Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет16/169
Дата04.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#176032
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   169
Байланысты:
Æà?äàÿòòû? åñåïòåð I. 1-2 æà?äàÿòòû? òàïñûðìà

Жауап:

  1. Теңіз ауруы (Морская болезнь) Кинетоз — ұшу аппараттары мен кемелердің кеңістікте әзінің бастапқы қалпын тез ауыстырған кезінде, сонымен қатар машина немесе жер бетінде жүретін көліктердің тегіс емес, бұралаң жолда тез жүруіне байланысты кейбір адамдардың ауыруы. Оның негізгі белгілері: бастың айналуы, сілекейдің көп бөлінуі, жүрек айнуы, құсу. 



  1. Қозғалыс ауруының тағы бір себебі - бұл орталық жүйке жүйесіне вестибулярлық аппарат пен көру мүшелерінен түсетін сигналдар арасындағы қақтығыс. Мысалы, мұндай соқтығыс адам шайқалу сәтінде, кеменің немесе пойыз вагонының ішінде болып, көкжиекті көрмеген кезде пайда болуы мүмкін. Вестибулярлық аппарат қайталанатын қозғалыстарды тіркейді, ал көздер қозғалмайтын заттарды көреді сондай әсер етеді.




  1. Жылдамдыққа жауап беретін вестибулярлық аппарат рецепторлары және миға қоршаған заттардың кеңістігіндегі тез жылжу туралы ақпарат беретін көрнекі рецепторлар қозғалыс ауруының дамуында үлкен рөл атқарады.



  1. Перифериялық рецепторлардың (вестибулярлық және көру) гиперактивациясына байланысты вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің және вагус нервінің қозғалтқыш ядроларының қозуы (парасимпатикалық әсер) қозғалыс ауруы симптомдарының пайда болуына әкеледі


I.3-1 жағдаяттық тапсырма
38 жастағы С., альпинист, тауға шығу барысында теңіз деңгейінен 5500 м биіктікке көтерілгенде басы айналып, құлағы қатты шаншып ауырған. Терісі бозарған, сілемейлі қабаттары - көкшіл түсті. Осыған қарамастан, жоғарыға көтерілуін тоқтатпады. 5800 м биіктікке көтерілгенде мұрнынан қан ақты, тынысы жиі, үстіртін, АҚ 95/55 mmHg дейін төмендеді, ЖСЖ - 120 мин-1 . Кенеттен пульсі және тынысы сиреп, альпинист есінен танып қалды. Оттегіні деммен ішке тартқанда, жағдайы жақсара бастады, соңынан альпинист төменге түсірілді.

  1. Патологиялық процесс дамуының негізгі түйінін атаңыз.

Негізгі түйін-атмосфералық қысым.
2. Қандай «кері айналып соғу шеңбері» науқастың жағдайының нашарлауына ықпал етті? 5000м биіктіктен астам көтерілгенде СО2 артық шығарылып кетеді.Қоректік заттардың толық тотықпауынан тіндерде СО2 түзілуі азаяды,гипокапния дамиды газдық алкалоз байқалады.
Ауада оттегінің азаюы →гипоксемия→тыныс алу орталығының тітіркенуі→гиперпноэ→гипокапния,газдық алкалоз→тыныс алу орталығының тежелуі→брадипноэ
Оттегі жетіспеуі нәтижесінде қайта Гипоксияға алып келеді.Осылай кері айналу шеңбері жүреді
3. Патологиялық процесс дамуында «кері айналып соғу шеңберін» анықтаудың маңызы қандай? Себебі,кері айналып соғу шеңбері қайта айналып келіп,процесті ары қарай күшейтеді.Кері айналып соғу шеңбері-аурудың себеп-салдармен арақатынасындағы бір салдардың кері айналып келіп,бастапқы бір себепте одан сайын күшейту болып табылады.

I.3-2 жағдаяттық тапсырма


Науқас Р., 55 жаста, 3 жыл бойы бірнеше рет емхананың хирургиялық бөліміне
сыздауықтың қайта-қайта шығуына шағымданған. Бактериалық зерттеулердің
нәтижесінде Staphylococcus aureus қоздырғышы анықталған. Емдеу барысында хирургтар
жараны жарып, іріңнен тазартып, иммунитетті түзететін дәрілерді берген. Бірақ,
қолданылған емнің әсері нәтижесіз болды. Қанның биохимиялық талдамасында
глюкозаның мөлшері өскені анықталды. Кейінгі өткізген зерттеулердің көрсеткіштеріне
негізделіп, дәрігерлер науқастың қантты диабетпен ауыратынын дәлелдеді. Науқасқа қант
деңгейін төмендететін дәрі-дәрмектер беріліп, жағдайы жақсарды, сыздауық жойылды.
Патологиялық процесс дамуының негізгі түйінін атаңыз.
2. Неліктен хирургиялық ем қысқа мерзімге ғана науқастың жағдайын жақсартты ?
3. Патологиялық процесс дамуында негізгі түйінді анықтаудың маңызы қандай?
1.Патологиялық процестің негізгі түйіні-қант диабеті болып табылады.
2.Себебі хирургиялық ем тек қана сыздауықты жоюға ғана бағытталды. Ал,қандағы глюкозаның мөлшерін төмендеткен жоқ.
3.Негізгі түйінді анықтаудың терапиялық маңызы зор. Оны жою арқылы патогенездік тізбекті үзуге, осылайша науқасты тиімді емдеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет