Жамбыл мен Құлмамбет айтысы - дәстүрлі ақындар айтысының озық үлгілерінің бірі.1897 жылы ұлы жүз Албан руының жайлауында Шәрипа деген қыздың ұзату тойында өтеді.Осы тойда Құлмамбет Жетісу мен Ыстықкөлден келген 9 ақынды түгел жеңіп шығады. Жамбылмен айтысқа түскенде Құлмамбет оны бірден абыржытып алу үшін кемсітіп,кедейлігін бетке басады,ал Жамбыл Албан елінің бірнеше бай-шонжарларын атап, сол мақтаулы байлардың кедейлердің табанақы, мандай терін жеп жүрген құлқын құмарлығын әшкерелейді. Ел қорғаған ерлігімен, кедей кепшікке қорған болған әділдігімен танылған халық батырлары — Қарасай,Сарыбай,Сұраншы,Сынатай, Саурықты дәріптейді.Сол кездің әлеуметтік-қоғамдық болмысын жан-жақты қамтып,замана шындығын толық жеткізген айтыстың мазмұны терең, тілі көркем.Айтыс 78 буынды жыр және 11 буынды қара өлең үлгісімен өрбіп отырады.Оның көркемдік ерекшеліктерінің бірі — екі ақынның сөздері ұзақ сүре жыр, монолог болып келуі.