Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет121/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Гаструланың тҥзілуі 
Бӛлшектену 
морула немесе бластуланың пайда болуымен 
аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының 
нәтижесінде бластомерлердің кӛп санынан (ланцетниктерде 3000 
шамасында, құрбақаларда бірнеше жүзден) тұратын бір қабатты ұрық 
бластула екі қабатты ұрыққа — гаструлаға (грекше gasterг — қарын) 
айналады.
 Гаструла
– эмбрионалдық материалдардың күрделі қозғалу 
процестері нәтижесінде пайда болатын екі немесе үш қабатты ұрық 
денешігі, оларды ұрық жапырақшалары деп те атайды. Сыртқы 
жапырақшаны 
эктодерма 
(грекше есtоs — сыртқы), ішкісін — 
энтодерма
(еntos — ішкі), кейінірек түзілетін ортаңғы қабаты – 
мезодерма
дейді. Ішкі 
қуысы 
гастроцель
, ал қуысты сыртқы ортамен байланыстыратын 
саңылауы 
бластопор
. Гаструла түзілу кезінде жүретін барлық процестер 
жиынтығын 
гаструляция
деп атайды. Түрлі жануарлар бластопорының 
тағдыры әртүрлі, тұрақты ауыз қуысына немесе аналь (артқы) тесігіне 
айналуы мүмкін. Бластопоры тікелей ауыз қуысына айналса, ондай 
жануарларды алғашқы ауыз қуыстылар деп атайды. Бұған жататындар 
құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылар. Бластопоры аналь тесігіне сәйкес 
келетін жануарларда тұрақты ауыз қуысы ұрықтың артқы ұшында жаңадан 
пайда болатын болса, ондай жануарларды екінші ауыз қуыстылар дейді. 
Екінші ауыз қуыстыларға жататындар қылқанды жақтылар, иық аяқтылар, 
тікенекті терілілер, ішекпен тыныс алушылар мен хордалылар.
Гаструляцияның негiзгi механизмi жасушалардың таңдамалы орын 
ауыстыруы, агрегация және таңдамалы сорттау болып табылады.
 
Клеткаларында 
сары 
уыздың 
болу-болмауына 
байланыссыз 
энтодерма цитоплазмасының құрамы мен клеткаларының пішіні және 
үлкендігі жағынан эктодермадан ӛзгешелігін байқатады. Бұл ӛзгерістер 
даму кезінде сақталып үдейді де, барлық жануарларда энтодерманың ішек 
клеткаларына айналуына мүмкіншілік қасиетін береді. Эктодерма ӛзіне тән 
ерекшеліктерін дамытып, сыртқы жабындының эпителийіне айналады. 
Сонымен бірге, ұрық денесінің белгілі бӛліктерінде сезім мүшелері мен 
жүйке жүйесінің бастамасын құрайды. Энтодерманың эктодермадан 


93 
гистологиялық оқшаулануы осы кездегі, олардың 
арасында пайда болатын 
функциялық айырмашылықтарға негізделген болуы тиіс.
Гаструляция әдістері бастапқы бӛлшектену нәтижесіне, ағзалардың 
шығу тегіне және жүйелік орнына тәуелді 4 түрге бӛлінеді: 
инвагинация 
(iшке қарай ойысу), эпиболия (қаптау), деляминация (қабаттар түзу), 
иммиграция (көшу)
(8- сурет). 
1. Инвагинация
– бластуланың вегетативті жағы ішке қарай ойысып 
тереңдеп энтодерма қабатын түзейді, сыртқы қабаты эктодерма болып 
қалады. Эктодерма мен энтодермада бір-біріне тығыз жанасып бластоцель 
қуысы жойылады, шар тәрізді ұрықтан, екі қабаттан тұратын ұрық пайда 
болады, ал ондағы қуыс гастроцель немесе бірінші реттік ішек. Ішек 
басталатын жерді бластопор немесе бірінші реттік ауыз қуысы деп атайды. 
Оның шеттері бір – біріне жақындап үстіңгі және астыңғы еріндері түзейді. 
Құрттарда, молюскаларда, буынаяқтыларда күрделеніп ол ауыз қуысына 
айналады. Екінші реттік ауыз қуыстыларда (тікенек терілілерде және 
хордалыларда) ол аналь тесігіне айналады немесе бітеліп кетеді, ал ауыз 
қуысы қарама – қарсы жағынан пайда бодады. Инвагинация изолециталді 
жұмыртқасы бар ағзаларға тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет