Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.2-13 жағдаяттық тапсырма



бет15/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

I.2-13 жағдаяттық тапсырма
Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 12 жасар бала түсті. Ол күн астында ұзақ уақыт жалаң бас тұрғандықтан, басының ауыруы, жүрек айнуы байқалған. Бала бір рет құсқан, есін жоғалтқан.
Объективті: бала қозған, терісі қызарған, денесін ұстап көргенде ыстық.ТЖ-32 мин-1, ЖСЖ-110 мин-1, АҚ-140/92 мм.сын.бағ. Дене температурасы -39,7˚С.
1.Балада термореттеудің қандай бұзылысы дамыған?
2.Термореттеудің осы бұзылысын гипертермиядан қалай ажыратуға болады?
3.Осы патологиялық жағдайдың даму жолы қандай?
Жауабы:
1. Термореттелу - қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адамның дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. Балада ұзақ уақыт күн астында жалаң бас тұруынан, күн соққысы дамыған. Күн соққысы- күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен болатын жедел қызып кету.
2. Гипертермия – денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі және оның негізгі себебіне түрлі жұқпалы індеттер мен қабынбалы аурулар (экзогенді биологиялық фактор) жатады. Ал термореттелу жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады.
3. Науқастың басынан күн өтуі патологиялық жағдайға жатады және ол экзогенді физикалық фактор әсерінен болып тұр. Ал осы патологиялық жағдайдың даму жолы: басының ауыруы – дене температурасының көтерілуі – жүректің соғу жылдамдығының жоғарылауы - артериялық қысымның жоғарылауы – құсу – есін жоғалту.

1.2-14
Науқас Р., 17 жаста. Лифтпен жоғары көтерілгенде және төмен түскенде әрдайым басы айналады, жүрегі айниды, қозғалыс кординациясының бұзылысы пайда болады. Автокөлікте немесе поезда жүргенде көрсетілген бұзылыстардан басқа құсу, АҚ төмендеуі, жүрек ырғағының баяулауы байқалады.
1. Бұл ауру қалай аталады? Оған толық анықтама беріңіз.
2. Осы бұзылыстар пайда болуының себебі не? Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Осы аурудың дамуына қай топтағы негізгі рецепторлардың қатысы бар?
4. Сипатталған көріністердің даму жолы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет