Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет221/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 5 0
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
өз әрекетінен бөліп алу мәселелері. Өмір мен өлім өзен мен көл сияқты біртұтас, 
ажырамайды. Джебранның философиялық романтизмі оның элемдік философия- 
ттт.тқ классикамен, соның ішінде ортағасырлық араб-мұсылман философиясымсн 
тығыз байланысты. Ол философ пен ақын арасындағы қарым-қатынас туралы 
былай дейді: «Егер философ болмысты томен деп, оған абсолютті биілік берсе
онда ақыл бақылаушы ретінде көрінеді. Ондағы ең негізгі дәлел - өмір қозғалы- 
сы мэңгі, сондықган да философия да өмір рефлексиясы сияқты өзгеріп отыруы 
керек. Поэзия рухани жағынан, ал философия пайымдауымен көрінеді, ғасырмен 
бірге өзгереді, адамзат талпынысына сәйкес келеді.
Джебранның тарихи-философиялық ойлауында маңызды орынды араб-мұ- 
сылмандық жэне ортағасырлық классикалық философия алады. Ибн Синаны өз 
заманының ғұламасы ретінде бағалай отырып, оны біртіндеп барлық кезеңнің 
ғұламасына теңейді. Өйткені Ибн Сина өзінің философиясын біріктіріп, Шейх 
деңгейінде көтеріле отырып, барлық өмірін «алғашқы шындық қасиетін ашуға» 
арнаған жэне барлық ұлы поэмаларда Адам елестетуі көрінісі феномсні өмір сү- 
реді: жаңа туған танымдық тілек, сұрақтар, ақыл мен үздіксіз бейнелеу арқылы 
Ибн Синаға рухтың құпиялылығын ашу кезеңі туды. Білім адамды Құдайға де­
ген рухани сезіммен елітуші өмірлік ақыл болып табылады, оның рационалистік 
дәстүрге деген сипаттамасын, кызығушылығын тудырған ең жақсы қорытынды 
саналады.
Әл-Ғазали шығармашылығында, Джебранның зерттеуі бойынша, Батые пен 
Шығыс ғұламаларының көзқарасы сәйкес келеді. Ол эл-Ғазали мен Августин 
Блаженныйды қатар қойып, оларды «ешбір күмәнсіз жандық туыстық», бірлік 
бастауының күрделі жалғасы ретінде қарастырады. Бүл бастаудың мэні - жанның 
түбіндегі сезімдік әлем мен ақылды әлемге ұмтылу, сол арқылы философия мен 
метафизиканың сыртқы байланыстарының қүдіретгі әлемімен сэйкес келеді. 
Джебран: «Әл-Ғазали өз ілімінде сопылық жолды тандаса, ал Августин өмірін 
шындықты іздеу жолына арнады», - деп атап көрсетті. Бірақ Джебран олардың 
бірталай айырмашылықтарын көреді. Мүнда ол әл-Ғазалиге барынша мэн бе- 
реді, өйткені эл-Ғазали Августиннен қалған мұраны жалғастырып қана қоймай
арабтар мен гректердің ғылыми мұрасын да жоғары деңгейге жеткізген болатын.
Джебран үнділік мистиктерді метафизикалық байланыстыратын кезең өзі- 
нен кейін пайда болганын эл-Ғазалиден байқаған болатын. Джебран араб-мұ- 
сылман элемінің тарихын екі кезеңге бөледі: Ибн Сина, Ибн Рушд, эл-Ғазали 
кезендері философиялық-діни поэтикалық, ғылыми ойлардың шарықтау кезеңі 
болып саналады. Классикалықтан кейінгі кезең - бұл рухани жеміссіз, ақылмен 
келген өнер ұмытылған кезде немесе адамзат билікке елігу тудырған уакыттағы 
исламның мүраларына түсіндірме жазган кезең.
Сократ пен Платонға өзінің түсінігімен, өзіндік сана түрғысынан сопылық- 
тың жақтаупхысы ретінде назар аударады. «Өзіндік таным — барлық танымның 
анасы». Бұл формуланы былай ашып береді: өзінің «Менін» тану арқылы кез 
келген нәрсені соңына дейін тануға болады. Мұнда ең маңыздысы өзінің рухани 
болмысының мэнін аша білу болып табылады. «Материалды болмыс үшін ме- 
нің материалды өмір сүруімнің құпия мәні оның рухани өмір сүруінде». Джебран 
өзіндік таным процесін ұлы тарихи түлғалану, ойлау философиясы ретінде бей-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет