1 4 2 III тарау. Ортағасырлык, философия белгісі. Үнсіздікте ақиқатты жақсы түсінуге болады, себебі «білген сөйлемейді)
сөйлеген білмейді».
Ақиқатты білдірудің жалғыз әдісі - қиялды қанағаттандыратын символ-
дар мен белгілер тілі. Нақыл, өсиет сөздер, астарлы сөздер, метафоралар қажет.
Адамдық Мен мен ғарыштық Меннің арақатысы мұхит пен тамшының салысты-
рылуымен беріледі. Сонымен, таным барысы - масаю, ақиқат - шарап, сопы -
мае, пайғамбар, ұстаз - шарап құюшы. Сопы ақындардың ортасында осындай
ойлар көптеп тараған.
Ясауидің басты көздеген мақсаты - Құдаймен табысу, оның бейнесін көру.
Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мэні болып табылады. Ясауи былай
дейді: «Кімде-кім Құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре ала-
ды». Ясауи сопылықтың ең биік шыңы оның пайғамбар жасына келгенде, менің
пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп, жер астында қазылған жеке
бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам
ретінде көрсетіп, оны Құдай қатарына қосты»45.
Сопылықтағы негізгі доктрина Құдайды мистикалық сүю болып табылады.
Сопылар мистикалық сүю арқылы экстатикальщ ұмтылыстарымен, жан жүйесінің
азап шегуімен жэне кездесуге құлшынумен, Құдаймен табысуға тырысады. Ясауи
ілімінде бүл доктрина оның «таным» теориясының бөлінбес бөлігі бола отырып,
ерекше орын алады», - дейді белгілі Ясауи сопылығын зертгеуші талым Клара
Тэжікова.
Ахмет Ясауи адам мен қоғам мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстүрлі
мұсылмандықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге эрекет жасайды. Оның
дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Ясауидің этикалық көзқарастары
Құдай және оны тану ілімімен тығыз байланысты. Мораль сопылардың Құдайды
тану жолындағы негізгі талаптарынан туындайды. Адамгершілік тазалығы мен
моральдық жағынан жетілгендікті Ясауи оппозициялық сопылық позициясы
тұрғысынан шешеді. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік,
екіжүзділік, надандық кекшілдік, алдау сияқты жаман эдеттердің болатынын
өкінішпен айтады. Ясауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі.
Жақсылық пен жамандық, эділеттілік пен эділетсіздік, адамның жақсы жэне жа
ман іс-әрекеттері сияқты моральдық сипаттары оның Құдайға сенуіне байла
нысты болды. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнэдан арыла алмайды, кімде-
кім жақсьшық жасаса, ол Құдайдың сүйіктісі болады», - дейді.
Ахмет Ясауидің пайымдауынша, ол өзін-өзі тазаруға, кемшілігін жоюға,
игілікті іс істеуге шақырған адам адасуы, әділетсіздік жэне жамандық жасауы
мүмкін емес. Ол өзінің жолын куушыларды өзін-өзі жетілдіруге шақыра оты
рып, адамгершіліктің Құдайда шығатыны туралы ойдан аулақ ұстайды. Оньщ
саяси жэне әлеуметтік көзқарастарыньщ негізінде де этикалық бастау жатты.
Түйіндеп айтар болсақ, Ахмет Ясауидің «Диуани хикметінде» айтылған ойлармен
үндес, сабақтас болған Ахмет Игүнекидің негізгі шығармасы «Ақиқат сыйында»,
Сүлеймен Бақырғанидьщ «Ақыр заман», «Бақырған» атты өлең жинақгарында
болмыс туралы түсінік түтасымен діни-мистикалық мазмұнда қалыптасқандықтан
45 М ец А. Мусульманский Ренессанс. - М., 1973. - С. 247.