайқап.—  Əйткенмен,  біздің  забойдың  алғашқы
еткен  елу  метрдей  бойын  ағаш  бағаналарымен  бекіту  керек  болар...
Ұнамайды  маған  сол  аранын  төбесі.  Су  жоғарғы  жағынан  көп  тамшылай
бастапты...
Жылан  шыққан  адам  ала  жіпті  аттауға  қорқады.  Графиня  Винтердің
шахтасында  жүріп  талай  қауіпті  басымнан  өткізгенім  бар.  Сондықтан  мен
қарт кеншінің сөзін қобалжи тыңдаймын. Ал шахтаға түсіп, əлі басынан еш
қорқыныш өтпеген Қайсар бұл сөзге елең де етпейді.
— Бəлен жылдан бері тұрғанда, тағы да бір-екі айға шыдар бұл араның
төбесі,— дейді ол,— оған дейін керек кенді өзіміз де алып болармыз.
— Шырағым, қауіпті көре тұра елемеу ерлік емес.
Оған  қарайтын  Қайсар  бар  ма!  Болат  бұрғысын  кек  тасқа  қалшылдата
қадай түседі.
Ақшалов текке қобалжи бастамаған екен, апат күтпеген жерден келді.
Біз  жаңа  ғана  бұрғылап  біткен  забойды  от-дəрі  атқызушылар  атқызып
болсын  деп  езіміз  жүргізіп  жатқан  штректің  қалтарысында  отыр  едік,
жанымызға Əлжан келді.
Ақшалов амандасып болғаннан кейін:
—  Су  тым  көбейіп  барады,  жоғарғы  жақтан  бір  жарық  пайда  болған
тəрізді,— деді,— төбе тасын опырып түспесе жарар еді...
Əлжан жеделдете жауап қайырды.
—  Су  —  жоғарғы  жақтан  емес,  көршілес  забойдан,  Маркшейдерлер
белгісін  дұрыс  жүргізбепті.  Келесі  забой  біздікінен  биіктеу,  ортадағы
сбойка  арқылы  сіздердің  забойыңызға  құйылып  жатыр.  Суды  тезірек


азайтуға тағы бір насос қостырдым.
—  Олай  болса  жақсы  ғой...  Бірақ  су  жоғарғы  жақтан  секілді.  Төменгі
тұсқа ағаш тіреулер қоймаса болмас.
Дəл  осы  кезде  біздің  жанымыздан  төмен  қарап  оқ-дəрі  атқызушылар
жүгіріп өтті.
—  Қуыстан  шықпаңдар,  қазір  атқызамыз,—  деді  біреуі  бізге  дауыстап
етіп бара жатып.
Əлжан  от-дəрі  атқызушылардың  соңынан  кетпекші  болып  сəл
ыңғайланды  да,  тоқтай  қалды.  Ақшаловтың  сезіне  жауап  бермеуді
ыңғайсыз кəрді білем.
— Мен сіз айтқан қауіпті байқамадым ғой,— деді ол Ақшаловқа.
—  Қазір  забойды  атқызып  болғаннан  кейін  барып  қарайық.  Менің
болжауым дұрыс тəрізді.
— Жақсы.
Əлжан тағы кетпекші болып еді, Қайсар қолынан ұстай алды.
— Қайда барасыз? Қазір забой атылады.
Сөйткенше  болған  жоқ,  гүрс  етіп  алғашқы  шпур  атылды,  оған  екіншісі
қосылды, содан кейін іле шала үшіншісінің дауысы шықты.
—  Төртінші,  бесінші,  алтыншы...  он  бірінші,—  Қайсар  дүрсіл  шыққан
сайын  бармағын  жұмып  атылған  шпурды  санап  жатыр,—  он  екіншісі
қайда?
Дəл осы кезде он екінші шпур да атылды. Қайсар қуанып кетті.
— Міне, он екіншісі де атылды!—деді.
Бірақ оның қуанышы ұзаққа бармады. Кенет осы кезде забойдың үстіңгі
жағы дірілдей жөнелді. Жер сілкініп, тау құлағандай, алдыңғы жақта гүрс-
гүрс бірдемелер құлап жатыр. Əр гүрсілден біздің тұрған қуысшамыз селк-
селк етеді. Осындай жағдай бес минуттай уақыт алды. Бүкіл электр шамы
сенді.  Алғашқы  гүрсіл  шыққанда-ақ  есік  жақтан  соққан  лептің  күшіменен
қолымыздағы  карбит  шамдары  да  сенген.  Забой  іші  тастай  қараңғы  бола
қалды.  Кезге  түртсе  көрінгісіз.  Не  болып  кеткенін  бəріміз  де  іштей  сезсек
те, ауыз ашар жайымыз жоқ. Əлден уақытта барып əлдекімнің:
— Не боп кетті?!—деген сұрағы құлағыма жетті.
Бұны  сұраған  Əлжан  еді.  Бірақ  дауысы  сондай  өзгеріп  шықты,  əзер


таныдым.
—  Қайсыда  шырпы  бар?—  деді  Темекең  байсалды  үнмен,  Əлжанның
сұрағына жауап бермей.
— Қап, кеше ғана шылымды тастап едім.
Даусынан  таныдым,  бұны  айтқан  Қайсар.  Ол  қазірдің  езінде  де
қалжыңын қояр емес. Қалтамды ақтарып жарты қорап сіріңке таптым.
— Темеке, менде бар.
— Əкел бері.
Ақшалов  шырпымен  сөніп  қалған  карбит  шамын  жақты.  Біз  отырған
қуыс еміс-еміс жарық болады. Енді менің есік жақта үрпие қалған Əлжанға
кезім түсті. Қорыққаннан маған оның бойы кішірейіп кеткендей көрінді. Өз
ойыма  өзім  езу  тарттым  да  қойдым.  «Бұл,  əрине,  баяғы  өшпендіктің
салдары,  əйтпесе  оның  бойы  неге  қысқара  қойсын».  Темекең  орнынан
түрегелді.
—  Сендер  қозғалмай  осы  арада  отыра  тұрыңдар,—  деді  ол.  Сөйтті  де,
ақырын  жылжып  шығып  кетті.  Суды  шапылдатып  темен  қарай  бара
жатқанын  естіп  отырмыз.  Əне,  ол  тоқтады.  Əлден  уақытта  су  тағы
шалпылдай бастады. Бұл, əрине, келе жатқан Темекең. Мен ойымды аяқтап
та болған жоқпын, ол біз отырған қуысқа кірді.
—  Өзім  де  осылай  болар  деп  ойлап  едім,—деді  ол  баяғы  бір  салмақты
даусымен,—  забойдың  алдыңғы  жақ  төбесі  құлапты.  Шамасы,  қырық-елу
метрдей болу керек. Құлады деймін-ау, бұным бекер болар. Төбе тұсындағы
тау  жынысы  сол  қалпымен  опырылып  түскен.  Бізді  құтқару  үшін  ол  тау
жынысын арғы жағынан бұрғылап атқызу керек. Буған кем дегенде екі күн
кетеді. Ал су сағат сайын көбейеді ғой...
Біреуміз  де  үн  жоқ.  Темекеңнің  хабары  үстімізден  қара  таспен  басып
тұншықтырып тастағандай. Парторг қайтадан сөйледі.
— Бізге қауіп əзірге судан. Насос біткенді де құлаған тау жынысы көміп
қалыпты. Егер бір он сағаттың ішінде құтқарып үлгермесе, бұл забой суға
толады.
— Əлден-ақ, тола бастаған жоқ па,— деді Қайсар. Оның қалжың шынын
түсіну  қиын.—  Менің  аяқ  жағым  шылп-шылп  етеді.  Мүмкін,  забойдың
жоғарғы жағына барып отырғанымыз дұрыс болар. О жақ биіктеу ғой...
Жоқ, Қайсар ойнап отырған жоқ секілді.
— Əзірге баруға болмайды,— деді Темекең,— жаңағы атылған забойдың
газын су сорып алғанша осы жерде болуымыз керек...


Тағы да тым-тырыс бола қалдық.
— Темеке,— деді Қайсар тыныштықты бөліп,— бұрын мұндайды көріп
пе едіңіз?
—  Отыз  жыл  шахтада  жұмыс  істесең  не  кермессің!  Бұл  Темірбектің
басынан не өтпеді дейсің.
— Онда сол басыңыздан өткен оқиғаның біреуін айтып беріңізші,— деді
Қайсар,— уақыт өтсін...
— Ту, Қайсар-ай, сенің де қалжыңың бітпейді екен.— Темекеңнің күлген
дауысы естіледі,— дəл қазір сондай əңгіменің уақыты ма?
Қайсардың  да  тақа  жетісіп  отырмағанын  мен  білемін.  Оған  бірақ  бұл
минутта  дəн  ризамын.  Өзінің  қалжыңымен  аз  да  болса  біздің  қобалжи
түскен  көңілімізді  көтергісі  келеді.  Біз  тағы  да  үн-түнсіз  тына  қалдық.
Қанша  уақыт  отырғанымызды  білмеймін.  Тағы  да  Қайсар  тыныштықты
бөлді.
— Сабыр, қазір сағат қанша болды?—деді.
— Жетіге бес минут қалды.
— Онда біз неге отырмыз? Смена бітіп қалыпты ғой.
Темекең  мырс  етіп  күлді  де  қойды.  Əлжан  бағанадан  бері  аузын  ашқан
емес. Ол ашулана қалды.
—  Күлетін  жерді  жаңа  таптыңдар!  Адам  мұндай  жағдайда  күлмейді,
жылайды.
— «Жылағанға берсе, мен күндіз-түні жылай берер едім» деген екен бір
сорлы,—деді Қайсар,—жылағың келсе жыла. «Бақа сисе, көлге сеп» деген,
сенін, бірер тамшы көз жасын ғана жетпей тұрған тəрізді осы араның топан
суына.
Бұл  жанжалдың  басы  еді.  Бірақ  Əлжан  үндемеді.  Əлден  уақытта  барып
ол:
— Енді не істейміз?— деді. Оның даусынан мен бір ерекше үрей естідім.
— Осылай тас қапшықта бостан бос тұншығып өлеміз бе?
Ешкім  оған  жауап  бермеді.  Жағдай,  шынында  да,  қиынға  айналғанын
көріп  отырмыз.  Біз  мұндай  күйге  ұшырағалы  бір  жарым  сағаттай  уақыт
өтті.  Содан  бері  су  əжептəуір  көтеріліп  қалды.  Қазып  жатқан  забойымыз
оңтүстікке  қарай  жоғарылай  түсетін.  Менің  байқауымша  осы  отырған
қуысымызға  су  таяп  қалған  тəрізді.  Əлжанға  емес,  өз  ойымды  мен
Темекеңе айттым. Қазір шахта бастығы сол кісі екені айтпай-ақ мəлім емес


пе...
—  Газ  біраз  сіңіп  болған  шығар.  Жүріңдер  забой  түбіне  барып
отырайық,— деді о кісі.
Бəріміз  үн-түнсіз  сығырайған  жалғыз  шамның  соңынан  еріп  забойдың
атылған  тастарының  үстіне  барып  отырдық.  Газды  су  тартып  бітуге
айналған  екен,  дегенмен,  аздап  көзді  ашытады.  Парторг  дереу  шамын
сөндірді.
— Бұл араны  су алғанша əлі  бес-алты сағат уақыт  керек. Мүмкін, бізге
жəрдем келіп те үлгірер,— деді о кісі. Ғажап! Темекеңнің дауысы əлі бір де
өзгерген  жоқ.  Сол  баяғы  салмақты  қалпы.—  Мұндайда  ауа  тегін  сақтай
білу керек. Көп қимылдамай, тыныш отыруға тырысыңдар.
Біз  тағы  үн-түнсіз  отырып  қалдық.  Қай  жақтан  құйылып  жатқаны
белгісіз, тек сарылдаған судың дауысы естіледі. Бұл — қауіп дауысы, бірақ
көрдей  тыныштықты  бұзып,  көңілді  елегізітеді.  Бұған  да  шүкіршілік,  тек
шіркін  адам  дауысына  не  жетсін.  Үндемеген  сайын  өлім  сұр  жыландай
ақырын  сырғып  таяй  түскен  секілді.  Жоқ,  бүйтіп  үндемей  отыра  беруге
болмайды.  Бірдеме  деу  керек,  өмір  барын  сездіруіміз  керек.  Темекең  де
осындай ойға келді ме, ол тыныштықты өзі бұзды.
— Қайсар, не ойлап отырсың?— деді бір кезде.
Көрмесем де сезем, Қайсар ақшыл тісін жарқ еткізіп күлімсіреді.
—  Үйлену  тойым  жайында  ойлап  отырмын.  Ой,  айды  аспаннан  бір-ақ
шығармақпын.  Қазақтарға  қойдың  басын,  орыстарға  торайдың  семіз
сүбесін тартып, арақ-шарапты судай ағызбақпын.
—  Үйлену  тойым  дейсің  бе?  Үйлену  ер  жігіттің  ең  асқан  қызығы  ғой.
Қалыңдығың кім?
—  Қалыңдығын,  кім  дейсіз  бе?  Қалыңдығым  —  өзім  секілді  кенші.
Вагонетка айдайды. Қажуды білмейтін бір жуан бөксе. Үстінде— березент.
Аяғында — дəл өзімдікіндей шобал етік.
— Жетіскен екенсің!
Мұны айтқан Əлжан. Білем, Қайсардың қалыңдығы жаңа өзі айтқандай
емес,  нəзік  келген  қара  торы  қыз.  Шахтерлерге  киім  беріп  тұрады.  Əдейі
біздің  көңілімізді  көтерейін  деп  қалыңдығына  жоқ  қасиетті  жапсырып
қалжыңдап отыр. Енді ол Əлжанға тап берді.
— Жұрттың бəрі сен секілді Ақбаяндай ақ маралды қайдан таба береді?!
Мұртына  қарай  —  іскегің,  сабасына  қарай  —  піспегін.  Бізге  сондай  қара
дүрсін де алтын қазына.


Адам  мұндай  жағдайда  кімі  туралы  ойлайды  екен?  Ақбаянның  аты
аталғанда ғана күні бойы мен сол туралы ойлап отырғанымды ұқтым. Жоқ,
оны  бір  махаббат  тұрғысынан  емес,  Əлжан  тұрғысынан.  Осыдан  бес-алты
күн  бұрын  ол  маған  Ақбаянның  таңдағанына  лайық  шын  ақиық  қыран
тəрізді  көрініп  еді,  ал  бүгін  суға  түскен  тауықтай  əбігері  кете  қапты...
Осындай адамның қазақтың ең сұлу аққуы Ақбаянды алуға қандай қақысы
бар еді?!..
Дəл менің ойымнан шыққысы келгендей, осы сəтте Əлжан тағы сөйледі.
—  Япырмай,  осылай  бостан-босқа  өлеміз  бе?  Мұндайын  білгенде,  бұл
қараң  қалғыр  оңтүстікті  қозғамайтын  едім  ғой?  Қап!  Парторг  жолдас,  ең
болмаса сіз неге тоқтау салмадыңыз?
— Мен бұл аранын қауіпті екенін айттым ғой,
— Құр ғана айту жеткіліксіз. Тəжірибеңіз бар, «тоқтат» деуіңіз керек еді!
Шахта қараңғылығы бұрынғысынан да қоюлана түскендей. Əлжан маған
көрінбейді.  Бірақ  мен  оның  даусы  шыққан  жаққа  жиіркене  қараймын.  Өз
күнəсін  бөтенге  жапқысы  келеді.  Бұдан  артық  пасықтық  болар  ма?  Əлде
істеген  қылмысына  ақталарлық  дəлел  іздей  ме?  Олай  болған  күнде
Əлжанның бұл далбасасы тек оның табансыздығын көрсетеді.
Мені езінен тіпті жиіркендіре түскісі келгендей ол:
— Япырмай, расымен бізге жəрдем жетіп үлгірмес не екен!— дейді.
Оның  үнінен  бұ  жолы  құр  өлімнен  қорыққандық  қана  емес,  əлдекімге
жалбарынғандық,  қайтсем  тірі  қалам  деп  жанталасқандық  естіледі.  Тағы
күлімсіреймін.  Егер  оған  дəл  осы  минутта  біреу  «құдайға  жалбарынып
құран оқысаң тірі қаласың» десе, ол сөзсіз мойнына бұршақ салып, кезінен
жасы парлап құран оқыр еді.
Əрине,  жан  беру  оңай  емес.  Оны  мен  де  түсінем.  Жан  берудің  қиын
екенін, талай рет өз басыма түскен сын сағаттардан да жақсы білемін. Бірақ
жан  беру  де  əр  түрлі  болады  ғой.  Біреулер  қыран  құстай  жауға  қарсы
шауып еледі, біреулер тауық. тəрізді өлерінде де қоқымнан көзін алмай жан
тапсырады.  Əлжан  расымен  сол  тауық  болғаны  ма?  Мен  тағы
күлімсіреймін.  Темекеңнің  карбит  шамы  алғашқы  сəуле  бергендегі
Əлжанның  түрі  көз  алдыма  қайта  елестейді.  Аумаған  тауық!  Салы  суға
кетіп сүмірейген бишара тауық!
Ақбаян осындай адамды қалай сүйген? Мүмкін, сүймеген де болар? Мен
білмейтін бір жағдай кездескен шығар? Өмірде ондай жағдайлар аз ұшырай
ма? Хауассиға Садық та осындай жағдайда душар болған жоқ па?


Садықтың  аты  аузыма  түссе,  жүрегім  өртеніп  кетеді.  Жоқ,  өлім  деп,
міне, Садықтың елімін айт! Ол жауына қарсы ұшқан ақиықтай сын сағатта
арманына өмірін құрбан етті! Садықтың күйі егер Əлжанның басына түссе
не  болар  еді?  Сөзсіз  Хауассидін  құлына  айналар  еді!  Отанды  сатушылар
осындай  өмір  деп  жабысатын  қорқақтардан  шыққан!  Мен  Əлжанды  енді
бұрынғымнан  да  жек  көре  бастадым.  Кім  біледі  қазір  оған  тиісер  ме  ем,
қайтер едім, менің ойымды тағы Қайсар бөліп жіберді.
— Темеке, сіз елімнен қорқасыз ба?—деді ол.
—  Өлімнен  қорықпайтын  адам  бола  ма?—  деп  жауап  берді  парторг.—
Бірақ  өледі  екенмін  деп  бостан-бос  күні  бұрын  əбігерленудің  қажеті  жоқ.
Өзі берген жанын құдай өзі алады.
—  Сізге  олай  деу  жеңіл,—  деді  ашулы  үнмен  Əлжан.—  Асарыңды
асадың, жасарыңды жасадың! Ал біз ше?
Əлжанға ешкім де жауап бермейді. Тек мен ғана оның сөзіме таң қалам.
«Əлжан  да  өмірдің  қызығың  көрмедім  дей  ме?  Ақбаянның  «сен  менің
сүйерімсің»  деп  бір  қараған  қарақат  көзінің  лəззат  оты  —  бар  өмірдің
қызығына татымай ма?»
—  Ал  мен  ажалдан  қорықпаймын,—  деді  Қайсар.  Мен  оның  сөзіне
сенемін.—  Тек  бір-ақ  қана  арманым  бар,  сол  арманымды  орындасам,  дəл
қазір өліп кетсем, қыңқ демес едім.
— Ол қандай арман?— дедім мен. Сөйдедім де өзіме-өзім: «Қалыңдығы
шығар арманы» деп ойладым.
Жоқ, Қайсардың арманы бөтен болып шықты.
—  Өмір  бойы  бар  арманым  —  бір  жақсы  дастан  жазу,—  деді.  Мен  өз
құлағыма өзім сенбеймін.
— Дастан жазу?
—  Неменеге  таңырқай  қалдың.  Шахтерде  тек  кен  шығарудан  басқа
арман болуға тиісті емес дейсің бе?— деді ол сəл ашулы дауыспен.—Жоқ,
Сабыр, өлеңге бала жастан əуеспін, көптен бері бір дастан жазып жүрмін.
Егер біз бүгін су басып өліп кетсек, дастаным бітпей қалады, бар өкінішім
сол ғана!
Айналайын Қайсар, қандай жақсы жігітсің! Қалжыңың болсын, шының
болсын  сен  бізді  тағы  да  өлім  деген  құбыжықтан  əрі  алып  кеттің!  Біздің
ойымызды,  санамызды  тіпті  үш  ұйықтасақ  түсімізге  кірмейтін  өмірдің  бір
біз  білмейтін  қанатты  сезімінен  жетектей  жөнелдің!  Өлсең  —  өлерсің,
бірақ арманың қандай тамаша еді! Өлең жазғым келеді дегенін тіпті жалған
ақ, болсын, бірақ өмірдің тəттілігін қандай идеалға бөлегеніңді өзін білесің


бе?  Сен  кенші  емессің,  ақынсың.  Жоқ,  ақындық  сезімге  көтеріле  алған
кеншісің!  Мен  сенің  қалжыңыңды,  кейде  бізді  күлдіру  үшін  айтатын
өтірігіңді, жорта істейтін қайсарлығыңды енді ғана түсіндім. Сен өмірді тек
кен шығарып, ас жеп, бала тапқызып қана өткізгің келмейді. Өмірге өзінше
бояу  беріп,  оны  сəнге  бөлегің  келеді.  Міне  сол  сан  бояуыңның  бірі  ойдан
шығарып отырған сөзің «дастан жазып жүрмін» дегенін болар. Сен дастан
жазбай-ақ,  қой,  бірақ  бұл  сөзің  бізді  қандай  əсем  сезімге  толтырғанын,
қандай биік шыңға көтергенін білесің бе?
Жоқ,  Қайсар  менің  ойымнан  да  жоғары  болып  шықты.  Ол  шынында  да
дастан жазып жүр екен.
— Сабыр, сен менің сөзіме сенбеген дейсің ғой,— деді сəл мұңая,— мен
шын  дастан  жазып  жүрмін.  Осы  жаңа  ғана  бірнеше  шумағын  шығардым.
Тыңдап  көр,  менікі  құр  əуре  болар.—  Ол  менің  жауабымды  күтпестен
өзінің  жайшылықтағы  қайсарлық  мінезіне  басып,  шығарған  шумағын
қаттырақ күбірлей айта бастады. Мен оның дастанының осы жерін артынан
əдейілеп жаттап алдым.
Сондағы Қайсардың шығарғаны мынау еді:
Өлімсіз еш өмір жоқ,
Қорықпаймын мен қалтырап.
Жаңа алсам кеше бейне шоқ,
Сөне алам бүгін жарқырап.
Арым таза жас жанмын,
Жамандықтан ұялған.
Арманым жоқ, достарым,
Өмірді шын сүйе алғам!
Серпіл, достар, қанекей!
Бақыт, ерлік адамда.
Өтейік біз қор етпей
Адам атын ажалға!
—  Шынында,  жақсы  өлең  екен,—  деді  Бəтима,—о  кісі  бұл  дастанын
бітірді ме?
— Жоқ, бітірген жоқ. Бұл оның өмір дастаны ғой, өмірімен бірге бітеді,


—  дедім  мен,  сөйттім  де  Бəтимаға  қарадым,—  сен  жақсы  өлең  екен
дейсің...  Шынында,  дəл  сол  сəтте  бұл  жақсы  елең  еді,  біздің  тұншыға
бастаған  жігерімізге  жігер  берді.  Бірақ  сен  бұл  елең  жайын  тыңдап
болғаннан кейін, Əлжанның не айтқанын естіген болсаң...
— Иə, ол не деді?
Əлжан:  «Иттің  құйрығын  маймен  сыласаң  да,  түзелмейді».  Сен  жүз
жерден өлең шығарсаң да ақын бола алмайсың»,— деді Қайсарға.
Қайсар  кітап  жазатын  ақын  боламын  деген  емес.  Əлжан  оның  ақын
жанды  жігіт  екенін  түсінбеді.  Мен  Əлжанға  бұрынғымнан  да  жиіркене
қарадым.  Осындай  адамды  Ақбаянның  қалай  жақсы  кергеніне  енді  шын
таң қала бастадым.
Қайсар  Əлжанның  сөзіне  мəн  берген  жоқ.  Оған  бұрылып  та  қарамады.
Тек менен тағы да:
— Сағатың қанша болды?— деп сұрады.
— Түнгі он,— дедім мен. Сөйттім де, күліп жібердім.
— Неге күлдің?— деді Темекең.
— Жынданайын деген ғой,— деді мен үшін жауап беріп Əлжан.
Бірақ оның сөзіне мен де ашуланбадым. Өйткені ойым басқа жақта еді.
Мен:
—  Темеке,—  дедім  о  кісінің  сұрағына  жауап  беріп,—  Осыдан  он  жыл
бұрын  Садық  екеуміз  осы  түнгі  сағат  онды  асыға  күтуші  едік.  Сол  есіме
түсіп кетті.
— Неге күтетін едіңдер?
—  Есіңізде  бар  ма,  сіз  ол  кезде  кешкі  сменаға  сағат  тоғызда  кететінсіз.
Біз  сіздің  кеткеніңізді  сағат  онға  дейін  күтетінбіз.  Содан  кейін  Садық
екеуміз бақшаңызға түсіп, күніне он алмадан үзіп алатынбыз. Таңертең сіз
жұмыстан  қайтып  келіп  алма  ағаштарыңыздың  алмасын  санайтынсыз.
Күннен-күнге  өзінен-өзі  кеміп  бара  жатқан  алмаларыңызды  көріп  таң
қалатынсыз...
Менің бұл айтып отырғаным шыным еді. Мыс қазғанда ең алғашқы алма
ағашын  отырғызған  осы  Темекең  болатын.  Біз  жетінші  бөлімде  оқып
жүрген  кезімізде  Темекеңнің  бақшасының  алмасы  бар  бала  біткеннің
арманы болатын. Он түп алма ағашы жұдырықтай-жұдырықтай қып-қызыл
шырын тəтті алмаға сыңсып тұратын. Өзге балалар сым қоршаулы бақшаға
кіруге  бата  алмайтын.  Бұны  тек  Садық  екеуміз  ғана  істейтінбіз.  Бірақ
ұрлығымыз шығып қалмасын деп, күніне он алмадан артық алмайтынбыз.


Күз  шыға  күнде  түндегі  сағат  ондағы  əдетіміз  осы.  Темекең  күз  əбден
жетіп,  алмаларын  жинай  бастаған  кезде  ғана  бақшасына  бір  суық  қолдың
кіргенін  сезетін.  Аң-таң  болатын  да  қоятын.  Біз  осы  кəсіппен  екі  жылдай
шұғылданғанбыз. Бірақ балалық шақ мұндай күнəні саған күнə дегізген бе?
Менің еске түсіріп отырғаным осы оқиға еді.
— Өй, тентектерім-ай,— Темекең. қарқ-қарқ күлді.— Бəсе, сол жылдары
бақшам  жемісті  аз  беріп  жүрді.  Көгеріп  шыға  бастағанда  алмалары
əжептəуір  секілденеді  де,  күз  жинағанымда  тіпті  жоқтың  қасы  болып
шұнтия  қалатын.  Бұл  сорлыларды  құстар  шұқып  жеп  кете  ме  екен  деп
ағашқа  жаман  тымағымды  кигізіп  талай  қарауыл  да  қойғам.  Сөйткен
құстарым  сендер  екенсіңдер  ғой.  Кеш  қайтқан  борыш  екі  есе  бағалы
болады  дейтін  еді  жұрт,  ертең  үйге  барған  соң  сондағы  бақшамнан  алған
алмаларыңның құнын төлейсің!
— Осы тас қапшықтан құтылып шығамын деп ойлайсыңдар ма сендер?
—деді Əлжан Темекеңнің «ертең үйге барған соң» деген сезіне ашуланып.
Сөйтті  де  табан  тұсына  жетіп  қалған  судан  шошып,  бізден  жоғарырақ,
забойдың  құрғақ  жеріне  барып  отырды,—  көп  болса  енді  екі  сағатта  суға
тұншығып өлеміз.
—  Шырағым,  жаның  қандай  тəтті  еді?—деді  парторг  ананың  сөзін
жақтырмай  қалғанын  жасырмай,  сəл  зекіп,—  қауіп-қатерде  үш  адамды
басқара алған адам, жайшылықта үш мың адамды басқара алады дейді екен
аталарымыз, қалай бізді осы уақытқа дейін басқарып келгенсің?
—  Басқара  алмайтынымды  білсең,  баяғыда  алдырып  тастамайсыңдар
ма? Онда мұндай апатқа ұшырамас едік.
—  Сасқан  үйрек  артымен  сүңгиді.  Қой,  шырағым,  ақымақ  адам  жүзге
келгенде  де  ақымақ  болады,  мың  жасаса  да  сол  ақымақ  қалпында  өледі.
Өзің істеген қатеңе өзгеден араша іздемей, жайыңа отыр!
Парторгтың  зеки  сөйлеген  сөзінен  кейін  өзінің  қатесін  түсінді  ме,  əлде
басқа  бір  себебі  бар  ма,  Əлжан  үндеген  жоқ.  Бір  мезет  менің  бойым
шымырлап  кетті.  Əлжан  маған  таяу  отырған.  Қырық  градус  аязда
қалшылдаған адамдай, кенет менің құлағым оның қорыққанынан тісі тісіне
тимей сақылдап отырғанын шалып қалды. Нағыз бір қасыма көлбақа келіп
қона  қалғандай  жиіркеніп,  одан  алысырақ  барып  отырдым.  Дүниеде  талай
қорқақ  адамды  көрдім.  Ал  Əлжандікі  құр  ғана  қорқақтық  емес  еді.  Оның
бүгінгі  қылығында  қорқақтық  та,  пасықтық  та,  өлім  аузында  тұрса  да,  өз
айыбына бөтеннен себеп іздеу де бар. Қолымен істегенді мойынмен көтере
алмау — бұл адамның ең əлсіздігінің куəсі. Осындай адамды Ақбаян сүйді,
жарым  деп  құшағына  кірді.  Ал  Əлжан  маған  көлбақа  болды  да  қалды.
Ақбаян  тəрізді  кірсіз  таза  періштенің  сұп-суық,  қолыңа  ұстасаң  жымыр,
осы  көлбақаны  жиіркенбей  жарым  деп  құшақтап,  «сүйгенім»  деуі  мүмкін
бе?  Жоқ,  мүмкін  емес.  Бұл  арада  бір  сиқырлы  күш  кіріскен.  Жас  баладай
сенімпаз  Ақбаянды  алдаған.  Алдап  қолға  түсірген.  Оның  енді  көзін  ашу


керек.  Алданғанын  білдіру  керек.  Бұны  Ақбаян  үшін  істемесем  де,
Садықтың  аруағы  үшін  істеуге  борыштымын.  Жау  қолында  сондай
ерлікпен  жан  тапсырған  аяулы  жанның  туған  қарындасы  Əлжан  тəрізді
көлбақаның  жары  болуға  тиісті  емес.  Əлжан  оның  тырнағына  татымайды.
Бұны  біле  тұра  Ақбаянды  одан  арашаламау  зор  күнə.  Үндемей  қалуым  —
жан  жолдасым  Садықты  қорлау.  Адам  деген  атты  қорлау.  Өзіңнің  арыңды
қорлау. Ақбаянды Əлжаннан құтқару — менің адамгершілік міндетім. Адам
үшін  күресуден  жоғары  бақыт  бар  ма?  Олай  болса  мен  адам  үшін,  əсіресе
адамның шын періштесінің бірі Ақбаян үшін күресуім керек. Оның мұндай
күйге душар болуы, Əлжан секілді дымға татымайтын адамға ерге шығуы
— бəрі біздің, Ақбаянды қоршаған қоғамның адам тағдырына немқұрайды
қарауынан  туған.  Егер  Ақбаян  осы  қалпында  қала  берсе,  ол  дүниедегі  ең
бақытсыз əйелге айналады. Ондай халге жібермеуіміз керек. Сонда мен не
істемекпін?  Ақбаянға  барып  «сенің  қалағаның  жаман  адам,  айырыл»
демекпін  бе?  Жоқ,  ондай  ойдан  мен  аулақпын.  Менің  түсінігімше,
Əлжанның  жаман  адам  екенін  Ақбаянның  өзі  де  біледі,  білмеуі  мүмкін
емес.  Ақбаянды  Əлжаннан  құтқару  деген  сөз  маған  Ақбаянның  қатесін
кешіру  деген  мағынамен  бір.  Тек  адасқан  жанға  қол  ұшын  берсем,  бəрі  өз
қалпына келетін сынды...
Осы ойдың бəрін мен сол тас қапшықта отырғанда ойладым. Өзіміз тірі
қаламыз ба, жоқ па — онда шаруа жоқ. Илья Эренбург айтыпты ғой: «Адам
өлуіне бір күн қалған сағатында да өмірін жаңадан бастаса кеш болмайды»,
—  деп.  Менің  дəл  осы  сəтте  бар  ойым,  бар  тілегім  езімнің  тірі  қалуымда
емес еді, осы минуттан бастап Ақбаянға деген көзқарасымды өзгертуде, сол
үшін күресуде болатын.
Ал  бұл  күрес  қандай  болу  керек,  неден  басталуға  тиісті  —  о  да  маған
белгісіз. Əзірге тек Ақбаянның алданғанын түсініп, қатесін кешіре білсем,
арғы  жағы  өзінен-өзі  тез-ақ  шешілетін  тəрізді.  Су  жоғары  көтеріле  түскен
əр минутта: «Ойпырмай, осылай өлгеніміз бе? Иттің балалары неге тезірек
қимылдамайды»,—  деген  Əлжанның  сырттағы  жұртты  балағаттай,
үрейлене шыққан дауысын естіген сайын, өз пікіріме бекіне түсем.
—  Ақбаянды  Əлжаннан  құтқару  деген  сөзді,  Бəтима,  сен  өзімнің  ескі
жарамның  аузын  ашу  деп  түсінбе,—  деймін  жанымдағы  қарындасқа.—
Татьянам  барында,  Ақбаянды  қанша  жақсы  керсем  де,  жұбайымның
көзінен  бір  тамшы  жас  шығару  менің  қолымнан  келмес  еді.—  Бəтима
үндемеді.  Сөзімді  қайтадан  жалғай  бердім,—  сол  сын  сағатта  Əлжанды
əбден  танығандықтан  ойымды  тек  адамгершілік  сезім  билеп  əкетті.
Ақбаянды  дəл  бір  айдаһардың  құшағында  жатқандай  көрдім.  Тек  оны  сол
айдаһардан  құтқару  ғана  тілегім  болды.  Бірақ  бұл  тілектің  қаншалық
қиынға  түсетінін  мен  ойламадым.  Əсіресе  Ақбаянның  өз  басының  кім
екенін, оның арманы неде екенін еске алмадым...
Біз  тіл  қатыспай  тағы  аз  уақыт  отырдық.  Мұндайда  кімнің  не  ойлап
отырғанын  білу  қиын.  Əсіресе,  Бəтима  секілді  тұйық  əйелдің.  Ондай


əйелдердің  сырын  ашу  да  бір,  темір  шынжырды  тарату  да  бір.  Мен
шахтадағы жайға қайта көштім.
—  Су  көтеріле-көтеріле  ақырында  біздің  тығылар  жеріміз  қалмады.
Фосфор көрсеткіші бар сағатыма қарап едім, он екі екен. Əрі кетсе енді екі
сағат. Содан кейін бəрі де бітеді. Өмір де, Ақбаян деген əурең де... Əйтсе де
өлер  алдында  жақсы  керген  адамыңның  қатесін  түсініп,  оны  кешіру
көңіліңе қандай жайлы тиеді. Бұл қуаныш сонау таяп келе жатқан ажалдың
суық  бейнесін  сəл  жылыта  түскендей.  Өліп  кеткен  күнде  де  жүректегі  бір
жараң жазылып өлгендейсің. Қайсардың «дастанымды бітіріп өлсем, екпем
жоқ»  деген  сөзі  енді  санама  бұрынғысынан  анағүрлым  анық  қонды.  Иə,
Ақбаянның  Əлжанға  алданып  қосылғаны  менің  де  оған  деген  өкпемді
кешіртті. Өлер алдында бұдан артық жеңілдік болар ма!
Бірақ  біз  өлмей  тірі  қалдық.  Кенет  біздің  алқымымызға  таяған  мұздай
суық  су  —  мейірімсіз  ажал,  біртіндеп  төмен  түсе  бастады.  Аздан  кейін
оның əлдеқайда сырылдап ағып бара жатқанын естідік.
— Ура! Ура!—деп жас баладай қуанып айқай салды Əлжан.
Біз де қуанышты едік.
—  Сірə,  ескі  штольня  түбінен  тескен-ау,—  деді  Темекең  су  сырылына
құлағын  сəл  салып,—  өзім  де  сүйтер  деп  ойлап  едім,—  жаңа  ғана  жаққан
карбит  шамының  сəулесін  Қайсар  екеуміздің  бетімізге  түсірді.  Өзінің
көзінде  де  үлкен  қуаныш.  Бізге  үн-түнсіз  қарап  тұрды  да,  ақырын
күлімсіреді.
—  Сабыр,  ұмытпа,  Садық  екеуің  ұрлаған  алмамның  ертең  төлеуін  əкеп
бересің,— деді.
VII
Біздің  Темекең  осы  жылы  елуге  келген-ді.  Мысқазғанда  бір  де  бір
шахтер  өзінің  елу  жасқа  толғанын  тойлап  көрген  жоқ  екен.  Той  болса  тек
бастықтардың  елу-алпысқа  толғаны  аталып  жататын.  Осыған  ызаланғаны
да бар шығар, əлде бір серпілуді дұрыс керді ме, Темекең елу жасқа толған
мүшелімді атаусыз тастамаймын деп белін бекем буды. Не болса о болсын,
айды  аспанға  бір  шығаруды  ойлады.  Екі  жүз  адамға  тағам,  арақ-шарап
тағайындады  да,  өзінің  көңілі  түскен  адамдардың  бəріне  де  «Құрметті
бəленшеке,  сентябрьдің  оны  күні  менің  елу  жасқа  толған  салтанатты
мерекеме келулеріңізді өтінемін» деп мерекеге шақыру қағазын таратты.
Бас  қонақтарының  бірі,  əрине,  Қайсар  екеуміз.  Біз  Татьяна  екеуміз
келдік.  Қайсар  осыдан  үш  жыл  бұрын  «карбит  шамын  беретін  бөлмедегі»
Нұржамалға үйленген. О да келіншегін ерте келді. Мұндайда қазақ қандай
даңғой  келеді.  Жəне  соғыс  біткеннен  бері  жұрттың  көңілі  көтеріңкі
болатын. Елуге толғаныңның құрметі деп біреу кілем, біреу патефон əкеліп


жатыр.  Біз  де  құр  қол  емеспіз.  Қайсар  екеуміз  бірігіп  бір  тамаша
радиоқабылдағыш  əкелдік.  Ол  кезде  мұндай  заттық  аз  кезі,  байқаймын,
ешкім бізден асқан сыйлық əкелмеген тəрізді.
Жұрт шахтаның қызыл бұрышына тез-ақ жиналды. Кең бөлмені айнала
қойған столдың үсті соғыстың жаңа ғана біткеніне қарамастан тағамға лық
толы.  Арақ-шарап  та  жеткілікті.  Артынан  барып  білдік,  бұның  бəрін
жұмысшылар  жабдықтау  бөлімі  арқылы  рудник  бастығы  Бекенов
Əлжанның  өзі  тағайындатыпты.  Осыдан  үш  жыл  бұрын  болған  жер
астындағы  оқиғадан  кейін  рудник  бастығы  парторгтан  үнемі  қысылып
жүретін,  ұятын  осылай  жуғысы  келді  ме,  əйтеуір,  Темекең  тойынан
ештеңені аятпапты.
Тас  қапшықта  Əлжанды  əшкерелеуге  қанша  тісімді  қайрағанмен,
артынан  қолма-қол  оған  ештеңе  дей  алмағам.  Ақбаянға  да  жолығуға
ыңғайым  келмеген.  Алда-жалда  кездесіп  қалғанда  «сен  жер  астында
қорқақтық көрсеттің» деп аты-жөні жоқ өзіңнен-өзің оған қалай тиісерсің.
Сөйтіп  бірте-бірте  жер  астындағы  берік  ойым  пышырай  бастаған.  Тек
Ақбаянды  көрген  жерде  сөйлескім  келіп  кетеді.  Бірақ  өзімді-өзім  күшпен
тоқтатам.  Менің  сөзімді  оның  қалай  қабылдайтынын  қайдан  білейін.
«Менен  айырылған  соң  ішің  күйгеннен  бұл  сұмдықты  ойдан  шығарып
жүрсің»  десе,  жұртқа  не  бетіммен  қараймын?  Қысқасын  айтқанда,  тас
қапастағы  Əлжанға  деп  түйілген  ашу,  күні  өткен  сайын,  құм  болуға
айналған-ды.
Бірақ сол шахта астындағы оқиғадан кейін бір ұққаным: маған құр ғана
бұрғышы болып қалу жеткіліксіз екен. Екінші рет мұндай халге ұшырамас
үшін  ең  алдымен  техникаға,  тау  ғылымына  өзіңнің  көзің  ашық  болуы
керек. Сонда ғана сен «бастық айтты, мен орындаймын» деп аты-жөні жоқ
көрінген  іске  құлшына  түсе  қоймайсың.  Не  істесең  де,  қандай  қауіпке
барсаң да, өзіңнің көзің жетіп барасың. Осыны ойлап, мен сырттан оқитын
боп  Алматы  тау-кен  институтының  бірінші  курсына  түстім.  Бұған  өзім
іштей  əжептəуір  қуанатынмын.  «Бір  бес  жылдан  кейін  мен  де  инженер
боламын»  деймін  кеудемді  көтере.  «Бекенов  жолдас,  асықпаңыз,  оңтүстік
кенін  қалай  алу  керек  екенін  сонда  сөйлесерміз»  деймін  өзімді-өзім
қошаметтеп.  Əрине,  менің  бұным  ет  қызулық.  Əйтпесе  оңтүстік  кені
институт бітіруімді тосып бес жыл күтіп тұрар ма?
Жұрт тегіс жиналып, Темекең əйел, бала-шағасымен ( сегіз баласы бар,
алды  он  сегізде)  үлкен  столды  жағалай  отырып  болған  соң,  Əлжан  тойды
басқаруға кірісті. Əрине, біз «сенің бұның қызмет бабын пайдалану, мереке
жұмысшынікі,  біз  өзіміз  басқаруымыз  керек»  деген  жоқпыз.  Мейлі,
Темекеңнің  елуге  келгеніне  ол  біздей  қуана  алатын  болса,  тойды  басқара
берсін-ақ... Мен іштей оған сүйсіне де қалдым.
Самайына  ақ  кірген  толқынды  қою  шашты  сұсты  түріне  қара  галстукті
қардай  аппақ  көйлегі  мен  көмірдей  қара  тройка  костюмі  қалай  келіскен
десеңдерші!  Той  Темекеңдікі  емес,  өзінікі  тəрізді.  Бас  столдың  ең


ортасынан  орын  алған.  Оң  жағында  бала-шағасы  мен  Темекең.  Сол
жағында...  Жоқ,  бұл  адам  емес,  перінің  қызы!  Ертегіде  кездесетін  бір
көрген адам есінен айырыла ғашық болып қалатын нағыз аққу бейнесіндегі
перінің қызы! Бұл — Ақбаян! Кім оны қазір Əлжанға тигеніне он жылдан
асып  кетті  дер!  Баяғы  езім  керген  он  сегізіндей.  Əлде  маған  солай  керіне
ме? Жоқ, байқаймын, жұрттың бəрінің көзі Ақбаянда. Көл үстіндегі қалың
қаз  ішінде  жеке  жүзген  аққуды  көргендерің  бар  ма?  Біздің  арамыздағы
Ақбаян — сол аққу! Өзі де аппақ. Тек екі елідей етіп тізілген мойнындағы
меруерт  моншағы  мен  осындай  меруерттен  өріп  құлақтарына  таққан
кішкентай сырғасы ғана көмірдей қап-қара. Иығына жаба салған үлбіреген
ақ  шəлі  сұңғақ  келген  жұп-жұмыр  аппақ  мойнына  қандай  жарасып  тұр!
Мен де ес жоқ, осындай су перісін өзіме ерге шығады деп жүрген. Бірақ...
Жанындағы Əлжанға көзімнің қиығын аударам да, оның осыдан үш жылғы
жер  астындағы  қылығы  есіме  түсіп  кетіп,  Ақбаянға  бөтен  көзбен  қарай
бастаймын.  Əлжан  секілді  пасық,  қорқақ  адамға  шыққанда,  маған
шықпайтын  несі  бар  еді!  Əлжанға  қарағанда  Қайсар  екеуміз  шын  адам
емеспіз  бе?  Бұл  қасиетімізді  сондағы  тас  қапшықта  қалатын  күнгі  сында
көрсеткен  жоқпыз  ба  деймін  ішімнен.  Əлжанды  инженер  деп  əлдеқандай
етсе,  екі-үш  жылдан  кейін  институтты  мен  де  бітірем.  Сонда  көрерміз
кімнің қолынан не келгенін!
Сол оқиғадан кейін Əлжан оңтүстік кенін алуға тіпті жуымай қойған. Ал
институтты бітірмей жатып менің бар ойым — сол оңтүстіктің кенін қалай
алу.  Дипломды  да  осы  Мысқазғанның  оңтүстік  кен  қоймасын  пайдалану
жайында қорғамақпын. «Тек инженер атын алайын. Əлжан, сенімен сосын
сөйлесермін»  деп  ойлаймын,  түбі  Əлжаннан  асып  түсетініме  күні  бұрын
мəз болып. Бірақ Əлжаннан асқанымнан не пайда? Ақбаян бұны көрер ме?..
—  Ақбаян  шынында  да  қандай  сұлу,  қарашы!—дейді  мені  ақырын
түртіп,  жанымда  отырған  Татьяна.  Ойға  шомып  кеткен  сорлы  басым,
алдыменен  оның  не  айтып  отырғанын  түсінбеймін.  Түсінгеннен  кейін,
Татьянаға Іштей ренжіп қаламын. «Қарашы дейді, Ақбаянның қандай сұлу
екенін мен білмейтіндей!»
Дəл осы кезде Əлжан бокалын ұстап орнынан түрегелді.
—  Қымбатты  аға-інілер,  апа-қарындастар!—деді  ол  бокалын  жоғары
көтеріп.—  Бүгін  біз  Мысқазғанның  көк  тасына  бұрғыларын  алғашқы
қадаған  ардагерлеріміздің  бірі  —  қадірлі  Темекеңнің  елу  жасқа  толғанын
мерекелеуге жиналып отырмыз. Бұл той жалғыз Темекеңнің тойы емес, осы
отырған  көптің  ақылшысы,  шахта  партия  ұйымының  көсемі,  саяси
жеңістеріміздің ұйымдастырушысы...— Əлжан Темекеңнің ұзақ жыл шахта
парторгі
болғандығын
«шахта
көсемі»,
«саяси
жеңістеріміздің
ұйымдастырушысы»  деп  əдейі  көтеріп  айтып  тұр.  Ол  енді  қатар  отырған
Қайсар  мен  маған  бір  қарап  қойды,—  мен  Темекеңді  күнделіктегі  іс
жүзіндегі ғана емес, басымызға қауіпті сағаттар туған уақыттарымыздан да
білем.  Бүгінгі  тойда  осыдан  үш  жыл  бұрын  жер  астындағы  апатта


кездескен өлім шеңберінде болған төрт адам бармыз. Басымызға туған сол
бір ауыр кезеңде біз бүгінгідей тамаша қуанышты көреміз деп ойлаған жоқ
едік,—  Қайсар  мырс  етіп  күліп  жіберді.  Қайсардың  мінезін  білетін  мен
«бекер  қозғадың-ау,  Əлжан,  бұл  əңгімені»  дедім  ішімнен.  Бірақ  рудник
бастығы Қайсардың қылығын байқап қалса да, мəн бермеген түр көрсетіп,
сəл  кібіртіктей  сөзін  жалғай  берді.—  Расын  айтсам...  біз  тас  қамалдың
ішінде  абыржып  не  істерге  білмей  де  қалып  едік.  Бірақ  бізге  Темекең  рух
берді. Ажалды қаймықпай қарсы алуға үлгі көрсетті. Соның арқасында біз
əлімді  де  жеңдік.  Өмір  үшін  ең  ақырғы  деміміз  біткенше  қауіп-қатерге
шыдап бақтық,— осы айтып тұрған сөзіне езі сенгендей Əлжанның екі көзі
жайнап,  дауысы  бір  түрлі  шабыттана  шықты,—  сол  себепті  осы  тосты,—
деді  ол  енді  жұртты  қырағы  көзімен  бір  шолып,—  қайтпас  болат  семсер,
Мысқазған  алып  қырандарының  бірі,  құрметті  кеншіміз  Темекеңнің  біздің
бағымыз  үшін,  ел-жұртының  бағы  үшін  елу  жасына  тағы  елу  жас  қосып,
жеңістен-жеңіске жете беруі үшін алып қоялық,— деді.
Жұрт  ду  қол  шапалақтады.  Біріне-бірі  соқтырылған  шынылар
сыңғырлай əн қосып, кең бөлме құлаққа жағымды дыбыстарға толды.
Бірінші  шешеннен  кейін  екінші  шешен  сөйледі.  Темекеңнің  тізерлес
серіктері,  өзінен  екі  жас  кіші  жұбайы  —  Қалампыр,  бөтен  шахтаның
қонаққа  шақырылған  уəкілдері  —  бəрі  де  кезектесе  тост  көтеріп  жатыр.
Маған  да  бір-екі  ауыз  жылы  лебіз  көрсетуге  тура  келді.  Темекең  өзі  де
алғысын айтып, жұртқа бокал көтертті. Тек Қайсар ғана тост көтеруден бас
тартты.  Əлжан  оған  сөз  бергенде  де,  «Мен  сөзімді  соңынан  айтам»  деп
көнбей қойды.
Бұны,  əрине,  Қайсар  босқа  істеп  отырған  жоқ.  Ішім  сезеді,  бір  бүлік
шығаруы  мүмкін.  Бағанағы  мырс  етіп  күлуінде  де  бір  гəп  бар.  Бірақ  не
істемек?  Түріне  қарасаң  жай  бір  қалжыңдап  біреуге  тиіспесе,  бəлендей
бүлік  шығаратын  белгі  жоқ.  Ақ  жарқын,  бар  ықыласымен-ақ  ішіп  отыр.
«Темекең  тойында  ішпегенде  қайда  ішеміз?  деп  қояды,  тісін  ақсита  күліп.
Көп іше алмағанмен де кеу-кеулеп, «сұлу жеңеше, жəне көтеріп қойыңыз»
деп  қалжыңдай  Ақбаянға  да  бір-екі  рюмка  алдыртып  тастады.  Ақбаянның
аппақ  бетіне  қан  жүгіріп,  үлкен  мөлдір  көзінде  ойнақшыған  бір  жалынды
нұр да пайда болды. Əлсін-əлсін күле де бастады.
Бірақ  Қайсарға  сену  қиын.  Ол  арбаға  жаңа  үйренген  жылқы  тəрізді.
Кəдімгідей  дұрыс  жүріп  келе  жатып,  бірдемеден  секем  алса,  бөтен  жаққа
бұра тартуы оп-оңай. Оның мұндай «тентек» мінезін талай көргем. Əрине,
бұнысы  бір  қиқарлықтан,  не  бұзықтықтан  шықпайды,  өзгенің  істегені
миына  қонбаса,  не  өз  жолын  дұрыс  деп  санаса,  басынан  алтын  жаудырып
қойсаң да, өз айтқанынан қайтпайды. Көңілі нені қаласа, солай қарай бұра
тартады. Бұндай əдеті маған əбден мəлім. Талай рет ашуланғанмын да, енді
көрмеймін  деп  те  кеткем.  Бірақ  онысыз  жүрсем,  бірдемем  жетпейтіндей,
қайта  оралатынмын.  Осындай  істің  бірі,  сырттан  оқитын  институтқа
түсетін  кезімде  болды.  Институтқа  алдымен  Қайсар  екеуміз  бірге  түсуді


ұйғардық.
Ол
қазақша
тоғыз
жылдықты
бітірген-ді.
Емтиханға
дайындайтын  бір  инженер  жігітті  мұғалімдікке  алдық.  Бір  айдай  бірге
дайындалдық.  Байқаймын,  заты  зерек  Қайсар  оқып  кететін  түрі  бар.  Бірақ
оның көңілінде басқа бірдеме жатқан тəрізді. Күннен-күнге сабаққа салқын
қарай  бастады.  Бір  күні  маған:  «Сабыр,  институтқа  сен  түс.  Мен
түспеймін»,— деді. «Неге?» — десем; «Сол. Жұрттың бəріне инженер болу
міндет  емес  қой.  Мен  тас  қопару  үшін  жаралған  адаммын.  Құдайдың  сол
берген  жазмышында  қаламын»,—  деп  жауап  берді.  Мен  оған  оқу  керек
екенін,  оқу  —  адамның  сана-сезімін  көтеретінін,  біздің  заманымыздың
техника  заманы  екенін,  коммунизмге  жету  үшін  де  білім  керек  екенін
түсіндіріп,  əбден  қызыл  тер  болдым.  Тіпті  көнбегеннен  кейін,  кісінің
арманы  құр  ғана  шахтерлік  төңіректе  қалмау  керектігін  айтып  көріп  едім,
ол:  «Жұрттың  бəрі  агроном  болса,  жерді  кім  жыртады?  Жұрттың  бəрі
инженер  болса,  кенді  кім  қазады?  Мен  өз  мамандығымның  техникасын
жақсы  білсем,  бүкіл  дүниедегі  техниканы  білудің  маған  қажеті  қанша?
Оқыған адам ғана саналы болса, көрдік қой ана жылы жер астында Əлжан
бастықтың қаншалық саналы екенін! Маған жай кенші болу да жетеді»,—
деп, айтқаныма көнбей қойды. Ақыр сол айтқан сөзінде тұрды. Институтқа
түскен  жоқ.  Бірақ  бұрғышылық  өнерін  құдайдай  меңгеріп  алды.  Жəне  өз
мамандығына  байланысты  техникалық  жаңа  бірдеме  болса  оны  білгенше
асығады.  Осындай  əуесқойлығының  арқасында  «Ержановтың  арбасын  да»
қоярда  қоймай  жүріп  іске  асырды.  Қайсардың  езі  білетін  тағы  бір  «ауруы
бар».  Ол  баяғы  өлең  жазу.  Бірақ  оны  ешкімге  де  көрсетпейді.  Жер
астындағы  қиындықта  сырын  ашып  қалғанына  осы  уақытқа  дейін  опық
жейтін тəрізді. Оның бұл əдеті маған ұнайды. Əркімнің жұрт үшін емес, өзі
үшін  бір  қиялы,  арманы  болуы  керек  қой.  Оны  өзгеге  айтудың  не  қажеті
бар?  Қамыққаныңда  көңіліңді  жадыратса,  шаршағанда  сүйенішің  болса,
одан  артық  ол  арманнан,  ол  қиялдан  саған  не  керек?  Қайсардың  осы
жасырын жұбанышы өлеңі. Ал менде ондай не бар? Ақбаянға деген баяғы
бір кейде жоғалып, кейде қайта пайда болып, пунктир секілді бітпейтін бір
махаббатым ба? Мүмкін сол шығар, мен қайдан білейін...
Бірақ  Татьянаға  көзім  түссе  болғаны  өзімнен-өзім  осындай  ойым  үшін
жерге кірердей боп ұялам. Татьянаны аяймын, оның көңілін еш уақытта да
жер  еткім  келмейді.  Жəне  үш  жасар  қызымыз  бар.  Егер  күнəлі  бірдеме
ойлайтын  болсам,  сол  кішкентай  сəбиіме  жамандығы  тие  ме  деп  зəре-
құтым қалмайды. Басым жұмыр пендемін ғой, əлдеқалай күнə істей қалсам,
соның жамандығы сəбиіме емес, езіме тисін деп тілеймін.
Ал  қазір  Қайсардан  босқа  қауіптенген  секілдімін.  Ол  бүгін  тіпті
айрықша көңілді. Қайдағы жоқ қулық, күлдіргі сөздерді айтып, қынабынан
суырылған  болат  семсердей  жарқ-жұрқ  етеді.  Əлде  бұнысы  сұрапыл
алдындағы найзағайдың ойнауы ма?
Жұрт  əрі-бері  ішкеннен  кейін  топ-топқа  бөлініп  əңгіме  құрып,  не
болмаса  жиылып  алып  əн  салуға  кірісті.  Кейбіреулер  коридорға  шығып
билеп  жүр.  Солардың  бірі  Қайсар  мен  Ақбаян.  Қайсардың  сол  кездегі


«Париж күмбездерінің астында» атты фильмдегі Франческа Гааль айтатын
«Хауду-ю-ду»  əнінің  ырғағымен  фокстротты  билеп,  Ақбаянды  коридорда
дедектетіп  жүргенін  бір-екі  рет  көзім  де  шалып  қалды.  Əлденеге  екенін
білмеймін,  ішім  күйіп  кетті.  Əттен,  не  керек,  ол  кездегі  мода  —  фокстрот,
танго, вальс-бастондарды мен білмеймін, əйтпесе Ақбаянды мүмкін мен де
биге шақырып қалар ма едім, қайтер едім? Ақбаян шығар ма еді, шықпас па
еді?  Перфоратордан  бөтен  қолына  ештеңе  алмайтын  Қайсардың  бұл
билерді  қайдан  үйренгеніне  таң  қалам.  Жалпы  алғанда  Қайсардың,
байқаймын, мен білмейтін сыры көп. Қай жағынан қарасаң да, əсем болып
көрінетін асыл тас тəрізді ол. Қайсардың заты, табиғи жаратылысы ерекше
біткен жан екеніне менің көзім тағы бір жеткендей...
Бір кезде жан-жағыма кез салсам, бір столдың басына Əлжан, Темекең,
Ақбаян,  Татьяна,  Нұржамал,  Қалампыр,  мен,  Қайсар  тағы  бір-екі  мосқал
жұмысшы  адам  жиналып  қалыппыз.  Өзге  жұрт  ішкені  ішіп,  ал  кейісі
шамадан  тыс  қызып  алып,  лəйліп  өз  беттеріне  кетіпті.  Мұндай  тойда
жұмысшы адамға іштің деп кім кінə қояды. Мен де кінə қойғым келмейді.
Біз  жаңағы  айтқан  адамдар,  өзгелерден  бөлек  жиналып  қалыппыз.  Бұның
қалай болғанын білмеймін, əйтеуір, бəріміз бірге отырмыз. Міне, осы жерде
мен  Қайсардың  тағы  да  бір  асқан  қасиетін  кердім.  Əлденені  айтып
шуылдасып  жатқан  топтың  ішінен  бір  кезде  қолына  бір  бокал  шампан
құйып  алып  Қайсар  орнынан  түрегелді.  Жаңа  ғана  стол  басына  келер
алдында,  Ақбаянмен  билеп  жүрген  кезінде  қызу  секілді  еді,  қазір  тіпті
ештеңе ішпеген адамдай леп-лезде салмақты түрге ене қалыпты.
—  Достарым,  бокалдарыңды  толтыруларыңды  сұраймын,—  деді  ол
бəрімізге  жайлап  қарап.—  Əлжекең  берген  бағанағы  тосты  мен  енді
көтермекпін.  Жəне  сөзім  Темекең  жайында  емес,  Əлжекең  жайында
болады.  Сондықтан  тостарыңды  мөлтілдете  құюларыңды  өтінем.  Əсіресе,
сіз,  сұлу  қарындас  Ақбаян...—  Қайсардың  бетінде  кенет  мысқыл  күлкі
пайда болды,— бұл жолы рюмкаңызды ақпен толтырыңыз.
—  Жұрттан  ала-бөтен  ақ  ішерлік  менің  не  жазығың  бар?—деді  Ақбаян
əзілдей күліп, дауысы күміс қоңыраудай сыңғырлап.
—  Жазығыңыз  көп,  қарындасым,—  деді  ойын  шынын  араластыра
күлімсірей Қайсар,— алдыменен еріңіз жайында айтылатын құрметті сөзді
тыңдап алыңыз...
Ішім қып ете қалды. Қайсардың Əлжанды жалпы жек көретіні маған аян.
Енді  оның  қандай  «құрметті»  сөз  айтпағы  белгілі.  Бұны  Əлжанның  өзі  де
сезіп қалды. Оның беті қуқылданып кетті.
— Бүгін менің мерекем емес еді ғой, Қайсар,— деді ол күлген болып,—
мен  туралы  сөйлегің  келсе  Темекеңнің  тойынан  да  бөтен  толып  жатқан
мəжіліс, жиын бар ғой.
— Жоқ, айтсын,— деді Ақбаян жарқын жүзбен. Сөйтті де сəл кідіріп,—


егер  одан  бірдеме  өзгеретін  болса,—  деді  қабағын  жоғары  көтеріп,
Қайсардың Əлжанға тиіскелі тұрғанын Ақбаян да сезіп отырғаны байқалып
қалды. Бірақ ерімді жамандар деп Ақбаян қаймығар емес. Тіпті оны қорғап
қарсы тұруға да бар тəрізді.
Бұны  Қайсар  да  сезді  білем.  Ол  кенет  момақанси  ыржия  күлді.  Мен
оның күле сөйлеп, қатты ұратын əдетін де білем.
—  Мен  біреуді  өзгертейін  деп  тұрғаным  жоқ,  қарындасым,—  деді  ол
жайбарақат  жылы  шыраймен.—  Түйенің  едірейген  еркешін  тегістегің
келсе,  оны  арықтат.  Адамның  жаман  мінезін  өзгертпек  болсаң,  оны  өмір
тегеуірініне  сал.  Менің  ойым  басқада  еді.  Мына  Темекеңнің  тойында  құр
ақмағамбетті  сіміре  бергенше  бір  күлдіргі  əңгіме  айтып,  көңілдеріңді
көтерейін деп едім. Айтпа десеңдер, айтпай-ақ қояйын.
Қайсардың  айтайын  деген  сөзіне  бөтен  жол  тапқанын  мен  бірден
түсіндім.
— Айт,— дедім мен.
— Айт,— деді өзгелер де.
— Сонда ол күлдіргі əңгімеңіз Əлжан туралы болады ма?—деді Ақбаян
томсара түсіп.
—  Ойпырмай,  қалқам-ай,  алдыменен  тыңдап  көрсейші.  Сөзімнен  өзіне
керегіңді тауып аларсың.
— Дұрыс,— дедім мен.
Ақбаянның ері туралы ештеңе сөйлеткісі келмегені мені таң қалдырды.
Ерінің қандай адам екенін жақсы білетінін мен енді əбден түсіндім. Сөйтіп
тұрып, оны қорғамақ. Ал мен болсам Ақбаянды аяп, оның көзін ашпақ боп
жүрдім-ау!  Қандай  соқыр  жанмын!  Менің  ойымды  Қайсар  бөліп  жіберді.
Ол сөзін бастап та кетті.
—  Əңгіме  бұ  дүниеде  емес,  о  дүниеде  болған,—  деді  Қайсар  кенет
жымың қағып,—-осы отырған бəріміз пейіштің алдындағы алаңда тұрмыз,
бұ  жалғанда  істеген  күнəмізді  ұмытып  кетіп,  əрқайсымыздың  да  ұжмаққа
кіруге  дəмеміз  бар.  Бірақ  оның  есігі  біздің  директордың  кабинетінің
есігінен де берік қорғалған. Қолдарына гүрзісін ұстаған Əңкір, Мəңкүрден
бастап,  Ғазіретəлінің  өзіне  дейін  күзетте  тұр.  Тіріңде  екі  иығыңа  отырып
алып  қойын  дəптерлеріне  істеген  күнəң  мен  қылмысыңды  жазып  алған
Əзірейіл мен Жəбірейіл де осы арада. Өмірде болған бар жақсылығың мен
жамандығыңды  таразыға  салып  өлшеп  Мүтуəлі  тұр.  Кірдің  бір  жағы  бір
мысқал темен тартса болғаны, «мынаны дозаққа», «мынаны ұжмаққа апар»
деп  əмір  береді.  Тірі:  жүргендерінде  қылмыстары  ашылып,  прокурор  мен
сот жасаған протоколдардың о дүниеге көшірмелері жеткен талай сабаздар


дозақта шырылдап күйіп жатыр.
Сол ұжмаққа кірмекші кезекте тұрған мені бір періште ұстап алды да:
—  Дозақтың  қызуы  азайып  барады.  Шахтадан  барып  көмір  əкел,—
дейді.
— Жалғыз ба?—деймін.
— Жоқ, қасыңа үш кісі ал,— дейді ол.
— Кімді алайын?—деймін мен.
—  Білмесең  мен  көмектесейін.  Мына  Темекеңді,  жолдасың  Сабырды,
бастығың Əлжанды алуыңа болады. «Мен болсам бір сəрі, жайыма жүрмей
өлең  жазған  екем.  Ал  мына  үшеуінікі  не?»  деймін.  Үшеуі  де  бұ  дүниеде
халқына  адал  еңбек  еткен  жандар  екені  баршамызға  мəлім  ғой.  Əсіресе,
Темекеңнің  аты  аталғанға  таң  қаламын.  «Сірə,  бірдеме  істеп  қойды-ау
деймін ішімнен, бейшараға қартайғанда қиын болды ғой. Əсіресе, құрметті
шахтер  деген  атағымен  құдай  тағаланың  санаспағанына  не  дерімді
білмеймін.  Егер  осындайда  шипасы  тимейтін  болса  бұл  темірдің,  несіне
осыны  береміз  деп  местком  төрт  күн  қызыл  өңеш  боп  мəжіліс  өткізді».
Шыдай алмай:
— Темекеңнің не жазығы бар?— деймін.
—  Сен  өзің  мысық  тектес  жан  екенсің  ғой,—  дейді  періште.—  Өзі
парторг  бола  тұрып,  Мұхамбет  пайғамбардың  өсиетін  бұзып,  елуге  келдім
деп бəрінді арақ-шарапқа лықылдата тойдырып, есірткені қайда?
Біз бəріміз Қайсардың сөзіне ду күлеміз. Ол енді маған көз тастайды.
— Ит те болса жолдас еді, дозаққа күйсем, өзім-ақ күйейін. Бұның отқа
жанғанынан қандай маған пайда бар деп періштеден «Сабырдың күнəсі не»
деп сұраймын.
Мүтуəлі маған түксие қарайды.
—  Бұның  күнəсі  сенікінен  де  ауыр,—  дейді,—  Бейіштен  аз  уақыт  жер
бетіне серуендеп келсін деп жіберілген бір хор қызы туралы, қатын-баласы
бола тұра, əлі күнге дейін ойлауын қойған жоқ.
Мен  жерге  кіріп  кетердей  боп  ұялам.  Басымды  көтеріп  Татьянаға,
Ақбаянға  қарауға  бетім  шыдар  емес.  «Ақбаянды  жақсы  көргені  үшін»  деп
бетіме күнəмді былш еткізбегеніне Қайсарға іштей ризамын...
«Ал,  Əлжанның  не  жазығы  бар?»  деп  Мүтуəліге  тағы  сұрақ  қойған
Қайсардың  даусын  естимін.  Амалсыз  басымды  көтеремін.  Қайсарға
ашуланарымды  да,  ашуланбасымды  да  білмеймін.  Бір  жағынан  Ақбаянды


менің əлі ұмытпағанымды естірткеніне дəн риза. Ал екінші жағынан қатын-
баласы бар адамға...
—  Мүтуəлі  маған  бұл  жолы  ренжіп  қалды,—  дейді  Қайсар.—  Əй,  сен
Əлжанның күнəсін білмейтіндей, не малтаңды езіп тұрсың. Марш!
—  Ар  жағында  не  болды?—  деді  көзі  жайнап  Бəтима.—  Қайсар  аға
əңгімесін немен тындырды?
— Ең қызығының өзі осында болды ғой,— дедім мен еріксіз езу тартып
күліп,  Қайсардың  сол  күнгі  қылығы  көз  алдыма  елестей.—  Қайсар  біз
үшеуімізді  ертіп  о  дүниенің  шахтасына  алып  барды.  Соның  ар  жағында
оқиғаның бəрі дəл ана жылғы өзіміз басымыздан еткізген оқиғадан аумады.
Сондағыдай  біз  төртеуміз  дозаққа  кемір  шығарамыз  деп  жүріп  тас
қапшықта қалдық.
— Иə, сосын?..
—  Қарасам,  тойға  келген  жұрттың  бəрі  біздің  столға  жинала  түсіпті.
Қайсар  о  дүниедегі  шахта  оқиғасы  деп  біздің  өз  шахтамызда  болған
жағдайды  бұлжытпай  айтып  берді.  Айтқанда  қандай!  Өлерсің!  Нағыз  бір
артист  тəрізді  əрқайсымыздың  тас  қапшықтағы  қылығымызды  мұндай
айнытпай түсірсейші!
— Əсіресе, Əлжанды жетістірген болар?
—  Əңгіменің  бар  түйіні  сонда  болды  ғой.  Қайсар  Əлжан  болып  «енді
өледі  екем»  деп  жылағанда,  оның  қорыққан  түрін  дəл  өзіндей  етіп
келтіргенде,  ішек-сілесі  қатып  күлмеген  бір  де  бір  жан  қалмаған  шығар.
Егер  Əлжаннан  басқа  біреу  болғанда,  өз  бейнесін  өзі  көріп,  ұялғанынан
тесік  жер  болса  кіріп  кетер  еді.  Ол  сол  сазарған  қалпынан  бір  бүлк  еткен
жоқ.
—  Ақбаян  ше?  Ақбаян  не  істеді?  Ерінің  қандай  адам  екенін  көріп,
қорланғаннан үйден шығып кеткен жоқ па?
—  Жоқ.  Маған  сол  күнгі  Ақбаян  бір  түрлі  түсініксіз  болды.  Бұрын  мен
оны аршыл, намысын жоғары ұстайтын ерекше жан деп түсінетін едім. Ал
ол  күнгі  Ақбаян  мені  таң  қалдырды.  Қайсардың  сөзіне  қорланған  да,
шамданған  да  жоқ.  Ері  үшін  қызарудың  орнына,  ол  бір  ерлік  істегендей
паңдана  отырды  да  қойды.  Əлде  жұрттың  бəрі  күлкі  еткенге  өзінше  қыр
көрсеткені ме, білмеймін.
—  Жұрт  күйеуінің  пасықтығына  күліп  жатқанда,  паңданатын  не  бар?
Өйткенше өлген жақсы емес пе?
— Білмеймін. Тек Қайсар жұртты қыран-күлкі етіп əңгімесін бітіргенде
ғана,  ол  сазарып  отырған  еріне:  «Қайсардың  əңгімесі  о  дүниеде  болатын


əңгіме  ғой,  о  дүниеге  барған  соң  көрерсің.  Тірі  тірлігін  істеу  керек.  Жүр,
қайтайық»,—  деп  орнынан  тұрды  да,  ерін  ертіп,  ешқайсымызбен
қоштаспастан, үйден шықты да кетті.
—  Ашуланған  түрі  ғой.  Мүмкін,  ол  сендер  жер  астында  қалғанда
əңгіменің дəл осындай болғанын түсінбеген шығар.
—  Жоқ,  ол  бəріне  де  түсінді.  Қайсардың  «о  дүниеде»  деп  басымыздан
еткен оқиғаны айтып отырғанын ол сөзсіз ұқты. Бірақ мені таң қалдырған
басқа жағдай болды.
— Қандай жағдай?
—  Бұрын  менің  түсінігімде  Ақбаянның  өзі  қандай  кіршіксіз  таза  аппақ
гүлдей болса, оның жаны да сондай айна бұлақ, мөп-мөлдір көрінетін. Ал
оның  ерім  деп  сүйген  адамының  қаншалық  пасық  екенін  Қайсар  сөзінен
естіп  отырса  да,  ең  болмаса  Əлжанға  бір  мəртебе  жиіркеніп,  не  ренжіп
қарамағаны мені таң қалдырды.
—  Мүмкін,  езі  де  сол  Əлжан  тəрізді  пасық  болар.  Сұлу  гүлдің  бəрі
бірдей жұпар аңқи бермейді ғой.
—  Мен  де  осылай  ойладым.  Содан  кейін  Ақбаянды  тіпті  есімнен
шығаруға  тырыстым.  Бірақ  мұным  қате  екен.  Қатемді  он  жыл  өткен  соң
барып түсіндім.
Бəтима  жымия  күлді.  Мен  оның  бұл  күлкісінен  бір  кекесін  белгі  сезіп
қалдым.
—  Он  жыл  еткен  соң  барып  түсіндім  дейсіз  бе?—  деді  ол  менің  өз
сөзімді  қайталап,—  сірə,  мына  костюміңізді  сол  үйге  тастап  кеткен  күні
түсінген боларсыз?
«Ғажап!  Тағы  менің  костюмім  əңгіме  бола  қалды!  Костюмімді  мен  ол
үйге тастап кеткем жоқ қой. Жүрегім қысылар алдында ғана шешіп столға
ілген  жоқпын  ба  едім.  Ал  Бəтима  болса...  Кенет  мен  бірдемеге  түсінген
секілдімін. «Жоқ, жоқ, ол мүмкін емес!» Бірақ Бəтимадан өзімнің күдігімді
сұрауға аузым барар емес! Егер менің сезіктенгенім шынға айналса қайтем?
Онда  өмір  бойы  арманым  болған  «алтын  құс»  дегенім...  «Жоқ,  жоқ,  ол
мүмкін  емес!»  Ауа  жетпегендей  бір  түрлі  тынысым  тарылып  кетті.  Менің
неден мазасызданғанымды сезді ме, əлде маған айтамын деп ұмытып, жаңа
ғана есіне түсті ме, Бəтима:
— Бағана Ақбаян жеңгей келіп кетті,— деді.
Біреу  қапас  бөлменің  терезесін  ашып,  таза  ауа  кіргізіп  жібергендей,
тынысым кеңіп сала берді. «Бəсе! Менің алтын құсым ұмытпаса керек еді!»
Бəтима мені қуантқан үстіне қуанта түскісі келгендей:


—  Əнеугіден  бері  қолы  тимепті.  Қарағандыға  барып  қайтыпты,—  деді
күлімсірей,—- өзі бұрынғысынан да сұлуланып кетіпті.
— Қойшы?!
Бəтиманың көзі кенет сəл тұмандана қалды. «Ақбаянды осыншама неге
жақсы көреді?» дегендей маған бір түрлі ойлана қарады.
—  Сіз  ол  кісіні  бұрынғыңызша  сүйетін  тəріздісіз  ғой,—  деді  кенет
қабағын сəл шытып,— Ал ол кісі ше?
«Бəсе,  осы  Ақбаян  мені  расымен  жақсы  көре  ме?»  Неге  екенін
білмеймін, бұл сұрақ басыма тіпті күтпеген жерден келді. Егер шын жақсы
көрсе  мен  мұндай  болып  жатқанда...—  Қалай-қалай,—  деді  Бəтима?
«Келуге қолы тимепті. Қарағандыға барып қайтыпты. Өзі бұрынғысынан да
сұлуланып кетіпті» деген жоқ па? «Оның сонша көңілінің көтерілетініндей
қандай себеп бар? Мен болсам жатқан түрім мынау».
Ақбаян екеуміздің соңғы кездегі кездесуіміз басталғаннан бері бұл менің
оған  деген  махаббатым  жайында  алғашқы  рет  өзіме-өзім  есеп  бере
ойлануым еді.
Ұзақ  жылдан  кейін  екеуміздің  арамызда  кенет  пайда  болған  бұл
махаббат  дұрыстап  ойлаған  адамға  расында  да  түсініксіз-ді.  Өмірінің  ең
жас  кезінде,  лəззат  жалыны  жүректі  шын  күйдіретін  албырт  шағында  ол
мені қиып кетті. Одан бері өткен мезгілдің ішінде ең болмаса бір рет мені
ең алғашқы албырт кезіндегідей жақсы көретінін сездірген жоқ. Оны ұмыта
жүргенім  өзіне  аян  бола  тұрып,  қиын  жақсы  көрген  адам  ел  болмаса  бір
өкінішін білдірмес пе? Егер де екеуміз бірдей бірімізді-біріміз жақсы көріп,
ұзақ  жылдар  бойы  тағдыр  əуресімен  қосыла  алмай  келіп,  түбі  барып
табысқан  болсақ,  онда  ;  бір  сəрі.  Ондай  махаббат—  ұзақ  сақталған
махаббат, екеумізге де аяулы болары сөзсіз. Ал екі адамның біреуінің ғана
жақсы көруі — біздің қалған өміріміздің бақытты өтуіне тірек бола алады
ма?  Ал  соншама  жыл  бойы  маған  тек  салқын  көңіл  білдіріп  келіп,  кенет
Ақбаянның  шырпыдай  тұтана  қалар  қандай  себебі  бар?  Жас  жан  емеспін.
Өзге  қасиетімді  бұрын  неге  көрмеген?  Əлде  бір  кезде  Əлжанға  көңілі
ауғандай  менің  атағыма,  дəрежеме  қызыға  ма?  Олай  болған  күнде
Ақбаянның  маған  деген  сезімі  жалған  сезім  емес  пе?  Жоқ,  басыма  алтын
құс жалған сезіммен қонар болса, мен бақытты бола алмаймын.
«Атақ,  дəреже»  деген  сөздеріме  соңынан  түсінік  берермін,  менің  дəл
қазір бұлай ойлауға себебім бар...
Ғажап!  Ақбаян  туралы  ойлай  бастасам-ақ  бір  бүйрегімнен  Бəтима  да
келіп  шығады.  Неліктен  екенін  білмеймін,  екеуі  көз  алдымда  қатар  тұра
қалады. Бірі оң көзімді, ал екіншісі сол көзімді алғандай. Əрине, көркемдік,
сымбаттылық  жағынан  Ақбаянға  кім  жетсін!  Мүмкін  əйелге  құр  ғана  түр
жағынан  емес,  оның  ақыл-ойы,  адамгершілік  жағынан  да  қарайтын  жасқа


келгендігімнен бе, əйтеуір, бұндай таласта Бəтима да қалыспайды. Ақбаян
сұлу болса, Бəтима жас. Ақбаян көп жылдар бойы маған тəкаппарлық мінез
көрсетіп келсе, Бəтима ең алғашқы кездескеннен-ақ əрдайым кішіпейілдік,
жұмсақ мінез, ақылдылығымен көңілімді аударуда...
Мəңгі  өшпес  арман  болып  жүрек  түбінде  сақталып  қалған  сезім
жағынан  келгенде,  мен  еш  уақытта  Ақбаянға  тірі  жанды  айырбастаймын
деген жан емеспін. Көңілім қанша адал болғанмен де, бұ тұстан қарағанда
тіпті  Татьяна  да  оған  пара-пар  келе  алмайтын.  Менің  осындай  тас  қамал
арманымды  жоқ  жерден  пайда  болған  Бəтима  бұзбақ.  Ол  мүмкін  бе?  Жоқ,
мүмкін  емес  тəрізді.  Киімнің  жаңасы  жақсы,  достың  ескісі  жақсы.  Сүйген
адамың:—  Ол  киімің  емес,  досың.  Олай  болса  махаббат  самалы  əлі  де
болса Ақбаян жағынан соғатындай. Демек, солай болсын. Ал онда Бəтима
неге  Ақбаянмен  қатар  көз  алдымнан  кетпейді?  Ақбаянмен  бəсекелесер
мұның қандай күші бар? Мен кезімді жұмып, ойға қалам.
«Жоқ,  бұның  күші  шындығында,  деймін  ішімнен,  Бəтима  мені  шын
жақсы көретін тəрізді».
Менің осы ойымның үстінен дəл басып, оны шегелей түскісі келгендей,
Бəтима кенет:
—  Əлжан  мен  Ақбаянның  жиырма  жыл  бірге  өткізген  өмірі  бақытты
өмір болмаған тəрізді,— дейді.
Мен елең ете қалам.
— Оны қайдан білесің?
— Мұндай жайды білудің қанша қиындығы бар? Жаман арба шиқылдақ
келеді, ал жаман пиғыл өзінен-өзі хабар беріп тұрады. Егер олар бірін-бірі
шын  сүйіп  қосылған  болса...—  Бəтима  сөзін  аяқтамай  əлденені  ойлап
үндемей қалды.
— Иə, шын сүйіп қосылған болса?
—  Ақбаян  бүйтпес  еді.  Əз  басым...—  Бəтима  тағы  да  əлденені
ойланғандай  тоқтай  қалды.  Мен  енді  байқадым,  Бəтима  бірдемені
ойлағаннан емес, коридордан еміс-еміс шыққан үнді тыңдап сөзін аяқтамай
тоқтай қалады екен.
Сөйткенше болған жоқ, коридордан келген дыбысты енді мен де естідім.
— Қарындас,— дейді əлсіреген дауыс əзер жетіп. Бəтима əдетінше тұра
жөнелді.  «Бұл  кім  болды  екен?»  деп  мен  сəл  ойлай  түстім  де,  Бəтиманың
сөзіне  ауып  кеттім.  Өзің  аурып  жатып,  аурулардың  қиын  жағдайына
көндігіп  кетесің.  Сондықтан  да  менің  ойымды  қайтадан  Бəтиманың  сөзі
биледі. «Ақбаян бүйтпес еді. Өз басым...»


Əрине,  Бəтимадан  ондай  қылық  шықпайды.  Ал  Ақбаян  бұған  қалай
барды?  Мен  қайтадан  ой  теңізіне  шомыла  жөнелдім.  Қанша  ойласаң  да,
ойдың  аты  ой.  Ол  шындықтан  асып  кете  алмайды.  Ал  шындық  менің
ойымның  бұрыс  екенін  көрсетеді.  Ақбаянға  ғашықпын  деп  қанша
балбырай манаурасам да, ортадағы суық жиырма жылдың ызғарын қандай
жылылық  жоймақ?  Кеш  ашылған  құшақ  бұны  істей  алмайды.  Сонда
Ақбаян екеуміздің арамызда қалған кезге қандай қуат дəнекер бола алады?
Əлі  де  болса  тек  махаббат  қана!  Ақбаянды  менің  жақсы  көруім  аян...  Ал
Ақбаян  ше?  Оның  мені  жақсы  керетініне  қандай  дəлел  бар?  Əнеугі
кездескендегі  оқтын-оқтын  соққан  жүрек  тынысы  ма?  Бірақ  ол  жүректің
тек  маған  ғана  солай  соғатынына  сенімің  бар  ма?  Ал  сенімің  жоқ  екен,
оның  сені  жақсы  көретініне  қалай  көзің  жетеді?  Жалпы,  сенім  жоқ  жерде
махаббат бар ма? Əрине, жоқ. Бұны біле тұра Ақбаян екеуміздің арамызда
шын лəззат қуанышы жас кездегідей қайтадан пайда бола алады дейсің бе?
Əй, білмеймін, білмеймін. Толып жатқан күмəнді ойлар мені тағы шырмай
жөнеледі.  Қайсысына  жауап  берерімді  білмей  жатып,  əлден>  уақытта
талмаусырай барып ұйықтап кетіппін...
VIII
Мен қалада өстім. Өнеге алған жерім: соғыс, шахта, жұмысшы табының
ортасы.  Өмірге  деген  көз  қарасым.  да,  Отаныма,  еліме  деген  патриоттық
сезімім  де  —  бəрі  осы  өзім  өскен  араның  идеалдарыменен  қалыптанды..
Солардың тілегімен, солар үшін күреспен шынықтым. Ал біздің қоғамның
шырқын бұзатын əрбір жат көрініс менің де жүрегімді айнытады, сезімімді
жиіркентеді. Мансапқорлық, баю жолын көксеу өз басыңның қамын ойлап
ауырдың  үстімен,  жеңілдің  астымен  жүру  —  біздің  қоғамымыздың
салтанатын  бұзатын  жексұрын  жамандықтан  екені  егде  жұмысшы  мен
түгіл, жас балаға да белгілі. Бұған бұқпантайлық, жағымпаздық, қорқақтық
та  қосу  қажет.  Осы  себептен  болу  керек,  тас  қапастағы  қылығынан  кейін
мен  Əлжанды  көрсем  дымқыл  жерде  пайда  болатын  қырық  аяқ  құртты
көргендей жиіркенетінді шығардым. Тар қапаста отырғанда Ақбаянды аяп,
егер  аман  құтылсам  оның  ерінің  кім  екенін  айтып  көзін  ашуға  бел  буып
едім.  Жарыққа  шыққаннан  кейін  бұл  ойымнан  қалай  қайтқаным  ездеріңе
мəлім.  Əлжаннан  жиіркенгендігім  соншалық  тіпті  Ақбаянның  езіне  де
кенет  көңілім  қалғандай  болды.  Осындай  жаман  адамды  көрмей  жүрсе,
бұның  езі  де  одан  алыс  кетпеген  болды  деп  ойладым.  Əрине,  бұным
ағаттық  екен.  Сезімімді  ашуға  жеңгізбеуім  керек  еді.  Бірақ  ол  кезде  менің
қолымнан  ондай  ақылға  салу  келмеді.  Сондықтан  да  Ақбаянмен  мен  тас
қапастан  құтылғаннан  кейін  сөйлеспедім.  Сол  сөйлеспеудің  арқасында
бірте-бірте  Əлжанның  шылығы  да  есімнен  шыға  бастады.  Тіпті  оның  бұ
дүниеде  бар  екенін  ұмытуға  айналдым.  Бұның  бəрі,  оқушым,  бұрын
айтылған  сырларым  ғой.  Жəй,  əшейін,  кезі  келіп  қалған  соң  есіңе  салып
жатырмын.
Иə,  уақыт  нені  ұмытқызбайды.  Уақыт  Əлжан  түгіл  Əлжаннан  мың  есе
сорақы  қиянат  істеген  адамның  қылмысты  ісін  де  ұмытқызады.  Əйтпесе


бүкіл  Европаны  қанға  бояған  Наполеонды  осы  күні  қаһарманға,  соғыс
дарынына  айналдырар  ма  еді  бұ  жұрт?  Ал  қан  ішер  Гитлерді  де  ақтап
алғысы келетіндер аз ба Америка, Европада. Осының бəріне уақыт айыпты.
Қандай  қайғы,  қасіретті,  айуандықты  есімізден  шығаруға  тырысатын  сол
уақыттың  əуеніне  берілгіш  біз  айыптымыз.  Қастың  істеген  қастығын  еш
уақытта да ұмытпауымыз керек. Егер оның қылмысын ұмытар болсақ, сол
қылмыстың жолына өз ұрпағының түсіп кетуі де мүмкін...
Кенет  менің  жүрегім  удай  ашып  кетті.  Дəл  осы  ойлап  жатқан  ойым
осыдан екі жыл бұрын болған бір оқиғаны көз алдыма елестетіп жіберді.
Аидам  институтқа  түсер  жылдың  жазында  мен  Алматыға  барғам.
Ондағы ойым — қызым институтқа емтихан беретін кезінде басы-қасында
болу.  Жəне  көгілдір  орманды  Алматының  саясында  азын-аулақ  дем  алып
рақаттану.  Бұл  бір  астананың  жақсы  кезі  еді.  Гүл  біткен  қауызын  ашып,
күлтесін  күнге  шомылдырған  тамаша  шақ  —  Аидам  емтиханын  жақсы
өткізіп  жатты.  Көңілім  көтеріңкі,  жайдары.  Қазақтың  өсіп  қалған  ұл-
қыздарын көріп, менің де Аидам осылардай болады деп болашақ қуанышқа
алдын  ала  мас  болып,  өзімнен-өзім  шаттана  түсем.  Кейде  кешке  таман
киноға барам (бұл кезде театрлардың бəрі облыстарға шығып кетеді екен).
Кейде  кешке  таман  көшелерді  қыдырып  қайтам.  Жаздың  салқын  кешінде,
қарлы  Алатау  жағынан  самал  жел  соғып  тұрған  шақта,  жасыл  киген
Алматының  тыныш  көшелерінде  серуендеудің  өзі  қандай  ғанибет!  Қандай
рақат  кезеңдер  десеңдерші.  Көше  бойы  толған  гүлдер  жұпар  аңқиды,
қаланың  у-шуы  басылып,  тек  тынбай  аққан  арықтардың  күміс  сылдыры
ғана  жас  кездегі  құрбы-құрдастардың  күлкісін  еске  түсіргендей,  көңіліңді
қайдағы  жоқ  бір  өткен  күндерге  жетектейді...  Артымда  тұрған  орындыққа
отыра кеттім. Иə, енді бəрі де белгілі!..
Міне,  қазір  төсекте  жатып,  сонда  Ақбаян  үшін  неге  күреспедім  деп
өзіме-өзім  таң  қалам.  Рас,  Əлжанды  жек  кердім,  одан  мəңгі  жиіркеніп
кеттім.  Бірақ  Ақбаянға  мүлдем  өйте  алдым  ба?  Уақыт  оған  деген  өкпемді
қайта  ұмыттырды  емес  пе?  Ол  маған  жақындаған  сайын,  алыстай  түскен
түндегі  от  тəрізді  көрінгенмін,  мен  одан  алыстай  алдым  ба?  Əрине,
күнделік  тұрмысында  сен  алыстап  кеттің.  Бірақ  қиялыңда,  езің  де
сенбейтін  үмітіңде  сен  одан  алыстай  алмадың!  Қашан  да  болса  ол  қолыңа
түспес алтын құсың боп қақ төбеңде ұшып жүрген жоқ па?
Ол  неге  келмейді?  Расымен,  Ақбаян  қайтадан  алтын  құсқа  айналғалы
тұр ма? Келмеуіне қарағанда солай тəрізді. Үйге біреу кірді. Бұл кім екен?
Мен көзімді ашамын. Маған қарап күлімсіреп Бəтима тұр.
— Қалыңыз қалай? — дейді ол.
Мен жауап берудің орнына:
— Ақбаян келді ме? — деймін өзімді-өзім ұмытып кетіп.


Бəтиманың  бетіндегі  күлімсірегенде  пайда  болған  нұры  сөне  қалады.
Əйтсе де ол сырын оп-оңай бергісі келмейді.
— Жоқ,— дейді жайбарақат үнменен,— келетін шығар.
Мен енді ақырын күлемін.
— Неге күлесіз? — дейді ол.
Жоқ, Бəтима адал, таза мінезімен мені енді Ақбаяннан бұра тартады:
— Бəтеш, осы мен Ақбаянның атын атасам, сен неге ренжи қаласың?
— Күлген себебіңіз сол ма?
— Иə.
— Онда мен ренжімеймін.
— Неге?
— Сіз үшін.
— Ал өзіңіз үшін ше?
— Онда ренжимін.
— Неге?
— Маған ұнайды ғой.
Бəтима күрсінеді.
—  Сізге  де  ұнамайды.  Ол  жаман  əйел.  Сізге  ұнауы  мүмкін  емес.  Сіз
оның түріне, əдемілігіне қызығасыз. Шын махаббатқа бұл жеткіліксіз.
—  Өмірде  бір-ақ  рет  сүюге  болады  ғой.  Қалғанының  бəрі  соның  əр
бояудағы қайталауы.
—  Бірақ  бояу  да  əр  түрлі  болмай  ма?  Оңатыны  болады,  оңбайтыны
болады. Бірінші махаббаттың да тез оңар əсіре қызылы аз ба?
Мен  үндей  алмай  қалам.  Бəтима  расын  айтып  тұр  ғой  деймін  ішімнен,
шынында  да  біздің  Ақбаян  екеуміздің  махаббатымыз  сол  тез  оңар  əсіре
қызылға ұқсады емес пе? Онда қазіргіміз не? Мен тағы өзіме-өзім күлемін.
«Мүмкін  бұнымыз  жаңағы  өзім  айтқан  сол  алғашқы  махаббаттың  басқа
бояудағы  қайталауы  болар?  Ал  бұл  бояудың  əсіре  қызылдан  да  тез
оңбасына кезің жете ме?»
Мен  енді  Бəтимаға  ойлана  қараймын.  Екеуміздің  арамызда  дəл


бүгінгідей ашық сөйлесу бұрын болған емес. Бұл не? Бір қадам жақындай
түсуіміз бе? Əлде алыстауымыз ба?
—  Əр  бояудың  оңарын,  оңбасын  сынап  жүретін  сіз  де  жас  емессіз,—
дейді кенет Бəтима менің ойымды бөліп,— шешуіңіз керек.
Сөйдейді  де,  өзі  қызарып  кетеді.  «Бейшара  Бəтима,  нені  шешу  керек
дейді?»  Мен  оған  бұрынғыдан  да  бетер  ойлана  қараймын.  «Маған  салса
мен  баяғыда-ақ  шешкен  жоқпын  ба?  Ендігі  шешім  Ақбаянда  ғой.  Бəтима
бұны қалай түсінбейді?»
Жоқ, Бəтима түсінетін секілді.
—  Бəрібір  Ақбаян  сіздің  теңіңіз  емес,—  дейді  ол  қайсарлана  менің
көңіліме қарамай.
«Онда  Бəтиманың  несі  бар?»  Мен  ашуланғым  келді,  бірақ  ашулана
алмаймын.  Қасымда  отырған  Бəтима  маған  өз  бақытын  өзі  қорғай
алмайтын  бір  қорғансыз  жан  секілді  болып  көрінеді.  Мен  ақырын  оның
қолынан  ұстаймын.  Бəтима  қолын  қайтып  алмайды.  Саусақтары  дір-дір
етеді.  Жоқ,  оның  саусақтары  емес,  дірілдеген  менің  саусақтарым.  Бұл  не?
Алғашқы  махаббаттың,  басқаша  қайталауы  ма?  Бұ  жолғы  шынында  да
оңбайтын бояу болса қайтерсің?
Неліктен  екенін  білмеймін,  өмір  бойы  Бəтимамен  осылай  отыра  берсем
екенмін  деймін.  Бəтима  да  соны  тілейтін  тəрізді.  Бірақ  біздің  айтқанымыз
болмады. Біреу есік қақты.
— Кіріңіз! — деді Бəтима орнынан түрегеліп кетіп.
Бұл

Қазыкен
екен.
Қайсардың
жалғыз
ұлы.
Алматыда
политехникалық  институтта  оқиды.  Менің  Аидамдай  бұ  да  екінші  курста.
Жақында  жаттығу  жұмысын  етуге  осы  Мысқазғанға  келеді  деген  Қайсар.
Баласы  өзінің  жолын  қуғанын  əкесі  мақтан  ететін.  «Өзім  тірі  тұрсам,
немеремді  де,  шөберемді  де  шахтаға  түсірем.  Көрсін  сосын  біздің
тұқыммен  сөйлесіп  жұрт.  Бұрынғылар  бəленше  байдың,  түленше  бидің
ұрпағымыз  деп  даурыққан  болса,  менің  ұрпағым  «тұқымымызбен
шахтерміз  деп  мақтан  ететін  болады»  деп  насаттанатын  өзінің  жұмысшы
табы  екеніне  мəз  болып.  Егер  Құнанбай  тіріліп  келіп,  жер  астында  кен
қазатын  бір  жұмысшының  өзін  мыңды  айдаған  байдан  артық  санайтынын
естісе не дер еді? Міне заман өзгерісі ден осыны айт!
— Сəлеметсіз бе, Сабыр аға!— деп Қазыкен қас-қабағы қиылып жымия
қолымды  алды.  Түр  жағынан  бұл  шешесіне  тартқан,  келбетті.  Тек  шашы
ғана  Қайсардікі.  Кірпі  инелеріндей  тіп-тік.  Мінезі  де  əкесі  тəрізді
бірбеткей, бала жастан-ақ қайтпас қайсар екені белгілі болатын.
Мен оны көріп шын қуанып қалдым.


—  Қазыкенсің  бе?  Өзің  нағыз  жігіт  болып  қалыпсың  ғой,  айналайын.
Қашан келдің?
— Кеше?
— Жүреріңде Аиданы көрдің бе?
—  Күнде  көріп  тұрамын.  Поезға  шығарып  салды.  Сізге  сəлем  деді.—
Жігіт  кенет  қызарып  кетті.  Бұлар  құрдас  болғанмен,  ағалы-қарындастай
жақын  өскен.  Менің  сұрауымда  да,  оның  жауап  беруінде  де  ұялатындай
ештеңе  жоқ  еді.  Дегенмен  қызаруы  бұлардың  да  ер  жетіп  қалғанын
аңғартқандай.
— Жаттығу жұмысына келдің бе?
— Иə, ертең бесінші шахтаға түсем.
— Ə...ə! Аида қалай?
— Жақсы, оқып жүр.
Бəтима  күлімсіреп  сəл  тыңдап  тұрды  да,  біздің  əңгімемізге  ортақ
болмайын дегендей, үн-түнсіз шығып кетті.
Біз  енді  шүйіркелесе  əңгімелесе  бастадық.  Аиданың  барлық  жағдайын
сұрап,  қызымның  жақсы  оқумен  қатар  оңды  адам  болып  келе  жатқанына
мəз  болып  қалдым.  Қазыкен  маған  бала  жасынан  ұнайтын.  Шыншыл,
ұқыпты, сабаққа зерек, жұмысқа бейімді.
— Өзің қалай оқып жүрсің?
— Жақсы.
— Оқудан бөтен немен шұғылданасың?
—  Кинотеатрларға  барамын.  Кітап  оқимын.  Оның  үстіне,  екі  үйірмеге
қатынасамын.
— Қандай-қандай үйірмелерге?
— Бокс пен əдебиет үйірмесіне.
—  Екеуі  де  жақсы  үйірме,—  деймін  мен,—  бокс  адамның  денсаулығын
шынықтыруға керек. Ал əдебиет...
Қазыкен ыржия күледі.
—  Əдебиет  ақыл-ойыңды  кеңітеді.  Лион  Фейхтвангер  айтқан  емес  ие:
«Көркем əдебиет жас баланы саяси қайраткерге дейін тəрбиелейді»,— деп.


Кітап  оқуды  өзім  де  жақсы  көрем.  Қазыкеннің  де  бала  жастан  көп
оқитынын білем. Осыған əкесінің қайсарлығы мен ақындығы да жұққан ба
деп  те  ойлап  қоятынмын.  Өйткені  оның  кейде  аузы  жыбырлап  өлең
шығарып  жүргенін  де  аңғарып  қалатынмын.  Əдебиет  үйірмесіне
қатынасуына қарағанда оның бұл дарыны да ояна түскендей.
Жоқ,  Қазыкен  мен  де  емес,  Қайсар  да  емес.  Бұл  —  біздің  жаңа
болашағымыз. Онда жалғыз ғана жұмысшы табының қаны ғана емес, əкесі
мен шешесі Қайсар мен Нұржамалдың жүрек соғуы да бар. Ол халық деген
сөзді  бізден  гөрі  тереңірек  түсінеді.  «Халық  —  құр  қазақ,  Мысқазған,
Қарағанды»— деп ұқпайды, оған əке-шешесінің тілін, əнін, жырын қосып,
оны бір үлкен рухани түсінік деп ұғады. Ұлт экономикасын жалпы ұлттық
сана-сезімнен, бар халықтың достығынан, бірлестігінен айырмайды.
Біз  жұмысшы  табының  адамымыз.  Ой,  сана,  сезіміміз  орыс,  қазақ,
украиндық  болып,  өндірісімізді  қалай  өрбітіп  халқымыздың  тұрмысын
қайтсек  жөндейміз  деген  экономикалық  мақсатқа  құрылып  келген.
Сондықтан соңғы уақытқа дейін ұлт, ұлттық арман тəрізді мəселелер бұрын
мазамды  алмаған,  ойыма  кіріп  көрмеген-ді.  Чехословакия,  Қытай
уақиғаларымен байланысты бұл мəселелер менің де мазамды ала бастаған.
Өйткені  сонау  Ленин  бабамыз  салған  бауырмалдық  ұлттық  достық
саясатының негізін бұзушылық тек ұлтшылдық сезімге құрылғанын мен де
анық  түсінем.  Мао  Цзэдун  секілді  демагогтердің  де  халық  достығын
бұзудағы бас құралы аңқау елдің ұлттық сезімімен ойнауда. Бұл — қауіпті
ойын.  Бұның  арты  барып,  бір  ұлтты  бір  ұлттың  кемітуіне,  расалық
озбыршылыққа  жол  ашады.  Бұған  көнуге  болмайды,  Ленин  бізді  бұған
үйреткен жоқ.
Рас,  ұлттық  мəселе  қиын  мəселе.  Бұл  əр  қайсымыздың  жүрек
сезімімізбен  байланысты.  Бұны  шешу  оңай  емес.  Бірақ  халық  өзі  осы
мəселені тамаша шешіп келген жоқ па? Қалай шешіп келді?
Ана  жылы  Омбы  қаласында  болғанмын.  Қаланың  дəл  қасында  Қаржас
деген  қазақтың  поселкесі  бар.  Онда  болдым.  Кəдімгі  қазақтың  ескі  жұрты
тəрізді.  Анайы  тілі  де,  ескінің  əдет-ғұрпы  да  сақталған.  Сөз  əдемісі  де,  əн
шұрайлысы  да  сонда  тəрізді.  Əттең,  не  керек,  сол  күйіне  осы  бүгінгі
мəдениеттің,  космостық  жылдамдықтың  əсері  молынан  тиер  ме  еді.  Бір
тамаша  ел  болар  еді!  Əйткенмен,  мені  бұл  ауыл  өзінің  қазақ  тілін,  əнін,
кейбір əдемі салт-ғұрпын таза сақтауымен таң қалдырды.
Неге  бұлай?  Мен  өзімнің  осы  сұрауыма  жауап  іздедім.  Жауапты
тапқандаймын.
Қазақ  ежелден  қытай,  өзбек  елдерімен  шектес  ел.  Бұл  екі  елдің
хандарының да қазақ халқын езіне бағындырғысы келгені аян. Бірақ нəсілі
азиаттық,  əдет-ғұрпы  жақын  болғанмен  де,  қазақ  елі  оларға  емес,  діні  де,
тілі де бөлек Россия еліне қосылуды дұрыс көрді. Бұнда қандай себеп бар?
Себеп  біреу-ақ  секілді.  Қазақ  халқы  қайткен  күнде  де  тілін,  ғұрпын,  əн-


күйін  сақтап  қалуды  арман  еткен.  Ағайынды  елге  бағынса,  бұның  бірі  де
қалмайды.  Ал  орыс  еліне  бағынса,  патша  қанша  отаршылық  саясатын
жүргізгенмен,  орыс  халқы  өзінен  кіші  ұлттың  тілі  мен  əдет-ғұрпына  қол
сұқпайды.  Қол  сұғудың  оған  қажеті  жоқ.  Сондықтан  да  Қаржас
поселкесінің қазақтары əлі күнге дейін тілін, əн-күйін, ғұрпын сақтап келді.
Бір кезде қазақ жерін Шыңғысхан шапқыншылары басты. «Əлем жүзінің
əміршісінің»  үлкен  баласы  Жошыдан  тараған  ұрпақ  сұлтандар  ғасырлар
бойы  өзінің  үстемдігін  жүргізді.  Бірақ  олар  қазақ  тілін,  салт-санасын  жоя
алмады, қайта өздері қазақша сөйлеп, қазақ дəстүрін алды. Өйткені, олар аз
еді. Бір шелек суға салынған шым-шым туздай еріп кетуге мəжбүр болды.
Ал  қазір  қазақ  жерінде  он  үш  миллион  халық  бар,  соның  үш  миллионнан
сəл  артығы  ғана  қазақ.  Тілегі  бір,  мақсаты  бір,  келешек  бақытты  өмірді
бірге құрып жатқан сол он үш миллионнан үш миллион қазақты бөліп алу
мүмкін  бе?  Көрмес  түйені  де  кермес.  Бұл  тарихи  шындықты  кермеу  құр
білместік.
Бірақ сонда езінің  тілі, ұлттық дəстүрі,  əн-күйі жойылған ел  — ел бола
ма? Жоқ, болмайды. Сонда не істе дейсіңдер? Ұлт болу ғана арман ба? Жоқ,
ұлт болу емес, адам баласын шын бақытқа, тегісшілдік өмірге жеткізіп, бар
ұлтты  бір  адамның  баласындай  бауырмал  еткізу  арман.  Біз  үрім-
бұтағымызды осыған тəрбиелеуге тиістіміз.
Мен Қазыкен кеткеннен кейін де осы ойда көп жаттым. Ой деген кейде
бір  бұтақтан  бір  бұтаққа  секірген  ақ  тиынға  ұқсайды.  Əр  нəрсенің  басын
шалып  басым  ауруға  айналды.  Кенет  ойым  Аидама  ауды.  Қайсардың
Қазыкені,  сезсіз,  қазақ.  Ал  менің  Аидам  кім?  Мінезі  де,  түрі  де  бəрі  езім.
Бірақ  қазақ  тілін  білмейді.  Сонда  кім  болғаны?  Ертең  оған  «қайтсең  де
қазақ  тілін  үйрен»  деп  хат  жазбақ  болдым.  Қызыма  қазақ  тілін  үйрен
дегенде  мен  кім  боламын?  Мен  де  ұлтшылмын  ба?  Өзіме-өзім  күлдім.
Қайдағы ұлтшылдық? Балана əкеңнің тілін біл деу табиғи іс қой.
Тағы  да  Бəтиманы  көргім  келіп  кетті.  Онымен  Қазыкен  екеуміздің
арамызда болған сез жайында əңгімелессем деп ойладым. Не айтар екен?
Татьянам  қайтыс  болған  кезде  жасым  болса  елуге  таяп  қалған  еді,  енді
маған  Татьянамдай  адам  қайдан  кездеседі.  Жиырма  жылдан  астам  бірге
өмір  сүрген  жарымның  аруағын  қорламаймын,  үйлену  деген  мəселені
біржолата ұмыту керек деп шешкем. Ақбаянмен соңғы кездесуімнің алдына
дейін осы ойға қайта-қайта оралып, əлсін-əлсін толқығам.
Енді  ғана  бұл  ойымның  дұрыс  емес  екенін  ұқтым.  Қартайғанда,  не
болмаса  осындай  бір  көңілің  толқығанда  ең  болмаса  тек  жаныңда  жатар
жарын ғана бола алады.
Расында,  ерлі-зайыпты  адамды  бір  бастың  екі  көзі  десек,  сөз  бар  ма,
қашан  да  бір  көзден  екі  кез  артық  қой!  Бірі  көрмегенді  бірі  көреді.  Бірі
ауырса, екіншісі ауру көздің жүгін көтереді. Ал менің жалғыз қалам деуім


дұрыс  па?  Жоқ,  дұрыс  емес.  Жалғыздық  тек  құдайға  лайық.  Мен  болсам
құдай емеспін ғой.
Маған  бұл  ой  қайдан  келді?  Бəтиманы  көргім  келгендіктен  бе,  əлде
Қазыкеннің  сөзінен  кейін  ақылдасар,  пікір  алысар  адам  іздегендіктен  бе?
Сірə,  екеуі  де  себеп  болған  тəрізді.  Мүмкін,  менің  мұным  күнə  болар?
Татьянаны  ұмытпай  жатып  бөтен  адамға  кез  тігуім  оның  аруағын  қорлау
емес пе? Қорлау секілді. Егер менің орнымда Татьяна болса не істер еді? О
да мен секілді əлдекімдерге көз тігіп, бөтен адам жайында ойлай бастар ма
еді?
Əрине,  маған  бұл  сұрақтарға  жауап  қайтару  қиын.  Өйткені  бұндай
сұрақтардың  шешіміне  жүрек  сезімі  мен  ақылың  ғана  жауап  беруге  тиісті
емес.  Бұл  сұрақтарға  ең  алдымен  арың,  ұятың  жауап  беруі  керек!  Сонда
ғана  өкінбейсің.  Сонда  ғана  шешім  дұрыс  болады.  Мен  де  сөйтуге
тоқталдым.
IX
Дүниеде  əркімнің  бір  қалағаны  болады.  Біреу  үй  салуды  сүйсе,  біреу
өлең  жазуды  арман  етсе,  ал  басқа  біреу  қыран  құстай  көк  бетін  сүйген,
ұшқыш  болуды  мəңгілік  тілегі  етеді.  Осының  қайсысы  болса  да
қиындықсыз,  бейнетсіз  емес.  Бірақ  қандай  азапты  көрсе  де,  адамға  сүйген
ісі бір поэзия. Өлеңді сүйген ақындай, сол ісіңді шын сүйе білсең, сен де өз
ісіңнің  ақынысың.  Поэзия  дегеннің  өзі  де  осы  емес  пе!  Суы  сорғалаған
шахтада  күндіз-түні  көк  тасты  бұрғылау,  кейбіреулерге  мехнат  болып
көрінуі  де  мүмкін.  Ал  сен  шын  шахтер  болсаң,  өміріңді  басқаша
ойламайсың.  Саған  дүниенің  ең  қызығы  сол  кек  тасты  бұрғылау  болып
көрінеді. Өйткені сен бұл жұмыстың өзге түсінбеген қиындығын түсінесің.
Қандай  қиындықпен  əр  текше  метр  көк  тасты  қопарып  қандай  жеңіске
жеткеніңді  өзгеден  гөрі  сен  жақсы  ұғасың.  Бұнда  əр  текше  метрді  қопару
—  сенің  арманың.  Ол  арман  —  əрқашан  да  адамның  қанаты,  шабыс
поэзиясы.
Мен  шахта  жұмысына  бірден  құлап  түскем  жоқ.  Қорқынышына,
мехнатына  етім  үйренгеннен  кейін  барып  оны  жақсы  кере  бастадым.  Бұл
жұмыс  маған  əр  қиындығын  жеңген  сайын  ұнай  түсті.  Бу  да  адамның
мінез-құлқымен  байланысты  болар.  Алдымда  қиындық  тұрса,  соны
жеңгенше  асығатын  менің  əдетім.  Мүмкін,  шахта  жұмысын  жақсы  керіп
кетуімнің  бір  себебі  осында  шығар.  Өйткені:  «Өмір  үшін  кім  қорықпай
майданға  шыға  алса,  өмір  сүруге  соның  қақы  бар»,—  деп  Гете  айтқандай,
шахтер  сол  өмір  үшін  күнде  еңбек  майданына  шығады,  қауіп-қатермен
алысады, сондықтан бұл майдандағы əр жеңісі оны еріксіз сүйсіндіреді, өз
кəсібін қымбат бағалауға еріксіз мəжбүр етеді.
Мен  осындай  сезіммен  шахтада  он  бес  жыл  кен  қаздым,  бұрғышы  боп
он бес жыл кек тасты қажадым. Бірақ əр еңбектің езінің жеңіс сатысы бар.
Институтты  сырттан  оқып  жүріп  бітіргеннен  кейін,  мен  де  осы  жеңіс


сатысы  арқылы  жоғары  көтерілуді  тілек  еттім.  Енді  менде  құр  кенді  ғана
бұрғылау  емес,  бөтен  де  арман  туды.  Осы  арман  еді  ғой  мені  институтқа
жетектеген,  осы  арман  енді  институтты  бітіргеннен  кейін  құр  бұрғышы
болып қалуыма жол бермеді.
Баяғы тас қапшықта қалған күннен бастап, оңтүстігіндегі кенді қайтсек
қауіпсіз  түрде  аламыз  деген  ой  менде  де  туған.  Бұл  ойды  орындаудың  бір
қиындығы  бар-ды.  Мысқазған  кен  алыбының  оңтүстік  жағы  жалпы  кенге
бай  келгенмен  ете  сулы,  тау  жыныстары  ағаш  бекінісінсіз  забой  жүргізуге
қауіпті  болатын.  Мəселе,  күр  ғана  біздің  шахтада  емес,  осы  оңтүстік
жақтың кен қоймасын түгелдей жаңа жолмен, жаңа əдіспен алуда еді. Мен
институтта  оқып  жүргенде  де,  оны  бітіргеннен  кейін  де  осы  мəселені  көп
ойладым.  Темекеңмен  де,  Қайсармен,  тағы  бөтен  тəжірибелі  инженер,
жұмысшылармен де көп кеңестім. Ақырында, Мысқазғанның оңтүстік кен
қоймасын  жер  астымен  емес,  жер  үсті  арқылы  алу  керек  деген
қорытындыға келдім.
Міне,  осы  арадан  барып,  Ақбаян  үшін  емес,  кенді  қалай  алу  мəселесі
жайында Əлжан екеуміздің арамызда үлкен жанжал туды.
Əлжанның  өзіме  істеген  қиянатын  былай  қоя  тұрғанда,  ол  күні  бүгінге
дейін  жұрт  көзіне  жаман  көрініп  келген  жоқ.  Жалғанда  ең  қауіпті  адам  —
ішкі сырын жасыра білген адам. Бертін келген соң əбден ұқтым. Əлжан да
соның  бірі  еді.  Соғыс  кезінде  кен  беру  керек  болды.  Əлжан  бұл  міндетті
мықтап  орындады.  Жұрт  оның  аяусыздығын,  өзгеге  қысымшылдығын,
өндірістің  жоспарын  орындауды  талап  етуден  туған  қасиеті  деп  ұқты.  Өзі
де кит етсе «Отанға қазір сенің ауырғаның емес, шахтаға түскенің керек!»
не  болмаса:  «Майданда  өзіндей  қыршын  жастар  қан  төгіп  жатқанда,  сен
жаумен  алысудың  орнына  менімен  алысқың  келеді.  Жоқ,  шырағым,
екеуміздің  патриоттығымыз  екі  түрлі:  мен  Отаным  үшін,  сен  өзің  үшін
еңбек  еткің  келеді!»  деген  секілді  сөздермен  жұрттың  аузын  аштырмады.
Жұрт  оған  не  десін?  Отан  соғысы  секілді  қан  қақсаған  кезеңде  бұндай  өз
айтқандарын орындата алатын өндіріс командирлері де керек еді. Оның сан
бұзық қылығын осындай жағдайлар жапты.
Соғыс  біткеннен  кейінгі  бес  жылдай  Əлжанға  тағы  жұрт  бата  алмады.
Өйткені  ол  қысыл-таяң  соғыс  арпалысында  өндіріс  жоспарын  жан  аямай
орындаған, халқына еңбегі сіңген бастық болып шыға келді. Мұндай жанға
кімнің  тісі  батсын?  Халықтың,  еңбекші  жұрттың  еңбегін,  патриоттық,
ерлігін,  өз  басының  пайдасына  жарата  білетін  адамдар  аз  ба?  Соның  бірі
осы  Əлжан  еді.  Демек,  бықси  жанған  оттың  түтіні  қанша  қалқаласаң  да
көрінбей қалмайды. Нашар адамның жамандығы бір білінбей кетпейді.
Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда,  Əлжанның  басына  екі  жамандық  туды.
Бірі «Қане! Қане! Кенді бер!» деп тек қана күнделік жоспарды орындаудың
соңында  жүргенде  (əрине,  кезінде  бұл  ете  керек  іс  еді),  ол  ойлану,
инженерлік  білімін  өндірістің  келешегін  көркейтуге  пайдалану  деген
қасиеттерден айырылды.


Екіншісі:  жұртты  өзіне  бағындырып,  тек  өз  айтқанын  ғана  істетіп
үйренгендіктен, морт мінезі енді озбырлыққа қарай кешті. Бір жаман жері:
Əлжан өз кемшілігін өзі білмейді. Қандай іс болса да жеке басын дəріптеу
тұрғысынан  қарайтын  болды.  Рудникті  «менің  руднигім»,  жоспар
орындалатын  болса  «мен  орындаттым»  дейтін  күйге  ұшырады.  Қайда
барсаң да оның «Мен! Мен! Мен!» деген сөздерін ғана еститін болдық.
Əрине,  мұндай  жағдай  өзін-өзі  бақылау,  өз  ісіне  есен  беру  дегенді
ұмыттырады. Қате басқан аяғыңды дұрыс бастым дегізеді.
Шахта  парторгі  Ақшалов  Əлжанның  тым  құлдырап  төмен  құлап  бара
жатқанын  дер  кезінде-ақ  сезген.  Өзімен  де  сөйлескен.  Бірақ  оған  не  істей
алады?  Əлжан  бұл  уақытта  рудник  бастығы  боп  Ақшаловтың  ықпалынан
шығып та кеткен.
Міне,  осындай  кезде  біз  Əлжан  екеуміз  оңтүстік  кен  қоймасын  қалай
пайдалану жөнінде бетпе-бет келіп айқаса кеттік. Оған қарағанда менің бір
артықшылығым:  кешегі  шахтер  бүгін  инженер  болдым,  Əлжан  секілді
еткен табыстың төңірегінде қалмай, қайтсек жаңа табыстарға жетеміз деген
арманға бар ақыл-ойымды бағындыра білдім.
Техникалық  мəселені  айтып  сіздердің  уақыттарыңды  алмайын.  Біздің
іспен шұғылданбаған адамға бұрын тақа қызықты да болмас. Қысқасы, осы
айқаста  біз  бірімізді-біріміз  аяған  жоқпыз.  Бірімізді-біріміз  құлатамыз  деп
айтылмаған  сөз,  қолданылмаған  шара  қалған  жоқ.  Тек  ол  бұл  мəселеге  ез
басынын.  абыройын  сақтап  қалу  тұрғысынан  қараса,  мен  өндірістің
пайдалы  жағынан  келдім.  Ақырында  дұрыс  қойылған  іс  жеңіп  шықты.
Мысқазған оңтүстік кен қоймасы үстіндегі тау жыныстарынан аршып, жер
бетінен  ашық  түрде  пайдалануға  арнаулы  трест  ашылды.  Бұл  треске  мені
бастық  етіп  бекітті.  Жанымды  аямай  жұмыс  істедім.  Аз  уақытта  біздің
трест  үлкен  өндіріс  орнына  айналды.  Мысқазған  кенінің  алпыс  процентін
біз  беретін  болдық.  Өткен  жылы  осы  еңбегім  үшін,  елу  жасқа  толуыммен
байланысты,  маған  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын  берді.  Бірақ  мен  буған
мастанған  жоқпын.  «Аяз,  əліңді,  құмырсқа,  жолыңды  біл»  дегендегі  жай
қатардағы  шахтерден  шыққанымды  естен  шығармадым.  Осыдан  шығар,
бұрынғы серіктерімнің бірде бірі менен айырылып кеткен жоқ. Байқаймын
өзге  жұмысшылар  да  мені  өздеріндей  жұмысшы  санап,  бөтен
бастықтарынан  гөрі  маған  жақын  жүреді.  Жылы  тартып  тұрады.  Жалпы
алғанда бағым жанып, абыройым өсе түскендей. Əттең, не керек, осындай
кезімде жұбайым Татьяна қайтыс болып көңілімді қайғы басты...
Біз трест болып бөлінгеннен кейін мен Əлжанмен анда-санда мəжілісте
кездескенім  болмаса,  тіпті  қарым-қатынасымды  үзгем  (оның  руднигі  де
треске айналған).
Тек  оқта-текте  «Əлжанның  ауруы  бұрынғыдан  да  асқынып  кетті.
Ешкімді тыңдамайды. Өзі — би, өзі — қожа. Тек ескі қадірі мен жоспарды
орындаудың арқасында ғана жүр. Жəне оның үстіне ішетін болыпты» деген


сөздерді  естіп  қоятынмын.  Бұл  қаңқу  сөздің  аяғы  түбі  бір  жамандыққа
апарып  соғатынын  сезетінмін.  Жамандық  бір  басталмасын,  ол  таудан
домалаған  жұмыр  тас  тəрізді,  жетер  жеріне  жетпей  тоқтамайды.  Менің
қауіптенуім  бос  емес  екен.  Бір  күні  «Əлжан  орнынан  алынып,  Қарағанды
маңындағы  бір  рудникке  қатардағы  инженер  болып  кетіпті»  деген  хабар
естілді.  Енді  бір  айдай  өткеннен  кейін,  «Əлжан  мен  Ақбаян  ажырасыпты.
Жұрт  көзіне  «баламыз  болмаған  соң  айырылдық»  дейтін  көрінеді.  Ал
негізгі  себебі  —  Ақбаян  оған  қосылғанда  тек  дəрежесіне  қызығып
қосылған  екен.  Енді  Əлжан  жай  инженер  болып  қалғаннан  кейін,  онымен
тұрғысы келмепті. Əрине, ондай сұлу əйел əлі де болса бір қалталы байды
табады ғой» деген суық, хабар дүңк ете қалған. Бəтиманың да: «Егер шын
сүйіп  қосылған  болсам,  мен  бүйтпес  едім»,—  деуі  де,  осындай  жайдан
тəрізді.
Мен  Əлжанды  табалаған  жоқпын.  Ол  жас  жанымды  бір  кезде  отқа
қандай  салса  да,  басына  туған  күн  Əлжаннан  да  асқан  қасыма  бермесін
дедім. Бірақ Ақбаянды жұрттың айтқан қаңқу сөзіне қимадым. Тіпті сенгім
келмеді.  Өйткені  Ақбаян  менің  жүрегімде  сол  баяғы  қолым  жетпес  алтын
құс  қалпында  қалған-ды.  Егер  айрылысу  Ақбаяннан  шыққан  болса,  оның
себебі басқада дедім мен ішімнен.
Сөйтіп  жүргенде  мен  онымен  кездестім.  Өздеріңе  белгілі,  біз  көл
басындағы кафетерийде отырғанда Бəтиманы бір жігіт шақырып кетті ғой.
Міне,  біз  содан  кейін  кездестік.  Бəтима  кеткен  соң,  жанындағы  дудар  бас
жігітке  Ақбаян  бірдеме  деп  қоштасты  да,  менің  қасыма  келді.  Татьяна
қайтыс  болған  кезде,  езі  келіп  көңіл  айтып  шыққан.  Қайғылы  адам
мұндайда  бөтенге  көңіл  бөледі  ме,  оның  түріне  де  жөндеп  назар  аударған
жоқ  едім.  Ал  қазір...  Қырыққа  келіп,  ерінен  айрылып  қайғы  жүдеткен  жан
секілді емес, баяғы өзім көрген Ақбаяным! Тек көз алдындағы уақ əжімдері
сəл көбейе түскен тəрізді. Бірақ сымбатты денесінің жұмыр жерлері толыға,
белі  бұрынғысынан  да  қыналып,  үстіндегі  ақ  көйлегінің  гүліндей,  түс
сипаты гүл-гүл жайнайды. Қасіреттен гөрі бақыт жеңген жандай.
«Егер  жас  кезінде  сүйген  қызың,  өзінің  сұлулығын  сақтай  білсе,  оған
деген махаббатың қояншық ауру секілді, көрген сайын бүкіл жан сезіміңді
билеп  əкетеді»  деген  сөзді  оқығаным  бар  бір  кітапта.  Бұл  сөз  дəл  маған
арнап  айтылған  тəрізді.  Ақбаян  жүрегіме  қанша  ауыр  жара  салса  да,  оны
көрген сайын, өзімді-өзім ұстай алмай қалам. Кенет жел соғып толқындана
жөнелген  тыныш  жатқан  көл  бетіңдей  жүрек  түбіндегі  бір  сезімдер  ойнай
жөнеледі.  Тек  менің  қолымнан  келері  —  сол  іштегі  толқынды  сыртқа
шығармауға тырысу. Бұл менің қолымнан кейде келеді, кейде келмейді. Бұ
жолы  да  осындай  халге  ұшырадым.  Осыдан  кейін  əбден  жауыр  болса  да,
ұлы  Пушкинше  «Махаббат  жасқа  қарамайды»  деген  қанатты  сөзін  қалай
есіңе түсірмессің!
Расында,  бір  сүйген  адамыңды  мəңгі  сүюге  болады  ма?  Болады  десек,
онда бүкіл əлемге тараған «Ең бірінші махаббат» деген сөз қайдан шыққан?


Бұл  сөздің  өзі  бірінші  махаббаттан  кейін  басқа  да  махаббат  болады  деген
мағынаны  айтпай  ма?  Бұдан  махаббаттың  да  адамның  жек  көру,  ұнату,
ұнатпау  секілді  өзгеріп  тұратын  сезім  категориясына  жатады  деген
қорытынды  шықпай  ма?  Егер  Ромео  мен  Джульетта,  Қозы  Көрпеш  пен
Баян сұлу жас кездерінде ажал таппай, тағдыр жазып қосылған болса, олар
бірін-бірі мəңгі сүйіп ете алар ма еді?
Меніңше,  бір  сүйген  адамыңды  мəңгі  сүйіп  өтуге  болады.  Бұл
махаббаттың
күшінен
ғана
емес,
адамның
мінез-құлқының
тұрақтылығымен байланысты. Көрінген ұшқыннан жалт етіп тез тұтанатын
жандар  да  аз  кездеспейді.  Бұнымен  қатар,  бір  сүйген  адамға  деген  сезімі
бойына жазылған мəңгі жазылмас кесел тəрізді өмір-бақи өзімен бірге алып
жүретін  кісілер  де  көп.  Өзі  қартайса  да,  махаббаты  қартаймайтындар.
Мұндай  адамдарды  мен  археологтарға  ұқсатам.  Бір  кезде  осындай  көркем
мүсіндер  болғанын  адамзат  есіне  сақтасын  деп  олар  ешкімге  керегі  жоқ
көне ескерткіштердің қалдығын музейлерге үнемі жинап жүреді ғой. Маған
кей  ғашықтар  да  осы  археологтарға  ұқсайды.  Мүмкін  оның  бір  кездегі
ыстық  жүрегі  əлдеқашан  сөнген  де  болар,  мүмкін  ол  сүйген  сұлу  қыз  да
қазір көне бетін əжім басқан кемпірге айналған шығар, бірақ ол жүрегінде
ең  ақырғы  сағатына  дейін  сол  бір  кездегі  жалынды  махаббаттың  қызуын
сақтауға  тырысады.  Өйткені  өзі  кəрі  болғанмен  махаббат  қашан  да  болса
жас.  Ол  адамзатқа  сол  жас  қалпында  мəңгі  қалуы  керек.  Сөйткен  күнде
ғапа  болашақ  ұрпаққа  да  ол  ұлы  дінге  айналады.  Адамзаттың  бұзылуына
жол  бермейді.  Махаббат  жоқ  жерде  болашақ  та  жоқ,  адам  онда  идеалсыз
аңға айналады.
Мен  бұл  жолы  да  өзімді-өзім  ұстай  алмадым.  Іштегі  толқу  бетімнен  де
саз берді ме, жаныма келіп отырған Ақбаян маған күлімсірей қарады.
— Хал-жайың қалай, Сабыр?
—  Шүкір.  Өзің  де  амансың  ба?—  Кенет  бойымды  бір  жалын  шарпып
кеткендей болды,—жаңағы жаныңдағы жігітің кім?
—  Магазин  директоры.  Машинасымен  көл  жағасына  келе  жатыр  екен,
бірге келдім. Оны неге сұрадың?— Ақбаян кенет сылқ-сылқ күлді.— Мені
əлі де қызғанасың ба?
— Қызғанам деп айтқан жоқ секілді едім ғой...
—  Жасырмай-ақ  қой,  өзім  де  білемін.  Сен  жасырсаң  да,  мен  айтайын...
Мен сені əлі де қызғанам...
«Міне  жаңалық!  Бұл  —  Ақбаяннан  күтпеген  сөзім.  Аяғы  қайда  апарып
соғар екен?»
— Сірə, менің сөзіме сенбегендей түрің бар ғой? Жоқ, шыным, мен сені
жиырма  жылдай  қызғанып  келдім.  Татьянадан  да  қызғандым,  Темірбектен


де, Қайсардан да, жаңағы жаныңдағы отырған келіншектен де қызғанам.
Əлгі  жалын  енді  жүрегімді  қаттырақ  шарпып  кеткендей  болды.
Жалғанда  өз  күшіне  өзі  сенген  сұлу  əйелдің  бірден  сырын  аша  сөйлеген
сөзінен  қиын  сын  жоқ  екен.  Мен  өзімді  ауға  түскен  балықтай  сезіндім.
Қалай  бұлқынсам  да  құтыла  алмайтынымды  білемін.  Жəне  құтылғым  да
келмейді.  Жанымда  отырған  алтын  құспен  бірге  махаббат  мені  де  өзінің
алтын торына шырмай түсуін тілеймін. Əйтсе де, ұзақ жылғы күйіктің жан
күйдірген  зардабы  əлі  өше  қоймаған  екен,  ұзақ  жылдар  бойы  маған  көз
қырын  салмай  келген  Ақбаянның  кенет  былай  сөйлеуі  маған  бір  жалған
сезімді  аңғартқан  секілді.  Көңілім  кенет  сес  алып,  енді  оған  сенімсіздене
қарадым. Ақбаянның бірден былай тікелей сөйлеуіне не себеп? Мен білетін
Ақбаян  қамыс  арасындағы  тұнған  қара  су  тəрізді,  оп-оңай  сырын  сездіре
қоймаса керек еді! Ол менің не ойлап отырғанымды айтпай білгендей:
— Жиырма жыл үндемей келген Ақбаянның бұнысы несі деп таңданып
отырсың ба? Əлде мен Əлжанға қосылып жиырма жылымның бос өткеніне
қапа  жеп  сенен  кешірім  сұрағалы  келді  дейсің  бе?  Өткен  өмір  өтті.  Оны
енді қайтып оралта алмайсың... Тек жер астында қамалған асау бұлақ тасты
жарып бір күні жасыл даланы көреді. «Ой түбінде жатқан сөз, шер толқыта
шығады»  дегендей,  жиырма  жыл  сақталып  келген  асыл  сырымды
ашқаныма айып етпе...
Мен  Ақбаянның  сөзіне  бұ  жолы  мүлтіксіз  сендім.  Сенбеске  себебім  де
жоқ  еді.  «Ақбаяндай  өзім  де,  міне,  Жиырма  жылдан  астам  осы  бір  жүрек
ауруын  ешкімге  білдірмей  сақтап  келген  жоқпын  ба?  Бір  кезде  жанындай
жақсы  көрген  сүйген  жардың  жиырма  жыл  сол  сезімін  сақтап  жүрмеді
деуге  қандай  күмəнім  бар?  иығыма  қонғалы  тұрған  алтын  құс  тағы  ұшып
кетуі мүмкін. Ақбаян секілді жандар тек күмəнсіз, мөлдір таза махаббатты
ғана бағалай алады.
Осындай ойға келсем де мен одан:
— Əлжаннан неге айырылдың?—деп сұрадым.
Сұрағымның орынсыз екенін өзім де ұқтым, бірақ соң ұқтым. Дегенмен,
Ақбаян ренжіген жоқ, томсара отырып жауап берді.
— Жұрт айтып жүрген сөзді, əрине, сен де естіген боларсың... Бірақ, сен
оған  сенбе...  Сенуге  қақың  жоқ.  Өзге  білмегенмен,  мені  Сабыр  білуге
тиісті.
Жиырма жыл жүрекке қадалған шаншу бұ жолы да ауыртпай қоймады.
— Иə, бір кезде білетін едім. Одан бері көп жыл етті ғой.
—  Көп  жыл  емес.  Маған  мəңгі  бітпес  талай  ғасыр  өткен  секілді.  Бірақ,
Сабыр,  сен  қате  ойлама,  Əлжаннан  саған  деген  қайғым  жеңіп  айырылған


жоқпын.  Қолмен  істегенді  мойынмен  көтеру  керек,  өзім  ерім  деп
қосылғаннан  кейін,  оның  қандай  күйіне  болса  қарайтын  едім...  Тек  оған
еріп кете алмайтын жағдайым болды.
— Қандай жағдай?
—  Құдай  менің  саған  еткен  опасыздығымның  жазасын  тартқызды  ғой.
Əлжанға  мен  бала  тауып  бере  алмадым.  Ал  оның  менен  басқа  əйелі  мен
баласы бар.
— Ақбаян, сен не айтып отырсың?!
— Өзіме ауыр тисе де, шындықты айтып отырмын. Бала таппайтыныма
көзі жеткеннен кейін, Əлжан осындағы өзінің қарамағында қызмет істейтін
бір  қызбен  көңіл  қосыпты.  Ол  қыз  Əлжаннан  екі  қабат  болады.
Қызметімнен  алып  тастар  деп  қорыққан  Əлжан  қызды  Қарағанды
жанындағы  Успен  руднигіне  көшіреді.  Онда  Əлжанның  туысқандары  бар.
Мұнда орнынан алынғаннан кейін, өзі де сол Успенге сұранды. Жас қатыны
мен бес жасар баласының жанына барғысы келді. Ал мен баласыз бəйбіше
болып  оның  соңынан  еруді  өзіме  ар  көрдім.  Қалай  ойласақ,  олай  ойла,
біздің айырылу себебіміз осы...
Мен  енді  Ақбаянды  аяп  кеттім.  Əлжанның  нашар  адам  екеніне  ең
алғашқы  кездесуден-ақ  əбден  көзім  жеткен.  Бірақ  дəл  мұндай  жексұрын
қылық  шығады  деп  ойлаған  жоқ  едім.  Ақбаянды  алдау!..  Бұл  менің  тіпті
миыма  кіретін  қылық  емес.  Ақбаянның  сол  арада  бар  күнəсін  кешірдім.
Тұрпайы сұрағыммен оның жүрек жарасының аузын тырнап ашып, онысыз
да күйіп жүрген жанын ауыртқаныма өте қысылдым.
— Кешір мені, Ақбаян,— дедім сұрағымның ауыр болғанын мойындап.
— Оқасы жоқ,— деді ол,— жұрттың бəрі көрінгеннің сырын қайдан біле
білсін...  Сенің  де  көпшілік  сенген  өсекке  сенбеуге  қақың  жоқ,—  ол  енді
жүдей күлді,— арада жиырма жыл өтіп кетті ғой...
Жоқ,  асау  жүрек  талай  өртенген,  арада  еткен  жиырма  жыл  енді  маған
жиырма күндей көрінген жоқ. Ақбаян екеуміз арамыздағы махаббат дəл сол
жас  қалпымыздағыдай  елестеді.  Тек  алғашқы  кездесуіміз  бен  осы
кездесуіміздің  арасы  жиырма  жылға  созылған  секілді.  Ал  ол  жиырма  жыл
Ақбаян  соншама  ұзақ  күткізіп  жаңа  ғана  қасыма  келген  сынды
көрінгендіктен,  бір  ұзақ  созылған  түске  ұқсайды.  Ақбаянымның,  алтын
құсымның,  қайта  оралуы  расында  да  маған  тек  түсте  ғана  кездесетін
бақыттан  айныған  жоқ.  Қазіргім  —  түс,  тек  өңіме  айналсын  деп  мен
Ақбаянға  əлсін-əлсін  қуана  қарай  бердім.  О  да  менен  көзін  алар  емес.  Өз
бақытына өзі сенбей отырған тəрізді. Тек əлден уақытта барып Ақбаян:
—  Жұрттың  бəрі  бізге  қарай  қалыпты,—  деді  екі  көзі  оттай  жайнап,—
жүрші, далаға шығып кетейік...


Біз  далаға  шығып  кеттік.  Осыдан  жиырма  жыл  бұрынғымыздай  жұпар
аңқып жасыл төккен жас бақшаның арасына барып отырдық. Дəл сонау бір
жиырма жыл бұрын соққан самал жел қайтадан баяу есіп бетімізден сүйді.
Дəл  сондағыдай  біз  біріміздің-біріміз  қолымыздан  ұстадық.  Бəрі  дəл  сол
кештегідей:  жүректің  соғуы  да,  қара  көздердің  күлімдеуі  де...  Бүгінгі
бақытымыз  да  сол  күнгі  бақытымыз  сынды.  Тек  біздің  қуанышымызды
бұзар Əлжан ғана жоқ.
Осылай бір ай кездесіп жүріп, енді біржолата қосылмақ болдық. Ақбаян
алғашқы рет маған үйіне келуге рұқсат етті.
Ал  сол  үйіне  келген  күннің  нəтижесі,  міне,  мынау  —  мен  ауруханада
жатырмын.
Бəтима:  «Мен  өйтпес  едім!»  дейді.  Айтуға  жеңіл.  Егер  Ақбаянның
орнында  Бəтима  болса  қайтер  еді?  Жұрт,  əрине,  Ақбаянды  Əлжанның
басынан бағы тайған соң айырылды дейді. Бұ сөзге жұрттың бəрі де сенді.
Тек  мен  ғана  сенбедім.  Ақбаянды  жақсы  көрген  жүрегім,  «олай  болуы
мүмкін  емес»  деп  бірден  кесіп  айтты.  Кезінде  дұрыс  күмəнданған  екен.
Бірақ бұны Бəтима ұғар ма? Тағы Бəтима? Ақбаянмен аузыма қатар түседі
де отырады. Бұл неліктен?
Бір жауабын осыдан білер ме екенмін дегендей, қолымды жүрек тұсына
қоямын.  Жоқ,  еш  хабар  жоқ  тəрізді.  Жүрек,  шіркін,  сол  əлі  айықпаған
қалпында баяу соғады. Үйге ақ халат киген Қайсар кірді. Оны көріп қуанып
қалдым. Бірдемені шеше алмай қиналғаныңда, не болмаса жол таба алмай
сасқаныңда  Қайсардан  артық,  ақылшы  жоқ.  Ол  қандай  мəселені  болса  да,
бетің  бар,  жүзің  бар  демейді,  түп  тамырынан  қопара  шешеді.  «Пышақтан
қорыққан  ауруынан  жазыла  алмайды,  шындықтан  қорыққан  жүрек
кеселінен  құтыла  алмайды»  дейді  ол.  Жайшылықта  Қайсар  ақ  жарқын,
қайдағы  жоқ  қулықты,  кейде  тіпті  ұйқаспайтын  өтірік  болса  да  айтып,
адамның  көңілін  аша  келеді.  Бұ  жолы  олай  болмай  шықты.  Есіктен  кірген
бетінен-ақ  бірдемеге  ашуланып  келгенін  аңғардым.  Жүзі  күреңденіп,
қабағы түксиіп кетіпті.
Хал-жайымды  сəл  селқостау  сұрап  болған  соң,  ол  маған  тікелей  қарап,
келген шаруасына кірісті.
—  Сабыр,—  деді  ол,—  екеуіміз  көптен  бері  жолдасыңыз.  Егер  бірдеме
сұрасам, айтасың ба?
—  Екеуміздің  арамызда  айтылмаған  бірдеме  қалып  па  еді?  Сұра
айтайын.
—  Сұрасам,  осы  Əлжанның  қатыны  Ақбаянда  сенің  не  шаруаң  бар?
Жиырма  жыл  отасқан  еріне  опа  бермегенде,  саған  опа  береді  деп  жүрсің
бе?— Ақбаянның сырын бұл қайдан білсін. Мен сезін тыңдап болайын деп
үндегем жоқ. Ол ойын аяғына дейін жасырғысы келмей,— бұрын жұрт сені


сол əйелмен көрдік деп жүргендерінде, ұшы-қиыры жоқ көк аспанда ұшып
жүрген  құстар  да  кездеседі,  адам  мен  адам  тау  емес,  жай  əшейін  кездесіп
қалатын  шығар  деуші  едім,—  деді,—  ал  бүгін,  сені  сол  əйелдің  есігінің
алдындағы  алаңда  көйлекшең  талып  жатқан  жеріңнен  балалар  көріп
«жедел жəрдемге» телефон соғыпты дегенді естігенімде...
Жүрегім су ете қалды.
— Қай жерде дейсің?—дедім дауысым Дірілдей шығып.
—  Қай  жерден  не?  Арақ  ішпейтін  едің  ғой...  Əлде  ұмытып  қалдың  ба?
Ақбаян  сұлудың  есігінің  алдыңдағы  алаңда  құлапсың  ғой.  Тіпті  пəтерінің
қоңырауын соғуға да үлгермегендейсің. Əлде соққан да шығарсың, бірақ ол
үйде  болмаған  көрінеді.  Сені  Бəтима  «жеңіл  жəрдем»  машинасымен  алып
кетпекші болып жатқанда ғана Ақбаян дүкеннен келіпті...
«Дүкеннен келгені қалай? Бұлардың мені есік алдындағы алаңнан тауып
алдық дегендері не сұмдық? Сол күндегі тамаша мезет менің көз алдымда
əлі  тұрған  жоқ  па?  Кенет  Бəтиманың:  «Пенжегіңізді  Ақбаян  жеңгейдің
үйінен  алдым»  деген  сөзі,  лəззат  үстінде  қайтыс  болып  кеткен
қызметкердің  денесін,  қорыққан  əйелдің  есік  алдына  шығарып  тастағаны
жайында  айтқанын  енді  түсіндім.  Жүрегім  ойнай  жөнелді.  «Расымен,
тастағаны  ма?  Онысы  несі?  Өліп  кетсем  қайтеді?  Бұл  неткен  сұмдық?
Қорықса  да,  дəрігерге  телефон  соқпай  ма?  Ең  болмаса  ескі  достығы  үшін
сөйтпей ме?»
Қайсар маған бұрылмастан, сол терезеге қараған күйінде:
—  Егер  ол  əйелде  көңілің  болатын  болса,  мен  ондай  бозбалалығыңды
кешпеймін.  Жас  емессің,  саған  өзіңді  күтетін,  сыйлайтын  Бəтима  секілді
адам керек. Ал Ақбаян тəрізді қырыққа келсе де, көңілінің желі басылмаған
сұлу сенің теңің емес. Ол ана универмаг директоры Мағазұмовтарға лайық.
Оңбаған,  бүлдіршіндей  əйелі  мен  екі  баласына  қарамай,  он  күндей
Ақбаянмен жоғалып кетіп, кеше ғана келіпті!
Жүрегім  бұрынғыдан  бетер  аласұра  бастады.  Əнеугүнгіден  бері  қолы
тимегені  де  сол  екен  ғой!  Мені  есік  алдындағы  алаңға  шығарып
тастауының  да  себебін  енді  түсіндім.  Үйінен  универмаг  директоры  бөтен
еркекті алып кеткенін білмесін деген ғой.
— Егер мен десең...— Қайсардың үні бір түрлі алыстан естілді. Кенет ол
бұрылып маған қараған болуы керек, менің түрімді көріп шошып кетті ғой
деймін,— ойбай-ау, сен өзің кетіп бара жатырсың ғой,— деген қобалжыған
дауысын естідім. 
Ар  жағында  не  болғанымды  өзім  де  білмеймін.  Есім  кіріп,  көзімді
ашқанда көргенім, қолында денеге дəрі жіберетін шанышқысы бар, бетіме
үңіле  қараған  Бəтима  мен  аяқ  жағымда  ақ  орамалмен  маңдай  терін  сүртіп


тұрған Қайсар болды.
—  Ойпырмай,  батырым-ай...  Зəремізді  алдың  ғой...—  Ол  бұршақтап
шыққан маңдай терін орамалымен тағы сүртті.— Мұндайыңды білгенде...
«Япырмау,  бұл  сонау  тас  қапшықта  алатын  ажалдай  су  алқымымызға
таяғанда  да  қалжыңын  тастамаған  Қайсар  ма?..»  Екі  ерні  кезеріп,  боп-боз
боп кетіпті. Жолдас болсаң, осындай бол!
Мен Қайсарды аяп кеттім, оның көңілін жұбатқым келіп:
—  Бəріне  де  өзім  айыптымын,—  дедім  қысыла  күлімсіреген  ишарат
көрсетіп.
—  Сабыр  ағай,  көп  сөйлей  бермеңіз,—  деді  Бəтима  маған  күлімсірей
қарап,— азырақ талмаусырап кеттіңіз. Қазір бəлендей қорқыныш жоқ...
— Жақсы, қарындасым...
X
Он  шақты  күннен  кейін  шын  айыға  бастадым.  Қайтадан  консилиум
шақырылып,  жүрек  ауруымның  дəл  емін  тапқан-ды.  Мүмкін  содан  да
болар. Дегенмен, менің бұлай кенет көтеріле түсуіме бөтен де себеп барды.
Жиырма жыл ақыл-ойыма, жан сезіміме маза бермеген алтын құс кеселінен
мүлдем айырылғандаймын. Алтын құс арманының орнына қанша жыласаң
да  қайта  оралмас  бір  күйіктің  өкініші  ғана  қалғандай.  Үміт  емес,  бұл  —
өкініш. Тез жазылуыма бұ да себеп тəрізді.
Демек,  өз  жүрегіме  өзім  күмəн  келтіргендей  де  боламын.  «Бітпейтін
қуаныш,  өшпейтін  қайғы  жоқ»  деген  осы  екен-ау  деймін.  Енді  Ақбаяннан
гөрі, Бəтима жайын көбірек ойлағым келеді. Көбірек ойлаймын да, бірақ ой
құрғыр  алысқа  бара  алмайды.  Нағыз  бір  өрісі  тар  тұсаулы  жылқы
тəріздімін. Секең-секең етемін де, əрі-беріден соң тоқтай қаламын. Қиялым
тайызданып,  жай  əшейін  малтуға  кірісем.  Ақбаян  дегенде  алып-ұшып,
теңіздей  толқитын  шіркін  көңіл  енді  тіпті  лепірмейді.  Осындай  мəре-сəре
болып жүргенімде бір күні Қайсар тағы келді. Ол бұл жолы да жай келген
жоқ екен, жанымның жарасының аузын тырнай келіпті.
Шахта жайында əрі-бері əңгіме шертіп отырды да, кенет:
—  Бүгін  Ақбаянды  көрдім,—-  деді.  Етімді  біреу  шымшып  алғандай  дір
ете қалдым, бірақ үндемедім. Қуанарымды да, ашуланарымды да білмедім.
Ақбаянның анандай қылығынан кейін, мың жерден ғашық болсаң да, оған
деген  жүрек  жылыр  ма?  Жоқ,  жылуға  тиісті  емес.  Жылымайды  да.  Ол
маған  енді  мəңгі  біткен  адам.  Əйтсе  де...  Жиырма  жылдан  астам  атын
көкірегіме  тұмар  етіп  таққандығымнан  ба,  Ақбаян  деген  сөз  құлағыма
құбыжық болып естілмеді.


— Өзі де əбден жүдеп бітіпті... Түрін көргенімде шошып кеттім,— деді
менің үндемесімді білгеннен кейін, Қайсар сөзді тағы да өзі бастап,— ұзақ
əңгімелестім...  Сонау  сенен  айырылған  күннен  бастап  қапа  шегумен
болыпты. Сені шын жақсы көреді екен, мен оған енді əбден сендім.
Қайсардың  мінезі  өзіме  мəлім.  Біреуді  кекетсе  де,  осылай  аяғансып
сөйлейтін  əдеті  бар.  Бұ  жолы  да  сол  мінезіне  салып  отыр.  Бірақ  қазіргі
менің жағдайым ойнайтын жағдай ма, бетіне ренжи қарадым.
— Əйтеуір, қалжыңың қалмайды.
— Қайдағы қалжың? Шынын айтып отырмын...
— Шыны — егер адам ажал үстінде жатқанында далаға шығарып тастау
болса, ондай шындықтан мен аулақ.
—  Оның  да  жанын  жегідей  жеп  жүрген  сол  қылығы  екені  сөзсіз...
«Махаббаттан  күйіп-жанып  бара  жатырмын»  деп  отырған  Ақбаян  жоқ.
Күйіп-жанып  бара  жатса,  бар  пəле  ішінде  шығар.  Ал  сыртына  шығып
тұрған  қайғы  —  сол  қылығынан  туған...  «Сасып  қалдым,  не  істегенімді
өзім  соңынан  барып  бір-ақ  білдім.  Қолымнан  келген  жəрдемімді  жасап,
дəрігер  шақырайын  деп  жүгіріп  үйге  келсем,  «жедел  жəрдем»  де  жетіп
қалған екен» деп «Ах!» ұрады. Мұндай жағдай болуы мүмкін ғой... Сасқан
үйрек артымен сүңгиді, үйінде дырдай директорды өлтіріп алу əр кімге де
жеңіл тимесе керек-ті...
— Сонда Ақбаянның қылығын ақтап отырсың ба өзің?
—  Болған  жағдайды  түсіндіру  —  қылмысты  ақтау  емес!  Əрине,
Ақбаянның қылығы — адам кешірерлік қылық емес.
— Бəсе!
— Бірақ сол қылығынан өзінің жер болып жүргенін айтамын. Оның бұл
қиналуының түбінде сені жас кезінен жақсы көру бар. Сондықтан да ол өз
күнəсінен  өзі  күйінеді.  Қылмысы  жанын  бір  жесе,  сенің  бетіңе  қарарға
ұяты  жібермей  жанын  екі  жейді.  Мұндай  қиналу  Ақбаянның,  əрине,
мүлдем  құрып  кеткен  адам  емес  екенін  көрсетеді.  Адамның  айыбы
адасқаны  емес,  адасқанын  мойындамау.  Ақбаян  адасқанын  мойнына  алып
отыр ғой. Мен соны айтам...
—  Сонда...  Маған  Ақбаянмен  қайтадан  тіл  тап  демексің  бе?  Мұндай
сөзге қалай аузың барады?!
Қайсар кенет ыржия күлді.
—  Біздің  елде  Жаубасар  деген  түйеші  болған.  Жаубасардың  інісі
Көпжасар  деген  еді.  Көпжасар  қырыққа  жеткенше  үйлене  алмай  келіпті.
Жаратылғалы кім көрінгеннің есігінде жүрген малайға қандай адам қызын


