Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Д раб тілді ислам философиясы 73 хуралы дәріс алған эл-Ғазали, сонда да «Калам» ғылымы мен әртүрлі философия-
лык мектептерді оқу арқылы Ақиқатты табуды көздеді. Қандай ғылымды терең-
детіп оқыса да іздегенін таппаған эл-Ғазали «сопылық» ғылымын зерттейтін бо-
лып шешеді, алайда оны теориялық сараптау жолымен жүзеге асырудың мүмкін
еместігін түсінеді де ол үшін өзі уақытша сопы болып көруге тырысады. Сырқат
адам басқа адамның сырқатын қалай түсінбесе, «сопылықтың» мэнін осы тәртіп-
пен жүретін адам да түсінбейді. 1095 жылы ол Бағдаттың ең керемет ұстазы деген
атақтан бас тартып, қарапайым өмір сүре бастайды. Бұған себеп болған «сопы-
лық» ғылымдары саласында оның алғашқы мэнді тәжірибесі еді. Жинаған тэжі-
рибесінің арқасында ол ғылыммен Жаратушының ризалығы үшін емес, марапат
пен даңқ үшін айналысып жүргендігі туралы субъективті тоқтамға келеді.
Әл-Ғазали исламды «ортақ» түсіну керектігі туралы айтады, өйткені шариғат
пен «сопылық» бірін-бірі толықтырып отырады. Дэл осы ұстанымды әл-Ғазалиден
бүрын өмір сүрген «сопылық» танымал ғалымдары Харис әл-Мухасиби, Джунейд
эл-Бағдади, Әбу Насыр әс-Саррадж жэне т.б. қолдаған болатын. Осы түсініктің шең
-беріндегі «сопылық» болмыстың материалды емес жақтарын үйренуге шақыра-
тьш жэне осының көмегімен мұсылмандардың рухани өмірін жоғарғы деңгейге
жеткізу, ислам үшін маңызды қағидалар құдайға деген қарым-қатынастарын те-
рендету жэне бірқүдайылық принципін сезімдік-интуитивті түсіндіруді көздейтін
ислам «өлшрмдсрінің» бірі болып табылады. Басқаша айтатын болсақ, егер «Калам»
исламның диалектикалық философиясын немесе «таухидты» (бірқұдайылық) дэ-
лелдейтін жэне оқытатын таза философиялық эдістерді жасап шығарған болса,
ал «Фиқһ» мұсылмандар қоғамының мэселелерін шешуге тырысты, «сопылық»
болса, сезім арқылы құдайтанудың - гнозис күрделі мәселелерін тэжірибе арқылы
ғана емес, теоретикалық түрғыдан да түсіндіруге талпынды. Алайда әл-F азали бо-
йынша, жасанды «сопылық» қүқық жүйесі ретінде саналатын «фиқһтың» немесе
философия жүйесі ретінде «каламның» белгілеп қойған шекараларьшан ешқашан
асып кетпеуі керек. «Сопылық» оларға қарсылық көрсстпеу арқьшы мұсылмандар
өмірінің басқа саласымен - «жүрек өмірі», яғни руханилықпен айналысады.
«Калам» мен «фиқһ» шынайылығын алға тарта отырып, эл-Ғазали мынаны
көрсетеді, қүдай мен оның жаратқан заттарының, әсіресе адамның арасындағы
айырмашылық ешқашан жойылып кетпеуі тиіс. Сол үшін тура мағынасында
Құдаймен «бірдей болуға» талпынғандар, тура жолдан тайғандар («фауасиқ») не
месе өздерінің сезімін бағындыра алмай, ауыздарына келгендерін айтып, өзгеше
күйге енгендер.
Ойшыл үшін қолдан жасалған бақыт - Құдаймен метафоралық тұрғыдан бір
болуға жету. Жанның жануарлық инстинктіне бағынбай элем туралы білім алу,
грек философтарымен қатар эл-Ғазали үшін үлкен құндылықты білдіреді; алайда
эл-Ғазали антикалық этика ойларын Құдайды тану идеясымен жаңғыртады.
«М’арифат» қасиетті гнозис ретінде адамды жасанды бақытқа бөлейді. Барлық
этикалық нормалар, адамның материалды болмысы, оның психологиялық мінезі,
әлеуметтік позициясы - осы барлық заттар өзіндік мақсат болмауы тиіс, керісін-
ше, жалғыз мақсат - Қүдайды тану жолында қызмет етуі керек.
Әл-Ғазали «Құдайға жету жолындағы саяхатта» (ар. «салық») меңгеруге тиіс-
ті жеті шартты бөліп көрсетеді: