Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
III тарау. Ортағасырлык, философия Бір қызығы, ибн Рушд әйеддер мәселесіне көңіл аударған. Ибн Рушд
бойынша, ерлер мен эйелдер арасындағы физиологиялық айырмашылық әйелдер-
ге ұйымдастыру ісімен жэне философиямен айналысуына кедергі бола алмайды.
Ол үшін әйел адам өзінің рухани мәні жағынан ер адаммен бірдей. Сонымен қоса
әйелдер ерлерден басым түсетін өмір сүру сфералары бар деп санайды Әбу әл-Уә-
лит; мысалы, өткір тыңдау қабілеті мен нэзік такты қажет ететін билеу мен өлең
айту өнері. Кейде олар тіпті ерлермен бірге Отанды қорғай алады, бұған мысал
ретінде ибн Рушд бәдеуилер мен Африканың эйелдерін келтіреді. Сонымен бірге
ол эйелдерді ғылымды оқуға шақырды немесе ғылыммен айналысу үшін оның
барлық қабілеті жеткілікті, тек ер адамдардың деңгейіне жету үшін оларға баланы
дүниге әкелу, тәрбиелеу, асырау секілді себептер кедергі келтіреді. Өйткені олар
алған білімдерін үнемі қайталап отыра алмайды. Ойшыл өмір сүрген уақытта со-
ғыстар мен қақтығыстар көп орын алды, нәтижесінде өте көп көлемде ер адамдар
опат болды жэне қалған халықтың басым көпшілігі сауатсыз, айналысатын кәсібі
жоқ, барлық қоғамға масыл болған әйелдерден құралды. Осы факт ибн Рушдтың
эйелдер мәселесімен айналысуына түрткі болды.
Болашақ дәрігер ретінде ибн Рущд үшін дәрігерлік кеңес беру маңызды рөл
атқарды. Егер дэрігер емделушісінің денсаулығын сақтау үшін дінмен шектеу
қойылған кейбір заттарды ішке қабылдауға кеңес берсе, онда дәрігер шариғатты
жетік білетін маманнан кеңес алуы тиіс. Ондай дәрілерге канондық өлшемде
тыйым салу шариғаттың білгірімен жүзеге асады, ал ондай дэріні қабылдаудың
қажеттілігін дәрігер анықтайтын болады. Олардьщ бірігіп кеңесуі оларға «кемін-
де екі терістеуді тыңдау» тандауларына және өздерінің тапсырмаларын ойдағыдай
орындауларына мүмкіндік береді. Осылай бірігіп жұмыс істейтін болса, дін мен
медицина ешқашан бір-біріне қарсы келмейді деп сенеді ойшыл.
Әл-Ғазали және эл-Фараби секілді ибн Рушд та қоғамды «қарапайымды-
лар» («’аммат») жэне «таңдаулылар» («хаууасс») деп екіге бөледі. Ол әл-Ғазали-
ді «қарапайымдьшар» санатына философиямен айналысуға рұқсат бергені үшін
сынайды; шындығында, философиямен айналысу тек жоғары білімді «таңдаулы-
лар» үшін арналған, ең алдымен, ең кәсіби философтар үшін; қарапайым адам
дар тек ғылыми аристократтардың ойларымен ере жүріп «еліктеушілікпен»
(«тақлид») айналысулары тиіс. Олардың ешбір ғылыми диспутқа қатысуларына
құқықтары жоқ. Философтар ие болу үшін таласқа түскен абсолюггі Ақиқат («әл-
хақиқат») ибн Рушдтьщ ойынша, қарапайым адамдардың түсінуі үшін өте қиын
болтан, олардың арасындағы элем жэне заттар туралы түсініктері бір-біріне қарсы
келіп отырған. Бір сөзбен айтқанда, Ақиқаттың элементтерін Әбу әл-Уәлит «үл-
кен балалар» деп атаған қарапайым адамдарға түсіндіріп беру үшін дін керек деп
санады ибн Рушд. Сондықтан қоғамға төзімділік пен шыдамдылық рухы қажет,
өйткені ондағы әртүрлі санаттардың Ақиқатты эрқалай түсінулеріне баса назар
аудармау үшін жэне соның арқасында барлық адамдар арасында өзара сүйіспен-
шілік пен махаббат таралады.
Ибн Рущд ислам мәдениетінде, сонымен бірге әлемдік мәдениетте де алпауыт
философтардың бірі болып саналады. Ибн Рушдтың иврит жэне латын тілі-
не аударылған еңбектерімен Еуропа Аристотель философиясынан толыққанды
мағлұмат ала алды деп айтуымызға болады. Ғылым мен философияның негізгі
,