Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет176/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 0 4
Ф илософия тарихы
Гегельдің пікірінше, сезімдік тәжірибе арқылы кездейсоқ, бір-бірімен байла- 
ныссыз нақты құбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тэн жалпылық- 
ты, мэнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда да адамдардың емес, 
олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы рухани тәжірибенің 
арқасында ғана біле аламыз. Себебі жеке адамның өсіп-дамуы - жалпы адамзат 
тарихының рухани дамуы бслгілі зандылықгарға (таза ақыл-ойдың логикасына) 
сәйкес өрбіп отыратындықтан, оны жеке адамдар танып-біле алмайды. Адамзат 
тарихы, оның зандылықтары дегеніміз - қоғамның ілгері қарай дамуы негізінде же­
ке тұлғалардың ең жоғары принципі - бостандық идеясына үздіксіз ұмтылуы. Олай 
болса, дүниежүзілік тарихтың даму бағытын айқындап, оны жетелейтін ұлы жеке 
тұлғалар емес, бостандық идеясы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық 
сэулесі бозарып келе жатқанда тарих басталады. Ол алғаш рет Шығыста көрін- 
ді, бірақ бұл элі де болса бостандық сәулесі емес еді, ол тек оның бастамасы, оны 
сезіну ғана. Себебі азияттық деспотияда бір адамньщ (деспоттың) ғана бостан- 
дығы болатьш, ал қалған адамдардың ерік-жігері, бостандыгы сол деспотгың ерік- 
жігеріне, бостандығына бағынышты еді. Бұл - бостандық идеясының бірінші 
сатысы.
Бостандықтың екінші сатысында әлемдік рух Шығыстан Эллада жағасына 
қарай ауысады. Ежелгі Грекияда бостандықты құндылық ретінде саналы түрде тү- 
сініп, соған ұмтылу жэне бостандыққа, ерікті адамға табыну ерекше орын алады. 
Бірақ бұл кезде тек құл иеленушілер ғана бостандыққа ие болды да, құлдарда 
бостандық болмады. Басқаша айтқанда, біреулерінің бостандығы екіншісін одан 
айырудың арқасында ғана мүмкіндік алды. Шындап келгенде, мұндай бостандық 
басқалардың бостандығын жаншудың жамылғысы еді. Сондықтан олардың 
бостандығы ұзаққа бармады.
Бостандықтың үшінші сатысы герман халықтарының арасында христиан ді- 
нінің таралуынан басталады. Әлемдік рух Германия шекарасын өткеннен бастап 
өзін үйдегідей сезінді. Себебі Германияда адам адам болгандықтан бостандыққа 
ие, ал рухтьщ бостандығы оның табиғатының негізгі қасиеті болып саналады 
деген қағида мойындалады. Бірақ, - дейді Гегель, бұл басты қағида әзірше сана 
арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру тарих деп аталатын ұзақ уақытты талап 
стеді. Сайып келгенде, Гегельдің түсінігінше, тарих «кездейсоқтықтың құрбаны» 
емес, оны таза ақыл-ойда болған белгілі бір жоспармен әлемдік рух басқарады. 
Осыдан келіп, философияның негізгі міндеті - осы жоспарды біліп, тарихтың іш- 
кі логикасын анықтау. ¥лы жеке тұлғалар өз уақытының жасырын шындығын 
алғашқылардың бірі болып білгендіктерінің арқасында ұлы болады. Ал халық -
жүйеленбеген қара тобыр. Ол өз мақсатын, мэнін тек мемлекетте ғана табады. 
Мемлекет - «Құдайдың қоғамдық әлемдегі іс-қимылы», саналы түрде жүзеге 
асатын Рух. Басқаша айтсақ, «таза ақыл-ой» өзін қоғамда мемлекет арқылы жүзе- 
ге асырады. Сондыісган мемлекет - «бостандықтың нақгылығы», өзін-өзі қалай- 
тын бостандық. Адамның қундылығы, оның барлық рухани нақтылығы тек мем- 
лекетке байланысты ғана өмір сүреді.
Адам өмірі өз билігінде емес, себебі ол мемлекет меншігі, сондықган мем­
лекет кез келген уақытта оның өмірін өзіне қайырып ала алады. Мемлекет түрле- 
рінің ішіндегі құндысы - конституциялық монархия. Монархия - ұлт бірлігінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет