Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)


Қазақ тілі 9-сынып емтихан тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет15/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom
OnlineMektep - BilimLand
Қазақ тілі
9-сынып емтихан тапсырмалары
Бұл мемлекеттер оқуды тұлға мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі деп біледі. 
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы аталған мемлекеттерде мерзімді 
басылымдар мен әдеби кітаптарды оқырмансыз қалдырған жоқ. Жұмыс күнін газет-
журналдардың жаңа нөмірімен бастайтын, бос уақытында бірден басылымдарға 
шұқшиятын, кітабын заманауи гаджеттерге айырбастағысы келмейтін қауымды олар 
біздегідей ескіліктің табынушысына баламайды. Керісінше, жоғары мәдениеттің өкілі деп 
құрмет тұтады.
Жуырда белгілі журналист Қуат Әуесбайдың «Фейсбуктегі» мына бір жазбасына 
көзіміз түсті: «Қай елге барсам да, ең әуелі, сол жердің баспасөзін іздейтін әдетім бар. Осы 
көктемде Еуропадағы 7 елде болып, бір құшақ газет арқалап қайтқам. Басқалар киім-
кешек, техника алып жатса, мен ақшамды газетке жұмсаймын. Байқағаным, мұнда «газет 
оқылмайды, газет өледі» деп жатқан ешкім жоқ. Метрода, аялдамада газет-журнал оқып 
тұрған жандарды көресің. Біз неге «газеттің күні өтті» деп дүрлігіп жүрміз сонда? 
Баспасөздің ертеңі біз айтып жүрген компьютерлік технологиялардың даму деңгейіне 
емес, оқырманның оған деген көзқарасына тәуелді. Газеттің қадірін қашыратын да, 
құндылығын арттыратын да – оның тұтынушысы, яғни оқырман. 
(235 сөз)
 
Ә мәтіні:
ғаламтор мақаласынан үзінді 
Болашақ – ғаламтор-журналистикада
Ғаламдық желіні өз мақсаттарына тиімді пайдалана білгеннің асығы түгел екенін 
уақыт дәлелдеп отыр. Ғаламтор желілері - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең 
жаңа түрі. Баспасөз қызметі тұрғысынан алғанда, WEB-сайттардың былайша жіктелуі 
тақырыптық бағыты жағынан тиімді болып табылады: жаңалық тарататын WEB-сайттар 
(мысалы,http://www.24.kz.); 
сараптама, 
талдау 
жасайтын 
WEB-сайттар 
(мысалы,http://www.abai.kz/.); басқа да әлеуметтік желілердің қоры (http:// baq.kz,). Басқа 
БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, 
оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні- осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық 
веб-қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың 
аудиториясы анағұрлым ауқымды. Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да 
ыңғайлы болып табылады. 
Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден 
гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз 
қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория 
бола алатынын ұғынып алуы қажет. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып 
отыруы мүмкін. Себебі баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері 
(
терілген материалдар, 
кестелер, бағдарламалар, мәліметтер
) бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы 
аудиторияға бағытталады. 
Болашақ – ғаламтор-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да 
азырақ.2020 жылы жер бетінде ғаламдық желіге жалғанған қондырғылардың жалпы саны 
26 миллиардқа, ал смартфон қолданушыларының саны 6,1 миллиардқа жетеді. 
Нәтижесінде, мобильді интернеттің даму қарқыны қазіргіден бетер күшейіп, оның 
ғаламшарды қамту көрсеткіші 90 пайызды көрсетпек. Бұл сандық деректер қазірдің өзінде 
біраз қауқарын жоғалтып үлгерген баспасөздің ертеңін күмәнді ете түсті.(210сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет