«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»


Ауа-тамшылық жұқпалы аурулардың бұрқ етулерін



бет28/36
Дата19.02.2022
өлшемі134,24 Kb.
#132529
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
!@02.B01;. 07.
каз-МодульМПС-27.06.10., Приложение 1, likvidatsiya probelov
78. Ауа-тамшылық жұқпалы аурулардың бұрқ етулерін алдын алу үшін негізгі іс-шаралар:
1) жатақханаларды, камераларды, тамақ блоктарын, клубтарды және басқа үй-жайларды гигиеналық ұстау (температуралық режимді, желдету режимін, тазалау режимін сақтау);
2) жіті респираторлық вирустық аурулармен және тұмаумен ауырғандарды белсенді түрде анықтау және уақтылы оқшаулау;
3) профилактикалық егулер.
Ауру өршіген кезде оқшаулау-шектеу іс-шаралары жүргізіледі.
79. Тұмаумен күресудің ең тиімді шарасы вакцинопрофилактика болып табылады, ол жұқпалы аурудың эпидемиялық даму кезінде жүргізіледі.
80. Ұйымдастырылған ұжымдарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету (санитариялық өткізу пункттермен, моншалармен, кір жуу бөлмелерімен, душпен, ыстық сумен, іш киіммен қамтамасыз ету) мекемелердің бастықтарына жүктеледі.
МБ бастығы педикулезге шалдыққан адамдарды анықтау мен санациялау мақсатында мекемелерде ұсталатын адамдарды жоспарлы қарауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Педикулездің әрбір анықталған жағдайы туралы медициналық жұмыскер СЭҚБ-ге хабарлайды.
Медициналық бөлімдер педикулезге қарсы өңдеуді өткізуге арналған арнайы жинақпен қамтамасыз етіледі.
Мекемелерде ұсталатын адамдар кемінде жылына төрт рет педикулезге тексеруге жатады, сондай-ақ мекемеге келу және одан шығу кезінде қаралады.
81. Кене энцефалит ауруының алдын алу үшін табиғи ошақта мекемелерде ұсталатын адамдар болған уақытта кене шабуылдарынан жеке қорғану жөніндегі шаралар қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет