162
III тарау. О ртағасы рльщ философия
тәнімен Алланың елшісін қатты жақсы көрген, пайғамбардың барлық «үмбетіне»
жазып кеткен барлық «парыз» бен «сүндетті» орындаған, ол өзін «пайғамбардың
(с.ғ.с.) аяғы басқан жерде» өмір сүрем деп есептеген: «Мен - қанша өмір сүрсем
де Қүран құлымын. Мен Мұхаммедтің аяғы басқан жермін».
Ар-Руми сол кездегі сопылық орденінің «Фиқһ» білімі мен «Сопылық» ше-
берлікті біріктіре алатын шын сопылардың аз екеніне қарсы болған. Кейде сопы-
лық орын жалқаулық пен күнә жасаудың орны дейді: «Киелі сопылар арқасында
мына оқушылар жүздеген ғылымнан бас тартып, толықтай жетілмеген, абырой-
ды, этиканы, адамгершілікті жоғалтып алды. Олар өтірікшілерге, екіжүзділерге,
мақтаншақтарға, көз бояушыларға айналды. Бұлардың жағдайы осындай. Олар
күнэнің барлық түрлерін себепсіз дұрыс деп есептейді. Осьшардың бұрыс әрекеті
күнә деп есептелінбей, күнэ жасауға рұқсат бергендей кеңінен жайыла бастады.
Біздің пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен серіктестерінің (р.а.а.) жолы қайда? Олардың
тәспісі қайда? «Әулиеге» («’аулия») (Құдайға жақын адамдар) лайық адамгерші-
лік қайда?».
Ар-Румидің «тариқат» жасалуына қарсы болу себебі: сенушілердің бірлігін
бұзып, Мұхаммедпен (с.ғ.с.) экелінген шариғат жолынан тайдыруы мүмкін деген
қорқыныш болды. Оның атақты өлеңдер жинағының рухы жөнінде: «Біздің «Мәс-
нәуи» бірлік сатылатын дүкен (авторлық ескерту: мұсылмандық қоғам)».
Ар-Руми дүниетанымының маңызды сопылық өлшемі - өзін-өзі сынау.
Құдайдың барлық жаратылысынан жоғары тұратын, құдайлық бастауы бар адам
кумарлығын баса алмай, азғындыққа оңай түседі: «Сен өзіңнің адасуыңды көр-
мей, босқа шайтанға лағынет айтасың». Ар-Руми бойынша, егер адам шайтанның
азғыруына тоқтай алмаса, шайтан кінэлі емес, адамның өзі кінэлі, себебі адам
құдайлық рух бар және Құдаймен табыса алады. Сонымен қоса Құдай Жарату-
шыны тануды шайтанға емес, адамға жүктеген. Өзін-өзі сынау - адамға зиянын
тигізетін, жаратьшыстьщ онтологиялық құдайлығы мен болмыстың бірлігіне
сенетін нағыз қорытынды. Яғни сопылар кемелдікке жету үшін өмірдің барлық
сынақтарына төзімділік танытып, адам әрдайым күнэлардың жуылуьгаа сенуі
керек.
Достарыңызбен бөлісу: