Египет. 1. Ном – Ежелгі Египеттегі әкімшілік аудан.
2. Перғауын – көне ләуірле Египет елін билеген патша атауы.
3. «Қара жер» - Египет тұрғындары ежелде өз елдерін осылай атаған. Себебі – Ніл алқабын үнемі қап-қапа құнарлы тұнба басып жататын еді.
4. Абыз – Ежелгі Египеттегі құдайлардың қызметшісі, құдаймен тілдесе алатын адам.
5. Фива – гиксостарды қуып жібергеннен кейінгі Египет астанасы.
6. Семдет – Египеттің негізгі өндіруші еңбекшілері , жоғарыдан күштеп мамандықтарға бөлінетін – патша хемуулері.
7. Мемфис – біріккен Египет мемлекетінің алғаш астанасы.
8. Гиксос – Б.з.д. XVIII ғасырда Египетті жаулап алған алдыңғы Азиядан келген тайпа.
9. Сфинкс – Ежелгі Египеттегі денесі арыстан, ал басы адамға тән қиял ғажайып бейне.
10. Мумия – жасанды жолмен мүрделердің өз қалпында ұзақ уақыт сақталуы.
Месопотамия. 1. Лира – Ежелгі Месопотамиядағы арфаға ұқсас шекті аспап.
2. «Қара бастылар» - Төменгі Месопотамияның барлық тұрғындары өздерін осылай атаған.
3. Ассирия – Солтүстік-шығыс Қосөзеннің жеріндегі мемлекет.
4. Аккад – б.з.д. XXIV-XXII ғасырларда Оңтүстік Месопотамияның солтүстігіндегі ежелгі мемлекет.
5. Ашшур – соғыс құдайы, ежелгі ассириялықтардың табынатын құдайы.
6. Сына жазуы – Қосөзен халқының жазуы.
7. Зиккурат – Ежелгі Меспотамиядағы көп сатылы ғибадатхана.
8. Урук, Ур, Киш, Лагаш – шумер өркениетінің ірі қала-мемлекеттері.
9. Вардум – өз қожаларының меншігі болған құлдар.
10. Митанни - XVII-XVI ғасырларда Жоғарғы Месопотамияда құрылған қуатты мемлекет.