367
ИМАНИ ГҮЛ
Біріншіден, ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) са-
лауат айтуымыз – мойнымыздағы қарызымыз. Оның (с.а.у.)
алдындағы жақындығымыз бен сүйіспеншілігіміздің
белгісі. Оған деген алғысымызды тілек ретінде білдіріп,
жүрек жарды сағынышымыз бен құрметімізді салауат
түрінде жеткізу болмақ.
Егер пайғамбарымыз жіберілмегенде,
біз Ұлы Жа-
ратушыны барлық кемел сипаттарымен танып, қатесіз
түсіне алатын ба едік? Пайғамбарымыз келмес бұрын
адамзат ай,
жұлдызға, жансыз, тілсіз, меңіреу, қолдан
жасалған пұттарға Құдай деп табынғаны баршаға белгілі.
Ендеше, адамзатқа таухид дінін үйретіп, Раббымызбен
табыстырған ардақты елші хазреті Мұхаммедке (с.а.у.) са-
лауат айту – әрбір мұсылманның пайғамбары алдындағы
адал борышы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзіне білдірілген
ақиқаттарды жан шыдатпас қиыншылықтармен қырқыса
жүріп адамзатқа жеткізді. Сол жолда малын да, жа-
нын да аямады. Сол үшін апталап емес айлап аш қалды.
Мүшріктердің:
«Әбдімүттәліптің жетімегінен басқа
пайғамбарлыққа адам табылмай қалып па?!»
дейтіндей
қорлық сөздерін естіп, келеке-мазағына душар болды.
Мүбәрак жүзіне дұшпандары сан рет түкіріп, ғибадат
жасап жатқан кезде түйенің
қан-жынын әкеп төбесіне
қотарып, айыздары қана алшаң басып кете барған кездері
де болды. Жаңа дінге қарсы шыққан Мекке мүшріктері
Пайғамбарызды өлтіруге ант ішіп, мүбәрак өмірін
қауіп-қатерге кіріптар етті. Жақын туыстары мен жора-
жолдастарын өлтіріп, мал-мүліктерін талан-таражға сал-
ды. Бірақ, хақ діннің адамзатқа жетуі үшін пайғамбарымыз
(с.а.у.) осының бәріне мойымай шыдады. Пайғамбарымыз
бұл жан түршігерлік қиыншылықтарға
қияметке дейін
келіп-кетер жалпы адамзаттың бақыты үшін душар бол-
ды. Иә, ол ақырғы дін исламды бізге жеткізбегенде, ақ