Ішкі секреция бездері І нұсқа Берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар



бет3/5
Дата05.05.2020
өлшемі35,15 Kb.
#65751
1   2   3   4   5
Байланысты:
ішкі секреция бездері тест
ФИЗРА
Ішкі секреция бездері ІІ нұсқа

Берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар.

1.Жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон

А.окситоцин

В.вазопрессин

С.мелатонин

Д.адреналин

2.Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабаты қызметі нашарлауынан және жарақаттауынан туатын ауру

А.Эндемиялық зоб

В.Аддисон ауруы (қола ауруы)

С.Базедов ауруы (бадырақкөз)

Д.Ергежейлілік

3.Егер қанда глюкоза жетіспесе

А.инсулин гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді

В.глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді

С.адреналин гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді

Д.тироксин гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді

4.Гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездерінің зақымдануынан пайда болады

А.Эндемиялық зоб

В.Алыптылық

С.Базедов ауруы

Д.Ергежейлілік

5.Сыртқы секреция бездері бөледі

А.Сөл (секрет)

В.Гормон


С.Фермент

Д.Дәрумендер

6.Сыртқы секреция бездеріне жатады

А.Ұйқы және жыныс бездері

В.Гипофиз, эпифиз, қалқанша без, бүйрек үсті бездері,айырша без

С.Сүт, тер, жас, сілекей, май бездері

Д.Ұйқы безі, гипофиз, сілекей бездері

7.Тез ашуланғыш, көп терлегіш ауру

А.Акромегалия

В.Миксидема

С.Базедов ауруы

Д.Аддисон ауруы

8.Гипофиздің артқы бөлігінен бөлінетін гормондар

А.инсулин, глюкагон

В.адреналин, норадреналин

С.вазопрессин, окситоцин

Д.андрогендер, экстрогендер

9.Ұйқы безінен бөлінетін гормондар

А.инсулин, глюкагон

В.адреналин, норадреналин

С.вазопрессин, окситоцин

Д.андрогендер, экстрогендер

10.Қалқанша безінен бөлінетін гормон

А.Тироксин

В.Мелатонин

С.Адреналин

Т.Тимозин

11.Қан мен ұлпа сұйықтығында фосфор мен кальцийдің концентрациясын реттейтін без:

А.Адреналин

В.Тироксин

С.Қалқанша маңы бездері

Д.Тимозин

12.Бүйрекүсті бездерінің ішкі милы қабатынан бөлінетін гормондар

А.инсулин

В.адреналин

С.вазопрессин

Д. кортизон

13.Адамның балалық шағында ірі болып, жыныстық жетілуден кейін кішірейетін без

А.бүйрек үсті бездері

В.айырша без

С.гипофиз

Д.қалқанша безі

14.Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар

А.Тиреотропты гормондар

В.Нейрогормондар

С.Адренокортикотропты гормондар

Д.Глюкокортикоидтар

15.Гипофизге тәуелсіз без

А.қалқанша безі

В.бүйрекүсті безі

С.ұйқыбез безі

Д.эпифиз безі

16.Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері

А.2,3-5,7 милимоль/л

В.4,5-7,7 милимоль/л

С.4,6-6,7 милимоль/л

Д.3,7-6,7 милимоль/л

17.Гуморалдық реттелуде негізгі рөл атқарады

А.секрет (сөл)

В.гормондар

С.нейроглия

Д.нейрондар

18.Тері пигменті-меланиннің түзілуін күшейтеді

А. Гипофиздің ортаңғы бөлігі

В. Гипофиздің артқы бөлігі

С. Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Д. Гипоталамус

19.Ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан без

А.Гипофиз

В.Тимус


С.Эпифиз

Д.Қалқанша без

20.Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық

А.аралық мидағы гипоталамус

В.сопақша ми мен жұлын

С.ортаңғы ми

Д.мишық пен ми көпірі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет