Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


  III тарау. Ортагасырлың философия



Pdf көрінісі
бет113/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

130 
III тарау. Ортагасырлың философия
32 Ауэзов М. Казахский дореволюционный фольклор. - М ., 1945. - С. 15.
33 Қорқыт туралы аңыз. Қазақ сртегілері. - Алматы, 1957. - 1-том. - 373-6.
34 Бұл да сонда.
35 Қасқабасов С. Қазақ фолышорының тарихилығы. - Алматы, 1963. - 99-6.


Түркі 
tw o
ислам философиясы
131
лософияның ең негізгі мэселелерінің бірі - адам мэсслесін жоғары көтеріп, оның 
өмірін қызықты, бақытгы етуге әрекет жасалынады. Ал өмірдің өзі де адамға 
яайыкты болуға тиіс. Осы жерде Қорқыт туралы аңыздьщ философиялық, эсте- 
тикалық мэнін, рөлін айта отырып, белгілі шығыстанушы ғалым, Шоқанның досы 
Г.Н. Потаниннің Қорқыт туралы аңызда: «Қазақ халқы өмірге тек өнер ғана сән 
береді, тек өнер ғана біздерде ерте үйірілетін сары уайымнан құтқарады деген ой 
айтылды»36, - деп жазған ойын өте орынды деп білеміз.
Қорқыт ата өлімнен қашып, дүниенің төрт бұрышын шарласа да өлімнен 
кұгыла алмасын білген соң өзінің кіндік қаны тамған жер - жер ортасы деп, 
Сырдарияның жағасына қайта оралады. «Мұидай жағдайда да төрт бұрышты 
космостың ортасы - кіндігі (жер кіндігі) болады. Ол Қорқыт жайындағы миф 
бойынша Сырдария болып табылады»37. Космологиялық дүниетаным уақьгг пен 
кеңістік қазақтың көне мифологиясында, аңыз жырларында көшпенділер өмір 
салтымен, болмысымен тығыз байланыста көрсетіліп отырады. Қорқыттың туған, 
жүрген, тіпті, мазары тұрған жсрлер жөнінде де толып жатқан аңыз-әңгімелер 
бар. Аңыз бойынша, Қорқытты анасы қурсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. 
Қорқыт туылар күн ашық аспан тастай қараңғы түнге айналған, қорқынышты күні 
туылғаны үшін баланың атын «Қорқыт» деп қойған дейді. Бұл жөнінде ел ішінде 
тараған өлең-жырлар бар:
Қорқыт туар кезінде,
Қараспанды су алған.
Қара жерді күй алған.
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған.
Ал оның мазары тұрган жер туралы белгілі фольклоршы, этнограф Ә. Дибаев 
1896-1898 жылдары Сыр бойындағы Қорқыт ата мазарында болып, оны суретке 
түсірген, аңыздарын жинаған. Соның бірінде ертеде Қорқыттың ұзын сирақтары 
көрден шығып жатушы еді делінеді. Қазақ аңыздарында Қорқыт - бір ғана бақсы 
емес, көптеген күйлер мен дастандар тудырған тарихи түлга. Қорқыт жайындагы 
аңыздарды жинақтай келгенде, оның бойындағы үш түрлі өнері айқындала түседі. 
Біріншіден, ол - оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы шаман. Ә. Дибаев 
бақсы (бахиш) түсінігі шағатайша «балгер», «сиқыршы» деген ұғымды береті- 
нін айтады. Бұл сөз манжур елінде де бар. Оларда «бақсы» ұғымы «ақылшы», 
«ғалым» дегенді білдіреді. Екіншіден, Қорқыт - күйші, музыкант, ең тұңғыш ко­
быз .сарынын тудырган адам. Үшіншіден, Қорқыт - эпос айтушы, эйгілі жырау. 
Оның жырлары - оғыз-қыпшақтардың өмірінен қалған әдеби-тарихи мұра.
Сөз соңында айтарымыз, Қорқыт ата жырларындағы көшпенділер өмірі- 
нің таза суреттелуі, ондағы тотемизм, шаманизм сарындары арқылы Қорқыт- 
тың біздің ежелгі философиялық дүниетанымдарымызды асқан шеберлікпен 
қалыптастыра білуі. Қоркыт ата жырларының алғашқы философияльщ арқауы 
Сыр бойында дүниеге келіп, кейін Кавказ, Анатолия жерлерінде хатқа түсті. Бұл 
жерде біздер «сенікі, менікі» деген аясы тар ұғымдардан аулақ болғанымыз жөн.
36 Потанин Г.Н. В юрте последнего царевича (Валиханов Ч.Ч. Сбор. соч. в 5-ти томах). - Алматы, 1968. - С. 300.
37Қасқабасов С. Қазақ фольклорының тарихилығы. -А лматы , 1993. - 1-том. - 89-6., 373-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет