Дизайн без названия



бет1/8
Дата08.11.2023
өлшемі8,55 Mb.
#190299
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дизайн без названия - 2023-10-15T135919.207 (копия)

и


Альвеоланың вестибулярлы қабырғасын фрезамен алдынын -ала кесіп,альвеолотомиядан кейін тіс түбірін қысқышпен жұлу. Альвеолотомиядан кейін тіс түбірін эловатормен жұлу.Тігіс материалдары ,түрлері.
Орындаған:Шаймерден Б

р


Жоспар
•I.Кіріспе
•II. Негізгі бөлім
1)Тіс жұлу әдістері
2)Тіс жұлу кезіндегі науқас пен дәрігердің орналасуы
3)Қысқыштарды ұстау тәсілдері
4)Тіс пен түбірді элеватормен жұлу
5)Тереңде қалған түбір сынықтарын жұлу.
6)Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
7)Сүйектік тігіс
•III.Қорытынды
•IV.Пайдаланылған әдебиеттер

м


Тіс жұлу әдістері Тіс жұлу операциясы қызыл иек пен периодонтит тіндерін және тіс ұясынан тісті немесе түбірді тіс ұясынан зорлап шығарып алу қимылдарынан тұрады. Тіс түбірлері алшақ орналасқан болса тіс ұясы күштеп кеңейтіледі. Тістерді аранйы қысқыштар мен элеваторлар арқылы жұлады. Кейбір кездерде тіс жұлуға бормашина, қашау, балға қолданылады. Бұл аспаптармен тісті жұлуға кедергі жасайтын сүйек алынып тасталады. Әрине, бұл операциялар науқастарға біршама қиындықтар туғызады. Тісті жұлудан бұрын анатомиялық ерекшеліктерді ескерген жөн. Мысалы: түбірдің саны, түрі, үлкендігі, қисаюы, түбірлер далдасы, ұя қабырғасының қалыңдығы, гаймор қуысының жақындығы, төменгі жақ өзегінің жақындығы, иннервациялану т.б. Бұл керекті мәліметтер анатомиядан белгілі. Тісті жұлудың қиындығы алдын ала белгілі болса (төменгі ақыл тістерді жұлу) рентген жасау қажет.

р


Тіс жұлу кезіндегі науқас пен дәрігердің орналасуы. Үстіңгі тістерді жұлғанда науқас биік креслода басын шалқайтып отырады. Жұлынатын тіс дәрігердің иығы деңгейінде болу керек. Сол жақтың тістерін жұлғанда науқастың басы дәрігерге қарай, ал оң жақтың тістерін жұлғанда әрі қарай құрылады. Төменгі жақтың тістерін жұлғанда креслоны шынтақ деңгейіне дейін төмендетеді. Науқастың басы тік орналасады. Төменгі күрек, сол сол жақ кіші, үлкен азу тістерін жұлғанда ол сол қолымен науқастың басын құша оң жағында немесе арт жағында тұрады. Тіс жұлу қиын болатын болса науқасты жатқызады. Операция алаңын дайындау. Ауыз қуысын асептикалық жағдайға келтіру мүмкін емес. Әлсіз антисептиктер микрофлораны жоя алмайды, ал күштілері кілегей қабықты жаралайды. Сондықтан ауыз қуысын дайындауды тамақ қалдықтарын тазалап, оның микрофлорасын азайту деп түсінуге болады. Ол үшін ауызды калийдің марганец қышқылы, хлорамин,фурацилин, ас содасы т.б. әлсіз ерітінділермен шаю керек. Жұлынған тістің ұясына түсіп кетпес үшін жақын тұрған тістерді тастардан калий перманганаты, сутегі тотығымен малынған тампонмен тазарту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет