Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Перкуссия кезіндегі негізгі дыбыстар



бет41/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Перкуссия кезіндегі негізгі дыбыстар:

  1. Өкпелік дыбысөкпенің барлық алаңында

  2. Тұйық дыбыс – тығыз ағзалар мен тіндерде(бауыр, көкбауыр,жүрек аймағы, бұлшық ет,сүйек), яғни ішінде ауасы жоқ ағзаларда.

  3. Тұйықталған дыбыс – өкпенің шеттері, ішінде ауасы жоқ ағзалармен шекараланғанда(жүрек, бауыр)

  4. Тимпаникалық (барабанды) – іші ауаға толы қуысты ағзаларда (ішек, асқазан) кездеседі.

  5. Қорап тәрізді дыбыс - бос қорапты қаққан кезде естілетін дыбысқа ұқсас келеді. Өкпе ауалылығы жоғары болғанда( эмфизема кезінде) естіледі.

Перкуссиялау ережелері

  1. Науқастың қалпы ыңғайлы болуы керек. Науқастың отырған немесе тұрған қалпында жүргізіледі.

  2. Бөлменің іші жылы және тыныш болуы керек.

  3. Дәрігер науқастың оң жағында орналасады.

  4. Плессиметр саусақ (сол жақ 3 саусақ) перкуссия жасалатын беткейде тығыз, күш түсірмей орналасады, көршіліс саусақтар сәл ара қашықтық салып орналасады.

  5. Балғашық саусақ (оң жақ 3 саусақ) – фаланға аралық буында бүгіліп, плессиметр саусақтың ортасынан перпендикулярлы ұрады. Бір жерден 2-3 үзілмелі соққы болады.

  6. Топографиялық перкуссияда плессиметр саусақты ағзаның болжам шекарасына паралелльді орналасады.

  7. Салыстырмалы перкуссияна – науқастың симметриялы дене аймағында жүргізеді.

Аускультация
Аускультация – тыңдау. Аускультация перкуссиядан кейін өкпені, жүрек, қантамырларын, ішек қуыс ағзаларын стетоскоп,фонедоскоп көмегімен тыңдау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс 1816 жылы француз дәрігері Рене Лаэннекпен ашылған. Дәрігерлік тәжірибеде 1819 жылдан бастап қолданылған. Ең алғаш стетоскопты ойлап шығарғанда сол. Аускультация өкпені, жүрек, қантамырларын; АҚҚ Коротков әдісі бойынша өлшеуге, акушерлік тәжірбиеде қолданылады. Сонымен қатар ішек шуларын тыңдауға да қолданылады.
Стетоскоп жабық акустикалық жүйені еске түсіреді. Егер түтікшені ауамен байланыстырса немесе жапса аускультация жүргізу мүмкін емес. Стетоскоптың кеңейген жағы(воронкасы) жанасқан тері мембрана тәрізді жұмыс істейді. Егер теріге терең жанастыратын болса – жоғары сапалы дыбыстарды алуға болады.
Фонендоскоп – стетоскоптан айырмашылығы воронкасында мембранасы немесе капсуласы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет