rj-уркі тілді ислам философиясы 127 Т а қ ы р ы п б ой ы н ш а с у р а қ та р :
1. XIII ғасырдағы ислам мэдениеті мен талыми дүниесі үшін Насреддин ат-Тусидің маңызды-
лығы қандай?
2. Ас-Сухраверди үшін «мэңгі даналықтың» қажеттілігі немен анықталды?
3. Аш-Ширази мен М. Хайдеггердің философияларындағы «болмыс» түсінігінің айырмашы-
лықтары неде?
Түркі тілді ислам философиясы Осы түркі тілдес халықтар философиясының негізін қалаушылардың ең ірі
эрі алғашқы өкілдерінің бірі -
Қорқыт ата. Қорқыт туралы халық арасында толып
жатқан аңыздар бар. Бұл тараған аңыздарда Қорқыт - асқан күйші, болашақты ко
ре біл^тін, өлімді өнермен жеңуге ұмтылған алып философ, ұлы қобызшы.
Қорқыт философиясын, оның дүниетанымын біздер ел арасында сақталған
Қорқьіт туралы толып жатқан аңыздардан танып-білеміз. Бұл аңыздардың негізгі
философиялық өзегі - мэңгілік, мэңгілік өмір, жанньщ мәңгі екеніне сену, мәң-
гілік етуге талпыну. Адамдар қашан да мэңгі өшпес өмір сүруді армандап келді.
Оны барлық жерден іздеді, оған жол таба алмаған жағдайда, адамдар адам жанын
мәңгі етер жанды су, т.б. нәрселерді ойдан курастырып, талай аңыз-эңгімелерді
дүниеге келтіреді. Қазақгардьщ ауызша поэтикалық шығармаларындағы ең күн-
ды аңыздар Қорқыт туралы аңыздар болып табьшады.
•Қорқыт туралы қазақ аңыздарының көпшілігі шамандық мазмұнда көрінеді.
Белгіді фольклоршы ғалым С. Қасқабасов «Миф рен әпсананың тарихилығы» ең-
бегінде: «Қорқыт сөзі мен есімі шамандық миф дүниетаным аясьшда пайда бо
лып, қазақ халқы ислам дініне енгеннен кейін ислам мифологиясына кірген бұ-
рынғы Қорқыт бақсы (шаман), енді Қорқыт әулие болып бейнеленген. Бірақ со-
ның өзінде исламның діни қағидаларын, оның тағдырға, Алла ісіне мойынсұну
принциптерін бойына дарьтгпаған»28, - дейді. Керісінше, ол «мұсылманшылык -
ұғымында Құдай бұйрығына, тағдырға қарсы шыққан...»29. Оның бул қылығы -
шамандық түсініктердің белгісі. Қорқыт «эулие» деп аталғанмен, оның бейнесін-
де мұсылман эулиесіне тэн ештеңе жоқ. Қайта бэрі керісінше: «эулие» бола тура,
Қорқыт бұрынғы шаман сияқты ажалмен алысып, Алла эміріне қарсы шығады30.
Демек, Қорқыт жайындағы аңыздың философиясы өліммен күресу, мэңгілік өмір.
Қорқыт жазмыш, тағдыр даярлап қойған талайына қарсы алысады. Ол өзі өлімді
өнермен жеңіп, халыққа қызмет етті. Оның өлмес-өшпестігі де, терең филосо
фиясы да осында болса керек.
Қорқыт туралы бул аңыздар «Иллиададан» да ерте бір жарым мың жылдай
бұрын келген шумер-аккадтықтардың Гильгамеш туралы эпосымен өте ұқсас,
28 Қасқабасов С. Қазақ фолыслорының тарихилығы. - Алматы, 1 9 9 1 .- 89-6.
29 Қорқыт (Қазақ әдебиетінің тарихы). Ертегілер. -А лматы , 1948. - 89-6.
30 Бұл да сонда.