Ішкі секреция бездері І нұсқа Берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары



бет2/5
Дата05.05.2020
өлшемі35,15 Kb.
#65751
1   2   3   4   5
Байланысты:
ішкі секреция бездері тест
ФИЗРА
Бір немесе бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары

21.Қалқанша безі:

A.пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г.

B.көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан, пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады

C.пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0,5-0,6 г.

D.безді және жүйке ұлпаларынан тұрады

E.салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өседі

F.бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер

G.Ересек адамда салмағы 30-60 г., жаңа туған балада салмағы 1-2 г.

H.іші шырышты затқа толы қуыстары бар.

22.Кортизон гормоны:

A.қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді, қанның ұюын тездетеді

B.тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

C. жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді

D.қанда глюкозаның мөлшерін арттырады, бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады

E.тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді

F.қуық пен ауатамырларының бұлшықеттерін босаңсытады

G.көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді

H.қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді

23.Миксидема ауруның белгілері:

A.дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды

B.терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді

C.адам шөлдей береді, тамақты да жиі қабылдайды, тез арықтайды

D.терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді

E.көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

F.қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді

G.қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға жетеді

H.бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады

24.Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаттары жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе:

A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды

C. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді

D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді

E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады

F.су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді

G.қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды

H. бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады

25.Ішкі секреция безеріне жатады:

A.гипофиз, эпифиз бездері

B.май, тер бездері

C.ұйқы, жыныс бездері

D.қалқанша, қалқанша маңы бездері

E.бүйрек үсті , айырша бездері

F.қалқанша, ұйқы бездері

G.сілекей, сүт бездері

H.жыныс, тер, сүт бездері

26.Гипофиздің сипаттамасы:

A.пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г.

B.көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан

C.пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0,5-0,6 г.

D.безді және жүйке ұлпаларынан тұрады

E.салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өседі

F.бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер

G.алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады, 25 гормон бөледі

H.ұзындығы 15-22 см., құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан

27.Аналық жыныс бездерінен бөлінетін гормондар

A.паратгормон

B.эстрогендер

C.андрогендер

D.тестостерон

E.прогестерон

F.тимозин

G.мелатонин

H.кортизон

28.Қалқанша маңы бездері:

A.біреуінің салмағы 6-7 г, екеуін қосқандағы салмағы шамамен 12-14 г..

B.бездердің үлкендігі асбұршақтай, 20-50 мг.

C.пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0,5-0,6 г.

D.ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы шамамен 2 мм

E.салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өседі

F.бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер

G.алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады, 25 гормон бөледі

H.ұзындығы 15-22 см., құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан

29.Қалқанша безден гормон көп бөлінсе:

A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды

C. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді

D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді

E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады

F.зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиіледі

G.қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады

H.тез ашуланады және терлегіш болады

30.Есейген адамда өсу гормонының артық синтезделуінен пайда болатын ауру

A.миксидема

B.ергежейлілік

C.іспебұғақ (эндемиялық зоб)

D.кретинизм

E.Аддисон ауруы

F.Базедов ауруы

G.акромегалия

H.гипофиздік ергежейлілік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет