Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет40/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Тері асты май қабаты
Тері асты май қабаты дамуына байланысты қалыпты, жоғары, төмен болады. Қалыпты жағдайда тері қатпары 2 см қалыңдықта болуы керек. 1 см төмен болса – қалыңдығыда азая түседі. 2 см жоғары болса тері асты май қабаты жоғары деп есептелінеді. Дене салмағы индексі(ИМТ): дене салмағының бойының м2 қатынасы.
ДМИ есептеу

Дене салмағының типтері

ДМИ

Басқа аурулардың даму қауіпінің жоғарлығы

Дене салмағының тапшылығы

18,5

Басқа аурулардың даму қауіпі бар

Қалыпты дене массасы

18,5-24,9

қалыпты

Артық дене салмағы

25,0-29,9

шамалы

Семіздік 1сатысы

30,0-34,9

жоғарырақ

Семіздік 2 сатысы

35,0-39,0

жоғары

Семіздік 3 сатысы

40,0

Өте жоғары


Ісіктер
Ісік дегеніміз – патологиялық сұйықтықтың жұмсақ тіндерде, ағзаларда, қуыстарда жинақталуы. Шығуына байланысты ісіктердің түрлері:
Жалпы ісіктер: жүрек, бүйрек, бауыр, кахексиялық патологияларда кездеседі.
Жергілікті ісіктер – қабыну, ангионевротикалық,ісікпен веналардың басылуында.
Пайда болу механизміне байланысты:
Гидростатикалық немесе іркілулі – жүрек жетіспеушілігінде, веналық қан ағымы бұзылысында,венаның ісікпен басылуында
Гипоонкотикалық - белокты көп мөлшерде жоғалтуда,мысалы: бүйрек ауруларында, кахексияларда, жекелеген бауыр ісіктері патологиясында кездеседі.
Ісіктердің диагностикасы келесі жолдар арқылы анықталады:
Қарау – ісінген аяқ – қолдардың ұлғайғанын, контурлары тегістелгенін, тері созылғанын, жылтыр екенін анықтауға болады.
Пальпация – балтыр аймағын үлкен саусақпен басқанда ойық пайда болады.
Дене салмағын динамикада өлшеу
Су балансын сақтау(ішкен және шыққан сұйықтықтың өлшемі бірдей болу керек)
Іш және бел аймағын сантиметрлік лентамен өлшеу
Тіннің гидрофильділігін Мак – Клюра-Олдрич сынамасымен анықтау: тері ішіне білек аймағына 0,1 -0,2 мл физ. ерітіндіні енгізеді. пайда болған папула қалыпты жағдайда 45-50 минут ішінде ыдырап кетуі керек. Ал ісік кезінде бұл жағдай тез жүреді.

Жүрек және бүйрек ісіктерінің диагностикасы



Белгілері

Жүрек патологиясы кезіндегі ісік

Бүйрек патологиясы кезіндегі ісік

Анамнез

Жүрек аурулары: ақалау, ЖИА, артериальді гипертензия және т.б.

Бүйрек аурулары: гломерулонефрит,пиелонефрит
амилоидоз

Ісіктердің орналасуы

Аяқтарда

Бетте, көз астының ісінуі

Тәуліктік уақыты

Күн соңында

таңертен

Ісіктің сипаты

Тығыз, ойық ұзақ уақытқа сақталады

Жұмсақ, борпылдақ,созылмалы, ойықтар ұзақ уақыт сақталмайды

Ісік аймағындағы түстер

Цианозды

бозғылт



Лимфа түйіндері
Пальпация арқылы анықталады. Лимфатүйіндердің көлемі 3-5 мм. Тығыздығы май тіндерінің тығыздағына ұқсас. Лимфатүйіндерінің ұлғаюы жайылмалы немесе ошақты. Жайылмалы түрі – лимфагрануломатозда, лейкозда, сакромада, инфекциялық туберкулезде. Ошақты лимфатүйіндерінің ұлғаюы –ошақты қабыну ауруларында(ісіктерде, баспа, флегмона, абсцесте).
Пальпациялау арқылы: көлемін, ауырсынуын, консистенциясын, терімен жабылу сипатын анықтайды.Пальпациялауда: жақ асты, иек асты, құлақ алды, құлақ арты, желке, мойын алды, мойын арты, лимфатүйіндерін,бұғана асты, бұғана үсті, қолтық асты, шап, тізе асты пальпациялау жүргізіледі.


Бұлшық еттер
Бұлшық ет жақсы немесе әлсіз жетілген болуы мүмкін.Тонусы қалыпты, жоғары, төмен болуы мүмкін. Жақсы жетілген бұлшық еттер физикалық еңбекпен,спортпен айналысатын адамдарда кездеседі. Ауыр науқастарда көбіне бұлшық еттердің атрофиясы кездеседі. Бір жақты бұлшық еттердің атрофиясы аяқ – қолдың жарақатынан кейін, нерв жүйесінің зақымдалуынан болады. Бір жақты бұлшық еттердің атрофиясын анықтау үшін көлемін сантиметрлік лентамен өлмейді. Саусақтардың бұлшық ет күшін динамометр арқылы анықтайды немесе науқастан дәрігердің қолын бірдей екі жақты қысуын сұрайды. Шынтақ буынның бүгілу қалпын жазу арқылы науқаста қарсы тұру қалпын анықтауға болады. Зақымдалған жағында күші төмен болып келеді.


Омыртқалары
Омыртқалар төрт диагностикалық иілуге ие: мойын бөлігінде – мойын лордозы(алдыға қарай шығыуы);кеуде бөлігінде –кеуде кифозы(артқа қарай шығыңқы); бел бөлігінде –бел лордозы, сегізкөз және құйымшақ аймағында – артқа қарай шығыңқы жер. Тексеру кезінде омыртқадағы иілулерге мән беру керек, бүгілу, жазылу, қозғалғыштығына,бір жақты қозғалысына, омыртқалардың ауырсынуына. Науқастың басынан өткерген рахитқа, омыртқалардың туа пайда болған дисплазиясына. Омыртқаның бір жақты қисаюы –сколиоз деп аталады. Кейбір кездерде бірлескен кифосколиоз дамиды.


Сүйек
Сүйектерді тексеру кезінде олардың формасына(қисаю, деформацияға), ауырсынуына көңіл бөлу керек. Сүйектердің деформациясы, қисаюы басынан өткерген рахитта, мерезде, остеомиелитте, остеохондропатияда,сүйектердің сынуында кездеседі.
Буындар
Тексеру кезінде буындардың формасына(конфигурациясы), белсенді және белсенді емес қозғалысқа, буын үстіндегі терінің түсіне, темпертурасына назар аудару керек. Жедел қабыну процесінде буындар(артриттерде) ісінеді, көлемі ұлғаяды, терісі қызарады, ұстағанда ыстық сезіледі, буындарда қозғалыс қабынуға байланысты кенеттен шектелген. Ревматоидты артритте буындардың қозғалысының шектелуі, деформациясы,кейіннен сүйектердің анкилозы, буындардың осеоартрозыда кездеседі.


Пальпация - ағзадағы кейбір функциональді көріністерін, тіндердің және ағзалардың физикалық қасиетін, олардың топографиялық қатынасын, беткей сипатын, сезімталдығын анықтауға бағытталған клиникалық әдіс. Пальпаторлы қабылдау – ағзаларды саусақ ұштары арқылы сырғыту арқылы жүзеге асады. Бұл кезде тығыз ағзалар( бауыр, көкбауыр, бүйрек, лиматүйіндер) жақсы және жеңіл анықталады. Пальпацияның беткей және терең, бимануальді(екі қолмен), серпім тәрізді(бауыр, көкбауыр, ісік тәрізді тығыз тіндерді) – іш қуысына сұйықтықтың жиналуы кезінде. В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско бойынша терең сырғымалы пальпация терең іш қуысында орналасқан ағзаларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пальпациялаудың ерекше түрлері – акушерлік – гинекологияда, урологиялық практикада қолданылады.
Әртүрлі ағзалар мен жүйелердің (бұлшық ет, сүйек, лимфа түйіндер,кеуде клеткасы,ішек қуысы т.б.) пальпациялау әдістері өзіндік ерекшеліктерге ие.
Ішкі ағзаларды диагностикалауда науқастарды тексерудегі маңызды әдістердің бірі болып табылады. Зерттелетін нысанаға және оның көлеміне қарай пальпациялау әртүрлі жүргізіледі және өзіндік ережеге сүйенеді. Егер ережелерін сақтамаған жағдайда дұрыс емесе қорытындыға алып келеді. Мысалы тері мен бұлшық еттерді жиыру арқылы пальпациялайды. Бұл арқылы оның қалыңдығын, серпімділігін және т.б. қасиеттерін анықтайды. Белгілі дене аймағындағы температураны анықтау барысында алақанды сол жерге қояды( мысалы шок кезінде ерекшелігі анықталады). Симметриялық сүйектерде бір жақты қабыну болғаны сол қабынған жердің жылы екені анықталады. Пальпаторлы түрде пульсте анықталады. Ол үшін артерия өтетін жердің терісіне саусақты батыра басады. Өкпе және плевраның ауруларын анықтау барасында дауыс дірілін анықтаудың маңызы зор.
Жүйе бойынша өткен кезде толық қарастырылады.
Перкуссия – алғаш рет 1764 жылы австриялық дәрігер Ауэнбруггермен, кейінен Корвизормен ұсынылған, сөзбе сөз «тері арқылы» деген мағынаны білдіреді. Перкуссиянын физикалық негізі болып ағза немесе тінді қаққылау кезінде арнайы дыбыспен шығатын және көршілес тіндер мен ауаға берілетін теңселмелі қимылдың пайда болуын айтады. Перкуссия күшіне, биіктігі, сипатына, ұзақтығына байланысты ерекшеленеді. Күшке байланысты қатты(анық) және тыныш(тұйық) дыбыс деп ажыратылады. Биіктігіне байланысты жоғары және төмен. Ұзақтығына байланысты - ұзақ, қысқа. Сипатына байланысты тимпаникалық, тимпаникалық емес деп бөлінеді.
Осыған байланысты келесі жағдайларды ескеру керек:

  1. Ауа жоқ, тығыз ағзаларда(жүрек, бауыр, көкбауыр, сүйек, бұлшық ет) перкуссиялық дыбыстар дыбыстық ерекшеліктеріне байланысты қысқа және тұйық болады.

  2. Ішінде ауасы бар ағзаларда ( өкпе, ішек, асқазан) дыбыстар төмен тональді,ұзақ,жоғары дыбысты болып келеді.

Топографиялық перкуссияның көмегімен ағзалардың шекараларын, биіктігі мен формасын анықтайды.
Салыстырмалы перкуссияны кеуде клеткасындағы екі жақты дыбыстарды салыстыру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет