Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Тьютор жұмысын ұйымдастыру мәселесі



Pdf көрінісі
бет43/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
Тьютор жұмысын ұйымдастыру мәселесі.

 

 

Тьютор  жұмысын  ұйымдастыру  мәселесі



 

жалпы  инклюзивті  білім  беру  және  тәрбиелеу 

құрылымының құрамдық бір бөлігі болып табылады. 

«Тьютор»  термині  ағылшын  тілінен  аударғанда 

«бақылаймын,  қамқорлаймын»  деген  түсінік  береді. 

Оның    тьюторлық  оқыту  жүйесі    орта  ғасырда  

кіріктірілгеніне қарамастан, кәсіптік тілде кен таралуы 

бірнеше жылдан кейін табылған. 

Тьютор, авторлардың пікірлері бойынша, бала мен оқытушының арасында 

байланыс  жолы,  іс  әрекетті    және  жеке  балаға  бағытталған  бағдарлама 

ұйымдастырушы тұлға. 

Авторлардың  пікірінше,  тьюторлық  технологиясының  негізгі  құрамдасы 

болып    жеке  білім  беру  бағдарламасын  құру  және  сүйемелдеу  мәселесін 

ұйымдастыру. 

Тьюторлық  жұмыстың  мақсаты  мүмкіндігі  шектелген  балаларды  жалпы 

білім беру үрдісіне кіріктіруде қалыпты жағдай орнату. Бұл мақсатты іске асыру 

үшін көптеген міндетерді шешу қажет: 

1.Мектепте  мүмкіндігі  шектелген  балаларына  жәйлі  жағдай  тудыру:  мектепке, 

сыныпқа баруға нақты көмекті ұйымдастыру; мүмкіндігі шектелген баланың оқу 

орнын,  демалу  т.б.  орындарын  ұйымдастыру;  айрықша  күн  тәртібі,  білім  беру 

ортасын  мүмкіндігі  шектелген  балалардың  нақты  анықталған  мүмкіндіктеріне 

қарай сәйкестеп құру. 

Жалпы  білім  беру  ортасында  психологиялық  ахуал  құру  мақсатымен  

педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, оқушылармен жұмыс жүргізу. 

2.Әлеуметтендіру  –  мүмкіндігі  шектелген  баланы  өзінің  құрдастары,  мектеп, 

сынып өмірінің арасына кіріктіру, ұжымда тұлғааралық қанағаттанарлық қарым-

қатынасты қалыптастыру. 

Білім  беру  процесінің  әр  кезеңінде  педагогтардың,  арнайы  педагогтардың, 

психологтардың, т.б.  қажет етілетін мамандардың координациясын қамтамасыз 

ету үшін тьютор арада  байланыстырушы көпір болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет