Түркі "гілді ислам философиясы 145 рьі, Василий Радлов бастырған «Кодекс куманикус» сияқты лұғаттар осы негізде
дуниеге келді.
Олар бір ғана түрікмен, қыпшақ тілдерінің үлгісін берсе, Қашқари лұғаты
барлық түркі тайпаларының сөздерін қамтыған сөздік болды. Қашқари халықтың
сөйлеу тіліне сүйенсе, соңғылары көбінесе жазба тіл үлгісіне бейімделеді. Сол
себепті біз М. Қашқариды XI ғасырда бүкіл түркі эдебиетіне үлгі болған гұлама
ғалым дейміз. Бүл сөздерден біздің пайымдайтынымыз, М. Қашқари өзінің еңбе-
гінде түркі тайпаларының мақал-мәтелдерін, фольклорын негізгі арқау етіп алып
қолдана білгсн. Халыктың бай ауыз әдебиетін, тұрмыс-салт жырларын да ұтымды
пайдаланған. Міне, соның негізінде М. Қашқаридың «Диуани лүғат ат-түрік» атты
еңбегі бүкіл түркі жұртына түсінікті жэне ортақ рухани мүрасына айналып отыр.
Автордың бұл шығармасы мазмұны жағынан сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық
өмірі мен рухани дүниесінің, ой-танымының сан-алуан өзіндік сипатын әржақгы
қамтитын материалдарды бес салаға бөліп қарастырған:
1. Белгілі бір тайпаға тэн дэл көрсетілген сөздер қоры (лексикасы).
2. Түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мэліметтер.
3. Түркі тілдерін топтастыру.
4. Түркілік тарихи фонетика мен граммматика туралы мәліметтер.
5. Түріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы жэне фольклоры
жайындағы мәліметтер.
Бұдан эрі қарай белгілі Андрей Кононов М. Қашқари еңбегінің өзіндік
ерекшеліктерін айта келіп былай деп жазады: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің
өмірі туралы, олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары, түрмыс жайла-
ры туралы, этнонимдері мен топонимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық жэне
жекжаттық терминдері жайлы, түркі қызмет адамдарының титулдары мен аттары,
тағам-сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлар жэне
құстар, мал шаруашылығына қатысты терминдер, өсімдіктер мен дәнді дақылдар
туралы, астрономиялық терминдер, халықтық күнтізбе, айлардың жэне аптадағы
күндердің аттары туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы,
қалалар туралы, оскери қару-жарақ пен музыкалық аспаптар, экімшілік терми
нология, түрлі мифтік жэне қаһармандық есімдер туралы, діни жэне этникалық
терминология бабалардың ойындары мен ермектері жэне тағы басқалар тура
лы көп жағдайда бірден-бір дәйектеме болып табылады»50. Осыдан келіп, біз
М. Қашқаридың бүл еңбегін үлкен энциклопедиялық шығарма екендігіне жэне
онда аса бағалы да құнды деректердің берілгендігіне куэ боламыз. «Диуанда»
29 тайпаның аты аталады. М. Қашқаридың картасы бойынша олар мекендік
жайларының ыңғайына байланысты Румнан бастап, Шыгысқа қарай; ең алды-
мен беченек, одан соң кыфчак, огуз, йемек, башғырт басмыл, қай, йабаку, татар,
хырқыздар, т.б. орналасқан; әрі қарай чичель, тухси, йоғма, учрак, чарук, чомыл,
ұйгүр, тангут, хитай, тавчачтар орналасқан болып шығады51. М. Қашқари бұл
кітабында түркі сөздерінің қоры өте көп. Мысалы, ол арнайы тәртіппен 6800 түркі
сөзін топтастырып (100 жер-су атына, 40 ел мен тайпаға), араб тілінде анықтама
түсінік берген. Кітапқа інжу-маржан жэне екі және төрт жылдық 242 шумақ бәйіт
50 Кононов А.Н. Кашкарский и его «Дивану лугат ат-турк» // Советская тю ркология. - 1972. - № 1. - С. 12.
51 Қашқари М. Тубі бір туркі тілі. Алматы, 1993. - 7-6.