Ис bestProfi


мерзімдерін анықтау ерекшеліктері



бет48/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79

мерзімдерін анықтау ерекшеліктері

1. Бункер үлгісіндегі арнайы вагондарға тиеу сусымалы жүктерді жоғарыдан арнайы науалар, ағызғыштар немесе босату құбырларының көмегімен беруге арналған құрылғылармен жабдықталған пункттерде орындалады. Пункттің қалыпты жұмысының міндетті шарты - барлық техникалық құрылғылардың дер кезінде дайын болуы мен тиеуге арналған жүктің жеткілікті санының болуы.
2. Жүкті тиеудің технологиялық процесі қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың талаптарын сақтауды көздейді. Тиеу пункті жеткіліксіз жабдықталған кезде операцияларды орындаудың еңбек сыйымдылығын төмендетуге және еңбектің ең жақсы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған пунктті техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.
3. Бункер үлгісіндегі арнайы вагондарға тиеуге арналған есептік мерзімге мына операциялар кіреді:
дайындық операциялары t подг - вагон төбесіне шығып бекітпелер мен орнықтырғыштарды босатып тиеу люктерінің екі-үш қақпағын ашу, люктерге босату құбырларының шеттерін кіргізу, науалар, науашалар, ағызғыштар және т.б. орнату. Негізінен осы операциялармен бірге маневрлік шығырдың тросын бекіту және т.б. операциялар орындалады;
қорытынды операциялар t закл - вагон төбесіне шығу, босату құбырларын, науаларды, науашаларды, ағызғыштарды жинау, вагон төбесін шашылған жүктен тазалау, тиеу люктерін жабу, бекітпелер мен орнықтырғыштарды тұйықтау, пломбылар ілу. Осы операциялармен бірге маневрлік шығырдың тросын ағыту, соңғы вагонды сыртынан тазалау және т.б. операциялар орындалады;
жүкті вагонға тиеудің негізгі операциялары t груз. Вагондар тобын тиеу кезінде осы уақыт қосылады. Сондай-ақ маневрлік құралдармен вагондардың орнын ауыстыру аралық операцияларына арналған уақыт.
Мөлшерлеу операцияларына уақыт қосымша көзделмейді. Мөлшерлеу операциялары тиеудің негізгі операцияларымен бірге орындалады, ол үшін тиеу шебін вагонды тиеудің техникалық нормасына сәйкес келетін жүк массасын тиеуді қамтамасыз ететін салмақ өлшегіш және мөлшерлегіш құралдармен жабдықтау ұсынылады.
4. (6), (7) және (8) формулаларын есепке алғанда бункерлерден жүк тиеу кезіндегі мерзімдерді есептеу (1), (2) және (4) формулалар бойынша орындалады.
1-мысал. Дайындау элеваторында вагон-астық тасымалдағыштардың тобына астық (бидай) тиеудің ұзақтығын белгілеу.
Бастапқы деректер. Жүк тиеу диаметрі 350 мм шығу көлденең тесігі бар тиеу бункерінен элеватордың құбыры арқылы жүргізіледі. Астықтың үйілмелі массасы 0,75 т/м3, вагонға орта есеппен алғанда qв = 65 т тиеледі. Жүк тиеуге вагондар ірілендірілген топтармен беріледі. Жүк тиеу процесінде вагондар бірнеше рет ретпен вагонның ұзындығына жылжиды және кемінде үш рет түсіру құбырының орнын ауыстырады. ЕО осям - вагондардың, LB=14,7 автотіркемелердің ұзындығы. Маневрлік шығыр тросының қозғалыс жылдамдығы vл=0,18 м/с.
Хронометраждық деректерге сәйкес маневрлік шығыр тросын бекіту 1,5 мин. алады және жұмысшыларды үстіңгі алаңқайға көтеру, вагонның төбесіне шығу, екі жүк тиеу тесіктерін ашу операцияларымен және вагонның бірінші люгіне жүк түсіру құбырын орналастыру операциясымен бірге өткізіледі. Дайындық операцияларына 3 мин қажет; бункерлік ысырманы ашу (жабу) операциясына 5 с; жүк түсіру құбырын әкету, топтың соңғы вагонындағы екі соңғы люкті жабу жөніндегі қорытынды операциялардың ұзақтығы, орнықтырғыштарды қозғалысқа келтіру, сондай-ақ маневрлік шығырдың тросын босату 3 мин құрайды.
Есептеу тәртібі
1. а' = 6 мм = 0,006 м астық көлемін қабылдай отырып, бункердің шығару тесігі арқылы өтетін астық ағынының көлденең қимасының ауданын (6') формуласы бойынша анықтаймыз,


П (D-a')2 3,14 (0,35 - 0,006)2



F = 4 = 4 = 0,0928 м
2
2. Дөңгелек нысанды шығу тесіктерінен шығатын ағынның көлденең қимасының гидравликалық радиусын анықтаймыз


F D - a' (0.35-0.006)



Ro = P = 4 = 4 = 0,086

3. Бункерлік тиеу құрылғысының орташа өнімділігі бункердің өткізу қабілеттілігі бойынша астық үшін шығындалу коээфициентінің ^=0,6 белгілі мәні кезінде (4) және (7) формулалары бойынша анықтаймыз. Sin a =1 шартына және шығындалу жылдамдығына сәйкес


_____



v = 5,9-0,6 \/0,086 = 1,04 м/с;



Пб = 3600-0,75-0,0928-1,04 = 260 т/ч.

4. Вагонды маневрлік шығырмен қозғаған кезде тиеу процесінде аралық қосалқы операцияларды орындауға


Lв 14,7

tвсп = nл *60 + 3tт = 0,18*60 +3*1,0 = 4,5 мин. шығындалады.
Мұнда tт - жүк түсіру құбырының орнын ауыстыру уақыты.
5. (2) формуласы бойынша бір вагонға жүк тиеу операциясын орындауға кететін орташа уақытты анықтаймыз.


qв*60 65*60



tгруз = Пб + tвсп = 260 + 4,5 =19,5 мин

6. (1) формуласы бойынша бір уақытта тиелетін вагондардың m=1 саны кезінде үш вагон-астық тасымалдағышқа жүк тиеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарын анықтаймыз.


n 3

T = tподг + m *tгруз + tзакл = 3 + 1 *19,5 + 3 = 64,5 мин.
2-мысал. Бес вагон-минерал тасымалдағыштан тұратын топқа түйіршіктелген хлорлы калийді тиеу.
Бастапқы деректер
1. Жүк тиеу қоймасынан екі таспалық конвейерлермен берілетін жүк әр минерал тасымалдағышқа аз сыйымдылықты воронкалар мен екі жүк тиеу науасы арқылы кезекпен тиеледі. Конвейерлердің науалы таспасының ені 630 мм, таспа көкжиекке қарай 10о бұрышпен еңкейтілген.
Таспаның қозғалыс жылдамдығы vлк = 2 м/с, хлорлы калийдің тығыздығы yм = 1,03 т/м3, қозғалыстағы табиғи еңістің бұрышы p = 20o. Вагондағы орташа масса qв = 64 т. Өлшеу вагон таразыларында жүк тиеумен бір уақытта орындалады.
Вагонның осі бойынша екі жүк тиеу люгіне бір уақытта жүк тиеледі, одан кейін вагон келесі екі люктің ортасына қарай 4,5 м арақашықтыққа жылжиды. Маневрлік шығырдың қозғалыс жылдамдығы 0,18 м/мин. Автотіркеменің осьтері бойынша вагондардың жалпы ұзындығы Lв = 13,2 м.
Дайындық жұмыстары (маневрлік шығырдың тросын бекіту, топтың бірінші вагонындағы бекіткіштерді босату арқылы жүк тиеу қақпаларын ашу, науаларды орнату) 3 мин алады; топтың соңғы вагонымен қорытынды операциялар (науаларды алып тастау, шатырдың қақпа аралығындағы учаскелерін тазалау арқылы жүк тиеу қақпаларын жабу, бекіткіштерді қозғалысқа келтіру, маневрлік шығырдың тросын босату) 4 мин алады.
Есептеу тәртібі
1. Таспалық конвейерлердің өнімділігін анықтайық. Қозғалыстағы жүктің табиғи еңісінің бұрышы p = 20o; өнімділікті төмендеу коэффициенті конвейердің 10o cн қисаю кезінде = 0,95. Таспаның 80%-дық толтырылуы кезінде конвейерде жүк ағыны көлденең қимасының ауданы мына формула бойынша анықталады (3-мысалды қараңыз, 226-бет).
Г=0,07089В2(1+2,6 tgr)=0,07089-0,632 (1+2,6-0,364)=0,0546 м2.
v = 2 м/с, yм=1,03 т/м3 және cн=0,95 кезінде екі таспалық конвейердің өнімділігі
Пк = 2-3600 Fvyм cн = 2*3600*0,0546*2*1,03*0,95 = 760 т/с құрайды.
2. Жүк тиеуге кезектегі вагонды беруге арналған вагондардың қозғалысына, тиеу процесінде оның l1 = 4,5 м қашықтыққа жылжуын ескере отырып:


Lв – l1 13,2 –4,5
tвсп = tпер = 60 vл = 60*0,18 = 0,8 мин. уақыт жұмсалады.
3. Бір вагонға жүк тиеу операцияларын орындауға кеткен уақыттың орташа шығындарын (2) формула бойынша анықтайық.


qв*60 65*60
tгруз = Пк + tвсп = 760 + 0,8 =5,9 мин.
4. Бес вагон-минерал тасымалдағышқа түйіршіктелген хлорлы калийді тиеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарын (1) формула бойынша анықтайық.


n 5
T = tподг + m *tгруз + tзакл = 3 + 1 *5,9 + 4 = 36,5 мин.
Д. Бункерлік үлгідегі арнайы вагондардан жүктерді түсіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет