V тарау. Ж анд заман философиясы 195 Зандар табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға эр ел-
дің табиғат ерекшеліюгеріне байланысты (ауа райы, жер реңі, т.б.) қалыптасқан
психологиялық мінез-құлықтар жатады. Бұл зандылықтар мәңгі, өзгермейді. Осы
заңдар негізінде өзгермелі қоғамдық заңдар қалыптасады. Мемлекетгік басқару
ісі билеуші бекіткен қоғамдық заңдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Билеу тү-
рінің өзі мемлекеттің жер көлемінің үлкен-кішісіне қарай эртүрлі болуы мүмкін.
Осыған орай, Монтескье үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, орта көлемді елдер
. үшін монархиялық, ал шағын көлемді елдер үшін демократиялық билеудің тур-
лер! тиімді деп есептейді. Оның пікірінше, билік бөлініп, заң шығарушы, атқару-
, шы жэне сот биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болып қызмет
атқарулары керек.
Монтескьенің саяси-әлеуметтік ілімдері қоғам дамуының қозғаушы күштерін
айқындауға, қоғамдағы болашақ реформалардың тиімді жолдарын қалыптасты-
руға негізделгендіктен, оның біршама ойлары кейінгі ойшылдарға, саясатшыларға
зор эсер етті.
Ж ан Ж ак Руссо (1712-1778 ж.) - француз ағартушылық ағымының шеңбері-
нен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазу-
шы жэне философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық
келісім туралы», «Эмил немесе тэрбие туралы».
Егер Вольтер адамзат тарихын оның прогресс пен білімділік үшін күрес тари-
хы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің күлдырауы сэйкес ке-
ліп отырады дейді. Себебі қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын теңсіздік терең-
дей түседі. Ал теңсіздік өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсу-
дің қайнар көзі болғандықтан, ол адамгершіліктің, мінез-қүлықгың азғындауына
әкеліп соқтырады.
Теңсіздік мэңгі әлеуметтік құбылыс емес, алғашқы қауымдық қоғамда теңсіз-
дік болмаған, себебі онда меншік болған жоқ, сондықтан барлық мэселе адамгер-
шілік түрғысынан шешілді. Ал кейінірек өндірістік құралдардың жетілуі жэне
жоғары сатыға көтерілуі жеке меншіктің, ал ол теңсіздіктің пайда болуына себеп-
кер болды.
Әлеуметгік теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы - Руссоның айтуынша, бә-
секе бостандығы арқылы адамдардьщ табиғи кұқықтарының (өмір сүруге, ерікті .
болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар
жасау.
Адам туғанда бас бостандығы бос болып туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық
келісімге» бой үрғаннан кейін олар өздерінхң жекелеген ерік-жігеріне біріккен,
«ортақ ерік-жігер» шоғырландырады. Сөйтіп, мемлекет пайда болады. Мемлекет-
тің негізгі міндеті - бейбітшілік пен әділеттілікті сақтау.
Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси,
рухани өмірінде мемлекеттік құқық, тэрбие, т.б. элеуметтік қүбылыстардың
қальштасуына үлкен эсер етті.
Атьпнулы француз «Энциклопедиясын» (1751-1788 ж.) шығару барысында,
сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл
ғуламалардың дүниетанымдық көзқарастары қальштасты. Олардың ілімдерін же-
кё-жеке бөліп қарамай, жалпы «энциклопедистер ілімі» деген ортақ атпен бірік-