берсін.  Сол  Көпжасарға  байы  өлген  бір  жесір  əйелдің  көзі  түсіпті.  Той
жасап  қосылмақшы  болыпты.  Жесір  əйелдің  төркіні,  сірə,  белгілі  тұқым
болуы  керек,  тойға  дайындалып  жатқанда,  күндіз-түні  түйе  бағып,  кілең
құмайтты, бозды сусыз жерде жүріп, екі қолы бірдей күстеніп, тарам-тарам
боп  жарылып  кеткен  Жаубасарға  əйелі:  «Ертең  құдаларың  келеді.  Жалғыз
інің  үйленгелі  жатыр,  мə,  қолдарыңды  əдемілеп  тұрып  жу!»—дейді  қара
сабынды  беріп.  Жаубасар  жуына  бастапты.  Өмір  бойы  сабын  көрмеген,
күстеніп,  жарылып  кеткен  қолдары  қара  сабын  тигенде  шыдатсын  ба,
жанын  қоярға  жер  таппаған  Жаубасар  қолына  су  құйып  тұрған  қатынына:
«Көпжасар  емес,  нағыз  бір  мен  үйленетіндей,  қолымды  сабындатып
жуғызатындай, менде не əкеңнің құны бар еді!» деген екен. Сол айтқандай,
Ақбаянды  ұнатқан  өзің,  үйленетін  мен  емес,  тағы  сенсін,  араларыңды
қалай шешсең солай шеш.
Қайсарға  ашуланарымды  да,  ашуланбасымды  да  білмедім.  Тек,
Ақбаянды неге мұнша аяй қалғанына тан қалдым. Қайсарды қанша жақсы
кергенмен,  Ақбаянға  деп  қатқан  жүрек  тіпті  жібір  емес.  Біз  енді  бұл
əңгімені  доғарып,  қайтадан  шахта  жайына  көштік.  Əрі-бері  сөйлескеннен
кейін Қайсар үйіне кетті. Жалғыз қалғасын ойы құрғыр қайтадан Ақбаянға
көшті.
Қайсардың  айтқандарын  таразыға  салып  көрдім,  бірақ  жезді  қанша
алтын  болса  екен  дегенмен,  алтын  болады  ма?  Ақбаян  да  маған  енді  сол
құнсыз  жездің  бірі  тəріздене  берді.  Тек  Садық  есіме  түсіп  кетсе  ғана
осындай  опасыз  жан  есіл  ердің  қарындасы  болып  жаратылғанына  ішім
күйеді.  Садыққа  енді  Ақбаян  емес,  Бəтима  секілді  жанды  қарындастыққа
лайық деген ойға келем...
Мен қайтадан көзімді жұмам. Ондағым—тағы да ой теңізіне шому. Егер
қайғылы  жаныма  ойым  серік  бол¬маса  не  істер  едім?  Жападан-жалғыз
отырып,  жанымды  қоярға  жер  таппас  едім.  Ойшыл  етіп  жаратқаныңа
құдайға  шүкір.  Ой  —  менің  еткен  өмірімнің  айнасы,  болашақ  өмірімнің
қанаты.  Оған  қанша  берілсем  де,  жалықпаймын.  Тіпті  берілген  сайын
шабыттана  түсем.  Өткен-кеткенді  таразыға  сап,  оз  қылығыма,  өз  істеріме
үкім айтамын. Болашақта ондай қателер істемеуге ант етемін.
Ойлай берсең, өткен күннің өзі бір ертегі емес пе? Сол ертегі мені тағы
өзінің  таңғажайып  қызығына  еріте  жөнелді.  Тағы  да  өткен  күндер  көз
алдымнан дəл жас кезімдегідей елестей берді...
Біздің  буынның  басынан  қандай  қиындық  өтпеді!  Ауыр  өндірісті
өркендетудегі  жоқшылық  та,  ауыл  шаруашылығын  колхоздастырудағы
қиындық  пен  түсінбеушілік  те.  Көз  алдымнан  əлі  кетпейді.  Мысқазғанға
қарай  сонау  Торғай,  Есіл,  Батпандала  бойынан  аш-жалаңаш  шұбырған  ел.
Қаңырап  бос  қалған  қыстау,  ауыл.  Ал  Отан  соғысы  халыққа  қандай
қиындыққа түсті! Əйтсе де, сол қиындықпен жасаған ауыр өндіріс пен аш-
жалаңаш  жүріп  ұйымдастырылған,  жалпылай  бірлестірілген  ауыл
шаруашылығының  күші  арқылы  біз  қан  майданда  жеңіп  шықтық  қой.  Бұл


—  партиямыздың  түпкі  саясатының  дұрыс  екенін  көрсетпей  ме?  Əрине,
көрсетеді.  Бірақ  мен  кейде  егер  Ленин  бір  жиырма  жыл  тірі  тұрса  қайтер
едік деп ойлаймын? Жоқ, Ленин əлі бір жиырма жыл тірі болғанда, əрине,
бұл  жеңістің  бəріне  де  біз  жетер  едік.  Оған  мен  титтей  де  шек
келтірмеймін,  бірақ  бұл  жеңістердің  бəрі  де  бізге  сəл  жеңілдеу  түсер  еді.
Əттең,  əттең,  ұлы  көсем,  ерте  кеттің!..  Лениннің  аты  аузыма  түссе,  маған
тағы  бір  ой  келеді.  Ол  ой:  Лениннің  буыны  Ұлы  Октябрь  революциясын
орнатса,  Ұлы  Отан  соғысының  ауыртпалығын  негізінде  арқалап  шыққан
біздің буын — Ұлы Октябрь шұғыласында туған жастар буыны. Ленин əке
болса,  біз  баласымыз.  Бірақ  біздің  арамызда,  əке  мен  бала  арасында,  еш
қайшылық  болған  емес.  Біздің  бар  арманымыз  халқын  ұлы  жеңіске
жеткізген  сол  əкелеріміздің  жолын  адал  ұстап,  солардың  өсиетін  жан-
тəнімізбен  адал  орындау  болатын.  Соның  арқасында  ғана  Ұлы  Отан
соғысында  жеңіп  шықтық.  Əке  жолы  біздің  патриоттық  сезімімізді
шынықтыра  түсті.  Отан,  халық  деген  ұғымдарды  көкірегімізге  тұмар  етіп
тағуға болар жəрдем берді. Ал қазір ше? Жалпы жастар əке жолын мықты
ұстағанмен,  шығып  жатқан  кейбір  кино,  көркем  əдебиет  туындыларына
қарағанда, əке мен бала, ұрпақтар арасында қайшылықтар сезілетін тəрізді.
Жас  буын  біздің  ісімізге  қанағаттанбайтындай  қандай  себебі  бар?
Заманымыздың  бар  ауыртпалығын  біз  арқалаған  жоқпыз  ба?  Ажалға
кеудемізді  қарсы  ашып,  қан  құмар  Гитлер  басқыншыларын  жеңіп,  жас
ұрпағымыздың  келешегін,  Отанымыздың  тəуелсіздігін  біз  сақтап  қалған
жоқпыз  ба?  Онда  бізге  қояр  қандай  айыбы  бар?  Əлде  жеке  адамға
бағынушылық  əрекетінен  шыға  алмай,  өздеріңнің  рухани,  сана-сезім
байлықтарыңды  кеңінен  пайдалана  алмадыңдар  дегенді  айтпақ  па?  Ой-
пікірлеріңді  ашық  жайып,  сана-сезімдеріңді  еркін  өрбітудің  орнына,  жеке
адамға  бағынудан  туған  саясаттың  арқасында,  кейде  тар  түсінікте  ғана
қалыптастыңдар демек пе? Əрине, мұндай жағдай да болды. Бірақ сол жеке
адамға  бағынудың  қате  екенін  ашқан  біз  өзіміз  емеспіз  бе?  Қатесін  жоя
білген  əкеге  айып  тағуға  бола  ма?  Əлде  əке  мен  бала  арасындағы
қайшылықтар  —  өсу  қайшылықтары  ма?  Солай  тəрізді.  Əке  мен  бала,
ұрпақтар  мен  ұрпақтар  арасында  өсу  қайшылықтары  кездеспеген  жерде,
қандай қоғамды алсақ та, алға баса алмас еді. Тек бұл қайшылықтар бірін-
бірі  жоятын  қарама-қарсы  шығар  қайшылықтар  емес.  Бірін-бірі
толықтыратын, əке жолын болашақ ұрпақтар көркейте түсуіне мүмкіншілік
беретін өсу қайшылықтары. Бұл — коммунизмнің табиғи қасиеті.
Демек,  жас  ұрпақты  тəрбиелеуде  соғыстан  кейінгі  жылдарда  бізден
аздаған  қателік  кеткен  тəрізді.  Соғыстан  күйзелген  шаруашылығымызды
жөндейміз деп жүріп, жастардың патриоттық сезімін тəрбиелеуді аз уақыт
естен  шығарған  тəріздіміз.  Оның  үстіне,  кейбір  көк  езулер  жеке  адамға
табынудан  туған  қателіктерді  жалпы  совет  қоғамының  қателіктеріне
айналдырып,  өткен  күн  жемістерінен  жас  ұрпақты  басқа  жолға  салуға
тырысқан  тəрізді.  Осыдан  барып  жастардың  батыс  мəдениетінің  кейбір
сасық  дəстүрлерін  мəдениеттің  жақсы  түрі  деп  түсініп,  оған  еліктеу  əке
жолынан  шалыс  болуда  туғандай.  Бірақ  əке  балаға  сыншыл,  олардың
қатесін біз дер кезінде кердік. Жөнге салуымыз сөзсіз.


Ал бірақ Ақбаян секілділерді жөнге салуға болады ма? Оның қылығы да
социализм əлдеқашан жеңген капитализмнің құбыжық дəстүрінің қалдығы
емес  пе?  Иə,  қалдығы.  Сонда  не  болғаны?  Капитализмнің  өзін  жеңгенде,
оның совет адамының мінез-құлқына, сана-сезіміне суық əсері тиер жаман
қалдығын  жеңе  алмағанымыз  ба?  Онда  капитализмді  құртқанымыз  қайда?
Жоқ, бізге қазір капитализмді тап тартысында, шаруашылықта құрту аз. Біз
капитализмнің  қалдығын  бүкіл  совет  адамының  сана  сезімінде  де
жоюымыз керек. Бұл — тартыстың жаңа арнасы, бұл — капитализммен ең
соңғы айқасымыз.
Ал  Ақбаянға  не  болды?  Жан  шошынарлық  қасиет  оған  қайдан  келеді?
Əлі есімде екеуміздің алғашқы танысқан күніміз! Онда да көктем болатын.
Сонау оңтүстіктен Арқаның көк шалғын, шалқар көліне қайтқан қаз-үйрек
рудник  үстінде  етіп  бара  жатқан.  Қиқуы  аралас  сыңсыған  құс  үні  бүкіл
Мысқазғанның  сұрғылт  даласын  бір  əсем  дүниеге  бөлегендей  еді.  Жоқ,
Мысқазғанның  да  жайшылықтағы  сұрғылт  даласы  қазір  сұрғылт  емес-ті.
Жас  ағаштары  жасыл  жапыраққа  оранын,  жыңғыл,  баялыш,  жусандары
көгілдір тартып, əр жерде ойдым-ойдым боп көк шығып, бүкіл дала үстіне
бір  сəнді  түкті  кілем  жабылғандайтын.  Қызылды-жасылды  сарғалдақ,
бəйшешек əр жерден қылтиып көрініп, көктемгі далаға ерекше көрік беріп
тұрған-ды.
Демалыс  күні  еді.  Жайшылықтағы  серігім  Садық  бір  шаруамен
Қасқырсай  заводына  жүріп  кеткен.  Күні  бойы  үйде  жалғыз  кітап  оқып
отырып,  зерігіп  кетіп,  азырақ  поселке  шетіне  шығып  серуендеп  қайтпақ
болғам.
Екпінді  кез  еді.  Мысқазғанның  күншығыс  жағындағы  адыр,  төбені
аралап  келе  жаттым.  Аспан  көкпеңбек.  Əр  жерден  бөдене,  торғай,
бытпылдық  дауысы  естіледі.  Ауа  көгілдір  аспандай  таза.  Жұтқан  сайын
көкірегің  кеңіп,  жұта  түскің  келеді.  Осындай  тамаша  дүниеде  адам
қайғысыз  болса  қандай  рақат!  Мен  қайғысыз  едім.  Жан-тəнімді,  бар
қиялымды  тек  көмескі  болашақ  қуанышы  ғана  билеген.  Бұл  қуаныш  не?
Жалыны  қол  тигізбес  албырт  жастықтың  дүйім  жұрттан  өзін  армансыз
санататын  тулаған  ыстық  қанының  ойнауы  ма?  Əлде  дүниеде  махаббат
секілді тағы да бір əсем сезім бар екенін сезінген жас жігіттің қиял шабыты
ма?  Өзім  де  білмеймін.  Əйтеуір  бар  əлем  құшағыма  сыйғандай,  ақыл-ой,
жан сезімімді билеп кеткен бір шаттық! Дəл осындай таза ауаға, шат қиялға
мас  болғандай,  жападан-жалғыз  қыдырып  келе  жатқанымда,  дəл  қарсы
алдымнан,  сұрғылт  тасты  адырдың  тұмсығынан  төрт-бес  қыз  шыға  келді.
Гүл  теріп  қайтып  келе  жатыр  екен.  Іштерінде  Ақбаян  да  бар.  Ол  бір  топ
қызғалдақты құшақтап алған. Жоқ, қызғалдақ емес, Ақбаянның құшағында
дəл  осы  сəтте  маған  бір  топ  шоқ  тəрізденіп  көрінді.  Көршілес
болғандықтан,  күнде  кездесіп  жүрсем  де,  қыздың  өзі  де  маған  бұ  жолы
басқаша  көрінді.  Жұмырлана  бастаған  құлын  мүшесі  ерекше  көзіме  түсті.
Жүрегім дір ете қалды. Бойымды көмескі сезім текке билемеген екен. Осы


қуанышқа көрінгенін енді ұқтым.
—  Жападан-жалғыз  қайда  бара  жатырсың,  Сабыр  аға,—  деді  қыз
тостағандай көзін жалт еткізіп.
Жүрегім құйын соққан су бетінде ойнап кетті.
— Жалғызбын ба?!
— Көлеңкеңнен бөтен ешкімді көріп тұрғам жоқ.
—  Бекер  үйдейсің.  Мынау  көгілдір  аспан,  жасыл  жамылған  адыр-
бұдырды қайда қоясың?
—  Ə-ə!—  Қыз  күлді.  Дауысы  күміс  қоңыраудай  сыңғырлай  шықты,—
Онда, анау құмырсқаларды да өзіңе серік көретін шығарсың?
Бұл  ағалы-қарындастай  болып  жүрген  қыз  бен  жігіттің  алғашқы  əзілі
еді. Ақбаянның қасындағы қыздар жымия күлісіп бізді тастап ұзай берді...
— Өзің қайдан келесің?— дедім мен.
— Көріп тұрған жоқсың ба, гүл теріп келемін.
— Гүлді кімге арнап теріп келесің? Маған арнап па?
Су  домалатып  əбден  жұмырланбаған  қайрақ  тастай  кедір-бұдыры  көп
қайран  жастық!  Қалжыңымның  дөрекі  шыққанын  өзім  де  білдім.  Қыз  сəл
қызарып төмен қарады.
—  Гүлді  апама,  Садыққа  арнап  тердім,—  деді  Ақбаян.  Сөйдеді  де,  сəл
кідірді,— ал мына біреуін саған арнап жұлдым.
— Онда өзіме берсейші.
Ақбаян қызғалдақтың аса бір қызылын алып ұсынды. Мен алып иіскедім
де, көйлегінің омырауына тақтым.
— Қандай əдемі гүл еді! Дəл езің секілді екен.
Ақбаян  тағы  екі  беті  оттай  жанып  қып-қызыл  боп  төмен  қарап  кетті.
«Жас  сезімі  мөлдір  бұлақтай  таза  Ақбаян,  міне  бүгін  жез  екше  əйелдің
қылығын  істеп  отыр.  Себебі  қайда?  Бұған  кім  айыпты?  Қателік  қай  жерде
пайда болды?»
Сол күнгі Ақбаян есіме түссе, жүрегім пара-пара боп жыртыла жөнеледі.
Құр  өкінуден  бөтен  қолымнан  не  келеді?  Кезімді  қайта  жұмып  едім,  ой
тізбегі əрі қарай жалғаса берді...
Ақбаян сəл қысылып тұрды да, маған қайта қарады. Бірақ бұл жолғы көз


қарасында бөтен бір сезім пайда болғаны хақ.
— Сабыр аға, расымен сізге осы қызғалдақ секілді сұлу көрінем бе?..
— Қызғалдақтан да сұлу көрінесің.
— Онда...
Ақбаян тоқтай қалды. Қызарып тағы төмен қарады. Қыздың не айтайын
дегенін  білмесем  де,  оның  өзіме  деген  бір  асыл  сезімін  ақылыммен  емес,
жүрегіммен түсіндім.
—  Мен  сенің  жалғыз  қызғалдақ  қана  емес,  əлемнің  бар  гүлінен  əдемі
болғаныңды тілер едім.
— Неге?
—  Айтайын  ба?—дегем  өзімді-өзім  ұстай  алмай  қалып,  əжемнің  бір
айтқан аңызы есіме түсіп кетіп.
— Айт,— деген Ақбаян жаудырай қарап.
— Менің қарт əжем болатын. Ол немересін яғни мені өте жақсы көретін.
Он төртке жеткенімде жанына отырғызып алып, өзінің білетін ертегі, аңыз,
өсиетін айтып ермек ететін. Бір күні сол əжем маған:
—  Баяғыда  Ер  Кіндік  деген  бір  бала  батыр  болыпты,—  деген  күсті
қолымен басымнан сипап,— қан майданда үлкен ерлік көрсетіп, ел-жұртын
қорғағаны  үшін  Баба  Түкті  шашты  Əзиз  пайғамбар  оған  риза  болып:
«Шырағым,  дүниедегі  бір  тілегіңді  берейін,—  депті,—  не  тілейсің:  көрік
пе,  ақыл  ма,  бақ  па?»  Сонда  Ер  Кіндік  батыр:  «Бұл  үшеуінен  бөтен  басқа
тілек тілесем, бересіз бе?»—депті. «Берем,— депті Баба Түкті шашты Əзиз
пайғамбар,—  тек  мəңгі  өлместікті  сұрама».  «Неге?»  депті  бала  батыр.
«Дүниеде  алла  тағала  ғана  мəңгі  өмір  сүруге  тиісті.  Өзгемізге  мəңгі
өлместік  сұрау—күнə»,—  депті  пайғамбар.  Сонда  бала  батыр:  «Өзімдей
адам  біткеннің  бəрі  өліп  жатқанда,  көзге  шыққан  сүйелдей,  мəңгі  тірі
жүруді  мен  де  ұнатпаймын.  Жалғыз  ғана  тілегім  бар,  соны  берсеңіз
болады»,— депті. «Айт! Берем»,— депті Баба Əзиз пайғамбар. «Онда...—"
депті  бала  батыр,—  жаңағы  үш  қасиеті  бойына  бірдей  біткен,  маған  адал
жар  берсеңіз  болғаны».  «Жалғыз  тілегіңді  берем»  деген  пайғамбар  сөзден
жеңіліп, көркі, ақылы, бағы бар Ер Кіндікке адал жар беріпті. Сол адал жар
арқасында бала батыр өле-өлгенше дүниедегі ен бақытты адам боп өтіпті.
Осы əңгімені Ақбаянға айтып бердім де:
—  Адал  адам  өзіне  қимас  қасиетті  сүйгеніне  қияды  деген,  мен  де  сені
сүйгендігімнен, бар гүлден əдемі болуыңды қидым.
Бұрын  махаббат  дүниесіне  машықтанбаған,  əлі  күнəсіз  нəресте  пəк


мінезден  арылмаған  бала  қыз  «сүйдім»  деген  сөзді  тікелей  мағынасында
ұғынып:
—  Қалай  үйдей  аласыз?—деген  ұялғанынан  екі  беті  маздап  жанған  от
алдында тұрғандай балбырап.— Сіз мені сүйіп көрген жоқсыз ғой.
Мен  де  қыз  сөзін  өзімше  түсінгем.  Жайбарақат  өз  бетіне  тұрған
Ақбаянды кенет құшақтай беріп, томпиған қызыл ернінен құшырлана сүйіп
алғам. Қыз ыршып түскен. Ұялғанынан екі бетін қолымен басып солқылдап
жылап жіберген.
Күнəсіз ернінен жігіттің алғашқы рет сүйгеніне сонша қысылған кешегі
албырт  Ақбаянның  бүгінгі  қылығы  мынау.  Көңіл  шіркін  тағы  да  алғашқы
рет  құрық  көрген  асау  жылқыдай  тулай  жөнелді.  «Қате  қай  жерде  болды?
Кім айыпты? Əлде Ақбаянның мұндай қылмысына жаратылысынан бойына
біткен қасиеті себепкер ме?»
Арқама Ақбаян қылығы аяздай батты. Жанымның бұл ауруы өзімнің қор
болған  махаббатымнан  туған  жоқ.  Махаббаттың  опасыздығына  жиырма
жасында  шыдай  алған  жас  жігіт  елуге  келгенінде  өлердей  боп  күйінбеске
тиісті. Адам қандай ауруға, қиянатқа болса да көндіге біледі, шыдамдыққа
үйренеді.  Мен  де  соған  үйренген  екем,  жаным  аз  уақыт  жаман  ауырып
жүрді  де,  ауыр  кесел  бірте-бірте  өше  бастады.  Ал  ендігі  менің  жанымды
жеген басқа кесел. Ол Ақбаянның бақытсыздығы еді. Қырықтан асып бара
жатқанда  оның  мұндай  күйге  ұшырауы  бақытсыздық  емей  немене?  Əрине
бақытсыздық. Түр сипатың хор қызында əдемі болса да, қырықтан асқанда
əйел  он  жетісіндегідей  бақытты  бола  алмайды.  Бақытты  болса  да  жас
күніндегісіндей  шаттана  алмайды.  Көне  жүрек  пен  жас  жүректің  соғуы
екеуі  екі  түрлі.  Шаттыққа  біреуі  аса  жүйріктей  лепіріп  тыпыршыса,  біреуі
əлі  де  болса  бір  шабуға  жарар  жылқыдай  құр  елегізе  мазасызданады.  Ар
жағында  алып-ұшып  бара  жатқан  күш  жоқ.  Ақбаянның  да  махаббаттағы
қалған  күні  осы  қызуы  басыла  бастаған  жылқының  қарқыны  секілді.  Сан
бəйгіде  жол  бермеген  ерке  жүйрікке  бұның  өзі  бақытсыздық.  Бірақ  осы
бақытсыздыққа кім айыпты? Бірі Əлжан болса, екіншісі Ақбаянның өзі.
Əлжан он жетіге жаңа жеткен сұлу қызға үйленді. Ар жағында не істеді?
Тек  қас-қабағына  қарап  еркелетті  де  қойды.  Ал  Ақбаян  күйеуінің  бұл
қылығын өзінше түсінді. Не оқымады, не жұмыс істемеді. Қарайтын жылап
жатқан  бала  жоқ,  тек  қыздай  сылаңдап,  өзінің  үсті-басын  қараумен  күні
өтті. Ең қызық дəурені өтті.
Маймылды  адам  еткен  еңбек.  Адамды  адам  етер  де  енбек.  «Тамағы
тоқтық,  жұмысы  жоқтық,  аздырар  адам  баласын»,—  деп,  атамыз  Абай
айтқандай,  күндіз-түні  ойлағаны  уақытын  қалай  қызықты  өткізу  болған
Ақбаянның  бұрыс  жолға  түсуі  қиын  ба  еді?  Əрине,  қиын  емес.  Мұндай
жағдай  түбі  Əлжанды  да,  Ақбаянды  да  үлкен  трагедияға  əкеп  соғатынын
оларға  ешкім  айтпады.  Аузынан  жалыны  шыққан  директордың  семья
мəселесіне кірісуге кімнің батылы барсын!


Жас  емен  өседі.  Оны  жаңбыр  да,  жел  де,  дауыл  да,  боран  да  құлата
алмайды.  Тамырын  жер  астына  терең  жіберген  алып  емен  қандай  дүлей
күш  болса  да  қарсы  тұра  алады.  Бірақ  күндердің  күнінде  əлдеқалай  ұрып
кеткен  желден  опырылып  құлайды.  Қаһарлы  аязға,  қарлы  боранға,
найзағайлы долы дауылға қарсыласа білген осынау мызғымас ағашқа əлсіз
желден құлайтындай не болды?
Жоқ, емен əлсіздігінен құлаған жоқ. Бір кезде, жас кезінде, ішіне түскен
құрт, оны ұзақ жыл қуалай жеп əбден əлсіреткен. Алып ағаштың ажалы өзі
асыраған,  өз  ішіне  сақтап  пана  болған  өз  құртынан  келді.  Ақбаянның  да
күйреуі сонау жас кезінен жүрегіне жегі болып ұялаған аурудан еді. Оның
өмірге  деген  бар  пəлсапасы  «сен  еріңе  өзіңнің  сұлулығыңды  бер,  ал  ол
саған өмірдің бар қызығын орнатсын» деген кесел ұғымнан туған. Бұл шын
өмір  сүргісі  келген  адамға  жеңіл  пəлсапа.  Өмір  деген  бір  үлкен  дария,  ол
кейде  тыныш,  кейде  долы  толқынды  келеді.  Одан  өзің  күшті  болсаң  ғана
өте  аласың,  ал  құр  қайықшыңа  сенсең  алдыңда  толып  жатқан  қатер  бар.
Мен енді түсіндім, Ақбаян құр қайықшысына сенген. Əлжан оны өмірбақи
өмір дарияның айнадай ашық көгілдір үстінде желкен қайықпен серуендеп
жүре  береді  деп  ұққан.  Ал  қайықшысы  —Əлжаны  күйреп  еді,  өмір
дарияның кенет соққан асау толқынына Ақбаян қарсыласа алмады. Басына
туған  қатерден  аман-есен  алып  шығар  бөтен  қайықшыны  іздеді  (əрине
ондай  қайықшы  мен  болуға  тиісті  едім).  Қайықшы  табылмап  еді,  оп-оңай
көк  толқынға  бата  жөнелді.  Міне,  бір  кезде  əмірдің  есігін  жас  нəрестедей
мөлдір таза ниетпен ашқан жас сұлу, лаулаған жалын қуанышын, бағын өз
қолымен  сөндіріп,  ақырында  қаралы  күйге  ілікті.  Қайтадан  ол  адал  жолға
түсе  ала  ма,  əлде  түсе  алмай  ма  білмеймін.  Тек  ол  маған  енді  мəңгі  өлген
адам.
Мен  Ақбаян,  өмір  туралы  ұзақ  ойладым.  Ойлаған  сайын,  өн  бойымды
өкініш билей берді. Бұл қиналудан құтылар қандай жол бар? Жол біреу-ақ.
Ол — өткеніңді ұмытып, келешегіңді дұрыс таңдай білуде.
Келешек?  Ол  сенің  бағың.  Ол  өзің  құрған  қақпаның.  Не  түседі  ол
қақпанға?  Қандай  аңға  арнап  құрдың  ол  қақпанды?  Бəрі  өзіңмен
байланысты. Өз келешегіңнің аңшысы сен өзіңсің. Түлкі соғасың ба? Əлде
өмір — қызыл түлкі сені соға ма, бəрі де тағы сенің ез күшіңмен, дүниеге
деген  көзқарасыңмен  шиеленіскен.  Сол  шиеленіскен  түйінді  қалай
шешесің, міне гəп қайда!
Маған  ең  қиын  түйіннің  бірі—Ақбаян  еді,  бұны  шештім.  Екінші  қиын
түйін  —  Бəтима  болатын.  Əрине,  бұны  шешу  оңайға  түспейді.  Бірақ  түбі
шешу керек. Өйткені мен оны шын жақсы көре бастаған тəріздімін.
Ал  сонда  өмірдің  ойлаған  шиеленіскен  түйінін  шешу  үшін  тек  бір
адамды жақсы керуің жеткілікті күш пе? Меніңше жеткілікті күш. Өйткені
өмірдің қызығының өзі де адам баласының бірін-бірі жақсы көруінде емес
пе?  Олай  болса,  мен  Бəтиманы  жақсы  көремін.  Жақсы  көрген  жерде  өмір
бар. Ал өмір бар жерде шешім де болады. Тек жылдамырақ жазылайын...


Міне,  мен  енді  жазылып  та  шықтым.  Ауруханада  жатқанда  «бəлен
істесем,  түген  істесем»  деген  көптеген  ойым  да  болатын.  Соның  бірі  бала
жастан  бері  көрмей  кеткен  сонау  туған  жеріме  —  көгілдір  толқыны  көбік
атқан  көк  Есілдің  жағасына  бір  барып  қайту  болатын.  Бұрын  туған  жер,
ағайын-туыс  дегендер  біреуі  де  есіме  келмейтін.  Қартая  бастағанның
белгісі  ме,  енді  балдырған  балалық  күнім  еткен  сонау  алысты  бір  көруді
арман  ететінмін.  Мұндай  арман  əркімдерде-ақ  —  құс  жануарларда  да
болатын  көрінеді.  Маған  бір  аңшының  «аққу  қай  жерден  ұясынан  қанат
қағып  шықса,  өлерде  басым  со  жаққа  салып  жан  береді»  дегені  бар.  Кей
адамдарда  с  ондай  туған  жеріне  деген  ыстық  сезім  өмір  бойы  есінен
шықпайды ма, қалай, əсіресе қартайған кезінде соя сезім лапылдап жалын
болып  жанатын  тəрізді.  Ескі  кезде  қазақтың  кейбір  атақты,  не  дəулетті
адамдарының  өлгенімде  бəленше  жерден,  не  .ата-бабалары  жатқан
зираттарға  апарып  көміңдер  деулері  де  осындай:  сезімнен  шыққан  болар.
Əйтеуір мені де осындай бір сезімдер билей бастады. Жалғыз бұл ой емес,
ауруханада  жатқанда  басқа  да  таңғажайып  ойларым  бар-ды.:  Біресе  сонау
Садықтың  зиратына  іздеп  барып  тауып  алып,  басына  ақ  мрамордан
ескерткіш  орнатпақ  болдым,  біресе  майдандас  достарымның,  тұтқында
бірге  болған  жан  серіктерімнің  басын  қосып  əңгіме-дүкен  құрып  шер
таратуға,  олардың  тұрған  жерлерін  сұрап  газеттерге  хаттар  жазуға  да  бел
будым.  Қысқасы  көп  нəрсе  істемек  болдым.  Бірақ  бұнымның  бəрі  төсекте
ұзақтан-ұзақ  сарылып  жатқан  адамның  бос  қиялы  болып  шықты.  Өмір
өзінің  асау  ағысымен  алып  кетті.  Ауруханадан  шыққан  күннің  ертеңіне-ақ
өндірістің мəңгі-бақи бітпес қызығына түстім де кеттім.
Жоғарыда  айттым  ғой,  Мысқазған  кені  бізден  бұрын  «камералық
система»  атты  əдіспен  алынып  келген  деп.  Ол  əдіспен  əлі  де  көптеген
шахталар  істейді.  Ал  бұл  əдістің  бір  нашар  жері  —  кен  алынып  жатқанда
сонау  биік-биік  заңғар  бітеу  алаңдарды  ұстап  тұру  үшін  көптеген  қалың-
қалың  тіреулер-целиктер  қалдырылады.  Соңынан  кен  алынып  болғасын,
алаңдардың  үстіндегі  үйінді  топырақты  шұңқырларды  бітеу  үшін
құлатқанда  əлі  кені  бар  тіреулер  тау  жыныстарының  астында  қалады.
Сөйтіп  бостан-бос  қаншама  кен  байлығы  шығынға  ұшырайды.  Біздің
бұнымыз  əрине  жаратылыстың  өзінің  берген  байлығын  орынсыз  далаға
тастау. Егер өне бойы жер астының кен байлығын осылай жан ашымастық
əдіспен  ала  берсек,  қаншама  қымбатты  кен  жер  астында  текке  қалады?
Мұндай  жаратылыстың  өзі  берген  дəулетін  талан-тараж  ете  берсек,  кенге
қанша бай болғанмен, Мысқазғанның өмірі қаншаға созылмақ, əсіресе кен
алу  əдісі  дəл  бүгінгідей  қарқынды  жолмен  келе  жатқанда  (бүгін  жер
астында электровоз, самосвалдар жүрсе, ертең кен жер бетіне конвейер —
темір астау арқылы шығарылатыны даусыз), Мысқазғанның кені де бір елу-
алпыс жылда, əрі кетсе, жүз жылда тамам болмақ. Жоқ бүйтуге болмайды.
Жер  астында  бір  мысқал  текке  кен  қалдыруға  болмайды,  жаратылыс
байлығын ысырап ету зор қылмыс.
Мен соңғы кезде жер бетін аршып алудан алыс жатқан кен байлықтарын
қалай  ысырапсыз  алудың  жолын  көн  ойлайтын  болғанмын.  Əрине,


кейбіреулерге  Мысқазғанның  жүз  жылдан  кейінгі  тағдырын  ойлауым
өрескел де көрінер. Ондай адамдар маған: «Алдағы жүз жылда нең бар, сен
өз  міндетіңді  атқарып,  графигіңді  жүз  процент  орындап,  Отаныңа  керекті
мысыңды  беріп  өтсек—  саған  содан  артық,  не  керек.  Жүз  жылдан  кейін
келген ұрпақ сенің тастап кеткен кендеріңді жер бетіне қалай шығаруды өзі
де тауып алмай ма?» деуі мүмкін.
Əрине,  мен  елімнің,  Отанымның  алдында  өз  борышымды  орындап  кем
үстіне кен беріп өтсем, маған сен жамансың деп ешкім де айтпайды. Бірақ
мен  үйте  алмаймын,  бүгінгіміз  де  келешегіміздің  барын  мен  жақсы
ұғынамын.  Жүз  жылдан  кейінгі  ұрпақ  алдында  «о  кезде  өнер-ғылымның
сатысы  осылай  болған»  деген  ақтау  естігім  келмейді.  Болашақ  ұрпақ
алдында «Мен өзімдікін істедім, сен өзіңдікін істе. Менің қолымнан келгені
осы  ғана»  деген  дəлелге  мойын  ұсынғым  келмейді.  Сондықтан  ізденуде
болатынмын. Ізденбеске де амалым жоқ еді. Өйткені мен Мысқазғанды өте
жақсы  көретінмін.  Жақсы  көретінім  де  соншалық  оның  бүгінгі  гүлденуі
маған улы келешек уақытта да осылай гүлдене беруі маған ұлы арман-тын.
Өткен  жылы  Алматыға  барғанымда  маған  бір  профессор:  «Егер
Амудария  мен  Сырдарияны  біз  су  электр  станциясы  үшін  осылай  бөгей
берсек. Арал теңізі мен Каспий теңізінің тереңдігі он-он бес метр төмендеп
кетеді,  ал  бір  жиырма-жиырма  бес  жылда  мүлдем  құрғап  қалуы  мүмкін.
Сонда мал шаруашылығына, балық шаруашылығына қанша зиян келетінін
білесіз  бе?»  деген-ді.  Əрине,  жалпы  халық  шаруашылығы  үшін  су  электр
станцияларының  сонау  алып  бөгеттердің  пайдалылығы  зор  (қаншама
құрғақ  жер  суарылады,  қаншама  кəсіп  орындары  электр  қуатымен
жүргізіледі),  бірақ  сонау  Арал,  Каспий  алаптарындағы  бықыған  мал
санының  азаюы  жан  күйінерлік  іс  емес  пе,  оның  үстіне  жарқыраған,  ақ
шағаладай  сан  кеме  жүзген  көгілдір  теңіздердің  жоқ  болып  кетуінің  өзі
адамға  қандай  бір  ауыр  көрініс.  Сондай-ақ  мынау  гүлденіп  тұрған
Мысқазғанның  біздің  жер  астындағы  байлығын  қалай  болса  солай
алуымыздан,  ысырап  етуімізден,  бір  елу-алпыс,  əрі  кетсе  жүз  жылдан
кейін,  кені  бітіп  мылжа-мылжа  боп  үйлері  қирап  «кешегі  Мысқазғанға»
айналуынан қандай пайда бар? Мен езіме қанша ұзақ өмір сүруді тілесем,
Мысқазғанға  да  соншалық  ұзақ  өмір  сүруді  тілеймін.  Менің  өмірімді
ұзартуға  дəрігерлер  қаншама  жəрдем  көрсеткілері  келсе,  мен  де
Мысқазғанның  соншалық  ұзақ  өмір  сүруіне  қолымнан  келген  жəрдемімді
аямақ емеспін. Міне осы себептен күндіз-түні ойлауда болатынмын. Əрине
Мысқазғанның  кен  байлығы  əзір  таусылмақшы  емес.  Кен  зерттеушілер
жыл  сайын  жаңа  кен  желістерін,  ошақтарын  тауып,  бұрынғы  қорын
көбейте түсуде еді. Бірақ бұл менің ізденуіме қайшы келіп жатқан жоқ. Ей
дəулетті үнемдей жұмсағанға не жетсін.
Бүгін  де  өз  ойымды  тағы  бір  қорытып  шығайын  деп  қағазыма  үңіліп
отыр едім, біреу есік қақты.
— Кіріңіз,—дедім.


Үйге өзіме таныс кен зерттеуші жас жігіт кірді. Бұл жігіт Мысқазғаннан
қырық  шақырым  жердегі  Бозшатас  деген  жердегі  топта  болатын.
Амандасып болғаннан кейін ол:
—  Бозшатаста  бұдан  бірнеше  ғасырлар  бұрын  кен  алынған  орындарын
таптық жəне ол арада мыс та қорытылған тəрізді, міне қараңызшы, мынау
соның  белгісі  емес  пе?—  деп  өзінің  қолында  ұстап  тұрған  кенеп
қоржынынан бірдемені алып шықты.
— Бұл не?
— Құс. Мыстан құйған. Бірақ сыртын алтынмен жалатқан.
—  Сонда  бұл...  Алтын  құс  па?—дедім  мен  кенет  абыржи,  бала  кезімде
əжемнің айтқан бір ғажайып аңызы есіме түсіп кетіп.
Бір күні менің қарт əжем алтын құс жайында аңыз шертті.
—  Ерте  заманда  бір  алтын  құс  болыпты,—  деді  ол  мені  жанына  алып
жатып,— құдай оған көрікті де, ерікті де беріпті.
— Əже, ол шын алтын болып па?
—  Жоқ,  құлыным.  Оны  құдай  жез  етіп  жаратыпты.  Бірақ  сырт  бейнесі
алтыннан  айнымайды  екен.  Күндердің  күнінде  депті  оған  алла  тағала,  сен
шын  алтын  құсқа  айналасың,  егер  де  саған  қоятын  екі  шартымның  бірін
орындасаң.
— Құдай оған қандай шарт қойыпты?
—  Бірі:  өзге  жұрт  сені  алтын  екен  деп  ұқса  да,  сен  өзіңнің  жезден
жаралғаныңды өмір-бақи ұмытпа. Шын алтынға айналуды арман ет депті.
— Екіншісі?
— Екіншісі: сені жұрт алтын көрсе де, сен оларға жез екеніңді жасырма.
Адам  баласы  жаратылысынан  ақ  көңіл,  сенің  шыныңды  білсе,  тезірек
алтын  құсқа  айналуыңа  өзіңмен  бірге  тілейді.  Көп  тілегін  біз  де  еске
аламыз,— депті.
— Иə, сосын, əже?
— Жезден жаралған құс бұл екі шарттың екеуін де орындамапты. Алтын
құсқа  айналғанда  да  бар  табарым  осы  адамзат  қой  деп  ойлапты  ол,  егер
адамзаттың  өзі  жезді  алтын  санаса,  алтын  болуды  арман  етіп  несіне  сау
басыма  сақина  тілеймін!  Жəне  жездігімнен  зиян  көрмесем,  несіне  өзімді
жезбін деп əшкерелеймін,— деген тұжырымға келіпті ол.
— Сосын не бопты, əже?


— Алтын құстың екі шарттың біреуін де орындағысы келмейтініне көзі
жеткен алла тағала бір күні оны жұртқа жез екенін көрсетіпті.
— Қалай көрсетіпті?
—  Сыртқы  алтын  секілді  алдамшы  түрінен  айырып  жез  қалпына
түсіріпті.  Кешегі  алтын  құс  боп  жалт-жұлт  етіп  жүрген  сорлының  енді
үстін  тот  баса  бастапты.  Жұрт  алтын  құс  деп  жүргендері  құр  ғана  мыс
екенін  көріп  одан  бірден  безіпті.  Жезге  айналған  алтын  құс  үсті-басын
əбден  тот  басып,  бір  күні  қорадағы  қоқым-соқымның  арасынан  бір-ақ
шығыпты. Міне, қалқам, егер алтын басынды қор еткің келмесе, шыншыл
бол,  өз  кемшілігіңді  жұрттан  жасырма,  жақсы  болуға  тырыс,—  деп  əжем
əңгімесін  бітіретін.  Осы  «Алтын  құс»  аңызы  сан  рет  есіме  түскен  жас
кезімде.
Махаббатым  —  Ақбаянды  мен  де  алтын  құсқа  теңегем,  бірақ  та  шын
алтын құс болып шықпаған. Сөйтіп арманым орындалмаған.
Мен  өзіме  қорытынды  еткем:  «Егер  махаббатты  —  тот  баспайтын  шын
алтын  болсын  десең,  жалған  сезімнен  аулақ  бол,  шындықты  арман  ет»
дейтінмін. Алтын құс хикаясы есіме түскен сайын, осы жалған алтын құсқа
ұқсаған Ақбаян есіме түсетін.
Ал  мынау  кен  зерттеуші  əкеліп  тұрған  алтын  құсты  көргенімде  маған
кенет басқа ой келді. Бірі əжем айтқан алтын құс хикаясының түбінде негізі
бар  екен-ау  дедім.  Сол  аңыздың  шығуына  дəл  осы  алтын  құстың  негіз
болмағанын кім біледі? Бірақ сонда қалай болғаны? Сыртын алтындатқаны
болмаса  мынау  құс  жан  жезден  құйылған  емес  пе?  Жезден  құйыла  тұрып
осынша  ұзақ  жасауына  қандай  себеп  бар?  Жалған  махаббат  та  сондай  ма?
Көз бояр сыртқы бояуы болса, ұзақ жыл өмір сүре беруі ықтимал емес пе?
Осылай өмір сүріп жүргендер аз ба?
Менің ойымды кенет кенші жігіт бөліп жіберді.
— Бұл алтын құсты қандай халық құйды екен?..
Мен өз ойымнан əзер босандым.
— Қара теңіз маңайындағы сақтардың қолөнеріне ұқсайды. Мүмкін, бұл
арада  құйылмаған  шығар,  бөтен  елдерден  əкелінуі  де  ғажап  емес.  Демек,
мамандар  айырар  анығын.  Ал  кен  алу  əрекеті  жүргізілген  жерлері  де
қандай кен жынысы кездесті?
— Малахит. Малахит болғанда қандай, мысқа өте бай!..
Мен тағы ойға шомдым. Кен зерттеуші менің ойымды бұзғысы келмеді
ме,  көп  кешікпей  кетіп  қалды.  Ой  түбіне  адам  жеткен  бе,  «Алтын  құс»
аңызы басымды қайта шырмай бастаған соң, қағаздарымды алдыма таяп, өз


шаруама  кірісуге  ыңғайландым.  Күн  де  батып  қалған  екен.  Шам  жақпай
біраз отырдым. Осы кезде біреу есікті тағы қақты.
— Кіріңіз,— дедім.
Үйге  Қайсар  кірді.  Қара  көлеңкеде  оның  үсті  маған  əдеттегісінен  гөрі
бозғылт көрінді.
— Неге шам жақпай отырсың?
— Жай, бір ой шумағына беріліп кетіл едім...
— Қандай ой?— Қайсар өзі барып үйге жарық берді.
—  Ойы  құрғыр  аз  ба...  Бір  жетіден  кейін  комбинаттың  техникалық
кеңесінде  Мысқазғанның  шахталарынан  кенді  түгелдеп  алу  жайындағы
менің  ұсынысым  қаралмақшы  еді.  Сол  туралы  өзіммен-өзім  ақылдасып
отырмын.
— Ə... Солай ма еді. Мен Ақбаян жайында қайғырып отыр ма деп едім...
Оның жайын менен бұрын естіген шығар деп қалып едім.
Жүрегім су ете қалды.
— Қандай жағдай? Оған не болды.
— У ішіпті. Жаңа ғана ауруханадан келдім.
— У ішіпті?! Тірі ме өзі?
— Хал үстінде жатыр. Тірі қалары, қалмасы неғайбыл... Саған арнап хат
жазып кетіпті.
— Маған арнап? Хаты қайда? Не жазыпты?
Қайсар үн-түнсіз маған бір жапырақ қағазды берді.
—  Өзіңді-өзің  ұста...  Тағы  жүрегің  қысылып  қалып  жүрмесін.
Əйткенменен  əлгі  жүрек  дəріңді  ішіп  алғаның  жөн  болар.  Əне  біреуің  сол
ма?
Мен  Қайсардың  сөзіне  қарағам  жоқ  көзім  қарауытып  хатты  əзер  оқып
шықтым. Қара сиямен ақ қағазға қинала отырып жазған Ақбаянның қисық-
қисық  жазуларынан  ұққаным  кейбір  жолдары  ғана  болды.  Олар  мыналар
еді:
«...Есіңде  ме,  мен  бір  топ  қызбен  келе  жатып  екеуміздің  алғашқы  рет
Мысқазғанның сыртында кездескеніміз? Жадыңда бар ма сондағы сөзіміз?
Бұл менің дүниедегі ең бақытты күнім еді... Тағы сенің есіңде ме, əжеңнің


«Алтын құс» туралы айтқан аңызы? Мен саған алтын құс бола алмадым...
Бірақ  жез  болсам  да,  құр  сыртым  алтындатқан,  ұзақ  жыл  Əлжанға  алтын
құс  болып  келдім...  Өмірде  мұндай  да  жағдайлар  болады  екен.  Тағы  бір
арманым, сенің басыңа қауіпті күн туып, сонда ажалдан алып қалып, саған
істеген  қиянатымды  шыбын  жанымды  құрбан  етіп  жусам  ба  деуші  едім...
Бұл  арманымды  орындаудың  орнына,  сенің  басыңа  қауіп  туғанда,  өз
борышымды  атқара  алмадым.  Қорқақтығым  ба,  сасқандығым  ба,  əлде  өз
абыройымды  өзім  жалған  қадірлегендігімнен  бе,  əйтеуір  тағы  қара  бет
болдым. Бір адамға осынша күнə аз ба? Қолмен істегенді мойынмен көтеру
керек.  Маған  қалған  жалғыз  жол  —  ажал...  Менің  өліміме  сенің
қуанбайтыныңды да, табаламайтыныңды да білемін. Əлдім деп өкінбеймін.
Егер  тіршілігің  өлімнен  қаралы  болса,  өлу  керек.  Тек  жалғыз  тілегім:
күнəмді кеше алмасаң да, қабырымның басына келіп, сонау алғашқы күнгі
кездескеніміздей Мысқазғанның даласынан жұлып алып бір шоқ сарғалдақ,
қызғалдақ гүлдерін басыма қойсаң, мен риза. Бұл менің ең жарық күнімнің
белгісі болсын... Қош бол! Ақбаян».
Мен  хатты  оқып  шығып  үн-түнсіз  ұзақ  отырдым.  Хат  сөздеріне  ешбір
күмəнсіз  сендім.  Кенет  біздер  шахта  астындағы  тас  қапшықта  қалған
күніміздегі  парторг  Ақшаловтың  жұбайы  Қалампыр  кемпірдің  сөзі  есіме
түсті. Ол: «Қарағым Сабыр, сендер жер астындағы апатқа ұшырап, жұрт не
істерін  білмей,  сырттарыңнан  забой  қазып  жатқанда,  шахта  бастығының
əйелі  Ақбаян  ештеңеден  қорықпай,  шахта  астынан  шықпай  қойды.  Күйеуі
емес,  сенің  тірі  қалуыңды  құдайдан  сыбырлап  тілеп  тұрғанын  өз
құлағыммен  естідім.  Қиын  сағатта  əйел  адамның  аузына  ең  қымбатты
адамы  түседі.  Ақбаян  сені  əлі  де  ұмытқан  жоқ  екен»  деген.  Мен  сеніп  те
қалған  едім.  Сөйткен  Ақбаян  Темекеңнің  тойында  қандай  мінез  көрсетті?
Жоқ, Ақбаянды түсіну оңай емес-ті.
Мына  улануы  да,  мына  хаты  да  сол  түсінуге  қиын  мінезін  көрсетеді...
Бірақ  мына  сөздері  шын  жүректен  шыққан  сөздер.  Бұған  сенуге  де,  оның
күнəсін кешіруге де болады. Сен кешірмесең де, ажал өзі кешіреді.
Мен  басымды  көтердім.  Қайсар  кетіп  қалған  екен.  Алдымда  тұрған
Қайсар дайындаған жүрек дəрісі мен суға көзім түсті. Қайғым қандай ауыр
болғанымен де, бұл жолы жүрегім қысылмады. Сөйтсе де дəріні іштім.
Ақбаян  бу  жолы  ажалдан  аман  қалды.  Қабырының  басына  қоюға  тура
келмеген бір шоқ қызғалдақ гүлін алып бір жеті өткеннен кейін ауруханаға
бардым.
Мен бөлмесіне кіргенімде төсегінде көзі жұмулы, боп-боз болып сұлық
жатыр екен. Жанына келгенімді сезді ме, ақырын көзін ашты. Жайшылықта
ойнақшып тұратын үлкен бота көздері бұ жолы маған бір тұңғиық қайғылы
қара  су  тəрізді  болып  көрінді.  Ол  лəм-мим  деп  тіл  қатқан  жоқ,  тек  менің
қолымдағы  шоқ  қызғалдаққа  көзі  бір  мезет  түсіп  кетіп  еді,  əлгі  қайғылы
қара  суда  бір  болмашы  қуаныш  жарығы  пайда  бола  қалды  да,  қайтадан
сөніп  кетті.  Ақбаян  көзін  қайта  жұмды.  Мен  кеткенше  ол  кезін  қайтадан


ашпады.
Сол  күні  мен  техникалық  кеңесте  өзімнің  зерттеуімді  қорғадым.
Қошаметтеп сөйлегендер де көп болды. Өзім де аз сөйлеген жоқпын. Бірақ
көз  алдымнан  Ақбаянның  тұңғиық  қара  судай  қайғылы  көзінде  менің
қолымдағы  шоқ  қызғалдақты  кергендегі  болымсыз  пайда  болған  қуаныш
сəулесі кетпей-ақ қойды.
Алматы қаласы, 1969 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет