Мфок-201 Тексерген: Шоқанов Ә.Қ



Дата07.02.2022
өлшемі3,47 Mb.
#84187
Байланысты:
Нанотехнология Алдаберганова Г.


ТАҚЫРЫБЫ:
Нанотехнология туралы түсінік және қолдану аясы

Орындаған: Алдаберганова Г.Б.
МФОК-201

Тексерген: Шоқанов Ә.Қ.
профессор, ф.-м. ғ.д.
Алматы, 2020ж.
Нанотехнология – бұл адамның көзіне көрінбейтін майда бөлшектерді белгілі бір ретке келтіре отырып, оның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді миллиардқа бөлгендегі ұсақ бөлігі (1 нанометр=10-9 метр).
Жаңа ғылыми бағыт түсінігі (нанотехнология түсінігі) екі сөздің құрамынан келіп шығады:
жалпыға түсінікті «технология» мен «нано» қосындысы ортасынан пайда болып, ұзындық өлшем бірлігінің кішіреюімен байланысты (миллиард есе), яғни 1 нанометр=1нм=10-9м аралығы 0,1-100 нм ұзындықтағы бөлшектерден алатын ақпаратты анықтаумен байланысты.
Нанотехнология кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.
Заттың бөлшектері арасындағы процесті және өзара аралық қашықтығы 1-ден 100 нм дейінгі ұзындықты өлшеу мүмкіндігі бар, түрлі әдіс-тәсілді қолданып оның ішкі құрылымы мен қасиетін анық көрсете алатын жаңа ғылыми бағыт нанотехнологияның үлесіне тиеді. Осыдан келіп шығатын ұғым – нанотехнологияның жоғарғы өлшемі арқылы, қазіргі жартылай өткізгіштер мен компьютер техникасындағы интеграл схемалардың көлемін кішірейтуге бағытталған. Ал, төменгі өлшем бірлігіне лайықты көптеген вирустардың және көміртегітүтікшелердің ұзындығы 10 нм аспайды, ал белок молекуласінікі 1 нм (ДНҚ спиралінің радиусы 1 нм) тең екендігі дәлелденген.
атомдарды өз қалауымызша тікелей орналастыру жүзеге асырылады, яғни ерекше қасиеттерге ие болған материалдар жасалады.

көлемдері жекелеген молекулаларға немесе атомдарға тең белсенді элементтері бар электрондық схемалардың өндірісін ұйымдастыру.
көлемі молекулаға тең механизмдер мен роботтар, яғни наномашина жасау.
Нанотехнологияның үш негізгі міндеттері:
Қазіргі уақытта наноқұрылымдарды өндірудің екі негізгі әдісі бар:
  • Төменнен жоғарыға қарай: наноқұрылымдарды «молекуладан молекулаға» атты қағидаты бойынша құрастырады.
  • Жоғарыдан төменге қарай: бұл әдіс макроскопиялық үлгіні қолданып, кесуді пайдалана отырып, оның бетіне микроэлектрондық құрылғылардың компоненттерін наномасштабқа тән параметрлермен жасайды.

Нанотехнология қалай жасалады?
Қазіргі нанотехнологияны қолдану нәтижесі - үлкен ғылыми жетістіктерге жеткендік және техникадағы өркендеу прогресі, оның барлық ғылым саласына тікелей әсерін тигізе бастады деуге жетерліктей нәтижелер баршылық.
Нанотехнологияны өндірісте ендіру тиімді, әрі қолайлы, экологиялық зиянсыз материал болып, қоғамға әлеуметтік жағымды жақтарымен көрінбек. Болашақ әлеуметтік өмірге және экономиканың өрлеуіне революциялық әсерін тигізуі нәтижесінде, нанотехнологияның рөлін ерекше деп қарауға болады.
Нанотехнологияның қолданылуы
Микроағзалардағы бактерияларға әсер ету
Клондау
Машина жасау
Медицина
Генетика
Электроника
АҚШ және Жапония нанотехнологияны өркендету үстінде, әсіресе ақпараттық технология мен биология саласында дүниежүзінде көшбасшы рөлін АҚШ иеленсе, микро, яғни, нанотехнологияның басқа саласында Жапония айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

Қорытынды:


Нанотехнологиядан қару жасау қаупі бар, егер расында ондай қару жасалса өмір бітті деген сөз. Өйткені, нанотехнология күші біз ойлағаннан да күшті. Егер адамзат нанотехнологияны дұрыс, бейбіт бағытта дамытса біздің әлем гүлденер еді және адамзат өмірі қарапайымырақ болар еді. Нанотехнология адамзат өміріндегі ең төңкерісті жаңалықтардың бірі. Ал, оның бүгінгісінен болашағы әлдеқайда «жемісті» болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет