Информатика мен информатика пєні туралы


Орта сыныптарда компьютерлік оқытудың теориялық негіздері



бет47/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

3.3 Орта сыныптарда компьютерлік оқытудың теориялық негіздері
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.

Дербес ЭЕМ-ді оқу процесінде барлық пәндерде техникалық оқу құралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етуімен байланысты.

Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.

Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отырып, компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін қарастыру қажет:



- компьютерлік оқытуды тәрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқытуды ұйымдастыру;

- оқу процесін жетілдіру.

Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет.

Оқыту принциптерінің ішінде ерекше рөл атқаратын басты принциптердің біреуі біздің көзқарасымыз бойынша белсенділік принципі. Белсенділік принципі барлық принциптерді компьютерлік оқыту кезінде практикалық жүзеге асырудың негізі мен көрсеткіш деңгейі болып табылады. Белсенділік принципі саналылық принципімен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың құрылымы әрекет туралы және пән бойынша программамен жұмыс істеуге қажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принципімен байланысты. Бұл принцип қазіргі ғылымдары берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық принцип негізінде компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқыту жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгеретін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап қазіргі ғылыми мағлұматтар деңгейінде, ал, оқу материалдарын меңгерту танымының ғылыми әдістерімен барабар болуы тиіс (математикалық әдіс, жүйелілік талдау, модельдеу әдісі және т.б).

Оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұрумен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынадай талаптар қоюға болады:

- үйретуші программаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;

- процестерді бейнелегенде түстерді дұрыс таңдай білу;

- дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу және т.б.

Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.

Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бірізділік принципі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаның мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау қажет.

Орта сыныптарда компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальды жүзеге асырады. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалды меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймьз.

Біз оқу процесінің компьютерді қолданумен байланысты мәселелерін үш топқа бөлеміз:

Бірінші – оқыту теориясына, екінші - компьютерлік оқыту технологиясына, үшінші – үйретуші программаларды жобалауға қатысты.

Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару процесіне байланысты талдауларға сүйенеді.

Оқыту технологиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланысты бөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның практикалық қолдану табуы болып табылады.

Орта сыныптарда компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмінің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде заңдылықтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл заңдылықтарды қолдануды жан-жақты ойластырып жүзеге асыру керек.

Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылғысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасына әсер етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.

Дәстүрлі оқу процесінде оқушы-оқытушы жүйесі қалыптасқан. Демек, оқу процесі – оқушы мен мұғалімнің басшылығымен, оқушы ғылым негіздерін, әрекет-тәсілдерін меңгеріп, дамиды. Бұл өзара байланысты қызметте әрбір субъектінің өзіндік қызметі бар. Мұғалімнің қызметі тек білім беру ғана емес, білімді меңгеру процесі мен әрекет тәсілдерін меңгеру, оны өңдеу, сақтау жолдарын үйрену.

Бұл оқушы мен мұғалімнің алдында тұрған мәселені шешу – оқу танымының кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бірақ, дәстүрлі оқытуда (автоматтандырылмаған) оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы мұғалімнің мүмкіндіктері ұйымдастыру барысындағы қиындықпен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда информациялық ағым, негізінен, оқытушыдан оқушыға бағытталатынын практика көрсетіп отыр. Демек, оқушылардың оқу әрекетін тиімді басқару мәселесі бұл процесті жан-жақты жедел информациялық қамтамасыз ету мәселесін шешумен, яғни жаңа информациялық технологияның оқу процесіне енгізумен байланысты шешіледі. Жаңа информациялық технологияның оқу процесіне енгізілуі бұл жүйенің орнына "оқушы – оқытушы – компьютер" пайдаланғандықтан қалыптасқан психологиялық-педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу-тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету ушін бірқатар психологиялық-педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологияның, педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.

Сонымен қатар, біз іс-әрекет процесінде тұлға мен іс-әрекет қатынас байланысы кезінде белсенділіктің әр түрлі деңгейде болатыны туралы жоғарыда аталған авторлардың айтқандарымен келісеміз.

Психологияда әрекет ұғымы қоршаған әлемнің өзара ықпал ету процесінде сипатталатын индивид функциясымен әрекет ұғымы арқылы түсіндіріледі. Психологиялық әрекет қажеттіліктен туындайды, пәнді қамтамасыз етуге және жүйелі іске асыруға бағытталады.

Қазіргі көзқарас бойынша, іс-әрекеттің барлық түрінің құрылымы бар. Оның негізгі құраушысы - әрекет. ''Әрекет" ұғымы енгізілді, демек, ол әрекетті іске асыру тәсілі.

Біздің ойымызша, операция жүйесі әрекет тәсілі арқылы берілген жүйедегі оқу мәселелерін шешуді қамтамасыз ете алады.

Оқытуды компьютерлендіру кезінде күрделі операциялық құрылымды қалыптастыруда компьютер шешуші ықпал етеді. Іс-әрекеттің нәтижесінде алға қойған мақсатқа жетеді. Оқу мақсатының ауқымы өте кең. Программалап оқыту идеясының кең таралуымен байланысты оқу мақсатының компьютерге қызығушылығы арта түсуде.

Орта сыныптарда компьютерлік оқытудың бағдарламасын құрастырмастан бұрын алға қойылатын міндеттер – оқушылардың өздері қойған мақсаттарын, оқу мотивін ынталандыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет