Топтық жұмыс «Алма сыйлау» жобасының программасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметін айқындаңдар.
Жұптық жұмыс Сыныптастарыңды көркем әдебиет оқуға шақыру мақсатында «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша екі массив құрастырып, төмендегі шарттарды орындайтын жобаның жоспарын жасап, ұсын.
Кітаптардың атауларын әліпби бойынша ретте.
Кітаптарды шыққан жылы бойынша жаңасынан ескісіне қарай сұрыптау жүргізіңдер.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау
Аяқталуы 7 мин
Рефлексия
Массивті сұрыптау деген не?
Массивтерді сұрыптайтын негізгі әдістер туралы не айтуға болады?
Сұрыптау алгоритмдеріне қандай талаптар қойылады?
Сұрыптауды қолданып, массивтің минималды элементін қалай табуға болады?
Ең жылдам сұрыптау әдісі жайлы не айта аласың?
Көпіршік әдісте сұрыптау қалай жүзеге асады?
Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай?
Оқулық
Үй тапсырмасы1 мин
Жинақтау бөлімінде «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша құрастырған деректерің бойынша жоспарлаған жобаларыңның визуалды ортада жобасын дайында.